Шетелдегі инклюзивті білім беру


АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру саясаты



бет2/4
Дата25.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#150639
1   2   3   4
Байланысты:
871613.pptx

АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру саясаты.

  • 20 ғасырдың 60-жылдарында Еуропа мен Американың бірқатар елдерінде қоғамдық өмірдік көптеген саласында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының бұзылу мәселесі белсенді түрдле талқылана бастады, мүгедектер қоғамнан мүлем оқшуаланды және сегрегацияға ұшырады. Білім беру саласында мәселені шешудің екі негізгі жолы айқындалды: бір жолдан АҚШ өтті, екінші жолдан Еуропа өтті. 1970 жылдан бастап әлемнің бірқатар елдерінде, мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты, нормативті актілер пакетін құрастыру және ендіру жүргізіліп келеді.
  • АҚШ пен Еуропаның білім беру саясатында мектептердің білімге қолжетімділікті кеңейту, интеграция, мейнстриминг, инклюзивті білім беру бірнеше тұғырлары дамыды. Ұлыбританияда әлеуметтік өнертапқыштық туралы сөз болды. Мейнстриминг – мүгедектігі бар оқушылардың өз қатарластарымен мерекелерде, әртүрлі демалыс іс-шарасында қарым-қатынас жасайтын стратегияға жатады, мұндай балалар жалпы білім беретін мектептің сыныбына енгізілген жағдайда, олардың әлеуметтік байланысының мүмкіндіктерін арттыру үшін қажет.
  • «Инклюзивті білім беру» термині аса терең үдерістерді сипаттайды: балаға қалыпты мектепке бару құқығы ұсынылады, бірақ ол үшін қажетті бейімдеоген білім беру ортасы құрылады және қолдаушы қызмет көрсетіледі. Инклюзивті білім беру – бұл заманауи термин, ол келесі үлгіде түсіндіріледі: бұл мектептерді және оқу ғимаратын барлық балалардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп қайта құру және қайта жобалау. Инклюзивті білім беру әртүрлі мүмкіндіктері бар балаларды мектеп өмірінің барлық аспектілеріне толық енгізуді білдіреді. Толық енгізу, барлық оқушылардың дамуындағы ауытқудың түрі, ауырлығы және сипатына қарамастан, жалпы білім беретін сыныпта оқитынын, талап етілсе, қосымша қызмет алатынын білдіреді. Бұл барлық балалардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау және құрметтеу үшін, мектеп кеңістігінің шынайы бейімделуін талап етеді.

Барлық батыс елдерінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қамтамасыз етудің өзіндік тәжірибесі болады. Әдетте, әрбір елде педагогикалық қамтамасыз етудің және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың өзіндік моделі болады. Олардың көпшілігінде мектептен тыс ресурстық орталықтар немесе қолдаудың жергілікті қызметі құрылған, олар «арнайы мұғалімді» жалпы білім беретін ұйымға немесе нақты педагогқа көмек беру үшін бағыттайды. Ғалымдардың зерттеулері (Коркунов В.В., Малофеев Н.Н:, Назарова Н.М. және т.б.) мүмкіндігі шектеулі балалардың әлемнің әртүрлі елдерінде білім берудің жалпы жүйесіне ендіру үдерісінің, нақты әлеуметтік-мәдени жағдайлар мен басшылықтың саяси еркін есепке алып, бірте-бірте жүзеге асатынын көрсетеді. Әрбір елде интеграцияның өзіндік модельдері жүзеге асырылады, ол білім берудің әмбебап интегративті модельдерін құрудың мүмкін еместігін білдіреді. Алайда, кез келген елде интеграциялық білім беруді табысты жүзеге асырудың алғышарттары болады. Оларға жататындар:

  • Тұлғаның құқықтарын кепіл сақтаумен демократиялық қоғамдық құрылым;
  • Білім беру үдерісінің қаржылық қамтамасыз етілуі;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру әрекетінің ерекше жағдайлары мен арнайы білім беру қызметінің кең тізімінің жалпы білім беретін мектеп, балабақша құрылымында болуы;
  • Интеграциялық үдерістердің жүргізілуінің еркін сипаты, білім беретін және коррекциялық қызметті таңдау мүмкіндігі;
  • Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет