Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру


-тарау. Қазақстан Республикасы визаларының күшін жою



бет2/4
Дата31.12.2019
өлшемі1,63 Mb.
#55309
1   2   3   4

4-тарау. Қазақстан Республикасы визаларының күшін жою,

қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу

мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібі
44. Визаның күшін жоюды ҚР шет елдердегі мекемелері, ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҰҚК Шекара қызметі осы Қағидаларда белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Виза «Жойылды», «Аннулировано» немесе «Cancelled» мастикалық мөртабанын қою жолымен жойылады.

Виза мынадай жағдайларда жойылады:

1) ҚР шет елдердегі мекемелерінде және ҚР СІМ-де:

егер жаңа виза беру кезінде паспортта қолданылу мерзімі аяқталмаған немесе пайдаланылмаған виза болса;

егер виза осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұзушылықпен ресімделген болса;

виза беру шарттарының орындалуы немесе қолданылуы тоқтағаны анықталған болса;

егер визалық жапсырманы толтырған кезде қателіктерге жол берілген болса, паспортқа әлі жапсырылмағанда немесе оны паспортқа жапсырып қойғанда (визаның күші жойылғаннан кейін келесі бетке жаңа виза жапсырылады).

2) ҚР ІІМ-інде:

виза алушының Қазақстан Республикасына уақытша келуінің мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданса;

виза алушыны Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығару туралы шешім қабылданса;

егер жаңа виза беру кезінде виза алушының паспортында қолданылу мерзімі аяқталмаған немесе пайдаланылмаған виза болса;

егер виза осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұзу жолымен ресімделген болса;

виза беру шарттарының орындалуы немесе қолданылуы тоқтағаны анықталған болса;

егер визалық жапсырманы толтырған кезде қателіктерге жол берілген болса, паспортқа әлі жапсырылмағанда немесе оны паспортқа жапсырып қойғанда (визаның күші жойылғаннан кейін келесі бетке жаңа виза жапсырылады).

3) ҚР ҰҚК Шекара қызметінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту пунктерінде):

кіргізуден бас тарту туралы шешім қабылданса;

Қазақстан Республикасының аумағына келуге шектеу болса.

45. Виза түрлі себептермен бүлінген/күші жойылған жағдайда,


46-тармаққа сайкес, паспорттан (егер визалық жапсырма паспортқа жапсырылған болса) фотосурет пен паспорт деректері бар беттің, сондай-ақ бүлінген/күші жойылған виза бар беттің көшірмесі алынады.

Әрбір бүлінген/күші жойылған визалық жапсырма туралы осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күші жойылған/бүлінген бланктер туралы акт жасалады.

46. Визаны қалпына келтіруді ҚР шет елдердегі мекемелері, ҚР СІМ және ҚР ІІМ осы Қағидаларда белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

Визалар келесі жағдайларда қалпына келтіріледі:



  1. визаны одан әрі пайдалану мүмкін болмайтын механикалық бүлінген жағдайда;

  2. виза жоғалғанда;

  3. егер жарамды визасы бар виза алушы жаңа паспорт алғанда.

ҚР шет елдердегі мекемелері, кетуге арналған санаттардағы визаларды қоспағанда, барлық санаттағы визаларды қалпына келтіреді.

ҚР СІМ мен ҚР шет елдердегі мекемелері берген визалардың барлығын ҚР СІМ қалпына келтіреді.

ҚР ІІМ «А1», «А2», «А3» және «А4» санаттарындағы визаларды қоспағанда, барлық санаттағы визаларды виза алушының уақытша тіркелген орны бойынша қалпына келтіреді. ҚР ІІМ «А5» санатындағы визаны виза алушының нақты тұрған жерінде қалпына келтіреді.

«Бүркіт» БАЖ-ды пайдалану арқылы визаның берілу негізін тексергеннен кейін және оның берілу фактісі расталғаннан кейін виза алушының немесе шақырушы тараптың қолдаухатының негізінде виза алушының бүлінген визасындағы сол санатын, мәртелігін, болу кезеңі мен оның қолданылу мерзімін көрсете отырып жаңа виза беру жолымен визаны қалпына келтіру жүзеге асырылады.

47. Визаларды ұзартуды ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.

Визалардың қолданылу мерзімдері осы Қағидалардың 48 және 49-тармақтарында көрсетілген құжаттарды және Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсыну негізінде немесе форс-мажорлық жағдайларға байланысты ұзартылады.

Визаның қолданылу мерзімін ұзарту сол санаттағы визаны беру жолымен жүргізіледі.

48. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруы бойынша ҚР аумағына келген адамдарға – аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде - ҚР СІМ «А1», «А2» (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін), «А3» және «А4» (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін) санаттарындағы визаларды ұзартады.

«А2» мен «А4» санаттарындағы визалардан басқа визалардың қолданылуын 1 жылға дейін мерзіміге ұзарту жүзеге асырылады.

49. ҚР ІІМ мынадай санаттағы визаларды ұзартады:

1) «А5» – шақырушы тараптың қолдаухаты және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның жазбаша растауы негізінде. Визаның қолданылуын 3 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

2) «В2» – алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетілген шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 30 тәулікке дейін ұзарту жүзеге асырылады;

3) «В7» – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сонымен қатар Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының қолдаухаттары негізінде. Визаның қолданылуын 90 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

4) «В8» – Қазақстан Республикасында тұрақты тұру рұқсатын ресімдеуге арналған құжаттарды тапсырғаннан кейінгі қолдаухат негізінде. Визаның қолданылуын 30 тәулікке дейін ұзарту жүзеге асырылады;

5) «В21» – алдын ала тергеу жүргізіп жатқан органның немесе қылмыстық іс қаралып жатқан соттың жазбаша өтініші негізінде - алдын ала тергеу не сот тыңдауын аяқтауға қажетті мерзімге беріледі. Визаның қолданылуын ұзарту 180 тәуліктен аспауы тиіс;

6) «С2» – Көші-қон туралы заңында анықталған мерзімдерге шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде мынадай құжаттар болған кезде:

шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін ұстауға кемінде айына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі еңбекақы көлеміндегі ақшаның болуын растауы;

шақырушы адамда Қазақстан Республикасының аумағында әрбір отбасы мүшесіне минималды нормативтерге сай келетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитарлық және өзге де нормаларға сай келетін Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдің (нотариатты түрде куәландырылған көшірмесі) болуы;

шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандырудың болуы;

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған шақырушы адаммен отбасылық қарым-қатынастарды растайтын құжаттардың нотариатты түрде куәландырылған көшірмелері;

7) «С3» – бұрын алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, еңбек көшіп келушінің рұқсатнамасы болған кезде, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде. «С3» санатындағы визаның қолданылу мерзімін ұзарту рұқсаттың жарамдылық мерзіміне, бірақ 3 жылдан артық емес (Астана Халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушыларына – 5 жылдан аспайтын мерзімге) мерзімге жүзеге асырылады;

8) «С4» – қолдаухат және заңды тұлғамен жасалған еңбек шарты негізінде – Қазақстан Республикасының резидентімен біліктілік сәйкестігі туралы анықтамада көрсетілген мамандық бойынша. Визаның қолданылу мерзімін ұзарту еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ 3 жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады;

9) «С5» – Қазақстан Республикасының астанасының, республикалық маңызы бар қалаларының, облыстарының және оның аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініштерінегізінде. Визаның қолданылуын ұзарту 2 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;

10) «С7» - діни қызмет саласын жүзеге асыратын уәкілетті органдағы мекемемен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші негізінде. Визаның қолданылуын ұзарту 180 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;

11) «С9» - Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе білім саласындағы уәкілетті органның қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 1жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

12) «С12» - Қазақстан Республикасы азаматтарының, не болмаса Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтағы жоқ адамдардың – шетелдік пациентке тұрақты күтім қажеттілігін растайтын, Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан немесе жақын туыстарына тұрақты күтім қажеттілігін растайтын Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары берген құжаттар бар болғанда қолдаухат немесе ҚР ІІМ нұқсауының негізінде. Визаның қолданылу мерзімін ұзарту емделуге қажет мерзімге, бірақ 1 жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады.

50. «В2» және «С7» санаттарындағы визалардың қолданылу мерзімдері тек бір рет қана ұзартылады.

51. Визаны ұзарту туралы өтінішті бастапқы визаны алуға, «С4» және «С9» санатындағы визаны қоспағанда, шақыру ресімдеген шақырушы тарап қана бере алады.

52. Осы Қағидаларда көзделген жағдайлардан басқа визалардың қолданылу мерзімдері ұзартылмайды.

53. Визаның қолдану мерзімі осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес қысқартылады.

54. Көші-қон туралы заңның 48-бабымен белгіленген жағдайларда шақырушы тарапқа шақыру ресімдеуге, сонымен қатар виза алушыға виза беруден бас тартылады.

55. Паспортта келісілмеген өшірулер мен түзетулер, мөрмен басылмаған фотосуреттер және жыртылған беттер анықталған кезде мұндай құжаттардың иелеріне виза берілмейді.

56. ҚР шет елдердегі мекемелері, ҚР СІМ және ҚР ІІМ виза алушыларға бас тарту салдары мен себептерін хабарламай виза беруден бас тартады. Бас тарту себептерін «Бүркіт» БАЖ-ға енгізеді.

57. Бұрын шақырылған көшіп келушілердің ҚР заңнамасын сақтауларын қамтамасыз етпеген жеке және заңды тұлғалардың тізімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынған виза алушыларды ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ «Бүркіт» БАЖ-ға енгізеді.Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту Қағидаларына

1-қосымша

Виза алушылар, оның санаты, мәртелігі, қолданылу мерзімдері, болу кезеңі мен беру негіздері:




р/н

Виза санаттары

Виза алушылар

Визаның мәртелігі

Визаның қолдану мерзімі

Болу кезеңі

Виза беру негізі

1

2

3

4

5

6

7

«А» санаты

Дипломатиялық виза

1.

А1

1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген халықаралық ұйымдардың басшылары мен олардың отбасы мүшелері;

2) шет мемлекеттердің парламенттерінің, үкіметтерінің, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген халықаралық ұйымдардың мүшелері мен олардың отбасы мүшелері – дипломатиялық паспорт иелері, сондай-ақ ресми шетелдік делегациялар мүшелері мен олармен бірге жүретін адамдар – дипломатиялық паспорт иелері ;

3) Қазақстан Республикасының құрметті консулдары мен олардың отбасы мүшелері.


бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері немесе ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) ҚР СІМ нұсқауы;

б) вербальдық нота;

в) шақыру.




көп мәртелі


1 жылға дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

4) Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін дипломатиялық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері;

5) дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер – курьерлік парағы болған кезде дипломатиялық паспорттардың иелері.



бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

көп мәртелі


1 жылға дейін


әрбір келу кезінде 120 тәулікке дейін


2.

А2

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдердің дипломатиялық агенттері, шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктердің Қазақстан Республикасына жұмысқа жіберілетін қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдары мен олардың отбасы мүшелері.

бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері немесе ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) вербалдық нота (шақырылатын адамның тағайындалған лауазымы, ал ротация болған жағдайында орнына тағайындалған қызметкердің лауазымы, тегі және аты көрсетілген);

б) шақыру.

ҚР аумағында виза алушы ҚР СІМ-де аккредиттеуден өтеді. ҚР СІМ-дегі аккредиттеудің қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін (немесе аккредиттеуден бас тартқан жағдайда) Қазақстан Республикасынан шығу үшін бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін беріледі.



көп мәртелі


180 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Қызметтік виза

3.

А3

1) ресми шетелдік делегация мүшелері, олармен бірге жүретін адамдар және олардың отбасы мүшелері;

2) Қазақстан Республикасына жіберілетін (ҚР СІМ-мен келісім бойынша) және Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;

3) Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметкерлері;

4) «A2» және «А4» санаттарындағы визаға үміткер адамдардың қамқорлығындағы адамдар.



бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) ҚР СІМ нұсқауы;

б) вербальдық нота;

в) шақыру;

г) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының қолдаухаты.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін виза аккредиттеудің қолдану мерзіміне беріледі/ұзартылады.




көп мәртелі


1 жылға дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

5) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін, ұлттық паспорт иелері мен олардың отбасы мүшелері;

6) Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін қызметтік паспорттар иелері;

7) егер дипломатиялық паспорттары болмаса және курьерлік парағы болған кезде, дипломатиялық пошта тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер ;

8) шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілетін адамдар.



бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

көп мәртелі


1 жылға дейін


әрбір келу кезінде 120 тәуліктен артық емес


4.

А4

әкімшілік-техникалық және дипломатиялық өкілдіктер персоналына қызмет көрсететін мүшелер, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелері персоналына қызмет көрсететін консулдық қызметшілер, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері.


бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері немесе ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) вербалдық нота (шақырылатын адамның тағайындалған лауазымы, ал ротация болған жағдайында орнына тағайындалған қызметкердің лауазымы, тегі және аты көрсетілген);

б) шақыру.

ҚР аумағында виза алушы ҚР СІМ-де аккредиттеуден өтеді. ҚР СІМ-дегі аккредиттеудің қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін (немесе аккредиттеуден бас тартқан жағдайда) Қазақстан Республикасынан шығу үшін бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін беріледі.



көп мәртелі


180 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Инвесторлық виза

5.

А5

Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшылары және (немесе) басшыларының орынбасарлары, және (немесе) құрылымдық бөлімше басшылары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді.

Визаны ҚР ІІМ Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты бар болғанда шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде береді.



көп мәртелі

3 жылға дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

«B» санаты

Іскерлік сапарға арналған виза

6.

В1

1) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорт және басқа да іс-шараларға қатысушылар;

2) жиындардың, дөңгелек үстелдердің ұйымдастырушылары, көрмелердің, сарапшылар жиналысына қатысушылар;



бір мәртелі

90 тәулікке дейін

60 тәулікке дейін

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) ҚР СІМ нұсқауы;

б) вербалдық нота;

в) шақыру;

г) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының қолдаухаты.


3) гуманитарлық көмекті алып жүретін адамдар;

4) оқу орындарында дәрістер оқу және сабақтар жүргізу мақсатында келетін адамдар;

5) Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде оқуды қоспағанда, жастардың, студенттердің және оқушылардың алмасу бағдарламаларына қатысушылар.


бір мәртелі


90 тәулікке дейін


60 тәулікке дейін


көп мәртелі

1 жылға дейін

әрбір келу кезінде 60 тәуліктен артық емес

7.

В2

1) жабдықты монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету мақсатында келетін адамдар;

2) консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатында келетін адамдар.



бір мәртелі

90 тәулікке дейін

30 тәулікке дейін

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді.


көп мәртелі

180 тәулікке дейін

90 тәулікке дейін

8.

В3


1) келіссөздер жүргізуге, келісімшарттар жасасуға келетін адамдар;

2) құрылтайшылар немесе директорлар кеңесі;




бір мәртелі

90 тәулікке дейін

30 тәулікке дейін

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) ҚР СІМ нұсқауы;

б) вербалдық нота;

в) шақыру;

г) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының қолдаухаты;

д) ҚР шет елдердегі мекемелері басшыларының жазбаша нұсқауы.

ҚР ІІМ визаны:

бірмәртелі – қолдаухат негізінде;

көпмәртелі – шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі бар болғанда (этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар және мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарынан басқа) қолдаухат негізінде береді.


көп мәртелі

1 жылға дейін

әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес


Халықаралық автомобилдік тасымалдарын жүзеге асыруға арналған виза

9.

В4

халықаралық автомобилдік тасымалдарды жүзеге асыратын адамдар.

бір мәрте-лі

90 тәулікке дейін

30 тәуліктен артық емес

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері келесі құжаттардың негізінде беріледі:

а) қолдаухат;

б) Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүруіне рұқсат беретін құжаттар (рұқсат беру бланкісі);

в) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру рұқсатының көшірмесі;

г) жүргізуші куәлігінің көшірмесі;

д) көлік құралының құжаттары.

Виза алушы, алынған санаттағы визаға сәйкес көлікпен ғана Қазақстан Республикасының аумағына кіруді және шығуды жүзеге асырады.


көп мәртелі

1 жылға дейін

әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес


Әуе, теңіз, өзен кемелері экипаждары мен поезд бригадараларының мүшелеріне арналған виза

10.

В5

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тиісті куәлігі жоқ, тұрақты және чартерлік әуе рейстері ұшақтарының мүшелері, поезд бригадаларының, сондай-ақ теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын адамдар.

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

30 тәуліктен артық емес

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ қолдаухат негізінде беріледі (жазбаша өтініш және Қазақстан Республикасының аумағымен жүруіне рұқсат беретін құжаттар):

Поезд бригадаларының мүшелері алынған санаттағы визаға сәйкес көлікпен ғана Қазақстан Республикасының аумағына кіруді жүзеге асырады.



көп мәртелі

1 жылға дейін

әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес


Діни іс-шараларға қатысуға арналған виза

11.

В6

Қазақстан Республикасына діни бірлестіктің іс-шараларына қатысу үшін (миссионерлік қызметті қоспағанда) жіберілетін адамдар.

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

30 тәуліктен артық емес

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақыру негізінде береді.

Оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өтуге арналған виза

12.

В7

оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

бір мәртелі

90 тәулік-ке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді.


көп мәртелі

180 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза

13.

В8

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін Қазақстан Республикасына баратын адамдар.

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеуге Қазақстан Республикасына баратын (ҚР ІІМ-мен келісусіз) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының, бұрынғы отандастардың, сондай-ақ этникалық қазақтардың қолдаухаттары негізінде береді.

көп мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

14.

В9


Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында баратын адамдар.

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері (ҚР ІІМ келісім бойынша) келесі құжаттар негізінде беріледі:

1) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін сауалнама-өтініш бланкісі;

2) азаматтығына сай мемлекеттің жазбаша келісімі, дәлел ретінде шығу парақшасы, не болмаса шет елге тұрғылықты тұруға рұқсат берілгенін куәландыратын басқа құжат (егер халықаралық келісімдермен басқа қарастырылмаса, босқын болып саналатын немесе Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан және Қытай Халық Республикасынан келген этникалық қазақтардан басқа);

3) өмірбаяны;

4) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілетін растау туралы құжаты;

5) азаматтығына жататын мемлекеттің және (немесе) тұрғылықты тұратын тиісті мемлекеттің құзіретті органдарымен берілген сотталғандығы (сотталғандығы жоқ) туралы құжат;

6) 10-нан 16 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға берген нотариалды куәландырылған келісімі;

7) өтініш берушіге тұруға баспана беру және тұрақты тіркеуге қою туралы жеке немесе заңды адамдардың нотариалды куәландырылған шарты немесе келісімі;

8) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде әлеуметтік маңызы бар ауру және қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауру, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салатын аурулардың жоқтығы туралы анықтама.


Жеке сапарға арналған виза

15.

В10

1)Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келетін адамдар;

2) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары;

3) растайтын құжаттар бар болған кезде Қазақстан Республикасына жақын туыстарының/жақындарының жерлеуіне немесе ауырған жағдайда бара жатқан адамдар;

4) бұрынғы отандастар;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарымен Қазақстан Республикасына бірге кіретін жұбайлары, балалары (оның ішінде асырап алынған балалары) немесе ата-аналары (қорғаншылары, қамқоршылары)(туыстығын растайтын құжаттар болған кезде);

6) этникалық қазақтармен Қазақстан Республикасына бірге кіретін (этникалық қазақ болып саналмайтын) жұбайлары, балалары.



бір мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері келесі құжаттардың бірінің негізінде беріледі:

а) вербалдық нота;

б) шақыру;

в) қолдаухат (2), 3), 4), 5) және 6) тармағында көрсетілген адамдар).

Визаны ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) вербалдық нота;

б) шақыру;

в) қолдаухат ( 3)-тармақта көрсетілген адамдар).




көп мәртелі

180 тәулікке дейін

әрбір кіру кезінде 90 тәуліктен артық емес

Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алуға арналған виза

16.

В11

Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін жіберілетін адамдар.

бір мәртелі

180 тәулікке дейін

120 тәуліктен артық емес

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді.

көп мәртелі

1 жылға дейін


әрбір кіру кезінде 120 тәуліктен артық емес

Туристік мақсатпен келетін виза

17.

В12

Қазақстан Республикасына турист ретінде жіберілетін адамдар.


бір мәрте-лі

90 тәулікке дейін

30 тәуліктен артық емес

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері мен ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде беріледі:

а) шақыру;

б) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының қолдаухаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет