– «Эпоста қырғыз бен қазақтың тағдырластығы суреттеле
келіп, қазақ батыры Көкшенің Манасқа сенімді жақтас, тіпті,
кей тұста өте жақын серігі болғаны терең сипатталады» деп
жазады ғалымдар. Осы тұтастыққа жыр алыбы Жамбыл мен
Кененнің ту тігуі – ғаламат өнер туындысының екі халыққа ор-
тақ екенін білдіреді. Сол бүтіндікті жалғастырған кейінгі ізба-
сарлардан жұрт өзіңізді жақсы біледі. Әріптестеріңіз еңбегіңізді
қалай бағалайды? Және «Манасты» қайдан, қалай үйрендіңіз?
– Қырғыздар қалжыңдап маған: «Сенің не әкең, не анаң жағы-
нан біреу қырғыз емес пе?» деп сұрақ қояды. Өз достарым да: «Са-
ған әлдененің шалығы тиген бе, әлде бойыңа өнердің киесі қонды
ма?» деп әзілдейтін. «Сен жазушы едің, айтысқа шықтың, жарай-
ды, ал енді мына «Манасың» не, айналайын-ау?» деп марқұм Са-
бырхан Асанов айтып еді. Әзілсіз әңгімелесек, мұның себебі былай
– бала кезімізден бастап ауыз әдебиетінің небір жауһар туындыла-
рымен сусындап өстік. Біздің кезімізде кітап оқу мода болатын.
Әкем Тақан майданға қатысқан адам. Анамның аты – Бәтима. Тұр-
ған жеріміз – Степняк қаласы. Кешқұрым мал жайлап, үйге кірген
соң не істейміз? Теледидар жоқ. Радионың үні еміс-еміс қана есті-
леді. «Қазақ эпосы» атты үлкен кітап бар еді. Үлкендерден бізге
кезек тимейтін болғандықтан көбіне түннің бір уағына дейін қол-
шаммен оқитынбыз. 60 жылдары «Манастың» төрт томдық, мұқа-
басы сары кітабы жарық көрді. Мұхтар Әуезовтің алғы сөзімен.
Қырғыздардың өздері біріктірген нұсқасы бар емес пе, дәл сол үл-
гіден аумайды. Марқұм Мейрамбай ағам алып келді. Оқыдық. Бір
қарағанда, біздің жырларға қатты ұқсап кететін сияқты, ал енді
бірде мүлде басқаша. Ұзақ, үлкен оқиғалар. Неге екенін білмеймін,
ә дегеннен-ақ бұл жыр маған «Алпамыс», «Қобыландыдан» еш
кем көрінген жоқ.
– Алғаш рет «Манасты» қай кезде орындадыңыз
?
– Құдай айдап бірде «Букинист» кітап дүкеніне бас сұға қа-
лайын. Көп кітаптың ішінен көк кітап көзіме оттай басылды. Бізде
жарық көрген қазақтың «Манасына» ұқсайды. Бірақ Бішкектен
шыққан екі кітап та қырғыз тілінде. Бірінші, екінші томдары қатар
тұр. Бағасы – су тегін. Көрген бойда сатып алдым. Аудармадағы
нұсқадан мүлде бөлек. Оқып отырғанда құлағыма бір әуен келген-
132
дей тербелдім. Кей үзінділерін дастарқан басында, жазушылар
арасында айта бастадым. 1984 жылы «Қазақстан» телеарнасына
«Халық қазынасы» атты циклды хабарларды жүргізуге мені ша-
қырды. Редактор, марқұм ақын Ерік Асқаров студияда өнер көрсе-
туге тиіс жыршы әлдеқандай себеппен келе алмайтын болып, кімге
қолқа саларын білмей, жанұшырып отыр. Көп ақша күйіп кеткелі
тұр.
Редактор маған: «Байеке, «Манасты» жазып жіберейік, бізді
құтқар», деді. Мен: «Мұның не? Жоғары деңгейде айтуға әлі жақ-
сы дайын емеспін. Өзім үшін айтып жүрген адаммын» деп ат-
тонымды ала қашқаныма қарайтын түрі жоқ. «Жоқ, енді былай
ғой, егер дұрыс шықпай қалып жатса, барлық кінәні сізге аудара
саламыз, қырғызшаны онша дұрыс айта алмады деп құтыламыз»,
дейді. Сонымен, олардың айтқан сөздеріне көніп, «Манастан» тоқ-
таусыз бір сағат үзінді айттым. Мұны олар кейін қысқартып, 25
минөттік «Манас – қазақ жерінде» атты хабар жасап берді де жі-
берді. Осы уақытта бізге қырғыз театры гастрольдік сапармен кел-
ген еді. Мұны жұрт қонақтардың құрметіне берілген хабар деп қа-
былдапты. Бір күні қомызшы, күйші, «Қазақ елі», «Қырғыз көші»
деген күйлердің авторы Асанбек Қыдырназаровтың «Социалистік
Қазақстан» газетінде «Алатаудай алғыс айтамыз» деп аталатын
алғыс сезіміндегі мақаласы шықты. Отыздағы жігітке тұтас бір
халықтың атынан ақтарылып, алғыс есту қандай ғанибет десеңіз-
ші. Жаным марқайды. Осыдан кейін үзбей айтып келемін. Менің
де түсімде Манас батыр аттың үстінен төніп келіп: «Мақамыңды
түзе, әуеніңді жөнде» деген. Атеистік тәрбиемен өскен ұрпақтың
мұндай аян, аруақ деген нәрселерге онша көп мән бермейтін әдеті
дегенмен, әке-шешеміз әуелі бісмілләні айтуды үйреткен. Әкем 39
жасында намаз оқыған. Күнде мектепте құлағымызға «Құдай жоқ»
деп құйып жатқанмен, жүрегіміздің түбінде Тәңірдің құдіретіне
деген бір сенім сәуленің сөнбегенін сезетінбіз.
Қазақтың жырларын бір кісідей орындап жүрмін. Батырлар
жырынан, айтыстардан репертуарымда біраз дүние бар. Мен «Ма-
насты» олармен бірдей сүйдім. Бұл жыр жүрегіме махаббатпен
орнықты. 93 жылы Қырғызстанда айтыс өтті. 5 қырғыз, 5 қазақ
ақыны отырмыз. «Меймансыздар ғой, жол бірінші сіздердікі» деді.
Бірінші болып қағазды алсам, Оразбек Құтманәлиев деген ақсақал
ілікті. Сақалы дөңгеленген, қызыл шырайлы кісі екен. Қасына ба-
133
рып иіліп сәлем бердім. «Қай жақтың баласысың?» – деді. Өйткені,
айтысу үшін ақындарға ілік керек. Ал мен одан: «Мамандығыңыз
кім?» – деп сұрадым. Ол: «Мен төкпе ақынмын, кино актерімін», –
деді. «Қандай киноға түстіңіз?» – дегенімде, «Ақ кемеге» түстім»,
– деді. Фильмде Оразқұл есімді бұзақы кейіпкер бар ғой, міне, сол
рөлде ойнаған екен. Сахнада заулата жөнелдім:
«Киноға да түскенсің,
Бөшкелеп арақ ішкенсің.
Қатынның бәрін сойғансың,
Бұғының бәрін жойғансың».
Әлгі кісі риза болып, батасын беріп жіберді. Сөйтсем, оның өзі
қазаққа жиен болып келеді екен. Маған әзілдеп: «Мына қарыстан
сүйем жақын деген ғой. Басқа қырғыздан гөрі саған мен жақын-
даумын! Анам қазақтың қызы» деп ағынан жарылды. Әлгі айтыс-
тан мен түйе мініп қайттым. Айтыстың арасында қырғыздың ақы-
ны Абылда Нұрғалиев «Манастан» үзінді орындады. Менің де бі-
летін өнерім ішіме сыймай барады. Бірақ олардың ешбірі маған:
«Ал, шық, айта ғой» деп қолқа салатын сыңай танытпайды. Өзім-
нен өзім бастап кетудің амалын таппай дымым құрып тұр. Ақыры
шыдамның да шегі бар дегендей, «айтамын» деп кестім. Біздің жі-
гіттердің бірі сыбырлап жеткізіп қойған болуы керек, «айтыңыз»
деген ишарат білдірілді. Мені бес-алты ауыз шумақпен шектеледі
деп ойлаған болулары керек, ал мен тоқтамай 10-15 минөт «Ма-
настан» айттым. Залдағылар «қазір қазақтар «Манасты» қалай ай-
тар екен?» деп демдерін іштеріне жұтып, көздерін қадап қалыпты.
Мен айтып болған соң, дүркірете қол соқты. Айтыстан кейін ша-
шын артына қарай әсемдеп қайырған, қырғыздың келбетті бір аза-
маты келді. Құшақтап: «Туғаным, бауырым. Мен Шерімбек Шар-
шеевпін – Мәдениет министрінің орынбасарымын, «Манас – 1000»
дирекциясының директорымын», – деді. – «Манастың» мыңжыл-
дығы өткелі жатыр. Біз сізді сол мыңжылдыққа шақырамыз. Ресми
қағазыңызды кейін жібереміз. Дәл осы қазір шақырту алдым деп
есептей беріңіз», – деді. Онда мен Көкшетаудамын. Анам қайтыс
болған соң, әкемді жалғыз қалдырмай бірге тұратынбыз. Содан
1995 жылы «Манастың» мыңжылдығына орай байқауға қатыстым.
Тақырыпты билет сияқты үстелдің үстінен алдық. «Манас» түпсіз
терең мұхит, эпопея десек, осының ішінен түрлі-түрлі сұрақтар
қойылады. Қолыңды салып алған жерден бастап жалғастыра алма-
134
саң, ары қарай жол келте кесіледі. Қырғыздардың өздері жарты
жолда шаң жұтып, шарасыздық танытып жатыр. Біз ең соңында
тұрмыз. Қазақстаннан менімен бірге екі адам қатысты. Олар осы
тойға лайықтап жаттап алғандарын айтып жатыр. Қырғыздардың
сегіз командасына біз тоғызыншы болып қосылдық. Ортаға мен
шықтым. Қазір мен қырғыз бауырларымның айтпаған жерін айта-
мын деп әзілдей күлдім. Бір тур өтті. Біраз адам сырғып сыртқа
шығып қалды. «Тәуекел, – дедім. – Қырғыздардың өзі жеңілгенін
мойындап жатқанда біздің еш жаситын жөніміз жоқ. Бұйырғанын
айтамыз», – деп едім, біреуі: «Сіз, қонақсыз ғой, қалаған жеріңізді
айта беріңіз», – деп мені аяған сыңай танытты. Мен: «Қолымның
тиген жерінен емес, көңілімнің сүйген жерінен айтайын», – дедім.
Бізге арнайы сыйлық берілді. Міне, менің манасшы ретінде қыр-
ғыздардың алдына алғаш шыққан жерім осы.
Достарыңызбен бөлісу: |