Шетелдердегі қазақ диаспорасы


Түрікменстандағы қазақтар



бет8/8
Дата07.02.2022
өлшемі75,09 Kb.
#94216
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шетелдердегі қазақ диаспорасы

Түрікменстандағы қазақтар

  • Қазақтар Каспий сыртын ежелгі заманнан бері мекендеп келген еді. Олар Түрікменстанға Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басылғаннан кейін барған болатын. Жазалаушы отрядтардың қаһарынан тек сонда ғана құтыла алатын. Мәселен, 1869—1870 жылдары Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Түрікмен жеріне ауып кетті. 1897 жылғы халық санағы бойынша, Түрікменстанда тұратын қазақтардың саны 73 мыңға жуық болды. Түрікмениядағы қазақтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

Өзбекстандағы қазақтар

  • Қазақтар Орта Азия мемлекеттерінің аумағында ерте замандардан бері тұрып келген болатын. Олар әсіресе Ташкенттің, Жызақтың және Ходженттің төңірегінде көп қоныстанған еді. 1820 жылы Ресей саяхатшысы әрі зерттеуші Е. Мейсндорф Бұхар хандығындағы қазақтар туралы былай деп жазды: «Біз қырғыздарды Бұхараның солтүстік-шығысындағы Қаршы, солтүстігіндегі қарақалпақтармен шектесетін Мианкала маңында көп көрдік».
  • Қазақтардың бірқатар бөлігі бұл жаққа патша үкіметінің әскерлері Оңтүстік Қазақстанды Ресей империясына қосып алғаннан кейін қоныс аударған болатын. Олар Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлының және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістерге қатысып, қуғын көрген, жерінен айрылып қалған қазақтар еді.
  • 1897 жылғы халық санағы Жызақ және Ходжент уезінің аумағында ғана 63 мың қазақ тұратынын көрсетті. Қазақтардың көпшілігі мал шаруашылығымен, бірқатары егіншілікпен айналысты. Бұл аумақта олар заң тәртібіне қатаң бағынатындығымен көзге түсті. Сондықтан да оларға сауда керуендеріне Қазақстан аумағында жол көрсетіп, бастап жүру міндеті сеніп тапсырылды.

Ауғанстандағы қазақтар

  • Қазақтар Ауғанстанда XIX ғасырдың 40-жылдарыңда пайда болды. Ондағы қазақтардың алғашқы тобын Кенесары хан мен Наурызбай батырдың жасақтары құраған еді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, қазақ сарбаздарының бірқатары патша үкіметі жазалаушы отрядының қуғын-сүргінінен құтылу үшін Ауғанстанға асып кетті. Кейінірек оларға патша үкіметінің отаршылдық баясатына наразы қазақтардың тобы барып қосылды. Сөйтіп XX ғасырдың бас кезінде Ауғанстандағы қазақтардың саны 2 мындай болды.
  • Сонымен, XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде шекаралас көрші мемлекеттердің аумағында қазақ халқының едәуір бөлігі тұрды. Рас, олардың бірқатар бөлігі ол жерлерді ежелден бері мекендейтін. Ал енді бірқатары қуғын-сүргін (катаклизм) кезінде қоныс аударуға мәжбүр болған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет