Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет62/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

Ғалым Жайық Бектұров
– 
руы Ақсары Керей, ақымбет. Жәні-
бек деген баласы да филолог, ғалым болды, КазГУ-де орыс фило-
логиясынан сабақ берді. 
 
Қабжан Ахметжанов бізге нағашы болып келеді, Қылды Қа-
рауыл. Көп жылдар Кеңащыда тұрды. Бір көзі жүре келе сырқат-
тан көрмей қалған, былғарымен байлап қоятын. Өзі кекештеніп 
сөйлейтін, бірақ қызыл тілдің шешені еді. Аздап тұтығып бастап, 
келе-келе көсіле беретін. Сөз арасында аздап кекештеніп қойып, 
тоқтаусыз сөйлейтін. Және көбік сөзі, басы артық қоспасы, мыл-
жыңы болмайтын. Әңгімелері нақты, тартымды, түйінді, кейде 
күлдіргі болып келетін.
Ертеректе... совет өкіметінің алғашқы кезі ме, патша заманы 
ма, әйтеуір ауылнайлардың уақыты... . Біздің елде бір Досжан де-
ген баскесер болса керек. Оның неден үкіметке қарсы шығып жүр-
генін де ешкім білмейді, әйтеуір, кісі өлтірген қарақшы деп, қу-
ғындайды. Содан, бір күні бір ауылда тығылып, қашып-пысып 
жүрген әлгі Досжанды аңдушылар қамалап, ұстауға айналады. Қо-
раға тас бекініп алған Досжан, қолында өткір жалаң қылышы бар, 
бұларға алғызбай тұрады. Бір кезде сол жердің ауылнайы қораның 
төбесін бұзып түседі. Екеуі екі бұрышта аңдысып тұрады. Сонда 
ауылнай: «Әй, Досжан, жақсылықпен өзің беріл! Әйтпесе, мен қа-
зір барамын да, сені ұстап аламын!» – дейді. Досжан: «Келіп көр 
осыдан, мен сенің басыңды кесіп аламын!» – дейді. Сөйтсе, әлгі 
ауылнай, бұл қазақы мінез, ерегісті қойсайшы, қасына жетіп ба-
рыпты. – Мә, кесіп алшы қане, көрейін мен сені! – деп. Досжан 
өткір қылышпен бір-ақ тартып, кесіп алыпты әлгінің басын. Содан 
не керек, көп қойсын ба, қолға түсіріп, тұтқындап, сотқа тартпай 
ма? Сонда сот сұрапты: Әй, басқа қылмысың бір төбе, мына жазы-
ғы жоқ ауылнайды неге өлтірдің? Сонда Досжан: «Мен кеспе де-
ген басты кескен Досжан емеспін бе, өзі келіп кес деп тұрғанда, 


249
қалай кеспейін?» – деп, ату жазасына кесіліп, күңіреніп кете барды 
дейді.
Қабжанның әкесі Ахметжан сөзге шешен, жүйрік, дауға түскен 
білікті адам болған. Көкен деген немересі Жағыпар деген кісінің 
қызы Қапизаны алып қашып келеді. Сонда алдынан өтуге барған 
Ахаңды Жағыпар жаны қалмай қарсы алып, қой союға ыңғайлана 
бастағанда, Ахаң:
– Жағыпар, бері қара! Бір ауыз сөзім бар, соны түсінсең қой-
ыңды сой, түсінбесең сойма! – дейді.
Аң-таң болған Жағыпар: – Айтыңыз, Аха! – дейді. Сонда Ахаң 
жарықтық:
– Қарасаң, түгім тақыр, арқам жауыр,
Өкпем жоқ ішімдегі бәрі бауыр.
Алыстың найзаменен ілгенінен,
Жақынның инеменен шанышқаны ауыр! – деген екен.
– Түсіндім, Аха! – деп, Жағыпар қойын сойыпты. Сөйтіп, қы-
зын қалыңсыз берген екен! 
Қабжан ағайдың айтуынша, Қожыкен жас күнінде аттан түспе-
ген, сырттан келген бай-көпестерге қырғидай тиген қарақшы бо-
лыпты. Патша заманында жиырма бес пар атты керуенді (обозды) 
жалғыз өзі тонап алыпты. Оны қалай істеген?! Аналардың келе 
жатқанын алдын ала барлап біліп алған ол суы тартылған өзеннің 
арнасы – батпақты, терең сайдан өтетін қалың қамысты өткелде 
бекініп, жол тосып жатады. Обоз арғы бетке кеп тоқтайды. Қара-
көлеңке, апақ-сапақ уақыт, іңір боп қалса керек. Көпірден екі арба 
қатар өте алмайды. Биік жағадан біреуі түсіп, зырылдап екінші 
жағаға шыққанша қалғандары тосып тұруға мәжбүр болады. Өйт-
кені, аттар ақырын жүрсе, арбаны арғы биік жарлауытқа шығара 
алмай, кептеліп қалулары мүмкін. Сондықтан, әрбір ат айдаушы 
алды-артына қарамай, зуылдап өте шығуы керек. Осыны дәл есеп-
теген Қожыкен ана бастан түсіп, зуылдап келе жатқан арбаның 
үстіндегі қаба сақал көпестерді дәл тұсынан өте бергенді ұзын, 
әбден кепкен қайың құрықпен тар қолтықтан бар пәрменімен түй-
реп кеп қалады. Қаннен-қаперсіз келе жатқан көпес арбадан ұшқан 


250
бойы батпаққа батады да кетеді. Оны әрі іңір қараңғысы басқан 
соң, әрі қалың қамыс тасалаған соң, арттағы арбадағылар байқа-
майды. Ал, адамы ауып түскен арбаны аттар сол екпінімен өрге 
сүйреп шығып, әрірек барып тоқтай береді. Өстіп, жиырма бес кө-
песті кезегімен батпаққа құлатып бітірген соң, Қожыкен бүкіл ат-
арбаны жиып алады. Біраз уақыт пайдасын көріп жүреді, бірақ, 
ақыры ұсталады. Базарға шығарған бір арба, әбзел-тұрманды жо-
ғалған көпестердің біреуінің туыстары танып қойып, Қожыкенді 
қамауға алады. Ол мойнына алмайды, әрине, бірақ, сот оны катор-
гаға кесіп, Сібірге жібереді. Содан, біраз уақыт өтіп, жан-жағын 
бақылап, бойы үйренгесін, Қожыкен түрменің түбінде шірігенше, 
елге жетіп өлейін деп, каторгадан қашып шығып, Сібірдің тайга-
сына тығылады. Жалғыз кетпей, екі каторжникті үгіттеп көндіріп, 
бірге ала кетеді. Сондағы ойы, әрі біраз уақыт серік қылып, бірге 
жүру болса, түпкі ойы – аштан өлерліктей күн туса, оларды сойып 
жеп, азық қылу!
Не керек, көп күн өтеді, азықтары бітіп, жеміс-жидек теріп 
жеп, ол да табылмай қалғанда, арып-ашып, әлдері құруға айнал-
ғанда, әлгі екі каторжниктың семіздеу біреуін бас салып, алып со-
ғып, сойып жейді. Қасындағы екінші каторжниктің зәресі ұшып, 
әуелде қарсы болған екен, оған «көнбесең, көмектеспесең, өзіңді 
сойып жеймін» деген соң, ол қорыққанынан Қожыкенге көмекте-
сіп, ана каторжникті бірге сойысады. Етін отқа қақтап жеп, әлде-
ніп, жатып қалады. Оянса, ана екінші каторжник жоқ дейді, сірә, 
мені де жеп қояр деп, қорқып, қашып кеткен... Ол ел тапты ма, ор-
манда адасып өлді ме, әлде, аюға жем болды ма, ешкім де білмей-
ді. Қожыкен әлгі каторжниктің қалған етін кептіріп алып, апталап 
азық қылып, ақыры тайгадан аман шығып, ел шетіне жетеді! 
Адамды адамға қасқыр қылған заманға не дерсің, ащы да болса 
өмірден туған аңызға не дерсің! 
Кеңащыда ағайынды үш татар тұрды. Шын аттары Зәйнитдин, 
Файзитдин, Ғайнитдин болу керек, қазақтар Зәйізден (Көбіне За-
хар деп атайтын), Бәйізден, Қайызден деп қазақыландырып алған. 
Солардың ортаншысы Бәйізден ағамыз тың игеру басталғанда, ан-
нан-мыннан келген целинниктердің өктемдігіне төзбей, бір күні 
төбелесе кетеді. Бірнешеуін ұрып тастайды. Артынан олар бір ма-
шина болып Кеңащыға қаптап келеді. Жұртты қорқытып, ұрып-
соғып, қысады. «Бәйізденді тауып беріңдер» дейді. Сол кезде Қо-


251
жыкен шал келеді. «Бұларың не, қойыңдар» десе, «Эй, старик, по-
шел ты на...» деп, біреуі қойып қалады. Қожыкен қарияның шапа-
нының ұзын жеңіне тыққан қайың келтегі бар екен. Әбден кепкен 
қақ ағаш, қатты келтегін шығарып алып, кірісті дейді майданға. 
Келтегін бастан ұратын адам құсап көтеріп қалса, аналар жасқа-
нып, басын қолымен қорғаштай береді. Сол кезде тізеден бір-ақ 
ұрады. Баяғы сойыл соғарлардың ат үстіндегі соғыс тәсілі – тізе 
мен тобықтан салып жіберсе, қан қақсап, кісі аттан домалай береді 
екен ғой! Қожыкен қария да сөйтіп бір машина дөкей-дөкей це-
линникті жалғыз өзі Кеңащының көшесінде домалатып тастаған 
екен. Бұл да аңызға айналған өмірдің бір шындығы! 
Жауар Қарауыл Уахит ақын бір жұмыспен, шамамен 1940 
жылдары, аудан орталығына келеді. Банкіге барса, ақшасын ала 
алмай, амалы құриды. Банктің бастығы бір көзі соқыр кісі екен. 
Аудан бастығына барса, ол таз екен. Ол да онша дұрыс қарамаса 
керек. Сонда Уахит ақын:
Шіркін-ай, ер екенсің, ер екенсің,
Жігіттің кез қылмасын келекесін.
Ауданды таз, банкіні соқыр билеп,
Бұл жұрттың алып-ақ тұр берекесін! –деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет