Шетелдердегі қазақ диаспорасы


Ресейдің ішкі губернияларындағы қазақтар



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі75,09 Kb.
#94216
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шетелдердегі қазақ диаспорасы

Ресейдің ішкі губернияларындағы қазақтар

  • Қазақтар Ресей империясымен шекаралас аймақтарда сонау ерте замандардан бері, Ресей отаршылдығы басталудан көп бұрын көшіп-қонып жүрген болатын. Кіші жүз қазақтары Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын сонау XV—XVII ғасырларда-ақ емін-еркін жайлап, көшіп-қонып жүрді. XVIII ғасырда қазақтардың едәуір бөлігінің Оңтүстік Оралда башқұрттармен аралас көшіп-қонып жүргені де белгілі. Башқұрттар мен қазақтар көп жағдайда ауылы аралас, қойы қоралас бірге көшіпқонып, жайылымды бірге пайдаланып келді. Қазақтар мен башқұрттардың төскейде малы, төсекте басы қосылып, құда-жекжат болып туысып кеткен тұстары да аз емес. Олар жиын-тойлар мен үлкен астарда ат жарысын, балуан күресін ұйымдастырып, талай қызықты күндерді бірге өткізген болатын.
  • XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында Орынбор өлкесіндегі шекара шебінде әскери бекіністер салу үрдісі қызу қарқын алғанын білеміз. Қазақ халқы өздерінің бұрыннан отырған ата қоныс жерлерінен кең-байтақ даланың ішкі жағына қарай бірте-бірте ығыстырыла түсті. XVIII ғасырдың 30—80-жылдары арасында қазақтар Жайықтың оң жағалауындағы өздерінің дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алу үшін талай рет әрекет жасап та көрді. Бірақ одан еш нәтиже шығара алған жоқ. Ұзақ жылдар бойы күш-жігер жұмсай отырып, 1782 жылы «сенімді» деген көшпелі Кіші жүз қазақтарының бір бөліп ғана қыс кезінде уақытша көшіп барып, бұрынғы жерлерін қыстап шығуға рұқсат алды.
  • 1801 жылы Кіші жүз қазақтарының бір бөлігіне Жайықтың он жағалауында қайта көшіп баруға ресми түрде рұқсат берілді. Мұнын өзі Ішкі Орданың (Бөкей хандығының) құрылуына алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет