Шетел тілін оқытуда шеттілдік мәдениетті аутенттік лингвомәдени мәтіндерді қолдану арқылы дамыту



бет2/6
Дата09.04.2023
өлшемі38,42 Kb.
#174061
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәуітханқызы Динара Мақала

Зерттеудің нысаны: аутенттік лингвомәдени мәтіндер
Зерттеудің пәні: аутенттік мәтіндердің ағылшын тілі сабағында қолданылуы
Мақсаты: Қазақстандағы ағылшын тілі сабағында аутентті мәтіндердің алатын орны және оның тілді меңгеру барысында тигізетін оң ықпалына мән беру болып табылады. Және де шетел методикасында аутентті мәтіндердің қолданылуы және тәжірибиесі қамтылған.
Міндеттері:
- аутенттік лингвомәдени мәтіндерді қолданудың пайдасы және тілді меңгеру барысында тигізетін оң ықпалы;
- аутенттік мәтіндердің ағылшын тілі сабғында алатын орны және ролі.
Зерттеудің әдістері мен нәтижесі
Соңғы уақытта аутенттік мәтіндерге деген көз қарас өзгеріп, оны сабақ барысында қолданудың ерекшеліктері мен пайдасын көрсету мақсатында зерртеулер эмперикалық және анализ әдісімен жүргізілген. Эмперикалық зерттеудің нәтижесі аутенттік мәтіндердің оң ықпалы және оқушылардың мәдени аралық қатынастық қабілетінің артқаны жөнінде мәліметтер қарастырылған.
Белгілі болғандай, аутенттік мәтін бейімделмеген, шынайы айқын мәтін [3, 99 б.]. Яғни аутенттік мәтіннің авторы зерттелетін тілге қатысты мәдениеттің өкілі болуы керек дегенді білдіреді.
Сонымен бірге коммуникацияның материалдық құрамдас бөлігі шындық болып табылады. Тілдік ортадан тыс шет тілін оқыту жағдайында табиғи тарихи лингвомәдени қоғам ретінде объективті шындық аутентті мәтіндерде көрініс табады. Шет тілін оқуыту процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда аутентті мәтіндер лингвомәдени құзіреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз ете алады [4, 15 б.]. Сонымен қатар, газеттер мен журналдар шынайы айқын өмір бейнесінің көрсетуде тиімді әдістердің бірі болып табылады. Газеттер мен журналдарды оқу – зерттеліп жатқан тілде сөйлеуші адамменқарымқатынас орнату нысандарының бірі деген пікір бар [5, 175 б.].
Осы ойды қолдаушы авторлардың пікірі бойынша,аутентті мәтін лингвистикалық және экстралингвистикалық шындықтың феномені ретінде күрделі құбылыс болып табылады: бұл байланыс құралы, ақпаратты сақтау және беру тәсілі, белгілі бір тарихи дәуір өнімі, мәдени өмір формасы және ұлттық мәдениеттің көрінісі. (салт-дәстүр, әдет-ғұрып және т.б.) [4, 15 б.].
Шынында да шет тілін оқу дегеніміз бұл түрлімәдениеттер өкілдері арасында «көпір» құруға бағытталған іс деген пікірмен келіспеу қиын. Сондықтан тіл мен мәдениетті өзара байланысты және өзара байланысты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырған жөн. Демек, аутентті мәтіннің осындай бай мәдени мәні оныңең жақсы үлгілерінің бірі ретінде қызмет ететіндігінің маңызды дәлелі болып табылады, сондықтан оны оқу процесінде қолдану міндетті істердің бірі. Аутенттімәтіндердің бір ерекшелігі – аутентті мәтіндердің құрамында қысқа тіркестер, сөздер, сөз тіркестері, құрама сөздер болуы мүмкін, өз тілімізде баламасы жоқ болуы мүмкін, сондықтан қиындықтар тудырмасүшін оқушыларға осы сөздердің мағыналарын алдын ала түсіндіру қажет [2, 99 б.].
Аутентті мәтіндерде қысқартулар мен қысқартулардың болу фактісі, олардың оқылуын және түсінуін біршама қиындатса да, «аутентті қатынасты» қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Басқаша айтқанда, кез келген қысқартулардың немесе құрмалас сөздердің мағынасын бір рет түсініп алса, болашақта тіл үйренушіге зерттелетін тілдегі газет мақалаларын оқуда, жаңалықтар бағдарламаларын көріп және басқа мазмұнды контенттерді оңай түсінуіне ықпал тигізеді.
Г. О. Рахымбекова аутентті мәтіндердің келесі ерекшеліктеріне назар аударады:
1 Аутентті мәтіндер тілдің қызметін оның сөйлеушілері қабылдаған нысанда және табиғи әлеуметтік контекстте бейнелейді;
2 Аутентті мәтіндерәр түрлі тақырыпта және алуан турлі стильде, олармен жұмыс жасау студенттердің қызығушылығын арттырады;
3 Аутентті мәтіндер зерттеліп жатқан елдің мәдениетін оқытудың ең жақсы құралы болып табылады;
4 Аутентті мәтіндер зерттелетін тілдің фразеологизмдерімен танысу үшін тамаша материал болып табылады. Мақал-мәтелдермен және фразеологиялық айналымдармен таныстыру, оқушылардың сөйлеу әрекеті дағдыларын қалыптастырады, ал ағылшын, орыс, қазақ фразеологизмдерін салыстыру әрқашан пәнге деген қызығушылықты арттырады [6, 167 б.].
Кейбір авторлардың пікірі бойынша, сыныпта түпнұсқалық мәтіндерді қолданудың келесі артықшылықтары бар: біріншіден, оқушыларға аутентті материалдар ұсынылған кезде олар зерттелетін тілдесөйлейтіндер немесе мақсатты тілді қолданушылардың көпшілігі тілді қалай қолданатындығы туралы нақты мысалдарды көреді. Екіншіден, студенттер тілді сәйкесінше дұрыс мағынада қолданып тұрғанын білсе, онда олардың шет тілінде дұрыс сөйлей алу, тілді меңгерңіп кетуге деген сенімдері арта туседі. Шынайы мәтіндердің көмегімен оқушыларға нақты контексте қолданылатын сөздер мен тіркестер беріледі. Оқушылар осыған ұқсас жағдайларға тап болған кезде, олар бейресми жеке сөйлесулерді дұрыс жургізуіне ықпал тигізеді. Үшіншіден, аутентті оқыту материалдар бейресми, әлеуметтік бағытталған және кеңінен қолданылады. Олар ережелер мен үлгілік оқулықтарды толықтыруда құнды материал бола алады [8, 73 б.].
Аутентті мәтін тек тілдік құзіреттілікті қалыптастыруда ғана емес, сонымен бірге елдің және зерттелетін тілдің мәдени ерекшеліктерін жақсы түсінуде маңызды рөл атқаратыны анық. Аутентті мәтіндер шетел қоғамының лингвистикалық және мәдени сипаттамаларының «айнасы» ретінде көрінеді.
Шет тілін үйрену барысында аутентті мәтіндерді қолдану минималды әрекетпенстуденттерге шет тілдік ортаға және лингвистикалық, мәдени және коммуникативті ортаға ену құзыреттілігіне мүмкіндік береді.
Шет елдік тәжірібиеде де ағылшын тілі сабағында аутенттік мәтінмен жұмыс жасаудың өз ерекшеліктері бар. М. Лироланың мақаласына сүйенсек, егер шет тілінің оқытушысы өзінің сабағында әлеуметтік мазмұндағы түпнұсқаны қолданған кезде, оқушылар үшін мәтін мен қоғам арасындағы, қоғам мен мәтін арасындағы реалийді көруге мүмкіндік береді [9, 67 б.].
Тұпнұсқаларды сабақ барысында қолданудың тағы бір ұтымды тұсы, ол яғни оқушылардың сабақта алған білімдерін нақты өмірде қолдану мәселесі. Тілді үйрену аясында бұл мәселенің маңызы арта түседі. Өйткені тілді үйренудің мақсаты – оны нақты өмірде, қоғамдық қатынастар жүйесінде қолдану. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында аутентті мәтіндердің алатын орны ерекше. Мысалы шет елде саяхатта жүріп әуежайларда билет сатып алу, бағыт бағдар сұрастыру, қонақ жайларда орналасу. Осы сияқты қарапайым жағдайлар тілді нақты өмірде қолдану болып табылады.
Ағылшын тілін үйренушілер үшін әдетте аутентті мәтіндерді бірден түсініп оқу қиындық туғызады, өйткені тіл үйренушілер немесе оқушылар негізінен өздерінің тілдік деңгейлеріне сәйкес бейімделген коммуникативті оқулықтарды қолдана отырып шет тілін оқуға дағдыланған.
Яғни, аутентті материалдарды оқу арнайы жасалған материалдарды оқудан гөрі ауыр. Сондақтан да аутентті материалдарды оқудың өзін оқыту керек сияқты.
Аутенттік мәтіндер тіл меңгеруші үшін мотивация құралы болып табылады, ескере кететін жайт аутенттік мәтін әр түрлі саладағы мәтіндердің алуан түрін ұсына алады (журналисттік мақала, әдеби үлгідегі мәтін, академиялық мәтін) [10. 55 б]. «Аутентификация» термині алдын-ала дайындалған және бейімделген оқулық үлгілеріне қарсы реакция ретінде пайдаланылды.Ал аутенттік мәтіндер студенттерге коммуникативті ғана емес, сонымен бірге мәдени құзыреттіліктерін жетілдіруге көмектесетін құрал ретінде де қарауға болады. Аутенттік термині ол құрылған тілдік қоғамдастықтың кейбір әлеуметтік мақсатын орындау үшін жасалған мәтін ретінде анықталды [11, 275 б.]
Авторлардың аутентті мәтінге қатысты пікірлері орынды деп санаймыз. Өйткені шынында да, аутентті мәтіндердің мазмұны сол қоғамдағы әлеуметтік құндылықтармен және оларды сақтау және жүзеге асыру жолдарымен тығыз байланысты. Бірақ бұл ерекшелік тілді үйренуші тұлға үшін белгілі қиындық туғызады. Оның себебі, мәдениеттер мен әлеуметтік құндылықтардың әртүрлі болуы. Аутенттік мәтінді оқуыту үшін оның сөздерінің және сөйлемдерінің контектілік мәнін түсіну үшін сол мәтінге тиесілі қоғамның құндылықтар жүйесімен таныс болуы қажет. Ал бұл мәселені шешудің оңай әрі жолы аутентті мәтіндерді сабақ барысында қолдану. Аутентті газеттік мәтіндердіқазіргі таңда интернет желісі арқылыкез келген мұғалімге қолжетімді, ол тек дербес компьютер және ғаламторға шығу мүмкіндігі болуы тиіс.
Аутентті мәтіндерді шет тілін оқытубарысында қолдану қажеттілігі көптеген білікті тіл мамандарымен және де арнайы зерттеулер нәтижесі де растайды. Акбари мен О. Разавидың мақаласына сүйенсек аутенттік мәтіндер Иран Ислам Республикасыныңжалпы білім беру мекемелерінде 30 жылға жуық уақыттан бері қолданыста екен. Эмпирикалық зерттеулердіңнәтежиесіаутентті мәтіндердің тіл меңгеруде орасан зор пайда көрсеткені жайлы мәліметтер бар. Анығырақ айтсақ аутентті мәтіндер студенттерге:
- шетілінде ауызша сөйлеу дағдысының жақсаруына;
- шетілінде оқып түсіну дағдысының, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрену арқылыжақсарғаны;
- шетілінде жазу шеберліктерінің артқаны туралы мәліметтер келтіруде [12, 106 б.].
Көріп отырғанымыздай аутентті мәтіндерді сабақ барсысында қолданудың пайдалы тұстары аз емес екені анық. Бірақ осы орайда туындайтын сұрақ аутентті материалдарды шет тілін үйренушілер үшін қай деңгейде қолданғаны дұрыс? Ф. Киликая ойынша тұпнұсқаны тек тіл деңгейлері intermediate және advanced дәрежесі бар студенттерге қолдануды дұрыс деп санайды [13]. Шет тілді меңгеру қысқа уақытта жасалатын іс-шара емес,бұл мәселе көп еңбекті және уақытты талап етеді.Көптеген аутентті материалдар қазіргі уақытта қолжетімді, оларды сабақ барысында қолдану тіл үйренушілердің қызығушылығын арттырады. Аутентті материалдарды 4 деңгейге бөлуге болады:
- аутентті аудио және бейне материалдар: өлеңдер, деректі фильмдер, радио және теледидар бағдарламалары, сауалнамалар, мультфильмдер, кинолар,кәсіби аудио-таспалы қысқа әңгімелер мен романдар;
- аутентті көрнекі материалдар:фотосуреттер, суреттер, оқу тақталары, суреттер, мөртаңбалар, көше белгілері, сөзсіз сурет кітабы, газет және журналдар;
- аутентті баспа материалдар: газет мақалалары, мейрамхана мәзірлері, туристтік ақпарат брошюра, журналдардағы немесе газеттердегі жаңалықтар, мақалалар, буклеттер және түбіртек, т.б.;
- шынайы материалдар: маска, қуыршақ [14, 330 б.].
Жоғарыдағы көрсетілгендей аутентті мәтіндер түрлері сан алуан, оларды қолдана отырып оқушылардың 4 бірдейтілдік дағдыларды (есту, сөйлеу, жазу, оқу) дамыту үшін жақсы құрал ретінде де қарауға болады. Оқушының төрт дағдысын аутентті мәтінніңкөмегімен дамыту үшін Е. В. Емельянованың ойынша тіл үйренушіге мәтіндік материалдармен түрлі операцияларды үйрету маңызды, әртүрлі сипаттағы сөйлемдер, сөз тіркестерінің бірлігін, бастапқы мәтіннің белгілі бір класының жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескеру, мәтінді жанрға сәйкес саралау дағдысын үйрету маңызды [15, 57 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет