Шығармалары деректі дүниелер


Биыл Бішкекте өткен манасшылардың бірінші халықаралық



Pdf көрінісі
бет44/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

Биыл Бішкекте өткен манасшылардың бірінші халықаралық 
фестивалінде Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы халықара-
лық сыйлығының лауреаты, жазушы, ақын, драматург, жыршы, 
манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали 
ӘЛІМЖАНОВ Қырғызстанның «Мықты мәдениет қызметкері» 
төсбелгісімен марапатталған еді.


128
Жиырмаға тарта танымал манасшының басын қосқан өнер 
сайысының басты ерекшелігінің бірі – Манас рухы халықаралық 
деңгейде ұлықталды. Бұл дерек ұлы эпостың Алатау асқарынан 
биіктеп, бүкіл адамзаттық құндылыққа айналып отырғанын аң-
ғартады. Төменде манасшы-жыршы көне жауһардың қазақ дала-
сындағы жаңғырығы туралы ойларымен бөліседі.
– Қырғыз халқының батырлық эпосының негізгі идеясы – бос-
тандық пен бірлікке, бақытты тұрмыс жолындағы қаһармандық 
күреске саятыны жазылғанмен, тұрмыс-салт пен ата-баба на-
ным-сенімдерінің өнеге-өрнектері сақталған туындыға қазақ ға-
лымдары да қадым заманнан көз қадап келеді. Мысалы, Ш. Уәлиха-
новтан бастап көптеген белгілі ғалымдар мен әдебиет майтал-
мандары байтақ туынды туралы кесек-кесек кереметтерді дүние-
ге келтірді. Ал жасампаз жыр рухына мұндағы жұрттың қазіргі 
көзқарасы мен сүйіспеншілігі қалай екен, Баянғали Тақанұлы? 
– Шоқан 1856 жылы Ыстықкөлге барған сапары кезінде «Кө-
кетайдың асын» алғаш рет қағазға түсіріп, орысшаға аударса, 1862, 
1869 жылдары В. В. Радлов «Манастың» түрлі нұсқаларын ғылы-
ми айналымға түсіруге талпынды. Эпостың 60-тан астам үлгісі ел 
аузынан жазып алынды. «Манасты» зерттеуге М. Әуезов, Ә. Мар-
ғұлан сияқты қазақ зиялылары еңбек сіңірсе, кейін қаламгерлер 
«Манасты» аударуға барынша атсалысты. Тіпті, қалам ұстаған 
тұлғаның ұлы эпосқа соқпай кеткені аз деу қисынды. Жыр алыбы 
Жамбыл «Манасты» той-жиындарда айтса, Кенен өзінің жыр-
дастандарында сюжеттерін жиі қолданғаны мәлім. Сол сүрлеумен 
келе жатқан кейінгі толқынның өкілі ретінде қырғыз топырағына 
алты жылдан кейін аяқ басып тұрмын. Мені, әсіресе, фестивальді 
ұйымдастырушылар мен демеушілердің патриотизмі таңғалдырды. 
Баткен Шерниязов есімді отаншыл азамат пен манасшы Рысбай 
Исақов басқаратын «Манас» қоғамдық қорын, Шайырбек Абдрах-
манұлы жетекшілік ететін республикалық «Ел» телерадио корпо-
рациясын, ақын Азамат Болғанбаев жетекшілігіндегі «Айтыс» қо-
ғамдық ұйымын ұлт руханиятына қалтқысыз қызмет көрсеткені 
үшін ондағы жұрт өте қолдап, барынша қошемет білдіріп отыр. 
Бұл жобаға Қырғызстан үкіметінің айрықша қолдау көрсетуі сай-
ысты бұрынғыдан да маңыздырақ ете түсті.
Бұның ең бір көңілге ұнағаны – балға үйірілген баладай құжы-
наған халықтың ынтасын біз телекөпір арқылы аңғардық. Бішкек, 


129
Ош, Талас өңірі манасшылары рет-ретімен «Манасты» айтса, ара-
тұра ақын-жыраулар арнау жырларын орындап отырды. Таңғы са-
ғат 10-нан түнгі 12-ге дейін бүкіл қырғыз айылы керемет әсерге 
бөленді. Осы дүбірлі оқиғаның ортасында болу мен үшін баға 
жетпес байлықпен тең. Алатаудың арғы бетіндегі айыр қалпақты 
ағайын Қазақ елінен қатысып отырған маған айрықша ықыласта-
нып, төріне отырғызды. «Қазағымның «Манасты» айтатын бала-
сы» деп айрықша құрметтеп, қимастық сезіммен әлдиледі. Маған 
олар: «Ортамыздағы жалғыз қонақсыз ғой, сондықтан бір мәрте 
айтып, демаламын десеңіз, еркіңіз білсін» деді. Сөйтсем, мен ай-
тып болғаннан кейін жұртшылық телеарна басшыларына телефон 
соғып: «Қазақтың манасшысына рахмет! Өнері өрге жүзсін! Тағы 
да айта түссін!» деп алғыс-тілегін қарша боратқан көрінеді. Кешке 
тағы шықтым. Екі рет шыққанымды қосқанда, бас-аяғы 40 минөт-
тей «Манасты» айттым.
– Шоқанның «Ыстықкөл сапарының күнделігін» әр оқығанда 
бұрын кезікпеген тамаша олжаға тап бола бересіз. Сол сияқты, 
«Манасқа» қалам тартқан шетелдік басқа ғалымдардан кімдерді 
білесіз? 
– Кеше өзіміз көзін көрген Қаба Атабаев, Шабай Әзизов, со-
нымен қатар, Ұрқаш Мәмбетәлиев, Асанхан Жұманәлиев сияқты 
саңлақтар әлдеқашан о дүниелік болып, бүгінде көзі тірі жасы 80-
ге таяп қалған Сапарбек Қасмамбетов деген ақсақал қалыпты. Ол 
кісіден мен қызық әңгіме естідім. «Англияға барғанымда, – дейді 
қария. – Хаттон деген ағылшын ғалымы маған керемет жаңалық 
ашты. Шоқан атамыздың жазған нұсқасын, «Көкетайдың ертегі-
сін» ағылшын тіліне аударған екен! Әлгі ғалым: «Мен бақытты 
адаммын. «Манасты» зерттеуге бүкіл ғұмырымды арнадым. Енді, 
міне, көзі тірі манасшымен бетпе-бет кездесіп отырмын» – депті. 
Мен де Шоқанның еңбегіне шетелдіктердің өзі соншалық құрмет 
көрсетіп жатқанына жүрегім толқып, қуанып қалдым. Сондай-ақ, 
Назарқұл Сейдрахманов есімді тағы бір ірі манасшы бар, бұл кісі-
нің жасы бізден сәл егделеу, бірақ шашасына шаң жұқпаған нағыз 
дүлдүл, «Манасты» түгел жатқа айтатын адам. Кейінгі жылдары 
дауысы аз-кем зақымданып, үні шықпай сыбырлап айтқанның 
өзінде сай-сүйегіңді сырқыратып, жүрегіңді тербеп жібереді. Ал 
Базарбай Сөлпиев Ош қаласындағы ауданда әкім болып қызмет 
істейді екен. Міне, бұл кісілерден кейін қазіргі манасшылардың 


130
арасындағы жасы үлкені мен болдым. Қырғыздың бүкіл манасшы-
сы аға тұтып, алдыма түспей, інілік ізетпен иілді. 80 жылдар түле-
гінің ішінен тамаша талантты өрендер тау суындай тасқындап өсіп 
келеді. Өздері зыр жүгіріп осы тойда қызмет жасап жүр. Әлемдегі 
ең ұлы эпосты жырлаймыз деген олардың бойындағы ыстық ма-
хаббатқа ықыластана қарайсыз. Шаршап-шалдықпай, қайта бой-
ымыз тау самалымен сергігендей өте бір жеңіл жүрдік.
«Манастың» рухы дегенің тылсымнан тартылған құдірет еке-
ніне иландыратын мұндай қасиеттің қазақ баласы маңдайына бұй-
ыруын Алланың сыйына балаған ағайындар: «Мынадай аламан 
бәйгеге қатысуға тіпті, мықтымыз дегендердің өзі жүрек жұта 
бермейді. Сіз нағыз азамат екенсіз. Қазақтан шыққан шоң батыр 
екенсіз» деп майын тамызып, мақтап, мадақтап жатыр. Назарқұл, 
Қуанышбек, Сәлімбай, Рысбай, Замирбек, Кәміл, Самат, Ұлан, Ті-
лек сияқты манасшылардың екпінді үндері нөсердей төкпелейді. 
«Өте жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Мың жаса, бауырым!» 
деген жүрекжарды лебіздер жан-жақтан құлағыма шалынады.
Екінші күні Тоқтағұл Сатылғанов атындағы мемлекеттік фи-
лармонияда гала-концерт өтті. Зал лық толы халық. Мәдениет ми-
нистрі Сұлтан Раев, депутаттар, Ел батыры, жазушы Бексұлтан 
Жәкиев, мемлекет қайраткері, Қырғызстанның бұрынғы Мемле-
кеттік хатшысы Дастан Сарығұлов деген кісілер келіп тамашала-
ды. «Баянғалы, бұл кешке мен сені арнайы көру үшін ғана келдім», 
– деп Таласта 2007 жылы Манасқа арнап шара ұйымдастырған ма-
насзерттеуші Д. Сарығұлов қимастық көңіл білдіруде.
«Манастың» ұлы Семетейден театрландырылған үзіндіні ха-
лық әртісі Зәмір Сауранбаев өте тартымды үлгіде ұсынды. Өзі Се-
метейдің рөлін ойнады. Осы қойылым бүкіл қырғыз баласының бір 
ауыздан «Манас! Манас!» деп ұрандауымен аяқталды. Зәмір Сау-
ранбаевты не үшін айтып отырмын. Ол атақты Тыныбек манас-
шының немересі екен. Тыныбек туралы Шоқан да, Әлкей де жаз-
ған. Бірақ, Шоқан «Манасты» Тыныбектің аузынан жазып алды 
деген дерек жоқ.
Әлкей Марғұлан: «Бұлардың барлығына ортақ нәрсе, манасшы 
болардың алдында олардың түсіне Манас пен оның қырық шорасы 
кіріп, ақындық қасиетін олардың ауыздарына құяды-мыс. Содан 
«Манас» жыры оларға түсінде қонады» деген... . Сол сияқты, Кел-
дібек, Тыныбек, Сағымбай, Саяқбай сияқты манасшылардың бой-


131
ындағы жыршылық өнер де сондай ерекше құпияда қонды деген 
әңгіме бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет