Шеттілдік білімнің әдіснамасы. Орындаған: Шразова Жазира



Дата08.02.2022
өлшемі495,71 Kb.
#119649
Байланысты:
Шеттілдік білім

Шеттілдік білімнің әдіснамасы.

Орындаған: Шразова Жазира

Базлина Акалтын

Тлеген Гүлсезім


Жоспар
1) Әдістеме және әдіс туралы түсінік.
2) Әдістер атауы туралы түсінік.
3) Шеттілдік білім берудің когнитивтік-лингвомәдениеттанымдық әдіснамасы.
4) Әдіснамалық ұстанымдардың ерекшеліктері мен мәндік сипаттамасы.
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.
Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістемелер әр түрлі кезеңдерде оқыту мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырды: мысалы, логикалық қағидалар бойынша синтетикалың әдіс, аналитикалық әдіс, дедук-тивтік әдіс, Т.б.; тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, лексикалың әдіс, фонетикалық әдіс; тілдің психологиялық қағидалары бойынша индуктивтік әдіс, тура әдіс;
Когнитивтік лингвистика - XX ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып саналады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттарында «когнитивті грамматика» деп аталса, Ресейде «когнитивті семантика»-когнитивтік зерттеулердің алғашқы бастауы болды. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы лингвистикалык зерттеудегі әдіснамалық ілгерілеу болды.
Қазіргі уақытта тіл ғылымы қалыптасқан дәстүрлі зерттеуді емес, логико-лингвистикалық, психолингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық т.б. зерттеу тәсілдерін қажет етуде. Тіл біліміндегі лингвомәдениеттану сынды ғылыми бағыттың қалыптасуы осындай өмір талабы қажетінен туындаған.
Лингвомәдениеттану дегеніміз не? Ол латынның Lingua- тіл, Gultura –мәдениет, Logos – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала.
Әдіснамалық мәдениет – бұл жалпы ғылыми іргелі білімділік, әдіснамалық білімді меңгерген, оқу–зерттеу әрекетіндегі шығармашы-лық, өзін-өзі дамытуға құндылық бағдарлар жүйесі, тұлғаның тұтас, біріккен сипаттамасы. Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнынапедагогикалық құрылымы мен әрекеттері туралы білім енеді.
- жалпы ғылымилық мазмұндағы негізгі, іргелі педагогикалық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар; педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білім;
- тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.
Назарларыңызға рахмет !

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет