Еркін өндірушілер мен ұсақ меншік иелерінің табын басы бос шаруалар, байып алған қолөнершілер мен саудагерлер құрады. Алайда кейін феодалдық қатынастардың дамуымен ірі феодалдар шаруалардың жерлерін күшпен басып алып отырды. Соған қарамастан еркін шаруалардың кішігірім тобы сақталды.
Басыбайлы адамдардың табына кедейленген шаруалар, бәдәуилер, кедейленіп феодалдарға басыбайлыққа түскен қолөнершілер және құлдар кірді. Құлдар ең құқықсыз қорғансыз әлеуметтік топ балды. Оларды негізінен Халифат аумағынан басқа жерлерден әкелді. Құлдықтың пайдасы аз болды, сол себепті оларды жиі бостандыққа жіберіп отырды немесе басыбайлы шаруаларға айналдырды.
4-сұрақ:
Араб халифатының мемлекеттік құрылысы феодалды теократиялық монархия болды. Билік пен басқаруды ұйымдастыру, мемлекет функциялары және мемлекеттік билік органдарының құзыреті исламның талаптарына негізделе отырып жүзеге асырылды. Пайғамбардың өлімінен кейін мемлекет басына халиф тұрды. Алғашқы халифтер мұсылман қауымымен сайланатын болды. Алайда кейін халиф болашақ мұрагерді өзі атап отырды. Тек Мұхаммед пайғамбардың руынан тарайтын және ешқандай айтарлықтай денсаулық кемшіліктері жоқ адам ғана үміткер бола алды. Халиф Құранға сәйкес өмір сүруге және басқаруға міндетті болды. Халифтің қолында жоғарғы рухани билік – имамат және жоғарғы зайырлы билік – эмират шоғырланды. Халиф тек бас имам және жоғарғы әмір болып қана ғоймай, сонымен барлық жердің жоғарғы иесі және әскердің жоғарғы қолбасшысы болды. Оған қосы, халиф жоғарғы судья болды. Халифтің дін саласындағы беделі даусыз болды. Ол Құдайдың жердегі көлеңкесі және пайғамбардың орынбасары ретінде саналды. Халифтің билігі тек Омеядтардың билік етуінің соңында және Аббасидтердің билігінің басында шексіз сипатқа ие болды. Бұл кезде провинциялардағы наместниктер мен әскербасылар халифке бағынды.
Мемлекет аумағының өсуімен бірге мемлекеттік аппараттың орталықтануы және бюрократиялығы өсті. Алғашқы тқрт халифтің кезінде шенеуліктер арабемес ұлттардан тұрды – гректер мен парсылардан. Омеядтардың уақытында мемлекеттік аппарат реформалауға ұшырады, мемлекеттік органдар арабтардан құралды және барлық іс жүргізу халықаралық тілге айналған араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік аппаратты халифтің зайырлы істердегі бірінші көмекшісі – Ұлы уәзір басқарды. Ол халифпен тағайындалып, оның алдында жауапты болды. Омеядтардың кезінде шектелген уәкілеттіктері бар уәзірлер тағайындалды, яғни, уәзір халифтің бірінші кеңесшісі болды, оның мөрін сақтады және тек халифтің бұйрықтарын ғана атқарды. Аббасидтердің уақытында Ұлы уәзір шонжарлардың қолдауымен басты саяси тұлғаға айналды. Ол халифті шешім қабылдау процесінен және лауазымды тұлғаларды тағайындаудан ығыстырды. Халифке тек уәзір қабылдаған шешімдер туралы хабарланып отырды. Ұлы уәзір орталық атқарушы органдар – диуандардың жүйесін басқарды. Келесідей диуандар болды:
Диуан аль-джунд (әскери ведомтсво). Әскери істердің диуаны әскерді құру және қамтамасыз ету мәселелерін шешті. Оның бастауымен жасақ мүшелері мен жалдамалылардың тізімдерін жасайтын шенеуліктер және қызмет үшін төленетін ақы мен жер көлемін анықтайтын шенеуліктер жұмыс жасады. Араб қоғамында әскердің маңызы өте зор болды. Әскери жорықта алынған табыстың 4/5 әскерге берілді. Әскербасылар осында жорықтардан зор айда тауып отырды. Әскерде жалдамалылардың саны да көп болды.
Диуан-аль харадж (қаржы ведомствосы): есеп жүргізді және салық пен басқа да төлемдердің қазынаға жиналымдарын бақылады. Салық төлемейтіндер түрмеге қамалды, масқаралау ағашының түбінде тұрғызылды. Алайда көп жағдайда пара беру арқылы салықтар төленбей отырды.
Диуан-аль варид (пошталық ведомство): пошталық қызметті ұйымдастырды, жолдар салу мен құдықтарды қазуды басқарды. Сонымен бірге бұл диуан құпия полиция қызметін атқарып отырды.
Қоғамдық жұмыстар диуаны ирригациялық жүйелер мен суландыру құрылғыларының салынуын қадағалады.
Діни және имандылық талаптарды орындауды қадағалау диуаны. Әрбір қалаларда бұл органның функцияларын хисба – есеп палатасы, ал базарлар мен көшелерде мухтасибтар – «ұяттылықтың сақшыларылары» жүзеге асырды. Мухтасибтер адамдардың мешітке баруын, оразаны ұстауын және әйелдердің көшеде ашық киіммен жүрмеуін қадағалады.
Жергілікті басқару да орталықтанған болды. Саяси-аумақтық құрылым нысаны бойынша Араб халифаты империя болды. Оның аумағы халиф тағайындайтын әмірлер басқаратын провинцияларға бөлінді. Әмірлер жергілікті жерлерде әскери, әкімшілік және фискальды функцияларды жүзеге асырды. Әмірлердің екі орынбасары болды. Қаржы мәселелері үшін жауапты орынбасары және қади, яғни, бас судья қызметін атқарған және халифтің рухани билігінің өкілі болған орынбасары. Жалпы алғанда провинциялар қалаларға бөлінді. Оларды орталық билікпен феодалды аристократиядан тағайындайтын хакімдер басқарды. Провинциялардағы қауымдарды мұсылман қауымының басшысы - шейхтер басқарды.
Сот билігі әкімшілік биліктен бөлінген болды. Халиф жоғарғы судья болды. Сот төрелігін атқару діни шонжалардың айырықша уәкілеттігі болды. Тәжірибе жүзінде беделді діни білгірлердің алқасы сот төрелігін халиф атынан жүзеге асырды. Халифтің бұйрығымен олар судьялар - кадилерді тағайындады. Қадилердің өте кең уәкілеттіктерге ие болды: олар қайта-қаралмайтын шешімдер қабылдады, заңға түсіндірме берді, өсиеттердің орындалуын қадағалады, қорғаншылықты орнатты, мүлікті бөлуд бақылады, қоғамдық жолдар мен ғимараттардың жағдайын тексеріп отырды.
5-сұрақ:
Мұсылмандық құқық жүйесі – шариғат діни талаптардың жиынтығы, діни және құқықтық нормаларды біріктіретін ережелердің жиынтығы болып табылады. Ол Батыс Европа мен Шығыста (Қытай, Үндістан) қалыптасқан құқықтық жүйелерден ерекшеленді. Шариғат дегеніміз – Құран мен Сүннетте бекітілген әрбір мұсылман рухани мінсіздікке жету үшін және жұмаққа жол ашу үшін өмірлік жағдайларда ұстануға міндетті талаптардың жүйесі. Діни нормалардан бөлек шариғатта қылмыстық, азаматтық және процессуалды құқықтық нормалар да бар.
Мұсылман құқығы – шариғаттың қайнар-көздері:
Құран – діни-имандылық нормалардан тұратын мұсылмандардың қасиетті кітабы. Бұл кітапта Мұхаммед пайғамбардың өсиеттері жазылған. Ол 114 сүреден (тарау) және 6211 аяттан тұрады. Жобалап алғанда аяттардың 500 заңи сипатқа ие.
Сунна – хадистердің, яғни, пайғамбар өмірі мен іс-әрекеттері туралы өсиет-әңгімелердің жинағы. IX ғ. хадистердің жинағы жүйелендіріліп алты томға біріктірілді және кадилермен сот төрелігін жүзеге асыру барысында қолданыла бастады.
Иджма – Құран мен Сунна реттемейтін мәселелер бойынша беделді діни заңгерлердің шешімдері. Бастапқыда бұл мұсылман қауымының ортақ келісімі ретінде қарастырылды. Себебі пайғамбардың айтуынша мұсылман қауымы қателесе алмайды.
Фетва – қоғам өмірінің жеке мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдерге қатысты беделді діни заңгерлердің берген жазбаша түсіндірмелері.
Халиф жарлықтарын заңдар (аль-канун) және әмірлер (фирман) құрады.
Қияс – заңи істерді діни идеяға сәйкес ұқсастық бойынша шешу.
Ресми түрде әдет-ғұрып шариғаттың қайнар-көздерінің қатарына жатпайды. Бірақ қажет болған жағдайда арабтардың немесе ислам дінін қабылдаған халықтардың әдет-ғұрыптарын қолдануға рұқсат берілген.
Омеядтардың билігінің аяғына дейін біртұтас нормалар жүйесі қалыптаспаған. Исламға дейінгі нормалар сақталды, ал жаулап алынған жерлерде түпкілікті халықтың әдет-ғұрыптары әрекет етті.Алайда біртіндеп византиялық, сасанидтік, иудейлік және шығыс-христиандық шіркеулік құқықтардың озық тұстарын бойына жинақтаған мұсылман құқығы –шариғат қалыптасты.
Мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу. Мүліктік қатынастарды алудың басты алғы шарты азаматтық құқыққабілеттілік болды. Толық азаматтық құқыққабілеттілікке ие болу үшін бірнеше талаптарға сай болу керек еді. Біріншіден, діни жағдай, яғни, теңқұқылы болып тек мұсылмандар ғана саналды. Мұсылмандардың құқыққабілеттілігі басқа дінді ұстанушылардың құқыққабілеттілігінен кеңірек болды. Мұсылман құлдың өзі құқықтық жағдайы бойынша христианнан, еврейден, буддистен жоғары тұрды. Олардың тұрғылықты жер таңдау, мамандық таңдау, жүріп-тұру құқықтары шекетелген болды. Екіншіден, кәмелет жасқа толу қажет болды. Адамның кәмелет жасқа толу фактісі судьямен анықталды. Үшіншіден, тұлғаның ақыл-есі дұрыс болуы тиіс еді. Мүліктік қатынастардың объектісі заттар болды. Заттар діни негіздемесі бойынша «таза» (ауа, теңіз, шөл, мешіттер, су жолдары) және «таза емес» (шошқа, шарап, тиым салынған кітаптар) заттар деп екіге бөлінді. Бұл заттар мұсылмандардың меншігінде бола алмады. Сонымен бірге, мұсылман құқығы заттарды қозғалатын және қозғалмайтын, ауыстырылатын және ауыстырылмайтын, тектік және жеке деп жіктеді. Шариат бойынша меншік құқығының пайда болу жолдары ретінде: жаулап алу, мұраға алу, келісім-шарт және олжаға алу танылды.
Заттай құқықтардың ерекше объектісі жер болды. Араб халифатында жер пайдаланудың бірнеше нысандары қалыптасты:
Жерге қатысты жоғарғы меншік құқығын мемлекет иеленді. Хиджас – мемлекеттік қасиетті жер меншігі. Жер иеленудің бұл режиміне Мұхамед пайғамбар тұрған жерлер жатқызылды. Бұл желерде тұратын мұсылмандардан десятина салығы жиналды. Соған қоса мемлекеттік жерлерге ирригациялық құрылымдар, каналдар мен жолдар орналасқан аумақтар жатты.
Мүлк – жеке меншіктегі жерлер. Ол жерлер араб шонжарлары мен халиф билігін мойындап жер иеліктерін сақтап қалған византия, иран, армян феодалдары иеленді.
Савафи – тікелей халифтің меншігіндегі жерлер. Олардан түскен пайда қазынаға өтті.
Ихта – жерді әскери қызмет үшін сонда тұратын халықтан салық жинау құқығымен бірге шартты ұстауға беру. Бастапқыда бұл жерлерде уақытша пайдалануға алу үшін шарт белгілі-бір салық төлеу болатын, ал кейін тек әскери қызмет болды.
Қауымдық жер иелену – мұсылман қауымына иелікке берілетін жерлер. Шариғат бойынша жаңадан игерілген немесе жаулап алынған жерлер үлестірілмейді, оларды мұсылман қауымына иелікке береді.
Вакф – мемлекетпен немесе жеке тұлғалармен мұсылмандық діни ұйымдарға сыйға берілген жерлер.
Мұсылман құығындағы меншік құқығының бір ерекшелігі – тұлға затты тек пайдаланып басқара алады, ал жердің жоғарғы иесі Алла болып саналады.
Міндеттемелік қатынастар. Мұсылман құқығында міндеттемелер келісім-шарттан және деликтіден пайда болды. Келісім-шарттан пайда болған міндеттемелер екіге бөлінді: затты басқаға берумен байланысты міндеттемелер (сату-сатып алу, айырбас, сыйға беру келісім-шарттары) және затты басқаға беруге байланысты емес міндеттемелер (серіктестік). Шариғат бойынша келісім-шартты тараптардың келісіміне негізделген ауызша немесе жазбаша рәсімделген құқықтық байланыс ретінде таныды. Келісім-шарттың келесі түрлері жан-жақты реттелді: сату-сатып алу, айырбас, серіктестік, қарызға беру, сыйға беру, жалға беру, сақтау және т.б.
Келісім-шарт жасаудың кейбір ерекшеліктері болды: шошқа еті мен шарапты және күшпен тартып алынған заттарды сатып алуға және сатуға болмайды; Пайыз (риба) алынатын мәмілелерге тийымсалынды; мұсылмандарға пайызға қарыз беруге тиым салынғанмен, кәпірлерге, құлдарға және жанұя ішіндегі келісім-шарттарда пайызға қарыз беруге болады.
Неке- отбасы қатынастары. Шариғат бойынша некені Алла алдындағы міндет ретінде, ал саны көп ұрпақты Алланың нұры ретінде қарастырды. Неке сөз жүзінде тең одақ ретінде қарастырылғанмен, шын мәнінде әйелдің жағдайы өте төмен болды. Әйел адам неке жасауда мәміленің объектісі болып танылды, ол үшін қалың мал төленді. Ажырасу құқығы тек ер адамда ғана болды. Шариғат бойынша төрт әйелге дейін алуға рұқсат берілді. Барлық әйелдер тең құқыққа ие болды және бірдей жағдайда өмір сүруге тиіс болды. Ажырасу процедурасы қарапайым болды. Егер күйеуі «талак» десе, бұл оның әйелінен ажырасқандығын көрсетеді. Әйел өз әке-шешесіне қайтып баруы тиіс, ал күйеуі шешімін өзгертсе, қайтып келеді. Бірақ үш рет «талак» деп айтылса, некені қалпына келтіру мұмкін емес.
Шариғатқа сәйкес мұрагерліктің өсиет бойынша және заң бойынша түрлері танылды. Өсиет бойынша мүлік барлық мүліктің үштен бірінен аса алмады және заңды мұрагерлерге қатысты жасалмады.
Қылмыстық құқық. Шариғатта қылмыстың анықтамасыда, қылмыстық құрамды сипаттайтын институттар да жоқ. Бұл жағдай Араб халифатындағы діннің ойнаған ерекше рөлімен түсіндіріледі. Шариғат нормалары негізінде мұсылман қоғамының барлық салаларын бақылап реттеп отыратын арнайы инстанция - хисба жұмыс жасай бастады. Хисбаның бастығы – Мухтасиб өзінің көмекшілері – арифтермен бірге тұрақты түрде қолөнершілердің кварталдары мен базарларды аралап тұрды. Олар мұсылмандар арасындағы «дін заңдарын» бұзған және «мұсылман өмір салтынан» бас тартқандарды анықтап жазалады.
Мұсылман құқығында қылмыстардың келесідей түрлері қалыптасты:
Дінге, мемлекетке, мешікке және отбасыға қарсы қылмыстыр. Бұларды жасаған айыпты тұлға өзінің денесімен және өмірімен жауап берді. Бұл қылмыстар ең ауыр деп саналды, себебі олар «Алланың құқығы» мен басқару тәртібіне қол сұқты. Бұл қылмыстар кешірімді білмеді және олар үшін қатаң да қорқытушылық жазалар тағайындалды.
Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстыр айыппұл немесе төлемақы төлеумен жазаланды.
Жаза судьяның қалауынша тағайындалатын қылмыстар мен жаман қылықтар (тезир).
Жалпы алғанда, жоғарыда көрсетілген қылмыстар тек заңбұзушылық ретінде ғана емес, күнә ретінде де қарастырылды.
Адамның мінез-құлқы шариғатқа сәйкес Құдайдың әмірімен болуы тиіс. Осыған сәйкес адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті Құран мен Суннаға сәйкес келесі түрлерге бқлінді:
қатаң міндетті
қаланатын
рұқсат берілетін
қаланбаса да жазаланбайтын
тиым салынған
жазаланатын
Сот және процесс. Сот әкімшіліктен бөлінген болатын, сот төрелігін шариғатқа сүйене отырып судья –кади жүзеге асырды. Судьяны халиф тағайындап өзінің округтағы сенімді өкілі – маншурға оған қарасты мешіттерде оны жариялауға тапсырма берді. Процесс айыптаушылық сипатта болды. Қылмыстық және азматтық процестердің арасында айырмашылық болмады. Іс егер оның мемлекет мүддесіне қатысы болмаса, жәбірленушінің арызы бойынша ашылды. Сот істері жариялы түрде қаралды және бір күннің ішінде шешілді. Дәлелдеме ретінде тараптардың мойындаулары, куәгерлердің айғақтары және анттар қабылданды. Қади өзінің үкімін осы іс бойынша жаңа жағдайлар ашылған болса, қайта қарады.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:
1.Араб елі қалай және қандай жағдайда пайда болды?
2. Мұхаммет Пайғамбардың Ислам дінін ашудағы еңбегі қандай?
3. Халифат дегені кімдер және оның билігі қандай?
4. «Икта» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
5. «Вакуф» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Тақырып № 12: Ағылшын буржуазиялық революциясы.
Англиядағы парламенттік монархияның орнауы.
Жоспар:
Буржуазиялық революциялар. Буржуазиялық мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
Англиядағы буржуазиялық революция және буржуазиялық мемлекет пен құқықтың қалыптасуы.
Конституциялық монархияның орнауы мен дамуы. Мемлекеттік құрылыстың өзгеруі.
XIX-XX ғғ. Ұлыбританиядағы саяси жүйенің дамуы.
Англияның буржуазиялық құқығы.
Қолданылған әдебиеттер:
История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.
Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.
Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.
Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.
Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005
Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.
История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006
Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000
Гутнова Е.В. Возникновение Английского парламента. М., 1960г.
Ливанцев Е.К. История буржуазного государства и права. М., 1986г.
Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.
1-сұрақ:
Қоғамдық даму бір орында тұрмайтын өзгерістерге толы процесс. Экономикалық-әлеуметтік қатынастардың дамуымен бірге оларға негізделетін саяси-құқықтық қатынастар да өзгеріске ұшырайды. Феодалдық қатынастармен сипатталатын ортағасырлардың орнына қоғамның жаңа даму сатысы –буржуазиялық шаруашылыққа негізделген жаңа заман келді.
Абсолютті монархия орнаған Батыс Европа елдерінде феодалдық шаруашылықтың тозып, қоғамдық сұраныстар мен қажеттіліктерді қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің сарқылғандығы байқылды. Феодалдық тәртіп қарқынмен дамып келе жатқан капиталистік шаруашылыққа тежеу болды. Бұл кезеңде халықтың басым көпшілігі жерсіз, жұмыссыз болғандықтан, қайыршылық күн кешті. Ал феодалдар жаңа жұмыс орындарын жасай алмағанымен, жердің басым бөлігін өз қолында ұстап отырды. Күшейе бастаған буржуазия мен қарапайым халықтың арасында феодалдарға қарсы наразылық етек алды.
Жаңа заман дәуірі қазіргі мемлекет пен құқық тарихының бастауы ретінде қарастырылады. Батыс Европада ол XVII ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі уақытты қамтиды және 1640 жылғы Ағылшын буржуазиялық революциясынан басталып, Бірінші дүниежүзілік соғыспен аяқталады. Шығыс мемлекеттерінде Жаңа заман тарихы айтарлықтай кешігіп басталды. Жапонияда – 1867 ж. Мэйдзи революциясынан, ал Қытайда – 1911 ж. Синьхай революциясынан. Бірақта Жаңа заман тарихының басты ерекшелігі Батыстың басқа әлеммен кездесуі және үстемдігінің орнауы болды.
Бұл дәуірдің негізгі мазмұнын натуралды шаруашылықты, сословиелі қоғам мен феодалды абсолютизмді ыдыратқан либералды-өнеркәсіптік өркениеттің экспансиясы болды. Өнеркәсіптік өркениет адамзат дамуына келесілерді ала келді:
Кәсіпкерлік еркіндікке, жеке меншікке және бәсекелестікке негізделген нарықтық экономика.
Еркін және теңқұқылы азаматтардың қауымы болып табылатын азаматтық қоғам.
Халықтың жоғарғы билігіне, парламенттік құрылыс пен табиғи құқықтарға негізделген либералды демократия.
Сословиелі, касталық мүдделерді емес, аумағында тұратын барлық азаматтардың жалпықоғамдық мүдделерін білдіретін биліктің саяси ұйымы болып табылатын мемлекет-ұлт.
Мемлекеттің барлық аумағында жалпығаміндетті болып табылатын ұлттық құқықтық жүйелер.
Жаңа заман тарихында Батыс Европа елдері мен АҚШ-тың мемлекет және құқық дамуының үш кезеңін бөліп қарастыруға болады:
Бастапқы кезең – мемлекет-ұлттар мен ұлттық құқықтық жүйелердің қалыптасуы ( XVII ғ. ортасы – XVIII ғ. соңы).
Буржуазиялық мемлекет пен құқықтың нығаю кезеңі. Бұл капитализмнің жеңісі мен отаршыл империялардың құрылуы нәтижесінде мүмкін болды. Алайда өнеркәсіптік төңкерістің нәтижесінде пролитариат пен буржуазияның арасындағы әлеуметтік қайшылықтар күшейе түсті.
Буржуазиялық мемлекет пен құқықтың дағдарысы кезеңі. Бұл уақытта таптық қайшылықтардың артуы, ұлт-азаттық қозғалыстардың күшеюі және экономикалық дағдарыстардың нәтижесінде буржуазиялық мемлекеттерде саяси дағдарыстар орын алды. Олардан шығудың жолы ретінде Бірінші дүние жүзілік соғыс барысында ресурстарды қайта бөлу қарастырылды және бұл дәуірді мемлекет пен құқықтың баламалы нысаны – социалистік мемлекет пен құқық құрылды.
2-сұрақ:
Англиядағы буржуазиялық мемлекет пен құқық XVII ғ. орын алған екі ағылшын буржуазиялық революцияларының нәтижесінде орнықты:
1640-1649 жж. Ағылшын буржуазиялық революция. Оның нәтижесінде монархияны құлатып, республиканы орнатқан капитализм жеңіске жетті.
Англияда конституциялы монархияның орнауын бекіткен 1688 ж. «Даңқты революция».
Ағылшын буржуазиялық революциясының себептері. Англиядағы буржуазиялық мемлекет пен құқық 1640-1649 жж. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орнады. Оның негізінде асарын асқан ескі феодалдық құрылыс пен қарқынмен дамып келе жатқан капиталистік құрылыс арасындағы қарама-қайшылық жатты. Капитализм дамуының ең жоғарғы қарқындары ауыл шаруашылығында байқалды. Оған себеп бұл уақытта әлемдік нарықта ағылшын жүніне деген сұраныстың жоғары болуы және бағалардың өсуі. Ауылды ортағасырлық шаруашылықты бұзу революциялық жолдармен жүзеге асты. Шаруалар қауымдық жерлерден күшпен қуылып, ол жерлерде қойлардың жайылымдары жасалды. «Аграрлы төңкеріс» ауылдық қауымды бұзып, ауылдық буржуазия мен пролетариатты жіктеді. Сонымен бірге, бұл уақытта капиталдың алғашқы қорлануы жүзеге асты.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі капиталистік салттың дамуы қоғамдық құрылыстағы өзгерістерге алып келді. Артықшылықтары бар дворяндар сословиесі екіге ажырап кетті: діни сословиемен одақтастықта патшалық абсолютизмнің тірегі болған ескі жер аристократиясы және жаңа дворяндар – джентри. Джентрилер дворян бола тұра шаруашылықты капиталистік тәсілмен жүргізді және сауда мен өнеркәсіпті дамытты. Қалаларда қалыптасқан ағылшын буржуазиясы джентримен біріге отырып феодалды абсолютизмге, ортағасырлық шектеулер мен реттеушіліктерге қарсы шықты. Патшалар тауарлардың маңызды түрлерін шығарып сатуға қатысты монополистік құқықтарды таратты, осылайша ол бәсекелестікті шектеді, ал ауылдағы феодалды жер иеленушілік жерді еркін пайдалануға кедергі жасады. Стюарттардан шыққан алғашқы патшалар Яков I және Карл I ішкі және сыртқы саясаттары буржуазияны қанағаттандырмады және наразылығын туғызды. Яков I Англияның ежелгі бақталасы Испаниямен жақындасуы, діни саясатта негізінен буржуазиядан құралған протестанттарды Англияда және Шотландияда қуғындауы, сауда артықшылықтары мен лауазымдарды жаңа фавориттерге таратуы буржуазияның наразылығын туғызды. Яков I ұлы Карл I әкесінің саясатын жалғастырды. Оның деспоттық билікке деген ұмтылысы буржуазия мен джентрилердің біріккен қарсылығына тап болды.
Шын мәнінде экономикалық үстем тапқа айналған буржуазия мен әлі де мол ресурстарды иемденіп отырған феодалдардың арасындағы экономикалық қайшылық билік үшін саяси күреске айналды. Ол патша мен оппозиция (парламент) арасындағы конституциялық қайшылық нысанына ауысты. Патша Карл I өзін Құдайдың жердегі бірден-бір және заңды өкілі ретінде санады және парламенттің ешқандай құқықтарын танығысы келмеді. Ал оппозиция патшалық абсолютизмді шектеп, буржуа үшін билікке жол ашу үшін күресті.
Революцияның идеологиялық алғышарттары және ағымдары. Жалпы осы революция барысында оған қатысу әлеуметтік күштер барлығы дерлік абсолютизмге қарсы болғанымен, саяси мақсаттары мен идеологиясы айырықшаланатын бірнеше саяси ағымға бөлініп кетті. Буржуазия мен жаңа дворяндардың саяси мақсаттары өзінің идеологиялық көрінісін пуританизмде тапты. Пуританизм дегеніміз – шеркеуді түпкілікті қайтақұруға бағытталған, шіркеуді патшаның бағыныштылығынан алып, өз бақылауына бағытталған саяси қозғалыс. Жалпы пуританизм діни ағым ретінде революциядан әлдеқайда бұрын қалыптасты. Ағылшын шіркеуі рим папасының билігінен шыққанымен, патшаға бағындырылды. Нәтижесінде англикандық шіркеуге қарсы шығу монархқа қарсы шығушылық ретінде қарастырылды.
XVII ғ. 30 ж. пуританизм абсолютизмге қарсы оппозицияның идеологиялық негіздемесіне айналды. Алайда пуританизм әлеуметтік сипаты бойынша да діни сипаты бойынша да біртекті болмады. Оппозициялық күштердің қатарында қалыптасқан негізгі үш ағымды бөліп қарауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |