ІІІ.Сергіту сәті.
ІV.Дәптермен жұмыс
«Сауысқан» ертегісін бірге оқиық.
Тыным таппай сөйлей бергендіктен, сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ас-су ішуден қалған ол ешбір амалын таба алмапты. Ақыры тырнаға жалыныпты:
-Тырна, тырна! Менің тілімді емдеп бере гөр! Шөптен дәрі жасайды екенсің. Барлық дертті емдейді екенсің, - дейді.
-Саған шипа боларлықтай шөбім жоқ! Көмектесе алмаймын, - дейді тырна. Тырнаны бір тілдеп алған сауысқан әрі қарай кетеді. Қабанға арыз айтып барады.
-Саған енді менің көмегім қажет болған екен ғой! Ендеше, бері келе ғой. Сүйреңдеген тіліңді суырып алайын. Өзіңе де жақсы, біздің де құлағымыз тынышталады, - дейді қабан шабынып.
Сауысқанның үні өшіпті. «Сауысқанның тіліне түйнеме шығыпты» деген сөз бүкіл орманға тарапты. Ақыр аяғында сауысқан мүлдем сөйлей алмай қалыпты. «Енді саған ешкім көмектесе алмайды. Өз-өзіңе берік бол», - дейді оған үкі.
-Неге? –дейді сауысқан мұңая қырылдап.
-О баста тіліңе ие болуың керек еді. «Сатып алған ауруға ем табылмас» деген осы, - дейді оған үкі.
Содан бері сауысқан мағынасыз шықылықтайды екен.
*Тырна мен қабан неліктен сауысқанға көмектесуден бас тартты?
Ол екеуін әдепсіз деуге бола ма?
Өтініші жерде қалмауы үшін сауысқан қалай сұрауы керек еді?
4.Өтінішті айту және оны орындауға қатысты көрініс көрсетіңдер. Ол үшін
бір –бірлеріңе өтініш айтып, соған жауап беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |