Шешендік өнердің кезеңдері, оның дамуына қажетті алғышарттар



Дата26.08.2017
өлшемі130,63 Kb.
#29408
Оқу орны: Астана қ. «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы: Дюсекова Алия Есенгелдіқызы
Тақырыбы:«Шешендік өнердің кезеңдері, оның дамуына қажетті

алғышарттар. Сөйлем мүшелері»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: студенттердің сөз өнері бойынша білімдерін байқау;


2. Дамытушылық: Сөйлеу тілін түсініп, шапшаң ой қорыта алуға дағдыландыру; өлең талдау машығын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Ақын, жазушыларымыздың өлеңдерін оқи отырып, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, жақсы, жаман әдет-қылықтарды ажырата білуге бағыттау.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрлері: шығармашылық - ізденіс сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, кітап көрмесі
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен сәлемдесу. Студенттерді түгендеу.
Студенттердің назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі.

І. Қайталау - оқу анасы.


ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой.
ІІІ. Даналық сөзден дән ізде.
ІV. Кешенді талдау - кемел білім.
V. Көркем сөзім - көрікті ойым.

І. «Қайталау - оқу анасы.» (сұрақ - жауап).


Сұрақтар:
1. Шешендік өнер дегеніміз не?
2. Шешендік сөз дегеніміз не?
3. Шешен дегеніміз кім?
4. Шешендерге қойылатын қандай талаптар бар?
Шешендік өнердің жүйелі теориясы бар ғылым болатынын да айтып өттік.Шешендік өнердегі ең негізгі шешеннің өзі.
Тақырып таңдау Тақырыпқа қажет Тақырыпты аша

материалдар білу

Стиль Шешен Дауыс ырғағы

Психологиялық Аудиториямен Қосымша құралдарды

дайындау байланыс дұрыс пайдалану

ІІ. « Ұтымды пікір - ұтқыр ой».

- Қазақ халқы - сөз өнерін ерекше қадірлеген халық. Сөзге тоқтау - ежелден үзілмей келе жатқан дәстүріміздің бір көрінісі. Шешендердің ең негізгі құралы - сөз. Сол сөзі арқылы тыңдаушысын өзіне тартып, жүрегін толқытып, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық дарыннан туады. Олай болса, мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:

- Біздің заманымызға шешендік қажет пе? (студент жауабы).


- Қазіргі таңда елімізге танымал шешендер бар ма? Бар болса кімдер деп ойлайсыңдар? Мысалдармен дәлелде, өз мысалың қазіргі шешендіктің қай түріне жатады деп ойлайсың?

( студенттер Н. Ә. Назарбаевты, Ә. Кекілбаевті, Қ. Сәтбаевті, Ә. Қажы Дербісәліні, М. Әуезовті, Абайды, Жамбыл Дүйсеновті бүгінгі таң шешендері деп танып, олардың сөздерінен үзінділер келтіріп, дәлелдермен сөйлейді және сот ісі шешендігі, білім - ғылым мазмұнындағы шешендікке де мысалдар келтіреді).


НұрсұлтанӘбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалғанауылы, Алматы облысы) — Қазақстанныңмемлекетқайраткері, ғалым, ҚазақстанРеспубликасыныңтұңғышпрезиденті.
Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

ЖаңаАстананыңқаласы да, адамдарыныңсанасы да жаңаболсын


Жаңа Астана – ежелгіҚазақжерініңтөрі


Келер қазақтың да ішетінуы мен балы - Абай.

Арпалыспенкелмесе, шынайыазаттық бола ма? Оңайлықпенкелсе, оныңқадірі бола ма? Қадіріжоқнәрсеқолдаұзақтұрама?


ІІІ. «Даналық сөзден дән ізде».


(Семантикалық карта студенттерге таратылады).

2. семантикалық картаны толтырады.

І топ

Семантикалық карта №1



ІV. Өздік жұмыс.

І топ

Тыңдадың дала күйін жаның ұйып,

Алдың сен көкірегіңе бәрін құйып.

Болдың сен өз халқыңдай қарапайым,

Тұлғасы әрі аласа, әрі биік.

(«Аманкелді батыры» өлеңі)



Өлеңнен антонимдерді табу,алғашқы екі тармаққа морфологиялық талдау жасау.

ІІ топ

Сенсің жалғыз күндіз-түнітілегенім,

Мың тіріліп, сен десе мың өлемін.

Айқайласам жетпейді даусым менің,

Ойлай-ойлай ормандай түнремін.

(«Көгімде жалғыз сен тұрсаң»)



Өлеңнен антонимдерді табу,алғашқы екі тармаққа морфологиялық талдау жасау.

V. Жұма күні: Топбасшылар сайысы.

«Сырағаң – сырлы ақын» тақырыбына ойтолғау жазады.

Топта отырғандар: І топ «Жас», ІІ топ «Ер» сөздері омоним болатындай тіркестер құрайды.

VІ. Сенбі күні: Қонақкәде Әр топтан бір оқушы ақын өлеңін оқиды.
Тапсырма. Семантикалықкесте

рс

Жайсөйлемтүрлері

Жақтысөйлем

Жақсызсөйлем

Жалаңсөйлем

Жайылмасөйлем

1

Үлкендергеқұрметкөрсетукерек




+




+

2

Қаржауды

+




+




3

Өзенненбалықаулаймыз

+




+




4

Бізмақтантұтамыз

+

+







5

Жетіжұрттыңтілінбіл

+







+

6

Ұрлықтүбі-қорлық

+




+




7

Оқығанозады

+




+




8

Меніңбұлсөзгеқосылғымкелмеді




+




+

9

Бейбарысөмірбойықыпшақтіліндесөйлеген

+







+

10

Мағансабақтанқалуғаболмайды




+




+



Анықтауыш болатын сөз таптары

Мысалдар

Сын есімдер

Қысқа жіп – күрмеуге келмес.

Зат есімдер

Сәндікке күміс жүзік тағатын болды.

Сан есімдер

Адамның үш жұрты болады: ағайын жұрты,нағашы жұрты,қайын жұрты.

Есімдіктер

Есімше


Осы жылқы – жүйрік.

Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Шыршаның қабығы жырым-жырым,ал майқарағайдың діңі жып-жылтыр.



Баяндауыш болатын сөз таптары

Сөйлемдер

Етістіктер

Мен өте қуандым

Сен қайда жүрсің?



Сын есімдер

Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.

Ел тоқ.



Зат есімдер

Сендер бақытты адамсыңдар.

Ат – көлік, қамшы – қару.



Сан есімдер

Ер кезегі – үш.

Үш жердегі үш – тоғыз.



Есімдіктер

Медеуі – мен.

Өтегені - өзі.



Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

От жылт еті.

Мылтық тарс етті.


ІV: «Кешенді талдау - кемел білім».


1. Фонетикалық талдау - Тұрысбек Қуаныш.
2. Лексикалық талдау - Каиртаева Луиза.
3. Морфологиялық талдау - Керімтаева Динара.
4. Синтаксистік талдау - Акчалова Ақерке.
(Студенттер тақтаға кешенді талдауға дайындалғанша, қалған студенттер сұрақтарға жауап береді).

-- «Сапалы сөз - саналы ойдың жемісі» демекші шешендік сөздің сапалары туралы білімдеріңді байқап көрейік:

1. Шешендік сөздің мазмұндылығы.
2. Сөздің дәлдігі - ойдың айқындылығы.
3. Тіл тазалығы.
4. Тіл көрнектілігі.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту және оны бекіту кезеңдері.

1-тапсырма



Мақал-мәтелдегі сұрақтың орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

1.Ердің сыншысы – (кім?). Отан. 2.Оқу (немен?) құдық қазғандай. ине. 3.Көп сөз – көмір,аз сөз – (не?) тәрбие

4.Өлімнен(не?) күшті. өлгені 5.Атаңның баласы болма, бір рет (кімнің?) баласы бол. алтын

6.Ер жігіттің екі сөйлегені – (не істегені ?) балалы 7.Жеті рет өлшеп,(неше?) рет кес. баласыз

8.(Қандай?) үй – базар, баласыз(қандай?) үй – мазар. ел. 9.(не?) отбасынан басталады. халқыңның


2-тапсырма

Төле би мен Қаз дауысты Қазыбектің бір әділ билігіне риза болған Әйтеке би көп адам отырған жиында:

Бүркіт бол заманыңыз түлкі болса,

Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.

Жақсылардың белгісі сол емес пе,

Қара қылды қақ жарған әділ болса, - депті. а) Қандай көркемдік құралдарды қолданған? ә) шешендік сөздің қай түріне жатады?


ІІІ деңгей 1.шешендік сөздің авторларын тап. 2.Қазіргі шешендік сөздерді түрлеріне ажырат. 3.Кестені толтыру.

1-тапсырма. Шешендік сөздермен танысып,кімнің сөздері екенін тап.
1. Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жатқан елміз.Сен темір болсаң,мен көмірмін.Еріткелі келгенмін.Екі елдің арасын теліткелі келгенмін. (Қазыбек би)
Бүгінде тек Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақтың ортақ биі саналып кеткен Қазыбек Келдібекұлы осы қалмақ қоңтайшыларына үш рет елші болып барған деседі. Жастайынан шешендігімен ел ішінде көзге түскен Қазыбек ең алғаш он төрт жасында қалмақтарға барып билік айтқан дейді аңызда. Қылышынан қан тамған Цэван Рабдан алдында Тәуке хан жіберген қазақ билері күмілжіп, айтуға сөз таппай тұрғанда бала Қазыбек суырылып алға шығып: «Дат, тақсыр!» деп сөз бастапты:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең жөніңді айт, бермесең тұрысатын жеріңді айт!» деген екен.
2.Қол бастау қиын емес, Бәрінен сөз бастау қиын:

Көк найзалы ерің болса. Тауып айтсаң,береке қылады,

Жол бастау қиын емес, Таппай айтсаң келеке қылады.

Соңыңнан ерген елің болса.(Досбол би)

Ертеде көпшілік жиналған үлкен жиында көптің атынан сөз ұстаған бір жігіт Қыпшақ Досбол биден:

-Би аға, сізден сұрайын дегенім «Осы қол бастау қиын ба, жол бастау қиын ба, сөз бастау қиын ба?-дегенде,

Досбол би: «Қол бастау қиын емес көк найзалы ерің болса, жол бастау қиын емес соңыңа ерген елің болса, бәрінен де топтың алдында сөз бастау қиын. Тауып айтпасаң келеке боласың, тауып айтылса әрине мереке ғой» деген екен.



3. Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар баһар ала алмас.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

Кімнің өлеңі? Өлеңнің аты қалай?




философ

аудармашы

ақын

кемеңгер

шешен

сазгер

АБАЙ


4.Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. (Н.Назарбаев)

“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”


Меніңатам да, анам да – қазақ. Қазақпындепайтуғаешқашаннамыстанғанкезімжоқ. Намыстанбаймын да. Қайтамағантіл, діл, өмір, тіршіліксыйлағанТуғанхалқыма бар естітірлігімдеқарыздарболыпөтугебармын. Ұлттыңұлыболмайтұрыпадамзаттыңперзенті болу мүмкінбе? Мүмкінемес.

• Сөзбостандығышексіземес.
Ол – табындыратынғанаемес,
Талқандайтын да қуаттыкүш. (Н.Назарбаев)
Сөйлеу – адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы ой,пікір білдіру әрекеті.Сөйлеу адамның психикалық қабілетіне,қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.Сөйлеу үстінде кісінің өзіне тән ерекшеліктері болады: өз ойын дәл,әсерлі,мазмұнды жеткізу.

Шешендік сөз – сөйлеуші шығармашылығының биігі.Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол қолданылады.Бейнелі эпитеттер,мақал-мәтелдер,дәйек сөздер (цитаттар),фразеологизмдер кеңінен қолданылады.


ІІ тапсырма Мәтіндермен танысып,қазіргі шешендіктің қандай түрлеріне жататындығын анықтаңыз.



  1. Дүниеде адам өмірінен асқан құндылық болған емес,болмайды да.Сондықтан оны саудаға салып,ойыншыққа айналдырудан өткен күнә жоқ.Әсіресе діні бір жұртты бір – біріне айдап салып,ажал отына итермелеу – мұсылманшылыққа,жалпы дін жолына жат қадам.

(діни мәндегі уағыз сөз шешендігі)

  1. Мені кінәлап,айыптау үшін бүкіл ұжымның еңбегін жоққа шығарып,табысын мансұқ етуге барды.Шындыққа жанаспайтын бұл өтірікті көріп-біліп отырып,комиссия құрамына енген бұрынғы өз түлектеріміз де бұған қолын қойып,табансыздық танытты.Міне,осы адамдық па,осы да азамат ісі ме?

Біле білсек,адам өмірінің басты жемісі,артта қалдырар қымбат мұрасы – оның жақсы атағы,ел есінде жағымды жан ретінде қалуы. (жақсының аты өлмейді» деу де осыдан.(әлеуметтік-тұрмыстық шешендік мәндегі сөз)

IV деңгей

«Біз қандай жағдайда өркениетті ел бола аламыз?» тақырыбында бәсекеге төтеп беретін 50 елдің қатарына кірудің стратегиялық жоспарын құру.

Сонымен, сабағымызды қорытындылайық.

шешендік сөздің сапаларына не жатады?

тілдің тазалығы

ой жүйелілігі

сөздің мазмұндылығы


Сөз сапалары

сөз қысқалығы

сөз түсініктілігі

сөз әуезділігі

сөз байлығы

сөз анықтылығы

сөз дұрыстығы

сөз дәлдігі.


«Билер сөзі - ақылдың кені» - деп дана халқымыз бекер айтпаған, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндейтін, от ауызды, орақ тілді би - шешендеріміздің сөздерінен берілген үзінділердің кімнің сөзі екенін табу.


V. «Көркем сөзім көрікті ойым» (Бұл кезеңде казіргі шешендік үлгіде қолданып жүрген фразеологизмдердің сыңарын студенттер табады). «Тәуелсіздікке бес жыл» кітабынан алынды (Н. Ә. Назарбаев).
Сабақты бекіту: Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
(топтастыру стратегиясы)
Қорытынды: Ойтолғау.
«Сегіз серінің жастарға берген батасы» (Бауыржан бата береді).
Үйге тапсырма: 72 - жаттығу. Тарауды қайталау.

Шешендік туралы ойтолғау.


Студенттер білімін бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет