Бұл тін қаңқаның жалпақ және түтікті сүйектерінің көпшілігін құрайды. Пластинкалы сүйек тінінің ең қарапайы құрылымдық –функциялық бірлігі-сүйек пластинкасы немесе табақшасы (16.1.,16.14 сурет).
Сүйек сыртынан қаптаған сүйек қабығынан, бір-біріне ауысатын тығыз және кемік заттарынан, түтікті сүйектің диафизін қызыл кемік орналасқан қуыс жағынан төсейтін эндосттан құрылғаны көрінеді. (16.15-сур.). Сүйектің құрамына басқа да тіндер кіреді: тығыз және борпылдақ талшықты дәнекер, май және нерв тіндері, бірақ функция жағынан жетекші тін пластинкалы сүйек тіні.
Сүйек қабығы
Ішкі
Сыртқы қабығы (16.15-сур. 214 бет)
Сүйек қабығының функциялары:
Трофикалық
Регенерациялық
Механикалық, тіректік
Кемік зат
Кемік зат сүйектің ішкі бөлігін құрайды және құрылымдық-функциялық бірліктерден –сүйек трабекулдарынан тұрады.(16.1-сур.,16.17 сур.)
Эндост ішкі сүйек қабығы-сүйек кемігі жағындағы периосқа ұқсас сүйектің жұқа дәнекертінді қабығы. (16.15-сур).
Барлық түрлеріне ортақ-жиырылғыштық қасиеті. Осы қасиетінің арқасында қозғалысты қамтамасыз етеді. Оларда актин және миозин ақуыздарының болуына байланысты жиырылғыштық жақсы дамыған.
Бұлшық ет тіндерінің морфофункциялары:
Оларды құрайтын гистологиялық элементтері-жасушалары мен талшықтары ұзартылған пішінге ие. (17.1-сур).
Жасушалар мен талшықтарының цитоплазмасында ұзына бойлы жолақтар айқындалады. Мұнда миофибрилл деп аталатын органеллаларының болуы.
Миофибриллерінің арасында немесе ядросының жанында, бұлшық ет жиырылуын қамтамасыз ететін митохондрияның көп болуы.
Гистологиялық элементтерінде энергияның көзі трофикалық қосындылары (май тамшылары, гликоген гранулдары) бар.
Бұлшық ет элементтерінің жиырылуына қажет Са иондарының жылдам жиналуын және босатылуын қамтамасыз ететін құрылымдары –саркоплазмалық тор, кавеолдар, көбікшелері жақсы дамыған.