Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы


Ертефеодалды монархия кезеңінде (X-XII ғғ.)



бет9/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Ертефеодалды монархия кезеңінде (X-XII ғғ.) империя нысанындағы орталықтануы әлсіз, түрлі герцогтықтар мен княздіктерден тұратын ертефеодалды мемлекет құрылды.

  • Сеньориалды монархия кезеңі (XIII-XIX ғғ.). Герман мемлекетінің ұсақ сеньорияларға бөлінуінен бастап Германиядағы феодалды мемлекеттің саяси-құқықтық дамуы жалпыұлттық нысандарға ие болған жоқ. Әр княздік өзінше дамыды. Дербес княздік-мемлекеттердің аумақтарында дамудың тағы екі кезеңі бөліп қарастырылады:

    1. Сословиелі-өкілді монархия (XIV-XVI ғғ.)

    2. Княздік абсолютизм (XVII-XIX ғғ.)


    2-сұрақ:

    Ертефеодалды монархияның қоғамдық құрылымы. Германияда феодалдық қоғамның негізгі таптары – жер иеленуші феодалдар табы мен басыбайлы шаруалар табының қалыптасу процесі IX ғ. аяғында аяқталды. Ал XII ғ. феодалды сословиелер қалыптасты. Германиядағы феодалдық иерархия бірқатар ерекшеліктерге ие болды. Біріншіден, билеуші әскери-рыцарьлық сословиенің милитаристік сипаты. Оған себеп герман императорларының мемлкет аумағын кеңейту мақсатындағы көптеген соғыстары. Екіншіден, Германиядағы феодалдық вассалитет жүйесі Франциямен салыстырғанда орталықтанған сипатқа ие болды. Себебі әрбір вассал өзінің сеньорымен қатар тікелей патшаға да әскери қызмет жасауға міндетті болды.

    Құқықтық мәртебесі бойынша Германияның барлық халқы бұл кезеңде негізгі үш сословиеге бөлінді:



    1. Рыцарьлар сословиесіне империялық лендарды ұстаушы зайырлы және діни княздер; императордың вассалдары болып табылатын маркграфтар мен герцогтер және діни феодалдар – архиепископтар, епископтар, аббаттар жатты. Солармен қатар бұл сословиеге «еркін қожайындар» - графтар және патшаның қызметіндегі аристократия – барондар кірді. Графтар мен барондардың вассалдары рыцарьлар болды. Ал олар өз кезегінде бірқалқанды рыцарьларға сеньор болды. Бірқалқанды рыцарьлар феодалды сатының төменгі сатысында тұрды. Оларға вассал алуға тиым салынған. Басқаша оларды шеффендік сословие деп те атады. Феодалдық иерархиясы зем құқығының жинағы – «Саксон зерцалосында бекітілген.

    2. Қала тұрғындарының сословиесі – бюргерлер. Бұл сословие X ғ. қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуының нәтижесінде қалыптаса бастады. Германияда патша мен қалалар одаққа тұрмады. Бұл бюргерлердің құқықтық жағдайына өз әсерін тигізді және патша билігін айтарлықтай әлсіретті. Қалалар империялық, княздік және еркін деп үшке бөлінді. Толық өзін-өзі басқаруға тек императордың доменінде орналасқан империялық қалалар ғана қол жеткізді. Қалған қалалар княздерге толық тәуелді болды.

    3. Шаруалар сословиесі екі категоряға бөлінді: басы бос және басыбайлы шаруалар. Жерге қатысты міндетті, алайда басы бос колондар мен литтер өз жер үлестері үшін барщиналық және оброктық борыштарды өтеді. «Саксон зерцалоснда» оларды ченшевиктер, яғни, қожайынның жерін ұстағаны үшін ақшалай оброк – чиншаны төлейтін шаруалар деп атады. Ал жеке басымен тәуелді крепостной шаруаларға жататын батрактар, жартылай бос литтер және сервілер барщиналық және оброктармен қатар жан басына, некелік, өлімге қатысты алымдар төледі. Осы кезеңде Германияда басы бос шаруадан басыбайлыға ауысатын аралық нысандар көп болды.


    Мемлекеттік құрылыс. Бұл кезеңдегі Германиядағы мемлкеттік құрылысқа ертефеодалды монархия белгілері тән болды. Бұған Саксондық әулеттің патшалары Генрих I және Оттон I королдердің агрессивті сыртқы саясаты себеп болды. Олар патша билігін нығайтып, біртұтас мемлекет құрды. Сонымен бірге императорлық биліктің нығаюына сыртқы қауіп (нормандар мен венгрлердің шабуылдары) және мықты патша билігіне тәуелді ерікті шаруалардың басыюайлылыққа ауыстыру сияқты факторлар әсер етті. Алайда герман халқының бірігуіне басты кедергі тайпалық облыстардың басшысы герцогтердің сипаратизмі болды. Олар патшаны өздеріне тең деп санады.

    Оттон I сепаратизммен күреске бағытталған саясат жүргізді. Ол герцогтықтарды ыдыратып, герцогтардан жоғарғы құқықтарды алды. Алайда патшамен одаққа отыратын ірі қалалардың болмауы патшаның өз иеліктеріне мұрагерлік құқықтары жоқ діни феодалдармен одаққа баруына әкеліп соқты. Діни феодалдардың жері патшаның қорғанында болды, оларды патшаның арнайы шенеуліктері – фогтар қадағалады. Оттон I зайырлы феодалдардан артықшылықтарды алып діни феодалдарға үлестірді. Ол «оттондық артықшылықтарды» таратты. Олар бойынша аббаттар мен епископтар кең артықшылықтарға ие болды, герцогтардың юрисдикциясынан босатылды және герцогтік билікке ие болды. Епископтарға сүйену патша билігін уақытша нығайтты. Өз билігін нығайтып, Оттон I 962 ж. Италияны жаулап алып, император ретінде таққа отырды. Патшаның императорлық тәжді Рим папасының қолынан алуы, патша билігінің герцогтардың билігінен жоғарылығын көрсетуі тиіс еді. Мемлекет Герман ұлтының қасиетті рим империясы деп атала бастады. Қасиетті деп аталу себебі. Мемлекет басында императордан басқа бас діни қызметкер Рим папасы тұрды.

    Империяның басында император тұрды. Оған феодалды иерархияның бірінші щиті тиісті болды, жерге және жер қойынауына жоғарғы құқыққа ие болды, барлық аумаққа тиісті монета соғу және салық жинау құқықтары болды. Соған қарамастан Германияда патша билігі әлсіз болды. Патшаны княздер сайлады. Патша сайлауына қатыспаған княздер өздерін патша билігінен бос деп санады. Кейде жалпыимпериялық мәселелерді шешу үшін рейхстаг (съезд) шақырылды. Оған ірі княздар, графтар, империялық қалалардың өкілдері, рыцарлық ордендердің гроссмейстерлері қатысты. Басқару сарай-вотчиналық жүйе бойынша жүзеге асырылды. Жоғарғы патшалық биліктің орталығы патша сарайы болды. Патша әкімшілігі діни және зайырлы феодалдардан тұрды. Канцлер жоғарғы лауазымды тұлға болды. Сарай мәселелерін майордом басқарды. Мемлекеттік құрылымы жағынан империя шын мәнінде конфедерация болды. Жергілікті жердегі билік графтардың қолында болды. Біртіндеп олар өздеріне мұрагерлік құқықтарды алды. XII ғасырдан бастап герцогтардың, графтар мен епископтар билігінің күшеюі басталды, бұл өз кезегінде мемлкеттік биліктің орталықсызданып, сеньориалды монархияның қалыптасуына алып келді.


    3-сұрақ:

    Сеньориалды монархия кезеңіндегі қоғамдық құрылым. Германияда XIII ғасырда орнаған сеньориалды монархия әленуметтік топтардың құқықтық жағдайының өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер саяси орталықсыздану және Германияның тәуелсіз княздіктерге бөліну процестерімен байланысты. Сол кезеңдегі княздіктер мен герцогтықтар саяси тұйықталған егеменді саяси құрылымдар болды. Олар ірі феодалдық вотчиналар негізінде пайда болды. Жер иесі иммунитеттік артықшылықтарға ие князге айналды. Княздіктердің саяси тәуелсіздікке ие болуының бірқатар себептері бар:

    1. Герман императорлары Италияда өзінің билігін сақтап қалу үшін және басқа да әскери жорықтар үшін княздердің әскери көмегін қажет етті. Соның есесіне олар княздердің саяси артықшылықтары мен иммунитеттерін заңи бекітуге мәжбүр болды.

    2. Германияда патша мен қалалардың одағы қалыптаспады, сол себепті қалалар патшалық биліктің орталықтануына көмектесе алмады.

    3. Түрлі аумақтардың түрлі деңгейде дамуы тұрақты экономикалық қатынастардың орнауына кедергі болды. Сонымен бірге Германияда саяси орталыққа айнала алатын дамыған экономикалық орталық болған жоқ.

    Нәтижесінде XIII ғасырдың өзінде княздер өз монетасын соғу, салықтық және кедендік алымдар алуға, шешімі қайта қаралмайтын сот құру құқықтарын иемденді. Олар қорғандар салуға және заңдар қабылдауға құқықты болды. Осыны пайдаланған курфюрстілер мен шіркеу княздері қалаларға салық салды, цехтар мен нарықтардың жұмысын реттеп отырды және қалалардың өзін-өзі басқаруына тиым салды. Бұның өзі жалпыгерманиялық нарықтығң қалыптасуын тежеді.

    Түрлі княздіктердің саяси және экономикалық автаркиясы (тұйықтылығы) империялық сословиелермен сол княздіктің аумағында ғана қалыптасқан земдік сословиелердің пайда болуына алып келді. Империялық сословиелік құрылым келесі сипатта болды:



    1. зайырлы және діни княздер – империялық лендерді ұстаушылар;

    2. империялық рыцарьлар;

    3. империялық қалалардың бюргерлері.

    Ал княздік сословиелік құрылым земдік дворяндардан, діни сословиеден және княздік қалалардың тұрғындарынан құралды. Қаллардың өсуімен ату оқ-дәрімен ататын қару-жарақтың пайда болуымен байланысты орта дворяндар жоғалады. Олар аристократиялық дворяндар- курфюрстілер және кедейленген ұсақ дворяндарға бөлінді. Діни сословие жоғарғы (епископтар мен аббаттар) және төменгі (қала және ауыл священниктері) деп екіге бөлінді. Бюргерлердің өзі біртекті болмады. Қала халқынының жоғарғы қабаттарына жататын ірі көпестер мен жер иелері патрициатты құрады. Олар қалаларды басқаруды өз қолында шоғырландрды және лауазымдарды мұрагерлікпен ауыстырып отырды. Орта бюргерлер, яғни, қолөнершілер мен тең құқылы шеберлер патрициатқа қарсы тұрды. Қалалық иерархияның ең төменінде қалалық плебс тұрды. Оған шеберлердің көмекшілері кірді. Шаруалар бұрынғыдай жеке басыбайлы және жерге қатысты тәуелді деген екі топқа бөлінді. Бірақ тауар-ақша қатынастарының дамуы шаруалардың еңбегін экономикалық пайдасыз қылдырды. Осы кезеңде экономикалық қанаудың әлсіреп, дербес, экономикалық егеменді шаруа қожалықтарының пайда болуы басталды. Ондай шаруа қожалықтарының ең ірілері феодалдардың жерін арендаға алып, ол үшін салық – чиншаны сөйледі. Ірі арендаторлар уақыт өте помещиктерге айналды.

    Сеньориалды монархияның мемлкеттік құрылысы заңи түрде 1356ж. император Карл IV жариялаған «Алтын буллада» жариланды. Онда сеньориалды монархияның курфюрстілерді олигархиясы сияқты түрін бекітілді. Яғни, курфюрстілердің мемлекеттік тәуелсіздігі мен олардың патшаға саяси теңдігі танылды.

    Империя басында сөз жүзінде курфюрстілер алқасымен сайланатын император тұрды. Курфюрстілер алқасына төрт зайырлы княз және үш діни княз кірді. Император нақты билікке ие болмады, оның жалпыимпериялық тұрақты әскері және маманданған бюрократиясы болған жоқ. Ал оның қазынасы бос болды. Ол курфюрстілердің дербестігін мойындады және княздердің ішкі істеріне араласпауға міндеттенді. Княздердің коалициялары және жеке сипаттағы соғыстар заңдастырылды. Мемлекеттегі жоғарғы билікті империяны тұрақты басқаратын орган – курфюрстілер алқасы иеленді. Ол императорды орнынана алу және оны соттау құқықтарына ие болды.

    Бұл кезеңде кеңес беру функциялары бар сословиелі-өкілді орган ретінде рейхстаг құрылды. Ол үш куриядан, яғни, алқадан тұрды: курфюрстілердің куриясы, княздер мен графтардың куриясы және империялық қалалардың куриясы. Шаруалар мен ұсақ дворяндардың рейстагта өкілдері болмады. Рейстаг жылына екі рет императормен шақырылды. Оның құзыреті нақты анықталмады және келесі мәселелерді қамтыды: соғыс пен бейбітшілік, қаржылық, халықаралық, аумақтық өзгерістер туралы және империлық құқықтағы өзгерістер туралы мәселелер. Сұрақтарда әрбір курияда жеке талқыланды.

    Германияда жалпыимпериялық сот болды. Оның мүшелері (14-сі курфюрстілер мен гарфтар тағайындады, ал 2-сі қалалармен тағайындалды.) мәңгілік земдік бейбітшілікті сақтауға міндетті болды. Империялық сотты император басқарды. Империяның барлық аумағы он соттық округтарға бөлінді. Оларды амтман-княздер басқарды.

    Кейбір жерлерде бұл уақытта сословиелі-өкілді монархия қалыптаса бастады. Княздіктің басында княз тұрды. Оның билігін сословиелі-өкілді органдар – лантагтар шектеді. Олар земдік мәселелерді шешу барысында шешуші дауысқа ие болмаса да, қаржылық мәселелерді шешуде олардың келісімі қажет болды. Кейбір княздіктерде екі немесе үш палаталы лантагтар болды. Олардың жұмысына дворяндар, діни сословие мен қала тұрғындарымен қатар еркін шаруалардың өкілдері де қатысты. келесі функцияларды атқарды: княздіктің жоғарғы соты болды; жер шеңберіндегі жоғарғы аппеляциялық инстанция болды; әулеттің аяқталуы жағдайында князді сайлады; соғыс пен бейбітшілікке қатысты мәселелерді шешті, жаңа салықтарды енгізді, олардың жұмсалуын қадағалады. Қалалар дербес әкімшілік-аумақтық бірлік болды. Олардағы заңшығарушылық билік бюргерлерден тұрған қала кеңесінде болды. Кеңес комиссиялардан тұрды. Атқарушылық билік бургомистр басқарған магистратқа берілді.

    4-сұр:

    Германия абсолютизмінің ерекшелігі жалпыұлттық емес, княздік сипатында. Шын мәнінде император билігі өзінің доменінің аумағына ғана таралды, жалпыимпериялық әскер, әкімшілік және монета да болған жоқ. Княздік биліктің нығаюына қалалардың әлсіреуі және 1524-1525 жж. шаруалар соғысынан зардап шеккен дворяндардың кедейленуі себеп болды. Сонымен бірге бұл процеске реформация, яғни, католиктік шіркеудің реформасы үшін күрес қозғалысы да септігін тигізді. Оның нәтижесінде Германия екіге: протестандық және католиктік деп екіге бөлінді. Католиктік шіркеу жауап ретінде контрреформация мен отыз жылдық соғысқа барды. Франция мен Швеция Германияны толық талқандады. Бұл жеңілісті өзінің билігін нығайту үшін княздер пайдаланып кетті. 1648 ж. Вестфальдік бейбітшілік шарты бойынша княздер императорлық биліктен тәуелсіз деп жарияланды, оларға бір-бірімен және шетелдік мемлекеттермен одақ жасауға құқық берілді.

    Император билігі сөз жүзінде ғана болды. Сайлау алдында император шекету грамотасына (сайлау капитуляциясы) қол қойды. Ол княздердің ішкі істеріне араласпауға, «Алтын булла» мен империя заңдарын сақтауға, өз билігін мұрагерлікпен қалдырмауға, империя үшін маңызды істерді шешу үшін көрнекті сословиелердің өкілдерін шақыруға міндеттенді. Рейхстаг отырыстарына император өзінің өкілдерін жіберді. Шын мәнінде империядағы билік курфюрстілер алқасына тиісті болды, ал княздіктердің ішінде княздердің жеке дара билігі орнықты.

    Құрылым нысаны бойынша Германия 300 мемлекеттік құрылымнан тұратын конфедерация болды. Оның құрамына феодалды княздіктер, империялық гарфтықтар, қалалар мен прелаттықтар жатты. Княздердің егемендігінің өсуі, княздерге толық тәуелділікке түскен қалалардың әлсіреуі капиталистік шаруашылықтық пен жалпыұлттық мемлекеттің қалыптасуына кедергі жасады. Неміс буржуазиясы тым әлсіз болды және княздер мен шіркеуге тәуелді болды. XVII ғ. княздік абсолютизмнің орнығуы басқа елдердегідей қоғамдағы күштердің келісімі нәтижесінде емес, феодалды-консервативті дворяндардың әлсіз буржуазияны жеңуі нәтижесінде мүмкін болды. Жалпыимпериялық органдардан жалпыимпериялық сот және үш палаталы рейхстаг жұмысын жалғастырды. Алайда маңызды шешемідерді княздер мен баронда қабылдағандықтан бұл органдар ондаған жылдар бойын ешқандай маңызды шешемідер қабылдамады. Осы кезеңде империяның ең ірі абсолютистік мемлекеттері Пруссия мен Австрия болды.



    Пруссия (бұрынғы тевтон мемлкеті) Бранденбург княздігімен бірігіп, польшадан тәуелсіздікке қол жеткізді. 1701 ж. Пруссия князі король титулын иеленді. Пруссияның халықаралық беделінің өсуі мен орталықтанған мемлкетке айналуы жақсы дайындалған әскердің және тармақталған бюрократиялық аппараттың болуымен түсіндіріледі.

    Пруссияның мемлекеттік құрылысы – абсолютті монархия. Мемлекет басында патша тұрды. Патша жанындағы жоғарғы билік органы Құпия кеңес болды. Оған үш директория бағынды: қаржылық, әскери және патша домендерінің директориялары. Құпия кеңесті таратқаннан кейін оның орнында үш ведомство пайда болды: ішкі істер, юстиция және сыртқы істер. Ішкі істер департаменті мен полиция аса маңызға ие болды. Патша билігінің басты тірегі ретінде әскер мен шенеуліктер қарастырылды. Пруссиялық бюрократиялық аппарат қатаң орталықтану және әскерилендіру қағидалары негізінде құрылды. Сословиелі-өкілді мекемелер – лантагтар кең әскери-полицейиік және фискалды уакілеттіктерге ие болды, алайда патшаның шенеуліктері – ландраттардың бақылауында болды. Қалаларда қалалық кеңес мүшелері, қала істерін басқарушылар үкіметпен тағайындалды. Жер иеленушілерге вотчиналық полиция және юстиция берілді, сонымен бірге олардың қамқорлығында шіркеу мен мектеп болды. Еркін шаруалардың қауымдарында басшылықты ақсақалдар атқарды. Оларды қауым жиыны сайлады немесе мүліктік цензге сәйкес тағайындады.

    Пруссияны ғалымдар саяси режимі бойынша әскери-полицейлік мемлекет ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Себебі мемлкет бағыныштылардың өмірінің барлық салаларына тікелей күш көрсету арқылы араласып отырды.



    Австрия. Австрияның басқару нысаны абсолюттік монархия болды. Бірақ Габсбургтер әулетінің барлық саясатына қарамастан Пруссиямен салыстырғанда Австрияның орталықтану деңгейі төмен болды. Мемлекеттің көпұлттылығы басқарудың орталықтануына кедергі жасады. Габсбургтердің билігінде Венгрияғ Чехия, Италияның бір бөлігі болды. Бұл аумақтарда күш көрсету арқылы немістендіру саясаты жүрді. Неміс тілі мемлкеттік тіл деп жарияланды, чехтер мен венглерді католиктік дінге өтуіне мәжбүрледі. Аладй бұған қарамастан Австрияның жағдайы қиын болды.

    Австрияны император биледі. Оның жанында басқарудың келесідей жоғарғы органдары болды: Мемлекеттік кеңес, Патша канцеляриясы, Императордың әскери кеңесі, коммерц-алқасы. Провинцияларда билікті патша тағайындайтын наместниктер атқарды. Алайда патша жергілікті шонжарлар ұсынған адамды наместник етіп тағайындады. Провинциялардың сословиелі-өкілді органдары құрамы патшамен бекітілетін сеймдер мен лантагтар болды. Австрияда орталықтанудың күшеюі патишаим Мария Терезияның билігімен байланысты. Қалалардың барлық сайланбалы лауазымды тұлғалары патша шенеуліктерінің бақылауына берілді. 1768 ж. өзінің аса қаталдығымен ерекшеленген «Терезиана» атты қылмыстық кодекс қабылданды. Алайда 1778 ж. бастап «ағартушылық абсолютизм» саясатын жүргізе бастаған патша Иосиф II бұл заңда басқа либералды заңдармен алмастырды.


    5-сұрақ:

    Құқықтың қайнар-көздері мен құқықтық саллтары. Герман құқығының ажыратушы белгісі партикуляризм болып табылады, яғни, жалпымемлкеттік құқықтық жүйенің болмауы, оның орнында көптеген құқықтық жүйелер мен құқықтық салттардың қалыптасуы. Олар жеке аумақтарға немесе жеке сословиелерге тиісті болды. Бұл жағдай Германияның саяси және экономикалық бытыраңқылығының, құрамына кіретін облыстардың әлеуметтік және этникалық түрлігімен сипатталды. Нәтижесінде құқық екіге бөлінді: зем құқығы – жерлердің құқықтары және лендік құқық – ақсүйек ерікті адамдарға ғана таралатын құқық. Әрбір княздік пен графтықта өзінің азаматтық және қылмыстық кұқық жинақтары болды. Феодалдық қатынастардың бәсең дамуы құқықтағы әдет-ғұрыптардың басымдығын сақтады. Тағы айрықша белгісі – зайырлы құқық пен канондық құқықтың тоқтамас күресі. Алайда жоғарыда айтылған жайттарға қарамастан ортағасырлық Германияда жалпыгермандық құқық қалыптаса бастады.

    Герман құқығының қайнар-көздері де біртекті болмады. Империялық заңнама германдықтардығ әдет-ғұрып нормалары, жерлердің сот практикасын жалпылай отырып, жалпы қағидалар мен ережелерді қалыптастыруға тырысты. Империялық заңнаманың ерекше түрі империялық «бейбітшілік статустары» болды. Оларда меншік пен бағыныштылардың өмірін қорғауға бағытталған нормалар мен оларды бұзған үшін санкциялар болды. Империялық заңнаманың нығаюы император Фридрих Барбороссаның тұсында және оның мұрагерлерінің кезінде дамуына жетті. Ол 1235 ж. Маинц келісімінде көрініс тапты. Онда жалпыгермандық құқықтың басты қағидалары бекітілген.

    Қайнар-көздер ішінде ең ірі орынды герман тайпаларының әдет-ғұрып құқықтары иеленді. Олар княздердің жарлықтары және үкімдерімен біріктіріліп земдік құқық – ландрехтерді құрады. Жалпыгермандық құқықтың қалыптасуына жеке кодификациялардың ықпалы зор болды. Олардың әрекет етуі жерлердің аумағынан да шықты.

    Олардың ішіндегі ең атақтысы Солтүстік-Шығыс Германияның әдет-ғұрып құқығы мен сот практикасының жинағы – «Саксон зерцалосы» болды. Оның авторы саксондық рыцарь, дворян және құқықтың білгірі Эйке фон Репгау. «Саксон зерцалосы» екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі земдік құқыққа арналған, ал екіншісі – лендік құқыққа. Зем құқығы дегеніміз ерікті, бірақ текті емес сословиенің құқықтары танылады. Бұл сословиеге ұсақ рыцарьлар және бай шаруалар жатты. Оған неке-отбасы, заттай, міндеттемелік, мұрагерлік және қылмыстық құқық пен процес нормаларынан тұрды. Лендік құқықтар тек текті ерікті қожайындарға ғана тарады. Ол мұрагерлік жер иеліктерін иелену тәртібін, сот өндірісін ұйымдастыру, сюзерен мен вассалдың арасындағы дауларды шешу тәртіптері бекітілді. Бұл құқық феодалдардың мүдделерін қатағ қорғады.

    Ортағасырлық герман құқығының ең дамыған саласы қалалық құқық болды. Ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы дауларды шешетін қалалық соттар қалыптастырды. Олардың ішінде Франкфурт, Любек және Магдебург құқықтары аса белгілі болды. Зайырлы құқықпен қатар шіркеулік, яғни, канондық құқық та дамыды. Ол католиктік шіркеудің ұйымы мен қызметін реттеді, сонымен бірге азаматтық құқықтың дамуына зор әсер етті. Неке-отбасы қатынастарын реттеді.

    Княздік абсолютизмінің нәтижесінде құқықтың унификациясы, рим құқығының рецепциясы негізінде жалпы құқықты қалыптастыру процесі басталды. Тауар-ақша қатынастарының, қолөнер мен сауданың дамуы мүліктік қатынастардың әмбебап реттеушісі ретінде рим құқығын қажет етті. Императорлар да рим құқығының басымдығын қолдады. Рим құқығының докторлары императорлық соттардың судьяларына айналды және онда басымдыққа ие болды. Герман университеттерінде рим құқығы кафедралары құрылып, оқулықтар шығарыла бастады. XVI ғ. рим құқығы герман құқығының басты қайнар-көзіне айналды.



    Земдік құқықтың ең атақты кодификациясы «Прусстық земдік уложениесі». Бұл заңи акт капитализмнің дамуына шектеу жасады және тек помещиктер мен феодалдардың мүдделерін қорғады. Уложение екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінде азаматтық құқық нормалары бекітілді. Ал екінші бөлігінде сословиелердің, мемлекеттік мекемелер мен мектептердің құқықтық жағдайы және қылмыстық құқық нормалары көрініс тапқан.

    Мүліктік қатынастар. Мүліктік қатынастардың негізгі объектісі жер болды. Жерге қатысты қатынастар лендік құқықпен реттелді, себебі «феодалдық ұстау» қағидасына негізделді. Жердің бас иесі император болды. Жерге қатысты меншік құқығымен қатар иелену құқығы да кең таралды.

    Міндеттемелік қатынастар келісім-шарттан және деликтіден пайда болды. Тауар-ақша қатынастарының баяу дамуына байланысты міндеттемелік қатынастар да бәсең дамыды. Ал қалаларда жағдай басқаша болды. Сол себепті қалалық құқық міндеттемелік қатынастарды толық әрі жан-жақты реттеді. Келісім-шарттың сатып алу-сату, кепілдеме, ссуда, тапсырма беру және комиссия, жеке жалға алу сияқты келісім-шарттары қалыптасты.

    Отбасылық қатынастар сословиелі сипатқа ие болды. Тең емес некелерден туған балалар сословиесі төмен ата-анасының мәртебесін иеленді. Жанұя патриархалды болды және әке билігіне негізделді. Отбасылық құқық ерлі-зайыптылардың ортақ мүлік режимін бекітті. Ол бойынша ері әйелінің қамқоршысы ретінде мүлікті басқарды. Алайда некенің аяқталуымен, күйеуінің өлуімен және ажырасуымен әйелі «әйелдік үлесті», өмірбақилық асырау үшін мүлік және күйеуінің некеге тұрғандағы сыйлығы бөлініп берліді. Ұзақ уақыт майорат қағидасы негізіндегі заң бойынша мұрагерлік танылып келді. Мұрагерлік еркіндігі тек рим құқығының рецепциясымен ғана бекітілді. Соған қарамастан заңдық мұрагерлердің міндетті үлесі сақталды.

    Қылмыстық құқық. Германия құқығының қылмыстық құқығы ең дамыған сала болды. Оның нормалары барлық құқықтық құжаттарда бар, алайда толық әрі жан-жақты жалпыгерманиялық қылмыстық уложение 1532 ж. рейхстагпен бекітілген «Каролинада» көрініс тапты. Уожениенің 219 бабының 142-сі процеске арналған, ал 77-сі қылмыстық құқыққа арналған. «Каролинада» тараулар мен бөлімдерге бөлу жоқ. Жалпы және арнайы бөлімдерді ажаратпай, уложение жалпы бөлімге жататын түсініктер мен институттарды бекітеді. Оған кінә нысандары, жауапкершілікті болдырмайтын мән-жайлар, жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар, жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар, қылмысқа бірге қатысу және т.б. Қылмыс деп патшаға, сеньорға, цехке қатысты кез-келген опасыздық қарастырылды. Қылмыстық қол сұғушылық объектілеріне байланысты қылмыстар бірнеше топтарға бөлінді:

    1. мемлекетке қарсы

    2. дінге қарсы

    3. имандылыққа қарсы

    4. тұлғаға қатысты

    5. меншікке қарсы

    6. сот тқрелігіне қарсы қылмыстар.

    Жазалаудың негізіне қорқыту қағидасы орнатылды. Жазалар өзінің қаталдығымен ерекшеленді, көптеген қылмыстар үшін өлім жазасы тағайындалды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет