Сіңірлер - Көлденең жолақты бұлшық еттерді сүйектерге бекітетін, ұзынша цилиндр немесе жалпақша пішінді созылмайтын талшықты тәжілер (тартпалар). Олар коллагенді талшықтарының жуан будалары бір-біріне параллельді, өте жақын орналасқан тығыз талшықты пішінделген дәнекер тіннен тұрады. (14.24-сур., А-В).
Байламдар, Фиброздық мембраналар - Байламдар-сүйектерді бір-бірімен байланыстыратын, сіңірлерге ұқсас құрылған анатомиялық құрылымдар.
- Фиброздық мембраналарға-фасциялар, апоневроздар, диафрагма-көкеттің сіңірлі орталығы, қатты ми қабығы, ақ қабық-склера, шеміршек қабығы, аталық және аналық жыныс бездерінің ақ қабығы және т.б. жатады.
қаңқалық дәнекер тіндер - Шеміршек және сүйек тіндері бірігіп, ішкі орта тіндері жүйесіне жататын қаңқалық дәнекер тіндер тобын құрайды.
- Оларға тән жалпы белгілер: 1.мезенхимадан дамуы; 2.Жасушааралық затының көп болуы;
- 3. Организмнің гомеостазын сүйемелдеу функциясы.
- Олардың тіректік және механикалық функциялары жақсы дамыған.
Қаңқалық тіндердің функциялары - Қорғаныш
- Транспорттық
- Су-тұз алмасуға қатысады;
- Осылардың барлығы бірігіп, организмнің гомеостазын қамтамасыз етеді.
Шеміршек тіндері - Шеміршек тіндері дәнекер тіндерінің жоғары маманданған тобын құрайды. Олар ауа тасымалдау жолдары мүшелерінің (мұрын, көмей, кеңірдек, бронхылар), құлақ жарғағының, буындардың, омыртқааралық дискілердің құрамына кіреді, іштегі нәресте скелетінің едәуір бөлігін құрайды
- Функциялары: 1. іштегі нәрестеде-пішін қалыптастырушы, яғни олар сүйек тіні дамуына негіз болады;
- 2. Постнаталды кезеңде тіректік қызмет атқарады (мысалы, қуысты ағзалар қабырғасының қаттылығын қамтамасыз етеді).
Шеміршек тіндерінің жалпы сипаттамасы және классификациясы - Шеміршек тіндері шеміршек жасушаларынан (хондробласттар, хондриоциттер, хондрокласттар) және жасушааралық затынан тұрады. (16.1 –сурет). (192 - 203 б) аралығында
- Шеміршек тіндері массасы 70-80 %ын су, 10-15% ын органикалық заттар, 4-7 % ын минералды заттар құрайды.
- Хондробластар (гр.chondros-шеміршек, blastos-өскін) –шеміршек тінінің аз дифференцияланған, бөлінуге қабілетті және хондриоциттерге дами алатын жасушалары.
- Хондриоциттер-шеміршек тінінің пісіп жетілген, синтездік белсенділігі төмендеген жасушалары.
- Хондрокласттар (гр.chondros-шеміршек, klasis-бұзу) –шеміршек тінін белсенді бұзатын жасушалар.
- Жасушааралық зат немесе шеміршек матриксі-шеміршек тінінің химиялық құрамы күрделі, функциялық тұрғыдан жетекші құрамдасы.
Достарыңызбен бөлісу: |