Шиеленіс тудыратын себептер және оларды шешу жолдары



бет13/20
Дата23.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#132944
түріПрезентация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
c443d75a-c9c9-4af2-8c38-aee9fec78b99

Секретиннің әсері кең түрде зерттелген. Ұйқы безінің сөл бөлінуіне әсерінен басқа, бұл гормонның асқазан бездерінің гастрин арқылы тұз қышқылын жасап шығаруын тежеп, қарында қорытылған тамақтың ілгері қарай жылжуына бөгет келтіретіні дәлелденген. Оның көп дозасы инсулин бөлінуін күшейтеді. 12елі ішектен сонымен қатар, энергия алмасуын күшейтетін диэнтерин, тәбетті реттейтін арэнтерин дейтін гормондық заттар бөлінеді.


Гормондардың әсер ету жолдары
  • Тікелей.
  • Рефлекстік.
  • Орталық.
  • Шартты рефлекстік.

Бездік эпителий және бездер

Барлық дерлік (дәнекер, бұлшық ет, сүйек, шеміршек, нерв) тіндер әртүрлі дәрежеде секрецияға лат.sekretio-бөлу), яғни өнімді –секретті өндіріп, бөліп шығаруға қабілетті.

Секреторлық (сөл шығару) функция, әсіресе, эпителий тіндерінде жақсы дамыған; олар дәнекер тінмен бірігіп, секрецияға маманданған мүшелерді –бездерді құрайды. Соңғыларда эпителий тіні немесе безді эпителий, функциялық тұрғыдан – жетекші тін, яғни мүшенің паренхимасын құрайды. Дәнекер тін без құрамында қосалқы қызметтерді атқарып, стромасын (тіректік қаңқасын) құрайды. Органогенез барысында без жамылғы немесе астарлық эпителийлерден өсіп шыққан жасушалардың астында орналасқан дәнекер тіннің ішіне еніп өсу жолымен қалыптасады (10.21 сурет). Бездік эпителийдің арқасында сүт, сілекей, асқазан және ішек сөлдері, өт, тер, тері майы, өндіріледі, гормондық (эндокриндік) реттелу және т.б. атқарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет