Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы



бет17/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

4- сұрақ:

Седан түбіндегі жеңіліс Францияны тығырыққа тіреді. Прусс әскері ел аумағының басым бөлігін және аз уақытқа Париждің кейбір аудандарын өзіне қаратты. 1871 ж. сайланған Ұлттық жиналыстың құрамына негізінен ашық және жасырын монархистер кірді. Олар Үкімет басшысы етіп монархист Адольф Тьерді тағайындады. Ірі буржуазия Прустік әскерлерден гөрі қарулы жұмысшылардан сескенді. Олар Пруссияның канцлері Отто фон Бисмаркпен бейбітшілік келісімге барды. Ол бойынша Франция Пруссияға контрибуция ретінде 5 млрд. Франк төлеуге міндеттенді және Эльзас пен Лотарингия Пруссияға өтті. Бірақ бұл келісім-шартты Париж жұмысшылары мойындамады. Парижді қорғауға жұмысшылар көтерілді. Астанада Ұлттық гвардияның 215 батальоны құрылды. Осы кезде Ұлттық гвардияның Республикандық федерациясы және оның орталық органы – Орталық комитет құрылды.

Пролетарлық Париж бен буржуазиялық Франция азаматтық соғыс жағдайына душар болды. Тьер қарудың күшімен Ұлттық гвардияны таратып, оның басшыларын қамауға алуды шешті. Содан соң ол Бисмаркпен келісімге қол қойып, монархияны қалпына келтірмекші болды. Алайда 1871 ж. 18 наурызда Парижде болған көтеріліс нәтижесінде Париждегі билік Ұлттық гвардияның Орталық комитетіне өтті. Ертеңінде Ұлттық гвардияның Орталық комитеті өзін Уақытша үкімет деп жаиялады. Билікті басып алды деген сөздерден ада болу үшін Уақытша үкімет 1871 ж. 28 наурызда Коммуна кеңестеріне сайлау жүргізді.

86 депутаттан тұратын Коммуна кеңесі сайланды. Орталық комитет билікті Коммуна кеңесіне берді. Коммунаның құрамы саяси жағынан да, әлеуметтік жағынан да біртекті болмады. Әлеуметтік құрылымы: 21 мүшесі буржуазия өкілдерінен болды, 28 – жұмысшылар, ал 37- зиялы қауым және қызметкерлердің өкілдері. Саяси құрылымы бойынша Коммуна «көпшілік» және «азшылық» болып екіге бөлінді. Азшылықты 23 адамнан тұратын прудонистер құрады. Олар Олар саяси күресті жоққа шығарды және мемлекетті жойып, қоғамды ұсақ шаруашылықтар нысанында ұйымдастыруды ұсынды. Коммунадағы көпшілікті ұсақбуржуазиялы демократтар иеленді. Оларға 36 неоякобиндік және12 бланкистер кірді. Неоякобиндіктер ұсақ меншікті сақтап қалуды, ірі капиталды шектеуді және республиканы сыртқы интервенциядан қорғауды ұсынды. Ал бланкистер еңбекшілердің мүдделерін қорғады. Коммуна ішіндегі саяси ала-құлалық революция мақсаттары мен міндеттерін айқын анықтауға мүмкіндік бермеді, нәтижесінде оның жеңіліс табуына алып келді.

Париж коммунасының мемлекеттік құрылсына қатысты мәселе даулы болып отыр. Себебі марксиситік әдебиетте оны әлемдегі алғашқы пролетариаттық социалистік революция деп көрсетеді. Алайда оның мақсаттары мен нәтижелеріне көз жүгіртетін болсақ, оның муниципалды демократиялық революция екендігін көреміз. Париж коммунасы Францияны саяси қайта құрудың жоспарын өзінің «Француз халқына арналған декларация» атты өқжатында ұсынды. Ол бойынша Франция көптеген автономиялы коммуналардың федерациясы ретінде танылды. Орталық үкімет коммуналардың делегаттарының жиналысы ретінде қарастырылды. Лауазымды тұлғалар конкурс бойынша тағайындалады және қоғамдық бақылауда болады.

Биліктің жоғарғы органы тұрақты қызмет ететін Париж коммунасының кеңесі болды. Оның қалында жоғарғы заңшығарушылық және жоғарғы атқарушылық бтліктер болды. Коммуна құрамынан 10 арнайы комиссия құрылды. Әрбір комиссия тиісті министрлікті басқарды.



Әскери комиссия қаруландыру, қамтамасыз ету және Ұлттық гвардияны дайындау мәселелерімен шұғылданды.

Азық-түліктік комиссия қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуді жүзеге асырды.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау комиссиясының құзыретіне шпионажбен, диверсиялар және спекулянттықпен күрес жүргізу жатты.

Еңбек және айырбас комиссиясы қоғамдық жұмыстарды басқарды және еңбекшілердің жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды басқарды.

Әділет комиссиясының қарауына соттар мен күнделкті сот өндірісі берілді.

Қаржы комиссиясы қаржы айналымын және Париж бюджетін құрастыру жұмыстарын реттеді.

Қоғамдық қызметтер комиссиясы пошта, телеграф және байланыс жолдарының жұмысын ұйымдастырып отырды.

Сыртқы істер комиссиясы елдің басқа департаменттері мен шет елдердің үкіметтерімен байланыс орнауды жүзеге асырды.

Қоғамдық құтқару комитеті Париж халқымен байланысты нығайту үшін жауапты орган болды.

Париж коммунасы жаңа сот жүйесін құра бастады. Ол екі деңгейден тұрды:



  1. Жалпы соттар. Оған версальдіктердің істері жөніндегі айыптаушылық жюри, азаматтық сот палатасы және бейбітшілік судьялары жатты.

  2. Әскери соттар. Оны батальондардағы тәртіптік соттар, легиондардағы соттар және жалпыәскери әскери-далалық соттар құрады.

Париж коммунасы өз қатарындағы саяси ала-құлалық пен революция мақсаттарының айқын болмауы себебінен жеңіліске ұшырады. Ол 72 күн ғана қызмет етті. Жеңіліс тапқаннан кейін 30 мың комунар атылды, ал 50 мыңы түрмеге қамалды.

Франциядағы үшінші республика режимі. Париж коммунасы жеілгеннен кейін Францияда саяси реакция кезеңі басталды. Саяси террорға тек комунарлар ғана емес, барлыс басқа саяси ағым мүшелері ұшырады. Асығыстықта жазалау органдарының жүйесі қалпына келтіріле бастады. Таратылып жіберілген Ұлттық ьгвардияның орнына прустық модель негізінде тұрақты әскер құрылады. Жалпыға міндетті әскери қызмет енгізілді. Полициялық жүйе қалпына келтірілді және католиктік шіркеудің ықпалы өсе бастады. Париж коммунасына дейін сайланған Ұлттық жиналыста жиналған монархистер монархияны қалпына келтіруге қанша тырысқанысен, ішкі жағдайдың өршуі оларды бұндай мүмкіндіктен айырды. Себебі:

  • Монархистердің өз ішінде тартыс басталды. Лиегитимистер таққа бурбондардың отыруын қалады, орлеанистер таққа Луи Филипп Орлеанскийдің ұрпақтарын ұсынды, ал бонопартистер Наполеонның ұрпақтарының мүдделерін қорғады.

  • Монархияның әлеуметтік базасы тарылды. Себебі монархияның басты тірегі шаруалар монархтарға сенуден қалды. Жұмысшылар мен ұсақ буржуазия тұрақты республикалық көзқараста болды. Ал республикандықтар осыны пайдаланып өз тұғырларын нығайтып алды.

Нәтижесінде 1875 ж. 30 қағтарда ұзақ жарыссөздерден кейін Ұлттық жиналыс Францияны республика деп жариялады. Елде 70 жыл өмір сүрген Үшінші республика режимі орнады.

Үшінші республика режимі 1875 ж. Конституцияда заңи бекітілді. Оның бірқатар ерекшеліктері бар:



  • Ол кодификацияланбаған, яғни, біртұтас жазылған акт болып табылмайды. Конституция үш заңнан тұрады: «Мемлекеттік биліктердің ұйымдастыру туралы» Конституциялық заң, «Сенатты ұйымдастыру туралы» заң және «Мемлекеттік биліктердің қарым-қатынастары туралы» заң.

  • Онда құқықтар туралы декларация жоқ. Бұл заңдарда билік тармақтарын құруға бағытталған нормалар жинақталған.

  • Уақытша деп қабылданған бұл конституция коптеген конституциялық-құқықтық мәселелерді айналып өтті. Мысалы бұл конституцияда үкіметтің, сот билігінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, бюджетті қабылдау процедурасы қарастырылмаған.

  • Үшінші республиканың конституциясы монархистер мен республикашылардың арасындағы компромис сипатында болды.

Осы конституция бойынша басқару нысаны ретінде суперпрезиденттік нысан бекітілді, оған сәйкес президенттің уәкілеттіктері монархтікімен тең болды.

Мемлекет басшысы Президент болды. Ол Ұлттық жиналыс деп аталатын парламент қос палатасының біріккен отырысында жеті жылдық мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Оның заң бастамашылық құқығы, шенеуліктерді тағайында және орындарынан алу құқықтары болды және ол жоғарғы қолбасшы болып табылды. Сонымен бірге Президент Сенаттың келісімімен депутаттар палатасын тарата алды.

1875 ж. Конституция жоғарғы атқару органы ретінде Министрлер кеңесін құруды көздеді. Алайда конституцияда оның құқықтық мәртебесі көрініс таппаған. Бірақ онда Үкіметтің парламент алдындағы жауаптылық қағидасы жазылған. Министрлер кеңесінің төрағасын парламенттегі көпшілікке ие болған партиялардың басшыларының қатарынан президент тағайындады.

Заңшығарушылық билік Сенат пен Депутаттар палатасына берілді. Депутаттар палатасы жалпыға бірдей дауыс беру құқығымен 4 жылға сайланатын депутаттардан тұрды. Оның құзыретіне заңдарды қабылдау, үкіметтіқ қызметін бақылау.

Үшінші республика режимінде Сенаттың маңызы зор болды. Ол 300 мүшеден тұрды. Олардың 75 өмірбақилыққа тағайындалды, ал 225 департаменттердің ерекше сайлаушылар алқасымен 9 жылдық мерзімге сайланды. Сенаттың басты бағытталуы төменгі палатаның заңшығарушылық бастамаларын тежеп отыру болды.

Ұзақ уақытқа созылған монархистер мен республикашылар арасындағы саяси күрес нәтижесінде республикалық режим нығая түсті. Осыны көрген монархистер екі рет әскери төңкеріспен билікті қолына алуға тырысты, бірақ олар қолдау таппады. Осыдан кейін көптеген аристократия өкілдері әскерден қуылды, монархистердің бір бөлігі эмиграцияға кетті.

1884 ж. Францияда конституциялық реформа жүргізілді. Оның бірнеше бағыты болды.


  1. Президент билігін азайтып, Министрлер кеңесін күшейту. Ондағы басты мақсат монархиялық құрылыстың қайта қалпына келуін болдырмау.

  2. Парламенттің рөлін арттыру. Ендігі кезекте Үкіметті парламент құратын болды.

  3. Министрлер кеңесінің қолында үлкен билік шоғырланды. Министрлер кеңесіне декрект-заңдарды қабылдау құқығы берілді.

5- сұрақ:

Ұлы революция қарсаңында Францияда болған құқықтық жүйе өзінің ескілігі, консервативтілігі және көптеген құқықтық салттардың болуымен ерекшеленді. Францияда таралған құқықтық әдет-ғұрыптар (кутюмдер) бөлек 360 кітапта жиналған. Құқық жүйесінің осындай күйі капитализм дамуын тежеді. Сол себепті құқық реформасы және біртұтас құқықтық жүйені құру үшінші сословиенің мүдделері мен елдің қажеттіліктеріне сәйкес болды. Ұлы француз революциясының барысыныда феодалды құықытық жүйе толығымен жойылды. Жаңа мәні жағынан буржуазиялық құқықтық жүйе адамдардың заң алдындағы теңдігі мен бостандығын таныды, жеке меншіктің шексіздігін бекітті. Алайда революция барысында көптеп қабылданған нормативті құқықтық актілерді біртұтас құқықтық жинақтар – кодекстерге біріктіру жүзеге аспады. Кодификациялық жұмыстар аяқталмады. Оның бірнеше себебін атап көрсетуге болады:



  • өкімет билігінің тұрақсыздығы, яғни, революция барысында билікке жаңа элитардың келуімен құқық туралы түсінік те ауысып отырды.

  • тоқтамастан орын алған таптық күрес тұрақты буржуазиялық қоғамдық қатынастардың қалыптасуына кедерге келтірді.

  • Табиғи құқық ұғымдары мен түсініктерін жазбаша құқық тіліне аудару үшін уақыт қажет болды.

Француз құқығы Наполеон Бонапарттың билік ету кезеңінде ғана біртұтас ұлттық құқық жүйесі сипатына ауысты. 1804 жылдан бастап 1810 жылдар аралығында 5 негізгі кодекс қабылданды: азаматтық, қылмыстық, сауда, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу. Наполеонның классикалық кодификациясы XIX ғ. бойы және XX басына дейін әрекет етті.

1804 ж. Наполеонның Азаматтық кодексі. Азаматтық құқықтық нормаларды кодификациялау бойынша жұмыс бірінші консулдың бұйрығымен 1800 ж. өзінде басталды. Оны француз көрнекті заңгерлерінен құралған комиссия жүзеге асырды. Олар: Порталис, Тронше, Малльвиль, Биго-Приамне. Бұл комиссияның жұмысына Наполеонның өзі де қатысты. Азаматтық кодексті жасау кезінде революция барысында қабылданған кейбір нормалар және Юстиниан кодексінің кейбір нормалары пайдаланылды. 1804ж. 21 наурызда Азаматтық кодекс күшіне енді. Ол кіріспе титул және үш кітаптан тұрады. Оған анықтамалардың жинақтығы, нақтылығы, түсініктілігі тән. Бірінші кітап жеке тұлғалардың жағдайына, неке-отбасы қатынастарына арналған. Заңды тұлға түсінігі жоқ. Екінші кітап мүліктік құқық нормаларынан тұрады. Үшінші кітапта жеке меншік құқығын алудың алу және басқару жолдары көрсетілген. Барлығы кодексте 2281 бап бар.

1807 ж. Сауда кодексі күшіне енді. Ол негізіненсаудагерлерге, теңіз саудасы институттарына қатысты нормаларды толықтырды және қабілетсіздік шарттарын анықтады. Бұл кодекс төрт кітаптан тұрады. Бірінші кітапта сауда, сауда құқығының субъектілерінің мәртебесі (коммерсант, сауда серіктестіктері, биржалар, аралық тұлғалар), комиисиялық келісім-шарттар туралы жалпы ережелер жиналған. Екінші кітап халықаралық және теңіз саудасына қатысты мәселелерге арналған. Үшінші кітап қабілетсіздік шарттарын анықтады және банкроттықтың тәртібін бекітті. Ал төртінші кітап сауда юрисдикциясына арналды. Мәні бойынша сауда кодексі азаматтық кодекске толықтырушы қосымша ретінде ғана болды.

Ұзақ уақыт Наполеонның азаматтық кодексіне ешқандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ. Тек Францияның капиталистік дамудың империализм сатысына өтуі бұл кодекске күнделікті заңнама арқылы кейбір өзгерістердің енгізілуіне әкеліп соқты. Бұл кезде мемлекеттің экономикадағы рөлі өзгерді.



  • 1810 ж. қабылданған жаңа заң бойынша жер қойнауларын тек мемлекет рұқсатымен ғана пайдалана алатын болды.

  • Монополиялар мемлекетті өзінің жеке мүдделерін пайдалану үшін қолдана бастады. Заңды тұлғаның құқықтық жағдайы мен мәртебесін анықтайтын жаңа заңдар қабылданды. Мемлекет жұмысшылар мен жұмыс берушілердің арасындағы қатынастарға белсенді араласа бастады.

  • Жұмысшы қозғалысының қысымымен азаматтық заңнамаға әлеуметтік заңнаманың негізін салған өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

1810 ж. Қылмыстық кодекс. Ол буржуазиялық құқықтың келесідей қағидаларына негізделді: тұлғалардың қылмыстық заң алдындағы теңдігі; «заңда бекітілмеген қылмыс қылмыс емес»; ой емес, тек іс-әрекет ғана жазалануға тиісті; қылмыстық заңның кері күші болмайды.

Қылмыстық кодекс бастапқы ережелер мен төрт кітаптан тұрады. Оның алғашқы екі кітабы мен бастапқы ережелері қылмыстық құқықтың жалпы бөлімін құрайды деп теориялық негізде бөлуге болады. Оларда қылмыстың түсінігі мен қағидалары және жазалардың түсінігі мен түрлері қарастырылған. Ал үшінші және төртінші кітаптарда нақты қылмыс түрлері мен оларға қатысты жаза түрлері көзделген. Қылмыстық кодекстің мәніне назар аударатын болсақ, жазаның негізгі мақсаты қорқыту екендігін байқаймыз. Қылмыстар олар үшін көзделген жазалардың сипатына қарай үш топқа біріктірілген:



  1. қылмыстар - олар үшін қинайтын және масқаралайтын қылмыстық жазалар тағайындалатын құқықбұзушылықтар.

  2. теріс қылықтар - олар үшін түзеу жазалары қолданылатын құқықбұзушылықтар.

  3. полицейлік бұзушылықтар – олар үшін тек полицейлік жазалар қолданылатын құқықбұзушылықтар.

Бірінші кітап қылмыстық және түзейтін жазаларға арналған. Қинайтын жазаларға: бірінші қолын кесіп кейін өлтіру, каторгалық жұмыстар, империя аумағынан жер аудару, есі ауысқандарды қамайтын үйге қамау жатты. Масқаралайтын жазаларға: мойнына қарғы тағып масқаралайтын ағаштың қасында ұстау, қуу, азаматтық құқықтардан айыру сияқты жазалар жатты. Түзеу жазалары ретінде кодекс: белгілі мерзімге түзеу мекемесіне қамауды, уақытша кейбір құқықтардан айыруды атайды. Полицейлік жазаларға түрмеге отырғызу және ақшалай айыппұл төлету табылды.

Екінші кітапта қылмыстық жауаптылықтың негіздері белгіленген. Сонымен бірге бұл кітапта қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар да көрсетілген.

Жалпы бөлімді құрайтын үшінші және төртінші кітаптарда нақты қылмыс түрлері мен олар үшін тағайындалатын нақты жаза түрлері көрсетілген.



Сот құрылысы және процесс. Процессуалды құқықтық салада 1806 ж. Азаматтық іс жүргізу кодексін және 1808 ж. Қылмыстық іс жүргізу кодексін қабылдау үлкен маңызға ие болды. Процессуалды құқықтық нормалар жаңа азаматтық және қылмыстық материалды нормаларымен сәйкестендірілді. Азаматтық және қылмыстық сот процестері ажыратылды. Судьялардың ауыспайтындығы қағидасы бекітілді.

Азаматтық іс жүргізу кодексі жалпы соттардың орталықтанған жүйесін құрды. Ұсақ дауларды тағайындалатын бейбітшілік судьясы қарастырды, ал күрделі азаматтық дауларды бірінші инстанция трибуналы қарады. Олардың ұйғарымдарына шағым келтіру үшін аппеляциялық сотқа жүгіну құқығы бекітілді. Сот процесі жарыспалы сипатқа ауысты және көптеген формальды талаптардың орындалуын қажет етті. Адвокаттың міндетті қатысуы көзделді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот жүйесі үстіге кететін және орталықтанған сызық бойынша құрылды. Яғни, бейбітшілік судьясы – қылмыстық істер жөніндегі трибунал – аппеляциялық соттар – жоғарғы кассациялық сот. Кассациялық сот азаматтық және қылмыстық істер бойынша ең соңғы инстанция болды. Соттың қасында прокуратура болды. Ол мемлекеттік айыптауды жүзеге асырды және сот аппаратының лауазымды тұлғаларының іс-әрекетінің заңдылығын қадағалады. Қылмыстық іс жүргізушілік заң аралас – жарыспалы-іздеу процесінің нысанын бекітті. Ол тергеу мен айыптауды бөліп тастады. Айыптауды судья емес, прокурор жүзеге асырды. Бірініші саты – алдын-ала тергеу сатысында іздеу процесі іске асырылды. Екінші саты – соттық талқылау сатысында ауызшалық және жариялылық қағидаларына негізделген жарыспалы нысан қолданылды. Сот отырушыларының институты одан әрі дамытылды.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. Француз революциясының болу ына қандай негіздер болды?

2. Революция қандай маңызды құжатты қабылдады?

3. Напалеон кодексінің ерекшелігі неден тұрды?

4. Екінші республиканың прайда болуына қандай себептер болды?

5.Заң шығару органы қалай аталды және депутаттар мерзімі қандай?

Тақырып № 15: Жаңа замандағы Германияның мемлекеті мен құқығы.

Жоспар:

  1. Рейн одағы және Герман одағы.

  2. 1848 ж. революция және оның саяси нәтижелері. 1849 ж. Конституция

  3. 1867 ж. Солтүстік Герман одағы. Герман инпериясының құрылуы және 1871 ж. Конституция.

  4. Германияның құқығы.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

  2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

  3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005

  6. Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.

  7. История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006

  8. Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000

  9. Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.


1-сұрақ: Рейн одағы және Герман одағы.

XVIII ғ. аяғында «Герман ұлтының қасиетті Рим империясы» деп аталған герман мемлекеті 300-ден астам княздіктерден, жүздеген ұсақ рыцарлық иеліктерден және еркін қалалардан тұрды. Алайда шын мәнінде бұл біртұтас мемлекет болмады. Бұл формалды мемлекет Римге ешқандай қатысы жоқ, қасиеттілігі де шамалы, герман ұлтын да біріктіре алмаған құр атау ғана болды.

Шаруашылық жағынан герман мемлекеті бұл уақытта артта қалған аграрлы ел болды. Буржуазиялық дамудың жолындағы басты кедергі крпеостнойлық-феодалдық қатынастар, саяси бытыраңқылық және мемлекеттік аппаратта консервативті элементтердің басым болуы сияқты факторлар болды. Бұл кедергілерді жойып, экономикалық және саяси мықты ел болу үшін орталықтанған мемлекет құру қажеттілігі күннен-күнге анық көрінді. Германияда объективті орталықтану процестері басталды. Олар келесі сатыларда өтті:


  1. Рейн одағының құрылуы (1806-1814 жж.)

  2. Герман одағы (1815-1866 жж.)

  3. Солтүстік-Герман одағы (1867-1871 жж.)

  4. 1871 ж. Герман империясының құрылуы.

«Герман ұлтының қасиетті Рим империясының» құлауы және Рейн одағының құрылуы. Бұл уақытта саяси бытыраңқылық өзінің шарықтау шегіне жеткен болатын. Империя құрамына кіретін ұсақ мемлекеттер шын мәнінде толық егеменділікке ие болды. Олардың ішінде екі негізгі мемлекет бөлініп шықты. Бұл - империя ішіндегі империяға айналған Австрия және реформаторлық саясат арқасында дамыған европалық державаға айналған Пруссия. Осы екі елдің арасында саяси бәсекелестік арта берді.

Сонымен бірге, осы кезеңдегі герман мемлекетінің дамуына Ұлы Француз революциясы және Наполеондық соғыстар зор әсер етті. Бұл соғыстарда герман армиясы жеңіліс тапты. Нәтижесінде Наполеон өзіне одақтас болып соғысқан неміс мемлекеттеріне 12 ұсақ мемлекеттің жерлерін бөліп берді. Осылайша ол Австрия мен Пруссияға қарсы қоярлықтай одақтастар жасағысы келді. 1806 ж. Наполенонның бастамашылығымен 16 герман мемлекеті (Бавария, Вюртемберг, Баден, Берг, Гессен-Дармштадт және т.б.) кірген – Рейн одағын құрды. Бұл профранцуздық бағыт ұстанған мемлекеттердің конфедерациясы болды. Кейін олардың қатарына тағы бес мемлекет қосылды.

Рейн одағына кіретін мемлекеттер империя құрамынан шығатындығын жариялады. 1806 ж. тамызда Австрия императоры Франц Герман ұлтының қасиетті Рим империясының императоры тағынан бас тартты және бұл мемлекеттің жойылғандығын жариялады. Рейн одағына кіретін мемлекеттерді діни қызметкерлер мен дворяндардың сословиелі артықшылықтары, шаруалардың жеке басыбайлығы жойылды, сот және құқықтық жүйелер қайта құрылды. Бұл реформалар капитализмнің дамуына жағдай жасады.

1806 ж. Наполеннан жеңіліс тапқан Пруссияның билеуші топтары шектелген буржуазиялық реформалар жүргізуге мәжбүр болды. Бұл крепостнойлық құрылыстың қалдықтарын жоюға, экономиканы сауықтырып, мемлекетті орталықтандыруға мүмкіндік берді.ьПруссиялық министр Штейнның басшылығымен аграрлық реформа жүргізілді. 1807 ж. крепостнойлық құқық жойылып, шаруаларға жеке бас бостандығы берілді.



Мемлекеттік басқару реформасы жүргізілді. Бұрынғы басқарылмайтын алқалардың орнына министрлер басқаратын министрліктер құрылды. Министрлер кеңесін канцлер басқаратын болды.1808 ж. буржуазияның мүддесіне сәйкес муниципалды реформа жүргізілді. Оған сәйкес қалаларда бай тұрғындары ғана сайлайтын өзін-өзі басқару жүйесі енгізілді.

Шарнгорстың әскери реформасына (1814 ж.) сәйкес жалпыға міндетті әскери борыш енгізілді, дене жазалары алынып тасталды, офицерлік атақтар дворяндардың артықшылығынан алынды.

Ал Австрияда билеуші табы керісінше абсолютизмнің әлеуметтік негізін нығайту мақсатында діни және дворяндық сословиелердің ырқына көне берді. Бұл саясат капитализмнің дамуын тежеді және Австрияны экономикалық мешелікке апарып соқты.

1815 ж. Герман одағы. Наполенның жеңіліс тауып, тақтан бас тартуынан кейін 1815 жылдың 9 маусымында Венада өткен конгерссте қол қойылған «Одақтық актіге» сәйкес 34 тәуелсіз мемлекет пен 4 қаладан (Гамбург, Бремен, Любек, Майнадағы Франкфурт) тұратын Герман одағы құрылды. Бірақ бұл қадам саяси бытыраңқылықты жоя алмады.

Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша Герман одағы конфедерация болды, яғни, одаққа кірген барлық мемлекеттер өз егемендігін сақтап қалды. Одақтағы саяси басымдыққа аумағының көлемі ең үлкен Австрия ие болды. Алайда мемлекеттің орталықтануына жол берілген жоқ. Жалпыгермандық басқару органдары қалыптаспады, әрбір мемлекеттің өз ақшасы, кедені сақталды.

«Одақтық актіге» сәйкес оған кірген барлық мемлекеттерде конституциялық монархия орнатылды. Ол конституциялар монархтармен сиға тартылған актілер болды. Бірақ олар мемлекет мүдделерінің тұлғаға қатысты басымдығын және конституциялық басқарудың дұрыстығын бекітті.

Барлық саяси және құқықтық актілерге қарамастан мемлекеттің артта қалуын жоятын капиталистік дамудың кедергілері азаймады. Ол үшін бірінші кезекте мемлекеттің бірігуі және орталықтануы қажет болды.

Нәтижесінде 1834 ж. Герман одағына кіретін 18 мемлекет Кедендік одақ құруға келісті. Олардың құрамына Австрия мен оның жақтастары кірмеді. Кедендік одаққа кірген мемлекеттер кедендік салымдарды алып тастауға келісті. Бұл одақтан негізінен Пруссия пайда тапты. Ортақ нарықтың пайда болуы, жолдардың салынуы, тауар айналымының артуы капитализмнің дамуына жағдай жасады. Бірақ бұл мемлекеттердегі полицейлік режимдер буржуазиялық қатынастарға кедергі жасады. Буржуазия мен дворяндардың арасындағы қарсылық күннен-күнге үдейе түсті. Оны тек буржуазия-демократиялық революция жоя алатын болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет