Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы


Сеньориалды монархия кезеңіндегі Францияның мемлекеттік құрылысы



бет8/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Сеньориалды монархия кезеңіндегі Францияның мемлекеттік құрылысы. Сеньориалды монархия феодалды мемлекеттің нысаны ретінде көптеген мемлекеттік бірлестіктерге бөлінумен және патша билігінің әлсіреуімен сипатталады. Саяси билік бұқаралықтан жекеқұқықтық сипатқа ауысты, себебі ол патша мен оның вассалдарының арасында бөлінді. Каролингтер әулетінен шыққан соңғы патшалармен ақсүйектер онша санаспады. Ал 987 ж. ақсүйектердің жиналысында Францияның патшасы болып Робертин Гуго Капет сайланды, ол Капетингтер әулетінің негізін салды.

Мемлекет басшысы болып патша саналды. Оны зайырлы және діни шонжарлар әулеттік қағиданы ескере отырып сайлайтын. Тек XII ғ. патша билігінің мұрагерлікпен ауысу тәртібі бекітілді. Номиналды түрде патша бірқатар ерекше уәкілеттіктерге ие болды, алайда ресурстардың жеткіліксіздігінен олар орындалмады. Оның билігі патша вассалдарының жиынымен шекетелді. Оны басқаша паташа куриясы деп те атады. Ол жалпымемлекеттік сипаттағы жалғыз орган болды.

Сеньориалды монархиядағы басқаруды ұйымдастыру сарайлық-вотчиналық жүйе мен вассалитет-сюзеренитет қатынастарына негізделеді. Мемлекеттік аппарат құрылымдық және маманданған болған жоқ. Патшаның жеке қазметкерлері – министериалдар сонымен қатар мемлекеттің лауазымды тұлғалары да болып табылды. Бастапқыда тек атақты феодалдық отбасылардан шыққан шонжарлар ғана минестериал болу құқығына ие болды, кейін рыцарьлар, қала тұрғындары да болды. Патша әкімшілігінің басшысы сенешал болды. Ол әскерді, кеңсені басқарды және маңызды құқықтық құжаттарға қол қойды. Патшаның атты әскерін коннетабль басқарды, оның көмекшісі маршал болды. Патша сотын сарайлық граф басқарды, ал қазына мен мұрағатты - патшалық қазынашы. Бас патша діни қызметкерінің функцияларын архикапеллан жүзеге асырды.

Патша доменіндегі жергілікті басқару да біршама өзгерді. Округтарды жаңа реформаға сәйкес қарапайым адамдардан тағайындалатын преволар басқаратын болды. Олар патша үшін алым-салық жинады, жасақты басқарды және сот төрелігін атқарды. Бірнеше округ бальяжды құрады. Олардың басында патшамен тағайындалатын арнайы шенеуліктер бальилер тұрды. Бұл лауазымды тек дворяндар иелендіғ алайда ол мұрагерлікпен өткен жоқ.

XII ғ. патша билігінің күшеюі мен елдің бірігуінің экономикалық, саяси және этномәдени алғышарттары қалыптаса бастады. Қалалардың, қолөнер мен сауданың дамуына саяси және экономикалық бытыраңқылық, түрлі сеньориялардағы түрлі алым-салықтар тежеді. Осы кезде патша мен қалалардың одағы қалыптасты. Қалалар патшаның қамқорлығы үшін оған қаржылай көмек көрсетті. Сонымен бірге, патша билігінің күшеюі дворяндарға да қажет болды. Және осы дәуірде франкілер мен галлдардың ұрпақтарынан француз ұлты қалыптаса бастайды. Патша доменінің аумағы айтарлықтай кеңейді. Филипп II Август оның көлемін тқрт есе үлкейтті. Англия және Германия одақтарын талқандап, ол Нормандияны, Анжу, Турень, және Мэнді қосты. XIII ғ. аяғында патша домені ең ірі феодалдық иелікке айналды және патша өз вассалдарын бағындыруға күші жеттетін болды.

Патша билігінің одан әрі нығаюы, феодалдар сепаратизмінің азайтылуы және патша әкімшілігінің күшеюі Людовик IX Қасиеттінің реформаларымен байланысты. Таққа отырарда ол келесідей сөз айтты: «Францияда тек бір патша бар». Ол сот, әскери және ақша реформаларын жүзеге асырды.



Сот реформасы бойынша ол өз доменінде жеке соғыстарға тиым салып, олардың арасындағы дауларды тек патша соттары шешетін болды. Орталық органы Парламент болып табылатын патша соты жалпымемлекеттік орган болды. Сеньориалды соттардың құзыреті шектелді. Олар патшаның мүддесіне қатысы бар істерді қарай алмайтын болды. Сеньориалды соттардың шешімдері патшаның өозғалмалы соттарымен қайта-қаралатын болды.

Әскери реформа патшаның жанында жалдамалы әскердің құрылуы және қалаларда милицияның құрылуында көрініс тапты. Рыцарьларға патшаның әскери қызметінен ақша беіп құтылуына рұқсат берілді.

Ақшалай реформаның нәтижесінде патша доменінің аумағында тек патшаның алтын және күміс монеталар жүретін болды. Кейін Францияда ортақ ақша жүйесі қалптасты.

Бұл реформалардың нәтижесінде Францияда мемлекеттік биліктің орталықтануы және мемлекеттік аппараттың нығаюы жүзеге асты. Патша куриясы қаржы және соттық екі палатаға бөлінді. Біріншісі Есептік палата деп атала бастады. Сот палатасы Париж Парламенті деп аталды. Ол маманданған заңгерлер – легистерден құралды.


2сұрақ:

Сословиелі-өкілді монархияның қоғамдық құрылымы сословиелік құрылыстың заңи бекітілуімен және олардың ішкі бірігуімен сипатталады. XIV-XV ғғ. Францияда әрбір сословие үшін арнайы бірыңғай құқықтық мәртебе орнатылады.

Діни сословие бірінші санатта болды. Діни қызметкерлердің сословиеге бірігуі және католик шіркеуінің мемлекеттік аппарат элементіне айналуы француз патшасы Филипп IV Көріктінің рим папасы Бонифаций VIII жеңуінің нәтижесінде жүзеге асты. Рим папасы Батыс Европада теократиялық монархия құруға ұмтылды. Бұл ұмтылыс ұлттық мемлекеттердің егемендігіне қайшы еді. Жаңа табыс көздерін іздеген патша Филипп IV Көрікті діни қызметкерлерге бұрындары болмаған салықтар салды және аббаттарға Римге берілетін төлем ретінде елден алтын және күмісті әкетуге тиым салды. Оны естіген Рим папасы патшаны шіркеуден аластатуға бұйрық берді. Алайда оның жіберген легаты қамауға алынды және патшаның сенімді легисті Ногаре бастаған топ Папаның сарайына білдірмей кіріп, оны тұтқынға алды. Бұндай бассыздықты көтере алмаған Рим папасы жақын арада дүние салды. Филипп IV Көрікті Римнің жаңа папасы етіп өзінің адамы Клемент V таққа отырғызды және папаның резиденциясын француз қаласы Авиньонға көшірді. Бұл қалада резиденция 70 жыл бойы орналасты. Осылайша француз патшалары өздерінің рим папалары алдындағы тәуелділігін әлсіретті. Шіркеу мен оның бай ордендерінен түсетін қаражат патшаның қазынасына өтетін болды. Патша билігінің егемендігі өсті және оның ресурстары көбейді. Діни сословиенің құқықтық мәртебесі анықталды. Діни сословие десятина құқығын сақтады, соттық және салықтық иммунитеттерін алды, мемлекеттік қызмет пен борыштардан босатылды. Көрнекті діни басшылар патша кеңесшілері ретінде тағайындалды.

Екінші сословие дворяндар болды. Олардың құрылымы біртекті болмады. Ішінен атақты (графтар, герцогтер, маркиздар және виконттар), орта және ұсақ дворяндар деп бөлінді. Дворяндар жерге қатысты ерекше меншік құқығын сақтады, соттық артықшылықтарға ие болды және салық төлеуден босатылды. Олардың жалғыз міндеті – патшаға әскери қызмет атқару болды.

Үшінші сословие («тексіздер») қала тұрғындарынан, жеке басы бос шаруалар- цензетарийлер мен қалыптасып келе жатқан буржуазиядан құралды. Осы сословие ғана салық төледі және ешқандай ерекше құқықтарды иеленбеді.



Франциядағы сословиелі-өкілді монархияның мемлекеттік құрылысы. Бұл кезеңде мемлекеттік орталықтану аяқталып, мемлекет сословиелі-өкілді монархия нысанына ауысты. Патша феодалды жер иеленушілер мен ерікті қалаларды өз билігіне бағындырды. Алайда ол өзінің жоғарғы билігін сословиелі-өкілді орган – Бас штаттармен бөлісуге мәжбүр болды. Сословиелі монархияның орнығуы Францияның саяси бірігуін тездетті.

Бас штаттар алғашқы рет рим папасымен қақтығыс кезінде француз патшасы Филипп IV Көріктімен шақырылған болатын. Зайырлы, діни феодалдар мен ауқатты қала тұрғындарының жиналысы патшаны қолдады. Бас штаттардың анықталған функциялары болған жоқ. Патшалар бұл органды негізінен жаңа салықтарды енгізу үшін шақыратын. Сол себепті олар шешетін басты мәселе қаржылық сипатта болды. Бас штаттар үш палатадан тұрды: бірінші палатаға діни қызметкер кірді, ал екіншіге дворяндардан сайланғандардан тұрды, үшінші палатаға қалалардың ауқатты тұрғындары – бюргерлер кірді. Әрбір сұрақтарды шешкенде әрбір палата жеке талқылады, кейін ортақ отырыста әрбір палата бір дауысқа ие болды. Палаталар арасындағы күресті патша өз билігін күшейту үшін қолданып отырды.

XIV ғ. ортасында Бас штаттар патшаға тұрақты салық –тальяны енгізуге рұқсат берді. Тұрақты табыс көзін тапқан патша Бас штаттарды сирек шақыратын болды. Кейін патша өзі салықтарды тағайындайтын болды және шенеуліктері арқылы оларды жинады. Бас штаттар соңғы рет 1614 жылы шақырылды. Оның орнына патша үш сословиенің ең бай өкілдерінің жиналысы – нотебльдердің кеңесіне арқа сүйеді. Патша әкімшілігінің орталықтануы жүзеге асты. Ендігі кезекте барлық шенеуліктер билікті патшадан алатын болды. Мемлекеттік аппарат негізінен өзінің өсуіне патшаға ғана міндетті тексіз адамдардан тағайындалды. Олардың ішінде атақты ақсүйектерді басқарудан ысырып тастаған кәсіпқой заңгерлер – легистер көп болды. Патша куриясының негізінде зайырлы және діни ақсүйектер мен легистерден құралған кеңес беруші орган – Мемлекеттік кеңес құрылды. Кейінірек патшаның ең сенімді адамдарынан тұратын Құпия кеңес пайда болды. Патша әкімшілігін канцлер басқарды. Ол күнделікті істер үшін жауапты болды, патша кеңесінде төрағалық етті және патша ордонанстарының жобасын жасады.

Бұл кезеңде сот органдары әкімшіліктен бөлініп, сот жүйесі қалыптасты. Патшалықтың жоғарғы соты Париж парламенті болды, ол сонымен қоса жоғарғы аппеляциялық орган болды. Бұл орган заңшығарушылық функцияларды да иемденді. Ол патша ордонанстарын тіркеуді жүзеге асырды. Провинциялық деңгейде 13 парламент құрылды. Алайда кішігірім қылмыстық істерді әлі де бальилер, преволар, сенешалдар қарады. Отбасы істері мен діни қылмыстарды қарастыратын шіркеу соты сақталды. XIV ғ. қылмыстық ізге түсу мен айыптаудың арнайы органы – прокуратура құрылды. Бастапқыда патшаның сенімді адамдары – прокураторлар сот отырысындағы патша мүдделерінің сақталуын қадағалады, кейін қылмыстық айыптауды да жүзеге асыратын болды.

Патша билігінің нығаюымен бірге жергілікті басқарудың да орталықтануы басталды. Алайда ол бірыңғай болмады. Солтүстік Франциядағы ірі округтар бальяждар деп аталды, оларды бальилер басқарды. Ал оңтүстікте орталықтану баяу жүрді. Бұл жерде губернаторлық-округтар болды. Оларды сенешалдар басқарды. Бальилер мен сенешалдар салықтардың жиналуын, жасақтың жиналуын қадағаады. Ерікті қалалар өзін-өзі басқару құқықтарынан айырылды. Бұл жерде де патша әкімшілігі орнады. Барлық қала кеңесінің отырыстарында арнайы патша шенеуліктері отыратын болды.

3- сұрақ:

XVI ғ. екінші жартысындағы француз абсолютизмінің орнығуы бірнеше себептерге байланысты болды:



  1. Капиталистік қатынастардың, мануфактуралардың дамуы және жалпыұлттық нарықтың қалыптасуы отандық кәсіпорындар мен сауданың өсуіне жағдай жасай алатын, феодалдық сепаратизм мен кедендік шектеуліктерге қарсы күресе алатын мықты патшалық билікті қажет етті.

  2. Мемлекеттің түпкілікті бірігуі мен біртұтас ұлттың қалыптасуына да абсолютизм қажет болды. Патша жергілікті феодалдардың сепаратизмімен күресті.

  3. Буржуазиялық қатынастардың дамуы феодалдық құрылыстың құлдырауына әкелді. Сол себепті шаруалардың кедейленуі, оларды қанау процестері күшейді. Яғни, шаруалардың наразылығы өсе түсті. Нәтижесінде осындай қауіптен тек мықты патша билігі ғана сақтай алатындығын барлық феодалдар мойындады.

  4. Францияның басқарушы табы гугеноттық (кальвинистік) және католиктік деп екі партияға бөлініп кетті. Бұл 36 жылға созылған азаматтық соғысқа әкелді. Бұл қантөгісті тек мықты патша билігі ғана тоқтата алды.

Абсолюттік монархия кезеңіндегі қоғамдық құрылыста сословиелерден құралған феодалды қоғам мен жаңа пайда болған буржуазиялық және пролетариат таптарынан тұратын азаматтық қоғам қатар өмір сүрді.

Барлық жерлердің 20%-ын иемденген діни сословие бірнші санатын сақтап ақлды. Алайда шіркеу билігі шектелді. Шіркеудің саяси құқықтары шектелгенмен, ол өзінің экономикалық жеңілдіктерін сақтап қалды.

Француз абсолютизмінің негізгі тірегі феодалды шонжарларды қоспағанда дворяндар болды. Ең сенімділері «семсер дворяндары», яғни, орта және ұсақ дворяндар болды. Олар бірқатар жеңілдіктерді иеленді және салық төлемеді. Әскерде қызмет атқарған үшін дворяндар поместье және жалақы алды. Алайда бағалардың көтерілуіне байланысты олардың жағдайы нашарлай берді. Осымен бірге «мантия дворяндары» деп аталған жаңа топ пайда болды. Олар табысты мемлекеттік лауазымдарды сатып алған бай буржуазиядан құралды. Олар кедейленген дворяндарды ысырып тастады.

Қала тұрғындары мен шаруалардан тұрған үшінші сословие негізгі салық салынатын халық бөлігі болды. Көпестер мен қолөнершілер цехтар мен гильдияларға бірікті және осылайша шәкірттерін қанады. Цехтан бөлек жерде қолөнермен айналысатындар қудалауға ұшырады. Қала халқы негізінен шаруалармен толығып отырды. Қалаларда болашақ пролетарий табы қалыптасты. Қоғамның ең қаналатын табы шаруалар болды. Туар-ақша қатынастарының дамуымен феодалдар шаруаларды ақшалай оброкка көшіруге тырысты, кейде күштеп. Шаруалардың көбісі жер учаскесін пайдаланғаны үшін ценз төледі. Өзінің қожайынына шаруа нан оброгы – шампарды өтеді. Басыбайлы шаруалардың саны азайды, алайда олар әлі де феодалдың билігінде болды. Шаруалар шіркеуге десятина салығын, патшаның пайдасына жиырмалық салықты, мүлік салығы – тальяны және жан салығын төледі. Шаруалар басқа да борыштарды өтеп тұрды. Баналитеттер сақталды. Шаруалар қожайынның көпірімен нанды тасымалдағаны үшін, оның пешінде пісіргені үшін алымдар төледі. Шаруаның өлімінен кейін оның мұрагерлері мұраға ие болу үшін қожайынға алым төледі.



Абсолюттік монархияның мемлекеттік құрылысы. Франциядағы абсолютизм аяқталған классикалық нысанда болды. Француз патшасы шексіз монарх болып саналды. Патша билігін шектейтін өкілді органдар болған жоқ және патша билігінің қаржылық тәуелсіздігінің негізі болған көптеген салықтар қалыптасты. Патша заңдарды қабылдады және күшін жойыды, шенеуліктерді тағайындап, орындарынан алды. Патша жердегі Құдайдың өкілі ретінде қарастырылды, оның билігі заңныңүстінен қарады және қасиетті сипатқа ие болды. Франциядағы абсолютизмнің қанат жаюы Фелді 72 жыл билеген Людовик XIV «күн‑патшамен» байланысты.

Басқару бюрократиялық орталықтану қағидаларына негізделді. Маңызды сұрақтарды талқылау үшін доғарғы кеңесуші орган – Мемлекеттік кеңес шақырылды. Оған сарай аристократиясы және «мантия дворяндары» кірді. Патшадан кейінгі екінші тұлға канцлер болды. Ол мемлекеттік аппараттың басшысы болып саналды. Министрлер функцияларын басқарудың белгілі-бір саласы үшін жауапты мемлекеттік хатшылар атқарды. Жергілікті жерде әкімшілік бақылауды интенданттар жүзеге асырды. Интенданттар губернаторларды, бальилер мен қала басшыларын бақылауға міндетті болды. Интенданттар генерал-қаржы бақылаушысына бағынды. Салықтарды санауды Есеп палатасы және акциздік алымдар палатасы жүзеге асырды. Интенданттардың мәліметтерін Депешалар кеңесі жинап тұрды.

Патша әскер мен полицияға арқа сүйеді. Әскер тұрақты болды және негізінен жергілікті халықтан рекруттық жүйе бойынша жиналды. Бас штаб құрылды және әскери қызметті өтудің қатаң тәртібі бекітілді. Алайда офицерлік шендерді тек дворяндар ғана сатып ала алды. Қоғамдық тәртіпті генерал-лейтенант басқарған полиция қамтамасыз етті. Сонымен бірге патшаның саяси қарсыластарымен күрескен саяси полиция құрылды.

Жергілікті басқару да бюрократиялық орталықтану қағидасы бойынша өзгертілді. Францияның барлық аумағы провинциялар мен округтарға бөлінді. Провинциялардың басында патшамен тағайындалатын губернаторлар тұрды. Бірақ олардың билігі біртіндеп азайтылды. Олардың кейбір уәкілеттіктері орталықтан жіберілетін интенданттарға берілді. Сайланбалы қала кеңестерінің орнына патшамен сайланатын мэрлар мен муниципалды кеңесшілер билік жүргізе бастады. Тек ауылды жерлерде ғана ақсақалдар мен кеңестер сайланбалы болып қалды.



4- сұрақ:

Құқықтың қайнар-көздері. Франциядағы феодалды құқықтың дамуына келесідей тенденциялар тән болды: құқықтың мемлекеттік және провинциялық деңгейде біртіндеп унификациялануы, жалпымемлекеттік құқықтық жүйенің қалыптасуы.

Ортағасырлық Францияда бірнеше ғасыр бойы ортақ құқық болған жоқ, әрбір облыста түрлі құқықтық қайнар-көздерге негізделген түрлі құқық жүйелері қатар әрекет етіп келді. Бұл ерекшеліктер негізінен Солтүстік пен Оңтүстікте айырықша байқалды.

Елдің солтүстігінде негізінен жазылмаған әдет-ғұрып құқығы басым болды. Ваварлық шындықтар мен олардың әдет-ғұрыптарының орнына кутюмдер, яғни, жеке аудандардың, сеньориялардың, қауымдардың заң күші бар әдет-ғұрыптары келді. Олар сол жердің феодалдарының мүдделерін қорғады және ауызша нысанда болды. Атақты легистердің кутюмдерді кодификациялауы феодалдар тарапынан қатаң қарсылыққа ұшырады. Нәтижесінде XV ғ. ресми кодификация қабылданды. Осылайша кютимдердің 60 ірі жинағы және 200 ұсақ жинақтары пайда болды.

Ал Францияның оңтүстігінде рим құқығының негізінде жазбаша құқық дамыды. Осы аумақтарды Франциялық заңгерлердің глосаторлық мекетебі қалыптасты. Заңгерлер Юстинианның дигестілерін түсіндіре отырып келтірді. Аладй олардың түсініктемелері соттарда мойындалмады. Француз монархтары рим құқығының қайта жандануын қажет етті. Олар рим құқығы арқылы өз билігінің бұқаралық негізін іздеді. Патша билігінің күшеюімен рим құқығы кең тарай бастады, яғни, оның рецепциясы басталды. Осыған қарамастан рим құқығы негізінде француз құқығының унификациялануы жүзеге асырылмады. Құқықтың аумақтық бөлінісі сақталып қалды. Рим құқығының рецепциясы толық болмады. Оңтүстікте ол басымдыққа ие болды, ал солтүстікте тек әдет-ғұрып құқығының шұрықтарын бітеді.

Сонымен бірге бұл уақытта патша актілері – эдиктілер, ордонанстар мен декларациялардың маңызы арта түсті. Эдикт дегеніміз - өкілді органның бекітуінен кейін заң күшіне ие болатын патшаның жарлығы. Декларация әрекет етіп жатқан заңдардың түсіндірмесі болды. Абсолютизм кезеңінде ордонанстар, яғни, өкілді органның бекітуінсіз-ақ заң күшіне ие болатын патша жарлықтары аса ммаңызға ие болды.

Рим құқығының рецепциясына католиктік шіркеу қарсылық жасады. Ол рим құқығын екінші орынға ысырып, канондық құқықтың аясын кеңейтуге тырысты. Патша билігі әлсіз болған кезеңде канондық құқық елдің барлық аумағына кең тарады. Тек патша билігінің орталықтануы кезеңінде канондық құқық тек діни қызметкерлердің істерімен ғана шектелді. Абсолютистік Францияда рим папасының тек патша мақұлдаған промульгациялары ғана заң күшіне ие болды.

Қолөнер мен сауданың дамуы қалалық құқықтың дамуына жағдай жасады. Олар қалалық хартияларда көрініс тапты. Онда қала тұрғындарының әдет-ғұрып құқығымен қорғалмаған құқықтары бектілді, құқықтық тәртіп нормалары болды.

Мүліктік қатынастар. Феодализм кезеңінде заттай құқықтардың негізгі объектісі жер болды. Францияның феодалды құқығы жерге қатысты заттай құқықтың екі түрін ажыратты: меншік құқығы және ұстау құқығы. Ортағасырлық Франция құқығы жерге қатысты шексіз меншік құқығын тек ірі феодалдарда ғана мойындады. Қалғандары белгілі-бір міндеттер мен борыштарды атқаратын жерді ұстаушылар ретінде қарастырылды.

Міндеттемелік қатынастар ақша-тауар қатынастарының дамуымен байланысты. Тауар-ақша қатынастарының дамуы келісім-шарт құқығының дамуын қажет етті. Ол рим құқығының рецепциясы негізінде қалыптасты. Ол сословиелік сипатта болды және сеньордың басымдықтарын бекітті. Алғашқы келісім-шарт түрлері сату-сатып алу, айырбас және сыйға тарту болды.

Ортағасырлық Францияда қарызға алу келісім-шарты кең таралды. Осы кезеңде қарыз алушының міндеттемені өтеу кепілі ретінде вексель пайда болды. Сонымен бірге қарыздық кепілзаты ретінде қарыз алушының жері қарастырылды.

Ақша-тауар қатынастарының дамуымен қатар ескі келісім-шарт түрлерімен бірге мердігерлік, жалға алу, тапсырыс беру келісім-шарттары дамыды.

Неке-отбасы қатынастары канондық құқық нормаларымен реттелді. Неке ерекше құпияға ие акт деп танылды, сол себепті заңды деп айырылысу еркіндігін жоққа шығаратын шіркеулік неке ғана танылды. Неке сословиелі болды, әртүрлі сословие өкілдерінің некесі жарамсыз деп танылды. Некенің жарамдылығының келесідей талаптары болды:


  1. Неке жасына жету. Ерлер үшін – 14 жас, қыздар үшін – 12 жас.

  2. Туысқандар арасындағы некелерге тиым салынды.

  3. Сословиелік мәртебелері тең болуы тиіс еді.

  4. Некеде тұрған тұлғаларға некеге тұру тиым салынды.

  5. Шоқынбаған тұлғаларға некелесуге тиым салынды.

Ортағасырлық Францияда отбасы патриархалды болды және әке мен күйеудің билігіне негізделді. Ерлі-зайыптылар бірге тұруға міндетті болды, оны мәжбүрлетіп орындатты. Күйеуі әйелін ұру құқығын иемденді. Әйелінің зинақорлығы қылмысқа тең болды. Некеден тыс туылған балалардың құқықтары болмады.

Франциядағы мұрагерлік заң және өсиет арқылы жүзеге асырылды. Алғашында мұрагерлік майорат қағидасы бойынша жүзеге асты. Яғни, мүлік пен титул үлкен ұлға ауысты.



Қылмыстық құқық XI ғ. айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Қылмыс жеке деликт болудан қалды, ендігі кезекте ол патшалық тәртіпті бұзу ретінде қарастырылды. Қылмыстық құқықтан құн төлеу институты жоғалды. Францияның қылмыстық құқығында қылмыстар үш разрядтғақа бөлінді. Біріншісіне дінге зиян келтіру, опасыздық, адам өлтіру, зорлау, өртеу, ұрлық және т.б. Бұл қылмыстар қатаң жазаланды. Орта разрядқа жататын қылмыстар негізінен айптармен жазаланды. Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар жеңіл қылмыстарға жатты және айып пен түрмеге жабумен жазаланды. Жазаның мақсаты айыптыны жазалау және басқаларды қорқыту болды.

Сот және процесс. Бастапқыда сот әкімшіліктен бөлінбеген, тек сословиелі-өкілді монархияның аяғында сот процесін әкімшілік лауазымды тұлғалар асырмайтын болды. Қылмыстық істерді преволардың соты, бальилердің соты және шіркеу соттары қарады. Сонымен бірге әрбір сеньордың соттық функциялары болды. Тек Абсолюттік кезеңде Париж соты бастаған сот жүйесі қалыптасты. Жергілікті сот процестерін провинцияның парламенті жүргізді. Парламентте патшалық прокурор және патшалық адвокаттар болды.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. Сениориялық монархия дегеніміз не?

2. Сословия неше деңгейге бөлінеді?

3. Франциядағы феодалдық құқық қай құқықтан басталды?

4 .Салиялық франктердің көсемі кім болды?

Тақырып №9: Германияның ортағасырлық мемлекеті мен құқығы.


  1. Германиядағы ортағасырлық мемлекет пен құқықтың даму кезеңдері және ерекшеліктері.

  2. Германиядағы ертефеодалды монархия

  3. Германиядағы сеньориалды монархия.

  4. Германиядағы абсолютті монархия.

  5. Ортағасырлық Германияның құқығы.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

  2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

  3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005

  6. Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.

  7. История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006

  8. Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000

  9. Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.


1-сұрақ:

Герман мемлекеті Франк мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде пайда болды. 843 жылғы Верден келісімі Ұлы Карлдың немересі Неміс Людовиктің еншісіне тиген Шығыс Франкі мемлекетінің негізінде Герман мемлекеті қалыптасты. Бастапқыда ол Саксония, Франкония, Швабия және Бавария герцогтықтарынан тұрды, кейін X-XII ғғ. ол Солтүстік Италия қалаларын, Бургундияны, Лотарингияны, Богемияны, Полабье мен Австрияны қосып алды. Осы жерлерді басып алудың нәтижісенді құрылған мемлекет Герман ұлтының қасиетті Рим империясы деген атауға ие болды. Бұл атау 1806 жылғы Наполеонның кейбір аумақтарын (16 патшалық және княздік) басып алғанға дейін сақталды. Нәтижесінде империя ыдырады. Тек 1871 жылы княздіктердің бірігіп, Герман империясын құрды.



Германияның ортағасырлық саяси-құқықтық дамуына бірқатар факторлар әсер етті:

  1. Шығыс Франк мемлекеті мәдени-этникалық жағынан біртекті болмады. Оның құрамына жеке мәдени, тілдік, этникалық ортасы бар ондаған герцогтықтар мен княздіктер кірді. Жаңа құрылған мемлекеттің құрамсына герман халқымен қатар роман және славян халықтарының қомақты бөліктері кірді.

  2. Феодализм Германияда басқа Батыс Европа елдеріне қарағанда айтарлықтай кеш орнады. Себебі Германияда феодализмге өту патриархалды-қауымдық қатынастардың ыдырауы нәтижесінде жүзеге асты. Германияда қауымдық ұйым мықты болды және оның ыдрауы ұзақ уақытқа созылды. Сол себептен ерікті шаруаларды басыбайлы шаруаларға айналдыру процесі созылып кетті.

  3. Жоғарыда көрсетілген екі фактор Германияның басқа мемлекеттерден экономикалық және саяси дамуда қалып қоюына әкеліп соқты. Алайда бұл факторлар кейбір аумақтарға тән болмады. Оларда феодалдық қатынастар тез орнап, капиталистік қатынастар дами бастады. Жоғарғы және Орта Рейн облыстарында феодализм тез орнады, ал Саксония мен Фрисландияда бұл процестер айтарлықтай кешікті.

Жоғарыда тізбектелген факторлардың әсерінен Германияның мемлкеті мен құқығының дамуында бірқатар тенденциялар орын алды:

  1. Герман княздіктерінің ұзақ уақыт бойы бытыраңқы болуы және олардың саяси автономияға ұмтылуы;

  2. Германиядағы феодалдық мемлекеттіліктің дамуы, яғни, басқару нысанының ертефеодалды монархиядан сеньориалды монархияға, ал сословиелі-өкілді монархиядан абсолютизмге ауысуы империяның барлық аумағында бір уақытта емес, жеке тәуелсіз княздіктердің аумағында түрлі уақытта жүрді.

  3. Ортағасырлық Германия құқығының партикулярлы сипаты, яғни, саяси автономды княздіктерде белгілі-бір аумаққа және әлеуметтік топтарға ғана тиісті түрлі саяси жүйелердің (лендік, зем, канондық және қалалық құқықтар) болуы.

Саяси бытыраңқылық және жалпыгермандық мемлкеттің болмауы ортағасырлық Герман мемлкеті мен құқығының даму кезеңдерінде өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етті. Герман мемлкетінің аясында дамудың екі кезеңін даралауға болады:


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет