Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет65/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

Степняк қаласы.
14 ноябрь, 1987 жыл.
Айтса айтқандай, Мәпруза апай еңбектің батыры еді. «Степняк 
қаласының Құрметті азаматы» атанды. Өмір мен еңбектің қиын-
дығы мен қызығын сабырмен көтере білген байсалды жанның 
бойында ақындық қасиеті бар екенін біз кейін, ержеткен соң біле 
бастадық. Ол кісі кәсіби ақындық жолын қуған жоқ, арнайы әдеби 
білім де алмаған. Бірақ, жүрегін жарып шыққан аналық тілегін, ізгі 
сезімін бірер ауыз өлең жолдарына түсіретін. Міне, енді дүниеден 
өткен аяулы жанның жүрекжарды өлеңдерін рухани өмірінің, ана-
лық көңілінің бір белгісі ретінде жинақтап, кітап етіп шығаруды 
жөн көрген балаларының ісіне ризашылығымызды білдіреміз.
Баянғали Әлімжанов.
Көкшетау қаласы, 2004 жыл.
(
Мәпруза апамыздың кітабына жазылған алғы сөз). 
Арада жылдар өтті. Сағидолла мен інілері Болат, Жанат құры-
лыс жұмысына белсене араласып, үлкен табыстарға жетті. Айтулы 
азамат, қуатты кәсіпкер болды. Туған жеріміз Степняк қаласында 
зәулім мешіт салып, аталары Әшімнің атын берді. Бала күннен 
бірге өскен досымыздың осындай үлкен елдік жұмыс атқарғанына 
ризашылығымды білдіремін.
Кеңащы – біздің бала күннен құлағымызға ұялап, көңілімізге 
қонған керемет бір ұғым. Мен Степнякта, Бұлақбасында тудым, 
сонда ержеттім. Ал әкеміз Тақан сол мен туған 1954 жылдан бас-
тап Кеңащы совхозында жұмыс істеді. Қыс бойы үйде, ал көктем 
шыға Қабен, Жәмен деген бригадир ағаларымыз келіп, әкемді 
алып кететін. Содан, жаз бойы егіс алқабында, бригадада жүреді. 
Біздің үйге әкеммен бірге Кеңащының кісілері жиі келіп тұратын, 
кейде жем, шөп әкелетін.


286
Бала күнімде мен де әкеммен бірге Кеңащыға, Аманжол әтәй-
імнің үйіне қыдырып барып тұратынмын. Біздің үй 1969 жылы, 
мен сегізінші класты бітіргенде, Кеңащыға көшті.
Бала күнгі әсердің орны бөлек қой. Сол кездегі Кеңащының 
әңгімешіл ақсақалдары, ақ жаулықты апаларымыз, күнге күйіп, 
жел қаққан апайтөс ағаларымыз жарқын жүзді жеңгелеріміз, тай-
құлындай тебіскен достарымыз әлі есімде.
Ата-анамыздың жанында боламыз деп, біз 1987 жылы Алма-
тыдан Кеңащыға көшіп келіп, 1998 жылға дейін он бір жыл сонда 
тұрдық.
Елге бауыр басып, қиындық, қызықты бірге көрдік. Көршіле-
ріміз, елдің азаматтары тамаша кісілер еді! 
Әке-шешеміз сол ауылдың зиратында жатыр.
Біз үшін Кеңащының орны бөлек. Қайда жүрсек те, қашан да 
бізге Кеңащының жер-суы, адамдары ыстық көрінеді.
Кеңащының жігіттері күрес десе, жанып кететін. Ауыл-
аймақтағы жиын-тойларда қазақша күреске түсіп, бәйгенің алдын 
бермейтін балуандар болды.
Ал, бұрынғы шалдардың бір қызық күресі туралы мына әңгі-
мені бала күнімде әкемнен естіп едім. Керей Рақым ата аласа бой-
лы кісі болатын, көзін көрдік. Өзі аңшы. Бір жолы бір қасқырды 
қуып, соғып алмақ болып, екпіндеп кеп қалғанда, аты үркіп, сы-
пырлып түскен бе, жоқ, қасқыр қарсы атылып, жерге алып түскен 
бе, әйтеуір, құлап қалған ғой! Сонда, жерге жай түспей, қасқырдың 
үстіне міне түсіп, екі құлағынан тас қылып ұстаған күйі айырыл-
май қойған екен. Құлағынан бұраған күйі әбден діңкелетіп, ақыры, 
айласын тауып, әлгі қасқырды алып тыныпты! 
Бірде оған бір дәу орыс күресейік деп қоймапты. Содан, ұстаса 
кеткенде, Рақым ата екі қолымен әлгінің екі бүйірінен қыса шеңгел-
деп ұстап, табандап тартады. Терісін уыстап, жымырып, шымшып 
алған ғой! Анау орыс қанша алып болса да, шыдай алмай, жаны кө-
зіне көрінгесін, «болдым, күреспеймін, қойдым» деген екен! 
Кейіннен шығыс жауынгерлік өнерлері жайындағы кітаптар-
дан оқысам, корейлердің куксуль деген күресінде «щипковый зах-


287
ват» деген әдіс бар екен! Сол сәтте осы әңгіме есіме түсіп, Кеңа-
щыдағы Керейдің шалы корейдің күресін білді ме екен, жоқ, әлде, 
байырғы қазақ күресінде де осындай әдіс болды ма екен?!» деген 
бір ойға қалдым.
Кеңащыда бірнеше үй қырғыздар тұрды. Ағайынды Аушақы-
ман, Риза, Балтөре Сәдуақасовтар және Балкен деген кісілер. Бұлар 
Абылай хан заманында келген, әбден қазақ болып кеткен. Бір қы-
зығы – түр-тұлғалары Алатаудағы қырғыздарға ұқсайтын. Ауша-
қыман менің Аманжол әтәйіммен замандас, дос-жар болған. Тау-
дай тұлғалы, ақкөңіл, қаудырлаған қызық кісі болатын. Әйелі Тай-
лан апамыз да өзі сияқты ірі еді. Балалары Қали (Борис деп кеткен 
жұрт) Қаби да дөкей-дөкей, дабдырлап, даланы басына көтеріп 
сөйлейді. Содан, қызығы, Аушақыман ақсақал бір жылы ауырып, 
ауруханаға жатып шығады. Дәрігерлер диета жазып беріп, «Ет же-
меңіз, жесеңіз де анда-санда, аздап жеңіз!» деп қатаң ескертеді. 
Содан, үйге келген соң бірнеше күн етсіз тамақ ішіп, сақтанып 
жүрмей ме шалың! Күннен-күнге жағы суалып, көзі бозарып бара 
жатыр дейді. Күнде кешке мал келгенде, есік алдына шығып оты-
рып, семіз қойларға ауыр оймен қарайды дейді. Бір күні әбден 
шыдамы таусылғанда, баласына: «Әй, Қаби, сой ана қойды! Өл-
сем, етке тойып өлейін! – деп, бір қойды сойғызып жеп, жазылып 
кетіпті. Содан кейін біраз жыл өмір сүріп, сексеннен асып қайтты 
жарықтық.
Баласы Қаби әскерден келген соң, мектепте, жоғары класта 
оқып жүрген белорус қызы Витковская Зояға ғашық болады. 
Екеуінің сөзі шындап бара жатқан соң, Зояның әке-шешесі алыс-
тау жүрсе ұмытар деген оймен, қыздарын Торатөлгенге жіберіп, 
сол ауылдың мектебінде оқытады. Аушақыман жарықтық «Бело-
рустың қызын алмайсың!» деп Қабиға тиым салады. Қабекең: 
«Алмаймын, бірақ қалмаймын!» – деп, Торатөлгенге қуып барып, 
кездесе берген ғой. Ақыры, қоярда-қоймай жүріп, ата-аналарын 
көндіріп, ризашылығын алып, екеуі үйленді. Зоя нағыз қазақ келіні 
болды. Өзіне тән әдемі акцентімен қазақша ағыла жөнелгенде, қа-
зақты жаңылдырады. Бес баланың анасы, ата-енесін өз қолымен 


288
күткен қадірлі кісі. Қаби ағамыздың оны қалай айналдырып алға-
нын өзі ғана біледі. Әйтпесе, ол кезде оның орысшасы да оңып 
тұрғаны шамалы екен. Біздің Кеңащыда бір орыс қайтыс болып, 
көңіл айта бармай ма Қабекең. Зиратқа әкетіп бара жатыр екен сол 
кезде. Сонда, олардың туыстарына: «Счастливого пути!» деп көңіл 
айтқан ғой! Міне, осындай орысшасымен-ақ белорус қызды өзіне 
қаратып алып, қазақша сайратып қойған ғой Қаби ағамыз! Ал, Зоя 
жеңгеміз: «Қазақ болып кеткенім сондай, туыстарыма барғанда 
орысшаны әрең-әрең сөйлеп, арасына қазақша қосып жібергенімді 
байқамай қаламын!» – дейді екен! 
Кеңащылық Баймолда ағамыздың әкесі Өміржан ақсақал тоқ-
сан бес жасында, көктемде шөпқораның жіби бастаған сере мұз-
қарын айырмен ойып алып, лақтырып жатқанын менің әкем Тақан 
өз көзімен көріп, «Бұрынғының адамдары ғой! Сүйегі асыл ғой!» 
деп, таңдай қағып басын шайқап келген. Сөйтіп жүріп өзі де жет-
піс екі жасында, Кеңащыдағы біздің үйге Сәкен Жүнісов пен ақын 
Құдайберлі Мырзабеков келіп жатқанда, трактормен алып келіп, 
елу килограммдық бір қап ұнды үйге көтеріп кіргізген. «Бұрынғы-
ның адамдары ғой, сүйегі асыл ғой!» – деп Сәкен аға мен Құдаш 
інім оған басын шайқаған.
Баймолда ағамыздың руы – Атығай, жас кезінде аты-шулы тен-
тек болған. «Төбелес десе жанып кететін. Қандай топтың ішіне қай-
мықпай кіріп кетіп, бұзып-жарып шыға беретін!» – дейтін әкеміз.
Бертінде, алпысқа кеп қалған шағында, соғымға жылқы ұста-
ғанда, қандай асау тайларды мойнына қыл арқан салып, жалғыз өзі 
тырп еткізбей басып тұратын, «Баймолданы сүйрейтін тай туған 
жоқ әлі!» – дейтін қасқырың! 
Соғым сойып жатқанда, семіз жылқының үлпершек қазысын 
үзіп алып, шикідей жұтып жіберетін.
Өмір бойы шопыр болып жұмыс істеді. Көкше даласында ол 
жүрмеген жол, ол баспаған жер жоқ шығар. Бензин таситын. Газон 
машинасы болды. Алдына қара салмайтын. Кеңащыда екінші бен-
зовозды Сағындық деген кісі жүргізді. Міне, сол екі бензовоз 
ауылдың бензинін тасуға да жарады, керек-жарағын тасуға да жет-


289
ті. Бензин бөшкесінің екі жақ бүйірінде сайман салатын қораптары 
болатын. Соған тығып, қап-қап бидай, жемді де әкелетін, екі кісі-
лік кәбеңкеге бір топ адамды толтырып алып таси беретін. Сол 
уақтағы ауыл қазағының өмірінде осындай шопырлардың орны 
үлкен болып еді.
Әлқисса, Баймолда бір орыс ГАИ бастығымен тамыр болады. 
Бір күні оны қонақ қылады. Екеуі әбден ішеді. Бастық мас болып 
қалады. Баймолда оны бензовозының кәбеңкесіне көтеріп мінгізіп, 
Кеңащыдан жиырма екі шақырым жердегі Степнякқа алып келеді. 
Жолда ГАИ инспекторлары тоқтатпақ болады. Өзі де әбден тойып 
алған Баймолда оларға пысқырып та қарамай, қалаға қарай тарта 
береді. Автоинспекторлар қуады. Баймолда сол заулаған бетінде 
қашып отырып, аудандық милицияның ауласына кіріп, бір-ақ тоқ-
тайды. Қандары қайнап келген инспекторлар оны бас салып ұстамақ 
бола бергенде, Баймолда кәбеңкесін көрсетеді. Аналар ашып қал-
ғанда, удай мас бастығы боқтап шыға келеді. Оны құшақтап, көте-
ріп алған әлгілер Баймолдаға ауыздарын аша алмай қала береді.
Баймолда ағамыздың зайыбы Гүлсім апамыз нағыз қазақы, 
байсалды кісі. Әсіресе, ол кісінің қымызы керемет дәмді болатын. 
Әуелгі балаларының бәрі қыз болды. Бесінші қызы туғанда, пер-
зентханадан алып шыға бергенде Баймолда тәтемізді желкесінен 
бір қойыпты – тағы да қыз таптың деп! Соған да қыңқ демеген ғой 
тәтеміз! Артынан Бауыржан, Ғалым деген ұлдары туды. Сол қаза-
қы тәрбие үлгісімен, сабырымен ақылды Гүлсім тәтеміз шу асау 
Баймолда ағамызды ақыры жұп-жуас ақсақал ғып ұстап отырды. 
Жарықтық, жақында, сексен алты жасында қайтыс болды.
Кеңащының арғы замандағы ақсақалдарының бірі, Керей Ер-
мағамбет атамыз Қожанасырлау кісі болған екен. Қызық, күлдіргі 
әңгімелері көп. Біздің Аманжол атамыздан намаз үйренеді.
– Аманжолдан үйреніп-ақ алған сияқты едім, әр намаздың есе-
бінен, неше бас екенінен жаңыла беремін. Кем болып қалмасын 
деп, орта есеппен сегіз бастан оқып жатырмын! – дейді екен жа-
рықтық.


290
Бір күні Ермағамбет атамыз таң намазын оқып жатса, есікті 
тарсылдатып Аушақыман бригадир келеді. Ерекеңнің үлкен бала-
сы Қабдөшті жұмысқа оята келген ғой барқырап. Сөйтсе, Ерекең 
жарықтық намазын үзе салып, кемпіріне: «Әй, Алтынбибі! Кешегі 
қонақтан қалған жарты бөтелке арақты андағы атаңның аузын с... 
ге құйып берші!» – деп, әрі қарай намазын оқи беріпті! (Қабжан-
ның айтқаны). 
Қабдөш ағамыз жер аударылып келген неміс қызы Полинаға 
ғашық болып, үйленбекші болғанда, Ермағамбет атамыз неміс ал-
ғанды намыс көріп, қарсы шығады. Бірақ, махаббат дегенін істете-
ді! Ақсақалдар ақыры жастарға рұқсат береді. Әбсәлам қажыға 
некелерін қидыртып, Полинаны мұсылман дініне кіргізіп, жаңадан 
Мәрия деп ат қояды. Сол Мәрия жеңгеміз батыр ана атанды. Елге 
сыйлы қазақтың келіні болды. Ермағамбет атамыз басында қарсы 
болған келінін өте жақсы көріп, құрметтеп өткен екен.
Бір жас келіншек биені түрегеп тұрып сауып жатса, Мәрия тә-
теміз: «Ойбай, ананы қараңдар, биені түрегеп тұрып сауып жатқа-
ны несі, орыс құсап»! – деген екен.
Еңбекшілдер ауданы түгілі, бүкіл Көкше, Көксеңгірде екі рет 
Ленин орденін алған Қабдөш ағамыздың баққан жылқысынан же-
меген, Мәрия тәтеміз сауған биелердің қымызынан ішпеген кісі 
жоқ шығар! 
– Ант ауады! – деп еді, біздің Кеңащының молдасы Сұлтан ақ-
сақал. – Гитлер Сталинмен анттасып еді соғыспаймыз деп. Гитлер 
антын бұзып, соғыс бастады. Анты өзін ұрды, жеңілді. Кенесары 
қырғызбен соғыспаймын деп анттасты да, артынан анты бұзылып, 
соғысып еді, қырғынға ұшырады.
Тарих молданың көзімен қарағанда бір қызық әрі тылсым құ-
пия болып көрінеді. Тарихқа да, халықтарға да, адамдар сияқты, 
жақсылығы да, жамандығы да алдынан шығады деген бұйрық жү-
реді-ау! 
Сұлтан молданың қызы Гүлшекер біздің Нұрланның алғашқы 
мұғалімі.


291
Ушақ аға көп жылдар Кеңащыда бригадир болды. Ұзын бойлы, 
денелі, гүрілдеп сөйлейтін, қасқабас кісі еді. Ақыры, сол жұмыста 
жүріп, кенеттен қайтыс болды. 1969 жылы Кеңащыға ең алғаш же-
кеменшік су жаңа, сүттей аппақ «Москвич» машинәсін алып кел-
ген. Сол машинәні жиырма жылдан кейін баласы Сабыр күтпеген 
жерден аварияға ұшырап, қиратып тынды. Аварияға түскені де бір 
ғаламат. Соның алдында әлгі ескі «Москвичті» жөндемей ме? Со-
дан, бітуге жақындап қалғанда, ауылды бір айналып, тексеріп көре 
қояйын деп, жиырма екі-жиырма үш жастағы Сабыр екі кештің 
арасында заулап кетпей ме? Бір шұқанаққа сарт ете қалғанда, рөлі 
суырылып кетіп, қолында қалады да, басқарусыз қалған мәшинә 
ұшып кетіп, жол шетіндегі ағаштарға соғылып, быт-шыты шығады. 
Қызыл қанға боялған Сабыр әйтеуір аман қалыпты. Сөйтсе, мәши-
нәні жөндеу кезінде, рөлін де шығарып алып, бірдемелерін шұқыған 
болу керек. Қайта орнына қоя салған да, әдемі қақпағын жауып қой-
ған. Бірақ, рөлдің бекітілетін бенті бұралмай қалған екен! 
Сабыр мен Сайран Кеңащыда бізбен көрші болды. Сайран Ке-
ңащының бөлімшесі, он сегіз шақырым жердегі Қарасорда тұрған. 
Екеуі қыз-жігіт кезінде ғашық-машық болып жүреді ғой. Содан Са-
быр велосипедке мініп алып, кештетіп барады Қарасорға. Таң ат-
қанша жалынды жастар сырласып, ай қарап, жұлдыз санап жүрмей 
ме далада! Таң ата Сабыр Кеңащыға тартады. Арайлы таңға қуанып, 
шаттанып келе жатқан, түнімен көз ілмеген бақытты жас жігіт вело-
сипедпен заулап келе жатып, қалғып кетеді! Жолдан ұшқан бойы 
қалың шөптің арасына кіріп кеткенде де оянбаған ғой қасқаң! «Бір 
кезде шекемді күн күйдіріп барады, оянып кетсем, айдалада, шөптің 
арасында жатыр екенмін!» деп, күліп еске алады Сабыр.
Сабыр – адал, қара еңбектің адамы. Кеңащыда сварщик болып 
істеді. Оның пісіріп, жамаған, жалғаған темірлері қанша тонна бо-
лар екен? Төккен маңдай тері де аз емес-ау! Әйтеуір, елдің алғы-
сына бөленгеніне шүкірлік қылады ініміз! Жұрттың үйіндегі, қора-
қопсысындағы темір атаулының ақауы шықса болды, айнала Са-
бырды іздеп табады. Ол да ерінбей-жалықпай, ешкімнің көңілін 
қалдырмай, күн демей, түн демей, бетіне перде киіп алып, көк те-
мірді көк жалынмен гүрілдетіп пісіреді де жатады.


292
Бір қызығы, Кеңащыда көрші болған Сабырлармен Астанада 
да көрші болдық! Араға он төрт жыл салып, бұрынғы көршімізбен 
жаңа көрші болып қайта табысып, бір жасап қалдық.
Содан бір жолы Сабыр Маңғыстауға, Ақтау, Бейнеуге барып 
келді. Бұл сапары тіпті бір кино дерсің! 
Сабыр жұмыс істейтін мекеме өрт сөндіретін ескі машиналар-
ды жөндеп, жаңартып шығарады екен. Бір күні бастық айтады: 
«Мына машина пәлен күні, түген сағат нөл-нөлде Маңғыстауда 
парадта тұру керек! Ол жақтың бастығына уәде бергем! Мен айт-
тым, бітті! Тартыңдар!» дейді.
«Қойыңыз, ойбай, күрделі жөндеуден жаңа шыққан, сыналма-
ған машинамен қыс көзі қырауда мұндай алыс сапарға шығу қа-
терлі!» – дейтін бір адам жоқ. «Мен қалай айтсам, солай болады!» 
деп, алды-артын, артық-кемін таразылап, ойламай, нақты жағдай-
мен санаспай, кесіп-пішіп сөйлейтін дөкейлер де аз емес. Оларға 
ой салудың орнына: «Иә, сіз қалай айтсаңыз, солай болады!» деп, 
көзсіз бас шұлғи беретіндер де толып жатыр ғой.
Қақаған қыс сол жылы тіпті қатты болып, қызылшұнақ сары 
аяз сақылдап тұрған. Бастықтың қаһары қыстың қаһарынан да қат-
ты емес пе, Сабыр бір жолдасымен Астанадан Ақтауды бетке 
алып, дәу өрт сөндіргіш машинаны гүрілдетіп, жолға шығып кете-
ді. Астанадан шыға бере, бір екі жүз шақырым жол жүргесін, әлгі 
машинаның май айдайтын насосы (маслонасос) жарылып кетеді. 
Атбасарға әупірімдеп жетіп, ілдебайлап жөндетіп алады. Енді кері 
қайтсайшы, жанды күтіп! Жоқ, телефон соқса, бастықтары: «Ше-
гінуге болмайды! Тек қана алға!» – деп, бет бақтырмайды. Ал, со-
дан өзі жарымжан, жөндеуден өткен салдаман машинамен салдыр-
латып тартады. Қостанайдан әрі Ақтөбеге дейін мидай даламен 
қақаған аяз, қап-қараңғы түнде жанкешті сапар шеккен екеуі не 
деген өлермен еді десейші! Бір кезде сәләркі (солярка) қоюланып, 
машинаның жүруі тіпті қиындап, әбден қиналады. Айдала, айсыз 
түн, аяз қысып тұр. Егерде машина сөніп қалса, бітті! Жолда тырс 
еткен қозғалыс жоқ, бұларды іздейтін адам баласы да жоқ! Қатып 
қала бермесіне кім кепіл!? Темір кәбеңке де азынап барады, өлеу-
сіреген пеш қайдан жылытсын!? Әйтеуір, Сабыр батыр жан-жары 
Сайранның беліңді орап ал, бүйрегіңе суық тимесін деп берген 
түбіт шәлісін оранып алып, жаны қалыпты. Содан не керек, құдай 
беріп, машиналары сөнбей, сынбай, аман-есен бір елді мекенге 
жетеді. Сол жерде әбден тоңып-жаураған екеуі ыстық тамақ ішіп, 


293
ес жиып, әлденгесін, машинаның тағы да бір бөлшектерін ауысты-
рып, бейнетті көріп-көріп, ақыры жетеді Маңғыстауға. Сөйтсе, 
бұлардың машинасына қарап тұрған шаруа жоқ, керек қылған да 
ешкім жоқ. Бір шетке қоя салып, пойызбен елге қайтады. Сөйтіп, 
аман-сау жетеді үйлеріне. Ал, сонда екі азаматтың өмірін айдың, 
күннің аманында соншалықты қатерге тігіп, өлімге айдайтындай 
не көрінді екен десейші анау самодурларға?! Жалпы, бастықтарды 
самодурлық үшін де соттайтын заң болу керек қой! 
1993 жылы солтүстік өңірлерде алапат боран соғып, көп адам 
қырылып қалды. Үйінен түзге шыққан кісілер қайтып үйін таба 
алмай, ығып кетіп, көктемде денесін бір-ақ тауып алыпты деп аңыз 
қылады жұрт.
Уәлиханов ауданының әкімі Марат Жұмабеков сол боранда 
адасып кетіп, бүкіл облыс, аудан жабыла іздеп, таба алмаған. Ол 
сайлау күні Көкшетаудан Уәлихановқа бара жатып, жолшыбай 
Кеңащыға, директор Қалиасқар Әйткеновке соғады. «Күн боран, 
қона салып, ертең барсайшы!» деген Қалиасқарға: «Ертең Алматы-
ға кету керек Көкшетаудан, уақыт жоқ, жұмыс!» – деп, ақтүтекке 
қарамай, тәуекел етіп тартып кетеді. Ертеңінде, күн ашыла Тора-
төлгеннің ар жағында, жолда сөніп қалған машинасы табылады. 
Ал өзі ұшты-күйлі жоқ! 
Содан, зорға дегенде, көктемде бір-ақ тапты денесін. Машина-
сы сөніп қалған соң, жаяулап тартып кеткен ғой. Өзі ұзын бойлы, 
келбетті, спортшы, мықты жігіт болатын. «Жамбыл» совхозының 
директоры болып істеп жүрген кезінде, талай кездесіп, әңгімеле-
сіп, дәмдес болып едік. Жөн білетін, өрелі азаматтардың бірі еді, 
амал қанша...
Міне, дәл сол күні, боран басталмай тұрып, біздің құдашамыз 
Сара күйеуі Қаратаймен «Краснофлот» совхозының Белағаш бө-
лімшесінде тұратын туыстарына барады. Кешке қарай шығып ке-
теді «Жигулимен». Боран күшейіп, қараңғы түсіп, түк көрінбей 
кеткен соң, жүру қиындай береді де, бір кезде жолдың шетіне, 
күртікке түсіп кетеді. Біраздан соң машина сөнеді де, Қаратай мен 
Сара айдалада, қап-қараңғы түнде табиғаттың дүлей күшімен бет-
пе-бет қалады.


294
Бірте-бірте тоңа бастайды. Қонақ болған үйден сарқытқа сал-
ған ет пен арақ бар екен, жылыну үшін Сара бір стақанды тартып 
жібереді де, Қаратай: «Бірдеңе боп кетсек, ертең тауып алған соң, 
медэкспертиза тексеріп, арақ ішіп, рөлге отырып, мас болғасын, 
жолдан шығып кетіп, үсіп өлген-ішіп өлген деген қортынды бер-
мей ме? Масқара жаман атқа қаламын және балаларыма пенсия 
бермей қояды!» – деп, арақты татып алмай, құдайға сиынып отыра 
береді. Пәлен сағат өтеді, жолда қозғалыс жоқ. Боран ышқына со-
ғып тұр. Қаратай мен Сара әбден тоңып, үсуге айналады.
Сол күні сайлаудың бюллетеньдерін ауданға жеткізу үшін 
ауданнан келген комиссия мүшелері «Краснофлоттан» түнделетіп 
Степнякқа аттанады. Оларды басқарып отырған Еркетай Жомар-
тов, біздің жиен, Сараның ағасы Өсербайдың баласы. Оған есеп 
беру керек, сайлау бюллетеньдерін аудан орталығы Степнякқа, 
мүмкін болса, тезірек жеткізіңдер дейді, бірдеңені сезгендей. Егер 
де комиссия мүшелері оған: «Түнгі жол ауыр, боран қауіпті!» деп, 
совхозда қонып қалса, не болар еді? Қаратай мен Сараның бағына, 
олар да аудандағы үйлеріне жеткенше асыққан болу керек, екі 
мықты машинамен жолға шығады. Орта жолда қатып өлуге айнал-
ған бұлардың үстінен түседі. Өздері қалғып-шұлғып келе жатқан 
кісілер, көзге түртсе көргісіз қараңғыда, жер-көкті бүркеп алған 
боранда жол шетінде қисайып тұрған «Жигулиді» қалай көрген 
десейші? Көргеннен кейін, бір-екеуі оның жанына келіп, есігін 
тартып көрсе, ашылмайды. Айқайласа, ешкім жауап бермейді. Ке-
те беріп, біреуі қайта оралып, артқы есігін тартып қалса, ашылады. 
Ішінде шалажансар Қаратай мен Сара отыр! Құдай сақтап, екі ға-
шық бір ажалдан аман қалады өстіп! 
Ұзақ жылдар Торатөлгенде («Придорожный» совхозында) тұ-
рып, жұмыс істеген Қаратай Араповтың қайнаған өмірден көрген-
баққаны да бір қызық әңгіме.
Совет заманында кейбір совхоздар арзан жұмыс күші деп үйсіз-
күйсіз қаңғыбастарды (бич) жинап алып, жұмысқа салып қоятын да 
болған. Бір жолы Торатөлгенде жұмыс істеп жүрген бір бич трәк-
тірмен тас жолда келе жатады. Өзі рөлде отырып, әлгі бич арақты 
бөтелкенің аузынан ішкен ғой. Ол арағымен болып отырғанда, трәк-
тір жолдан ұшып кетіп, аударылып, бірнеше домалап кеткен. Бич 
қаза болған, трәктір иленіп қалған. Сөйтсе, әлгі жартылай ішілген 
шыны шөлмек жолдың ортасына түбімен түскен қалпы, тік тұр дей-
ді! Ішіндегі арағы да төгілмеген! Жұртқа ескерту сияқты! 


295
Степнякта дүниеге келген академик апамыз Нәзира Бәдрит-
динқызы Ахматуллинаның атын естігенім болмаса, кездесіп көр-
ген емеспін. Ол кісі Алматыда оқып, аса көрнекті биолог ғалым 
болды. Генетик, вирусолог, биология ғылымдарының докторы, 
профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты екенін энциклопедиядан оқы-
ғанмын. Туған жерімізден түлеп ұшқан апамыз еліміздің осындай 
ардақты ғалымы болғанына іштей қуанып, риза болып жүретінмін.
Бір жолы Степнякта, Шаңқайдағы зиратта бір оқшау күмбез 
көзімізге түсті. Қарасақ, 1935 жылы қайтыс болған Бәдритдин Ах-
метоллаұлына қойылған ескерткіш екен.
– Алматыдан сексеннен асқан қызы келіп, осында бір-екі ай 
жатып, осы күмбезді жасатты, – деді туысқандарым. Жазуын оқы-
сақ, ескерткіш қойған Нәзира Бәдритдинқызы екен! 
Апамыз сексеннен асқан шағында, әкесінің бейітін іздеп келіп, 
айлап жатып, ескерткіш орнатыпты. Әкесі жастай, 1935 жылы қай-
тыс болғанда, қызы Нәзира бес жаста екен. Соны ұмытпай, есінде 
сақтап, арада сан жылдар, қанша тарих өткеннен кейін келіп, әке-
сінің басына дұға қылып, күмбез соқтырған кешегі қаршадай қыз-
дың, бүгінгі әженің әкеге деген перзенттік махаббаты, құрметі 
қандай десеңізші! Жарайсың! 
Қабір басында ескі құлпытасы сақталып қалған. Күмбездің қа-
бырғасына қысқаша ғана шежіресін жазып қойыпты. Керей Тұр-
лыбек, Көшен болыс, Ахметолла, Бәдритдин... Бұл тарихтағы бел-
гілі тұлға, советник болған Тұрлыбек болуы керек! Тектінің тұяғы 
деген осы-ау! 
Сапархан Мұнашев ата бізбен ағайын, Ақымбет. Әйелі Мағри-
па тұлғалы, ірі кісі болатын. Баласы Ботан, Серіктермен бірге өс-
тік. Қапия деген қызы апамыздай болып жүрді.
Сапархан атамыз жас күнінен бе, кейіннен бе, әйтеуір, омыр-
тқасына зақым келген, бүкір кісі болды. Жас күнінде ФЗО-да 
оқыпты. Өзі тентек, шәйкінің атаманы болыпты, төбелескенде ма-


296
лақайын теріс айналдыра киіп, бүкірлігіне қарамай, секіріп баспен 
ұрғанда небір таудай жігіттерді допша домалатады екен деп ел 
аңыз қылатын. Сол кісі жасы ұлғайған, жетпіске кеп қалған ша-
ғында автобазға күзетші болып тұрады. Бұл СССР құлап, қарба-
ласқан кез. Бір күні Сапархан күзетте тұрса, түн ортасы ауа бір 
жігіт келіп, бір автобусты мініп кетпек болады. Үндемей жанын 
бағып отыратын Сапекең бе, әлгіге жетіп келеді. «Әй, мұның не?» 
деп айғай салады. Анау ай-шай жоқ, ақсақалмен алыса кетіп, алып 
соғып, астына басып алып, буындыра бастайды. Сонда Сапархан, 
қалтасына салып жүрген екі жүзді өткір пышағы бар екен, әлгі жас 
жігіттің астында жатып, үндемей ғана ішіне тығып алады! Анау 
ойбай сап, аударылып түседі. Ақсақал милиция, дәрігерді шақыра-
ды. Милиция келіп ұрыны ұстайды, дәрігерлер операция жасап, 
аман алып қалады.
Сөйтсе, бұл кәріс, бір дөкей бастық, байдың баласы екен. Өзі 
ішіп алған, қызу, тойдан шыққасын, үйіне жету үшін автобусты 
айдап кете бермек болған ғой. Сорына қарай, Сапархан ақсақалға 
жолыққан. Аяғы біраз әңгіме болып, ұрыны жауапқа тартып, ақы-
ры сотталды ма, жоқ әкесі шығарып алды ма, білмеймін. Анығы, 
Сапархан ақсақалға ішкі істер бөлімі алғыс жариялап, мақтау қағаз 
бен бағалы сыйлық берген! Әнеки, ойна шалдармен! 
Бала күнімізде Сексенбай Бейсеков ағамызды аңыздай көре-
тінбіз. Әскерге барғанда, кемемен Кубаға барыпты, сонда бокстан 
жарысқа түсіп, бәрін жеңіп келіпті деп гуілдесетін жұрт. Шешесі-
нің аты есімде жоқ, жұрт «Қара кемпір» дейтін. Ағасы Мырзахмет 
дембелше, толық, шойыннан құйылғандай кісі еді. Жұрт «Бөшке» 
дейтін әзілдеп. Құдыққа шелекпен баруды білмейтін, төрт шелек 
су сиятын темір флягамен баратын да, толтырып алып, иығына 
салып, аяңдап жүре беретін. Баласы да өзі сияқты топ-толық бол-
ды, «Бопанай» дейтінбіз. Сексенбай ағай әскерден келген соң, бұл 
1960 жылдар, біздің Бұлақбасына кәдімгідей айбар болды. Ол кез-
де Степняк қаласында халық мол, Щучинск қаласымен деңгейлес 
еді. Әртүрлі ұлттың өкілдері тұрады, ішінде орыстар басым. Бірде 
тату, бірде қату болып жатады. Сонда, біздің Бұлақбасы таза қазақ 


297
ауылы болып, кеудесін ешкімге бастырмай тұрды. Жігіттері шеті-
нен ер мінез, мен атайын, сен тұрдың нағыз өзі еді. Ол кезде Степ-
някта алтын өндірілетін, неше түрлі адамдар бар. Арасында бұза-
қылар да кездеседі. Орталыққа киноға, биге барғанда қазақ жігіт-
теріне қыр көрсететіндер де аз емес. Тіпті, орталықтың орыстана 
бастаған қазағының өзі шатақ. Онда біз кішкентай баламыз, үл-
кендердің гу-гу әңгімесіне құмарта құлақ тігеміз. Сол кезде Сек-
сенбайдың ерліктерін жұрт аңыз қылады. Ауылдың балалары оны 
арқа тұтады. Бір атақты бұзық, өзі күші тасып жүрген төбелестің 
шебері, киноға барған Сексенбайды жекпе-жекке шақырып алып 
шықты дейді. Арлы-берлі егес сөзден кейін, шайқасты бастай бер-
генінде, Сексенбай екі алақанын, қырымен әлгінің мойнына қоя 
салды дейді. Әлгі мықты талып жығылыпты. Ол да ер екен, кейін-
нен татуласып, дос болып кетіпті. Құдықағаш, Сәуленің интернат-
та оқитын балаларын сенбі күні, Степняктан ауылдарына кететін 
кезде, автостанцияда аңдып жүріп, бір бұзықтар ақша сұрайды 
ғой: «Бес тиын бер, он тиын бер!» – деп. Бұлардың автобусқа же-
тетін ғана тиыны бар, енді қайтсін? Аналар сабауға айналғанда, 
Сәуледен келіп оқитын Қойшыбай: «Қазір әкеп берейін, тұра тұ-
рыңдар!» деп сыртқа шығып кетіп, Сексенбайды ертіп келіпті. 
«Міне, сендерге бес тиын! Осыдан ала қойыңдар!» – дейді қу тілді 
Қойшекең! Әлгілердің зәресі ұшып, тұра қашқан екен. Ауылдың 
балаларын қайтып мазаламайтын болыпты! 
Сексенбай ағамыз жүкші болып жұмыс істеп жүрген кезінде, 
жетпіс бес килограммдық қанар қаппен ұн түсіргенде, екі қапты 
екі иығына салып алып, тағы біреуін қолтығына қысып, кете бере-
ді екен.
Бір күні біздің үйдің алдынан өтіп бара жатты. Біз, көрші бала, 
құрдасым Төлеген екеуміз сәлем бердік. Сол кезде тоғыз-он шама-
сында болармыз-ау, дәл есімде жоқ. Содан, үйдің алдында бір 
жуан темір ломға өткізілген темір дөңгелектер үйіліп жататын – 
Мейрамбай ағамның жаңадан штанга көтеріп жүрген кезі еді. Тө-
леген екеуміз Сексенбай ағаға: «Аға, мына штангыны көтеріп, кү-
шіңізді көрсетіңізші!» – дедік. Шіркін, балалық-ай! Сексенбай әлгі 
штангыны жерден беліне дейін көтеріп, салмақтап көрді де: «Мы-
нау аздау екен, ана жатқан дөңгелектерді де салайық!» – деді. Біз 
қуанып, үйдің алдындағы темір дөңгелектің бәрін әлгі ломға тізе 
бастадық. Сексенбай тағы бір көтеріп көрді де, басын шайқап: 


298
«Әлі де аздау ғой!» – деп, күлді бізге. Аяғында, есік алдындағы 
пештің дөңгелек шойын қақпақтарына дейін салдық. Тіпті, лом-
ның ұстайтын жері де кішкентай боп қалды. Сексенбай аға бізге: 
«Әлі де аз болып тұр, мен барып, тағы біраз темір алып келейін! 
Сендер де іздей беріңдер!» – деп, үйіне қарай кетіп қалды. Төлеген 
екеуміз ал темір іздейік, ал күтейік ағамызды! Ол кісі келген жоқ! 
Күте-күте, біз де үйге кеттік. Кешке Мейрамбай ағама болған оқи-
ғаны айтып едім, ол әбден күлді де: «Әй, ол жұмыстан шаршап, 
үйіне түскі тамағын ішуге келе жатса, сендер оған темір көтер дей-
сіңдер! Мұнша темірді көтергісі келмегесін, сендерді алдап кеткен 
ғой!» – деді! Әй, қызық-ай! 
Дүйсенбек Бекбосынов Мейрамбай ағаммен бірге өсті, бірінші 
кластан он біріншіге дейін бірге оқыды. Екеуі дос еді. Ескі шым 
үйде тұратын. Бала күнінен ер көңіл болды. Оның әкесі Сатыбал-
ды соғысқа қатысқан. Әкем айтып отыратын: «Сатыбалды әскери 
адам, офицер болған!» – деп. Шәріп, Әзәуларға жиен. Дүйсенбек-
тің бір қызығы – кітабы көп болатын. Сол уақыт үшін, балалар 
үшін көп болып көрінеді, әрине. Онда қазіргідей қаптаған шкаф 
жоқ. Кітаптары үйдің тақтай еденінде топ-тобымен үюлі тұратын. 
Әуелде Мейрамбай әкелген кітаптарды оқып жүрдім. Кітапқа ке-
ремет қызығамын, тағы оқығым келеді. Содан бір күні тағы да кі-
тап деп қыңқылдай бергенімде, Мейрамбай маған: «Дүйсенбекке 
бар дағы, өзің сұрап ал!» – деп зекіп тастады. Дүйсенбек үйіне ба-
рып, кітап сұрадым. Кітаптарына қызыққаным-ай! Бір үйден 
осынша көп кітап көруім бірінші рет еді сонда! Әртүрлі мұқабалы, 
бірі жаңа, ал кейбірі әбден ескіріп, сарғайып кеткен. Маған оның 
бәрі бір сиқырлы дүниедей, керемет бір әлемдей болып көрінеді.
Дүйсенбек ағамыз бетіме сынай қарап отырды да, құмарлығы-
ма көзі жетті білем: «Шынымен оқитын болсаң, кітап беріп тұра-
мын! Бірақ, бүлдірмей, аяқ асты қылмай, жақсылап оқып, айтқан 
уақытымда әкеп беретін бол! Егер де сөзіңде тұрмасаң, қайтіп кі-
тап бермеймін!» – деді. Мен уәде бердім. Содан, ол кісі мен үшін 
кітап таңдай бастады. «Тәк... Мынау саған қиын, мынаны оқуға әлі 
ерте... Мынадан бастағаның дұрыс!» – деп, лайықты деген кітап-


299
тарды ретімен беріп тұрды. Мен оқып, уағында, тіпті, бірнеше күн 
ертерек қайтарып жүрдім. Тез әкеп бергеніме таңданып: «Шыны-
мен оқыдың ба?!» деп, тексеріп, сұрақтар қоятын. Мен оқығаным-
ды мазмұндап айта бастаймын. Кәдімгідей риза болып, тағы да 
кітаптар таңдайтын. Әлі есімде, Стивенсонның қазақ тіліндегі «Қа-
зына аралы», Марк Твеннің «Гекльберри Финнің басынан кешкен-
дері», тағы біраз қызықты, мағыналы дүниелермен алғаш солай 
танысып едім...
Арада он бес жылдай өткенде Дүйсенбек ағаны Алматыда көр-
дім. Сыйласып, араласып тұрдық.
Бізді бірінші кластан бастап оқытқан ең алғашқы мұғаліміміз – 
Ғайни Тәңірқұлова. Ақсары, жұқалтаң, сымбатты, әдемі кісі бола-
тын. Бүкіл класс болып, далаға экскурсияға шыққанда:
Дүкенде құлағы әдемі бәтеңке...
Шұңырқайсың, шұңырқайсың! – деп татарша өлең айтып, би-
легені есімде қалыпты. Ол кісінің татар қызы екенін сонда білдік. 
Мейірбанды, жақсы кісі, бізге ең алғаш хат танытып, әліппені үй-
реткен мұғалім! 
Төртінші класта оқып жүргенде, екінші тоқсаннан кейін декрет 
демалысына шықты. Ол кісінің орнына Қаман апай келіп, жарты 
жыл оқытты бізді. Қаман Әзәуқызы Бекбосынова біздің Бұлақба-
сыныкі, Әзәу ағаның қызы. Алматыда, шет тілдер институтында 
оқыған. Мені айрықша жақсы көріп, үлкен адамдай сырласатын. 
«Кім болам?» деген тақырыпқа шығарма жаздық па, әлде ауызша 
жауап бердік пе, әйтеуір менің: «Өскенде жазушы боламын!» де-
геніме кәдімгідей мән беріп, әдебиет туралы көп әңгіме айтатын. 
Батысты, Европа әдебиетін көп оқы дейтін, төртінші кластағы ма-
ған! Тәтемнің сөзі көкейіме қонып, ой салатын. Үйіміз жақын, са-
бақтан келген соң, мені үйіне шақырып алып, әдебиет жайлы әңгі-
ме айтатын. Түрлі картиналарды көрсетіп отырып, шығарма жаз-
дыратын. «Аленушка мен Иванушка» туралы ертегі бойынша са-
лынған сурет – орман ішінде, су басында Иванушканы ойлап, мұ-
ңайып отырған Аленушка туралы шығарма жазғаным әлі есімде. 
Бұл, шамасы, 1965 жыл.


300
Зейнолла Ысқақов – қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, біздің 
Бұлақбасыныкі. Жұрт Жәку деп атап кеткен. Әлі есімде, Сәбит 
Мұқанов алпыс бес жасқа толғанда, аудандық газетке «Алпыстың 
асуында біздің Сәбең» деген атпен мақала жазды. Сәбеңнің мерей-
тойына арнап, сабақ өткізгенде, маған осы мақаланы оқып, бала-
ларға мазмұндап айтып беруді тапсырған. Қу тілді, сөзге тапқыр 
кісі болатын.
Молдабай ағай географиядан, әйелі Қанафина Қайынжамал 
химиядан сабақ берді. Молдабай ағайдың сабағы қызық болатын. 
Ол кісі жаңа сабақты нақпа-нақ түсіндіріп, оқулықтан не оқиты-
нымызды көрсетіп, үй тапсырмасын бергеннен кейін, әңгіме айт-
қанды жақсы көретін. Әңгімесі көркем әдебиеттен оқыған таңға-
жайып дүниелер жайлы болатын. Ең алғаш Артур Конан Дойльдің 
Шерлок Холмс туралы әңгімелерін Молдекеңнің аузынан естіп 
едік. Баскервильдер итін майын тамызып айтып бергені әлі есімде.
Мектеп директоры Асылбек Хайруллин ағайды жас кезінде 
күреске түскен, балуан дейтін жұрт.
Денешынықтыру пәнінен Әлібек Уытқанов ағамыз сабақ берді, 
әрі бірнеше жыл, біз сегізінші класты бітіріп, Абай мектебіне кет-
кенше класс жетекшіміз болды. Бізге ағайын, Бұлақбасынан, Жә-
нібектің ағасы. Абай мектебінде оныншы класта оқып жүргенімде 
Әлібек ағай мен Жаңатілек ағай (Жұрттың бәрі Боба дейтін) шах-
маттан оқушылар арасындағы республикалық біріншілікке облыс 
командасының құрамында мені Қарағандыға апарды. Ең алғаш 
Көкшетау облысының аумағынан аттап шыққаным осы. Бұрын 
Мейрамбайды оқуға шығарып салғанда көргенім болмаса, өмірі 
мініп көрмеген пойызға бірінші рет сонда міндім. Сөйтіп Қараған-
дыда, Майқұдықта бір жатақханаға түстік. Он шақты күн жүрдік 
жарыста. Маған жарысқа барарда үшінші разряд берген. Бақсам, 
өңкей ығай-сығай шахматшы балалар жиналған. Мұндай үлкен 
жиынға, жоғары деңгейдегі шахмат жарысына тұңғыш қатысуым. 
Біздің командада бүкіл Көкшетау облысынан іріктелген бес әлде 
жеті бала болдық. Бір қызық думан, таңғажайып саяхат әрі жарыс 
болып еді. Мен бір партияны ұтып, үшеуін тең ойнап, үшеуінде 
ұтылдым. Қарсыластарымыздың дені бірінші разрядты, арнайы 
шахмат мектебінде оқыған ойыншылар. Нәтижең жаман емес деп 
қояды ағаларым.


301
Біз, бірінші кластан бастап бірге оқыған сегіз бала– Ахметов 
Серік, Балташев Қайырбек, Смағұлов Қабиден, Ахметова Қайыр-
жамал, Мұқышева Бақыт, Омарова Кәмәл, Жұмағұлова Майра - 
Бірінші май сегізжылдық мектебін бітірген соң, Абай атындағы 
орта мектепке бардық. Ол кезде ел ішінде Абай мектебінің 
атақ-
даңқы зор болатын. Мұғалімдері де аңыздың адамдары сияқты кө-
рінетін.
Қайыржан Көпенова апай Абай мектебінде қазақ әдебиетінен 
сабақ берді. КазГУ-де Тұрсынбек Кәкішевпен бірге оқыпты. Тоғы-
зыншы класта оқып жүргенімде маған бір ерекше тапсырма берді. 
Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романының бірінші кітабын 
оқып, жоғарғы класс оқушыларына мазмұндап, жатқа айтып бер 
деді. Мен бұл қызғылықты, терең мазмұнды, кең ауқымды тарихи 
оқиғалы романды бұрын сүйсіне оқып шыққанмын. Енді бір айдай 
дайындалып, оныншы, тоғызыншы кластардың алдында «Аққан 
жұлдызды» мазмұндап, екі сағаттай айтып бердім. Тыңдаушыла-
рым да, апай да әбден риза болып, маған алғыстарын жаудырды. 
Қайыржан апайдың риза болғаны сондай: «Тұтас бір романды 
жатқа айтып берген Баянғали!» деп, аузынан тастамайтын. Мені 
әбден еркелетіп жібергені соншалық – тіпті, мен сабақ үстінде тұ-
рып барып, алдыңғы партадағы қыздардың шашынан тартқылап 
келіп, орныма қайта отыра беретінмін. «Әй, Әлімжановқа ұрсуға 
болмайды! Тұтас романды жатқа айтқан балаға не істесе де жара-
сады! Оның ақылы бар, өзі біледі!» дейтін жарықтық.
Үміт Есімсейітова апай химия пәнінен сабақ берді, әрі екі жыл 
біздің класс жетекшіміз болды. Математик Әбдуов Рамазан, геог-
раф Әбдікәрімова Майра, тарихшы Ниязова Күлбарам, физик Ах-
метов Досымбек, директор Сұлтанов Әндіржан және басқа да мұ-
ғалімдеріміздің әрқайсысы бір-бір тұлға, ірі адамдар еді.
Көктемдей көңілді көрінген,
Көзінен мейірі төгілген,
Мың алғыс өзіңе, мұғалім,
Мектепке мәңгілік берілген,
Мұғалім, мұғалім, мұғалім! 


302
1990 жылы Көкшетауда, наурыз тойында мені арнайы шақы-
рып, арнау айтқызды. Ұйтқы боп жүрген – сол кездегі қазақ пед-
колледжінің директоры Мұрат Ыдырысов ағамыз. Ол кісі біздің 
елден, Сәуле ауылынан. Әйелі Үмітжан Керейдің қызы, бізге апай 
болады, Құдықағаштан. Мұрат ағаны жезде деп, ептеп әзілдейтіні-
міз бар. Сахнаға Мұрат ағамыздың қолынан жап-жаңа, әдемі, ша-
нағы ақ, беті қызыл күрең үлкен домбыраны алып шықтым. Әлгі 
домбыра тартқан сайын маған ұнап барады, өлеңді де төгіп жа-
тырмын. Содан ең соңында: «Наурызда сахнаға Мұрат жездеміздің 
әрі нағашымыздың домбырасын алып шығып едім, өзі менің әніме 
сондай үйлесіп, жарасып-ақ тұрған сияқты! Апырмай, директор 
Мүкең қазір ұялмай қайтып алып қояды-ау! Наурызда балдызға 
сыйлық деп, апаңның қалыңмалы деп, жиеннің қырық серкеші деп 
сыйлай салуды да білмейді-ау бұл қарауылдар!» – деп өлеңдетіп, 
ойын-шыны аралас әзілдеп аяқтадым. Халайық гуілдеп, дүрілдетіп 
қол соғып жатыр. Мұрат ағамыздың қаны қызып кетіп, сахнаға 
атып шығып, ақ тілегін айтып, әлгі домбыраны маған сыйлады да 
жіберді! 
Күмбірлеген ғажап домбыра болатын! Қағып-қағып жіберген-
де, қанаттанып, айбарланып кетуші едім. Талай айтыста дүбірлетіп 
едік. Ақжолтай Ағыбай батырдың 190 жылдығында бір бала ұрлап 
алды. Алғанда да амалын тапты. Ағадыр ауданында, жақпар-
жақпар жартасты, сұсты Айыртауда өткен айтыста маған бас жүл-
деге ақ боз ат мінгізді. Әдетте мен аттың тізгінін ұстап, көпшілікке 
ізет білдіріп қана қоюшы едім. Бұл жолы жұрт кеу-кеулеп, қоярда 
қоймай атқа мінгізді. Үстімде шапан, қалпақ, қолымда домбыра. 
Қалың ел қарап тұр. Атқа мінерде қолымдағы домбыраны тізгінді 
ұстауға бөгет болғасын, қайда қоярымды білмей жан-жағыма қа-
рап едім, бір бала: «Аға, мен ұстай тұрайын!» демесі бар ма? Көп 
ешкімге ұстата бермейтін домбырамды көпшіліктің алдындағы 
салтанатты сәтте аңғалдықпен әлгі танымайтын балаға бере салға-
ным... Содан, атқа мініп, халайыққа қолымды бұлғадым. Біреулер: 
«Ал, аттың үстінде отырып, өлеңдетіп жіберіңіз!» – деп қоймайды 
қадалып! Мен осындай «театральщинаны» ұнатпасам да, амал 
жоқ, көпшіліктің көңілін қимай: «Домбырамды әкеліңдер!» – деп, 


303
қолымды создым. Сөйтсек, домбыра да жоқ, әлгі бала да жоқ! 
Жұрт дүрлігіп, әрлі-берлі іздеп-ақ жатыр. Ішім удай ашып, әйтеуір, 
көпшілікке бір-екі ауыз қара сөзбен ықылас білдіріп, аттан түстім. 
Ал, іздейік – жоқ! «Ырымдап алған ғой!» – деп жұбатып жатыр 
жұртшылық. «Ұрлап ырымдай ма екен?!» – деймін, жансерігім 
домбырамды қимай. Кетті солай, ұшты-күйлі! 
Біраз уақыт жақсы домбыра таба алмай, қиналып жүрдім. Ал-
матыдағы бір айтыста «Алматы ақшамы» газетінің жүлдесі деп, 
редакторы Ерғали Сағатов ағамыз бір ақ домбыра сыйлады. Даусы 
да тамаша екен. Сол домбыраны айтысты қойғанша ұстадым. Та-
лай жерге бардым. Әлі күнге үйде тұр.
Бір күні нағашымның баласы, құрдасым Серік Қайырғожин 
қонаққа шақырды. Зайыбы Сақыпжамал тамақ дайындап жүрген-
де, біз әңгіме-дүкен құрып отырдық.
Серік – Қылды Қарауыл, менің шешем Бәтиманың ағасы Қай-
ырғожаның немересі. Қайырғожа нағашымыз дін оқуын оқыған, 
өмір бойы молда болған кісі, анамыз атын атамай, молда ағам дей-
тін. Ол үйдегі апамыз Титән – Керейдің қызы, тоқсаннан асып, 
жүзге таяп қайтыс болды. Сонда, сөйлегенде ағып тұр, бір сөзден 
жаңылмайды. Қайырғожадан – Қалиасқар, Зейнеп, Күлмәрә. Қа-
лиасқардан Серік, Ерік және қыздары – Раушан, Рауза, Хұсни, 
Ұлжан, Жанат.
Мен нағашыларыммен әзілдескенді жақсы көремін. Жалпы қа-
рауыл көрсем болды, неге екенін өзім де білмеймін, қиястығым 
ұстап, қисық сөйлеп, қалжыңдағым келіп тұрады. Менің қалжы-
ңыма шыдамай, кейбір қарауылдар Көкшетаудан көшіп кете жаз-
даған! Облыс әкіміне менің үстімнен «националист, трайбалист» 
деп арыз да жазған.
Бір жолы бір қарауыл: «Қарауылда әкеңнің құны бар ма, қыл-
жағыңды қоясың ба, жоқ па?!» – деп, қап-қара боп түтігіп, қа-
рауылға ілген мені. «Қоямын, – дедім мен. – Бірақ бар қарауыл 
Бұқпа тауының етегіне жиналып, көк бұқаны сойып, былғарысы-
на: «Қарауылдар бұдан былай жиендерін еркелетпейді! Нағашы-
жиен болып әзілдеспейді!» – деп жазып берсеңдер ғана қоямын!» – 


304
дедім. Үні шықпай күлді, қай дені сау қарауыл өйтіп жаза қояды 
дейсің! 
Бір күні Көкшетауда машинамды бір инспектор тоқтатты.
– Қарауылсың ба? – дедім бірден.
– Иә! Оны қайдан біліп қойдыңыз? – деді сасқалақтап.
– Е-е, аттарың айтып тұрған жоқ па? Жол бойында қарауылдап 
тұрғаныңнан білдім! Қарауылда сендер тұрмағанда, кім тұрады?! – 
дедім. Танысып, ақын екенімді, жиен екенімді білгесін, айып сал-
май жіберді.
Мен жол ережесін жөнді білмейтінмін де, қалағанымша бұза 
беретінмін. Тағы бірде тоқтатқан инспектор қарауылға:
– Мына машинаны Ағыбай батырдың екі жүз жылдығына ар-
налған айтыста, Қарағанды, Балқашта бас жүлдеге беріп еді! Қара-
кесектер машина береді, қарауылдар айып салады! Өздерің жиен-
деріңе бере алмайсыңдар, бергендерді көре алмайсыңдар! – деп 
едім, толтырмақшы болған қағазын жинап алып, күліп шығарып 
салды.
– Қарауыл нешеге бөлінеді? – деп сұрайды менен бір жиында, 
сегіз арыс Қарауылды білмейтін бір нағашым.
– Екіге бөлінеді! – дедім қайтер екен деп. – Қылды және Қыл-
сыз! Қылдылары – качественный Қарауылдар да, Қылсыздары –
жай Қарауылдар! Қылды деген сөз «знак качества – сапа белгісін»
білдіреді! 
Менің әзіліме қылдылар әжептәуір болып қалды да, қылсыз-
дардың қаны қызып кетіп, ал қарауылдар дауласа кетсін! Күлкіге 
айналдырып, «ойбай, бәрің кереметсің!» – деп, зорға қойғызып 
едім! 
Ертеректе белгілі қаламгер, қарауыл Нөгербек Мағзұмовпен 
пойызда сапарлас болдық. Содан, сөзден сөз шығып, Ленин тура-
лы әңгіме болып қалды. Біреулер «күн көсемді» сынады, Нөгербек 
нағашымыз қорғап, дауласа кетті. Тіпті қоймағасын:
– Нағашы, мавзолейге барып, «почетный караул» боп тұрмай-
сыз ба?! – дедім. Күліп жіберді, жарықтық.
Жалпы, қарауылдар мол жаралған, момын, қарапайым, қазақы 
қалпын сақтаған қара ормандай қалың ел. Олармен қалжыңдасып, 
арқа-жарқа болу бір рахат. Қарауылға жиен болғаныма қуанамын 
кейде! 


305
Әлқисса, арқа-басым жыбырлап, өңкей Қылды Қарауылдардың 
ортасында әзілді гулетіп отырмын. Ұлжанның күйеуі Рысбек те 
бар екен әлгі үйде. Баяғыда, осы Рысбек милицияда сержант болып 
жүргенде, Серік үйінде кездескеніміз есімде. Шашын артқа қайыр-
ған, оқымыстыларға ұқсайтын келбетті жігіт екен.
– Сен мұғалім, яки ғалым болатын адамға ұқсайсың, милиция-
да неғып жүрсің? Сержант саған келмейді, сен майор боласың! – 
деппін оған.
Бір қызығы, майор болып, зейнетке шықты.
– Сонда, тым болмаса полковник демеген екенсіз! – деп, күле-
тін маған нағашыларым.
Содан, сөзден сөз шығып, барлығы нағашы апамыз Раузаға 
әзілдей бастады. Сөйтсек, апамыздың күйеуі Мұратбек жездеміз 
қақаған қыста, Айыртау ауданының орталығы Володаровка село-
сында құдықтың мұзын оямын деп, құдыққа құлап кетіпті! Әй-
теуір, қасында он сегіз жасар бір жас жігіт бар екен, сол арқан тас-
тап, әупірімдеп суырып алыпты. Естіген ел дүрлігіп, шауып барса, 
сенекте серейіп тұр дейді жездеміз. Сақиып қатып қалған. Көкше-
таудан алып-ұшып жеткен Серік нағашым жездесін құшақтап, өкі-
ріп жылап жіберіпті – өліп қалған екен! Сөйтсе, бұл қақиып қатып 
тұрған жездеміздің көпәйкесі мен қалың шалбары екен! 
Аман-сау болғасын, қазаққа қылжақ керек, ал, жабыла апамыз-
ды қолға алайық! 
– Ана құдықтан қырық шелек су алып, тазалау керек! – дейді 
Серік.
– Қыс бойы тазалап тұрмаса, ішуге жарамайды! – дейді Рыс-
бек.
– Әй, ол қайдан құлап жүр құдыққа? Жан-жағына қарамай ма 
ол Қарауыл, суды харамдамай? Енді қарауылдар жиналып, қайта-
дан құдық қазып беріңдер халыққа! – деп мен жиендігіме салып, 
күлкіге айналдырып жатыр едім:
– Жездеміз Қарауыл емес, Керей! Сенің ағаң! – деп, Серік пен 
Рысбек енді маған күлсін! 
– Ә-ә, солай ма? Құдыққа құлаған Керей ме? Онда әңгіме бас-
қа! – деп, мен қолма-қол бұрып жібердім. – Әне, ел үшін отқа да, 
суға да түсіп кететін біздің Керей әулие ғой! Керейдің құлаған құ-
дығында қасиет, түскен суында кие болады! Сендер ол құдықты 
тазаламаңдар! Тиюші болмаңдар! Шипалы су деп ішіңдер! «Ке-


306
реизированная Айыртауская вода» деп сатсаңдар, қарық боп қала-
сыңдар! 
Қарауыл нағашыларым қыра-топан күлді. Рауза нағашы апам 
мәз болып: «Ағаңа айтып барамын, сені әулие деп мақтады дей-
мін!» – деп, бетімнен сүйді де, әулие күйеуін көргенше асығып, 
шұғыл аттанып кетті! 
Мәре-сәре болдық та қалдық! 
Ойхой, дүние-ай десеңші, сол Серік те, Рысбек те қазір бақи-
лық боп кетті! 
«Балқаш» емдеу-сауықтыру кешенінде қызық жағдай болды. 
Асханада демалыс бойы бір үстелде ерлі-зайыпты Дәулетбай, Сәу-
лемен дәмдес болдық. Ә дегеннен жылы сөйлесіп, танысып, білісіп 
кеттік. Дәулетбай ұшқыш екен, ұшқыш болғанда нағыздың өзі бо-
лып шықты. Корабль командирі, бірінші класты ұшқыш, қазірде 
мемлекеттік инспектор екен. Сәуле ұшқыштардың дәрігері, тоқе-
тері, көкте ұшып жүріп, экипаждың денсаулығын бақылап, тексе-
ріп отырады екен. Екеуі де өзіміздің Көкшетау, Зерендіден, екеуі 
де көп балалы отбасынан шыққан.
Содан, менің есіме ұшқыштармен болған бір қызық оқиға түсе 
қалды да, мен оны жаңа таныстарыма айтпаймын ба! 
1991 немесе 1992 жылы Шымкентке, Бөген ауданының орта-
лығы Темірланға ақындар айтысына бардым. Қайтарда әуежайға 
келсек, Шымкенттен Жезқазған арқылы Көкшетауға ұшатын жал-
ғыз кешкі рейске билет жоқ. Әуежай бастығына барып, жағдай 
айттым. Ақын деп сыйлап, жақсы қарсы алды, бірақ билет жоқ де-
ді.
– Ал, бірақ, сізге сәті түскен екен! Қазір, сағат үште Көкшетау-
ға тікелей ұшатын ұшақ бар. Соған билет ала қойыңыз! – деді. 
Рахметімді жаудырып, тізімде жоқ, аяқ астынан пайда бола кеткен 
ЯК-40 ұшағына отырдым. Кірсем, үш қазақ отыр. Жай отырған 
жоқ, қазы-қартаны турап, соғып отыр. Сөйтсем, Көкшетаудағы бір 
банктің кісілері екен. Көкшетауға өңкей банк чектерінің бланкіле-
рін әкетуге келген арнайы рейс екен бұл! Сол кезде жұртқа жала-
қыны чекпен беретін! 


307
Ұшқыштар да осында екен. Екі орыс, бір қазақ. «О-о, акын! 
Споешь нам!?» – деп, күліп қарсы алды. Қырық кісілік ұшақта 
басқа жан жоқ. Қазақ ұшқыштың аты Болат, Зерендіден екен. 
Екінші ұшқыш екен. Билетімді қараған да жоқ. Бауырымыздың 
ұшқыш болғанына кәдімгідей марқайып қалдым да, арқа-жарқа 
әңгімелесіп жатырмыз. Бір кезде ана екі орыстың сөзін құлағым 
шалып қалды.
– Ну, че, заправимся в Джезказгане?! – дейді біреуі.
– А, может, хватит?! – дейді екіншісі.
Сөйтті де, Көкшетауға тікелей бір-ақ тартты. Әуелде зәрем 
кетті. Әй, мыналардың естері дұрыс па, әй! «Можит хватиті?!» не-
сі, әй? Можит не хватит болса қайттік? Сәлден кейін сабыр қыл-
дым. «Соншалықты жынды бола қоймас. Бұларға да жан керек 
шығар-ау!» деп ойладым.
Ұшып келеміз. Ұшарда Болатқа айттым. «Талай ұшып жүрген-
де, тек иллюминатордан ғана қараймыз ғой! Алдыңғы терезеден 
қарауға бола ма? Сен мені ұшқыштардың кабинасына кіргізіп, 
көрсете аласың ба?» – деп өтіндім. Болат сөзге келген жоқ, коман-
дирімен сөйлесіп, мені екінші ұшқыштың, яғни өзінің орны – оң 
жақтағы креслоға отырғызды. «Аға, ештеңені ұстамаңыз!» – деп 
ескертіп қойды, сөйлегенде қолымды шапшаң сермеп сөйлейті-
німді байқаған болу керек.
Ал кең әлемге бір рахаттанып қарадым-ау! Алдыңғы әйнектен 
қарағандағы аспан, жердің көрінісі мүлде бөлек! Құдай-ау, не де-
ген көркем сурет, не деген тұңғиық, шексіз кең дүние! Қарай бер-
гің келеді, ұша бергің келеді! 
Біраз отырғасын, рахметімді жаудырып, Болаттың орнын өзіне 
бердім. Қонуға жақындағанда тағы келдім Болатқа. «Енді қону сә-
тін алдыңғы әйнектен көрейін!» – дедім. Ұшқыштар күліп, маған 
алдыңғы әйнектен қарап тұруға рұқсат берді. Кабинаның есігінен 
ұстап, түрегеп тұрдым, өйткені Болат өз жұмыс орнында тастүйін 
болып отыр. Қызық болады екен! Жерге жақындаған сайын жердің 
суреті айқындалып, дала, орман, көл, ауыл, қала, үйлер жерде жү-
ріп көргеніңнен өзгеше бір кейіпте көрінеді. Кетіп бара жатқан 
көліктер, адамдар, жайылып жүрген жануарлар да бір қызық. Қа-
лықтап келе жатқанда, жер әуелі ақырындап жақындай береді, 
барған сайын зуылдап жақындай береді де, бір кезде дөңгелектер 
жерге тиіп, «уһ» дегендей болады! 


308
Аман-есен жеткен соң, ұшқыштарға рахметімді жаудырдым. 
Қоштасарда Болат ініммен құшақтасып, ағалық жақсы тілегімді 
айттым...
Әңгімемді ықыласпен тыңдап отырған Дәулетбай:
– Ол менің інім ғой! – деді шаттанып. – Қазір командир, үлкен 
ұшақтармен шетелдерге ұшады! Біз бір үйден төрт ұшқыш шық-
тық. Ағаларым Марат, Дүйсенғали да жоғары дәрежелі ұшқыш 
болған! 
Дәулетбайдың тағы бір қарындасы стюардесса! 
– Сіз менің ағам Мереке Шәйкеновты білесіз бе? – деп сұрады 
менен Сәуле, шай үстінде. Неге сұрағанын білмеймін. Бірақ, тағы 
да қызық, мен ол кісіні білетін едім! Ертеде, 1990 жылдары, Арық-
балық ауданында Жұмағали Саинның 90 жылдығында кездескем. 
Ол кісінің есте қалғаны – елден ерек ұзын бойлы, келбетті, алып 
адам – ауаткомның төрағасы болатын.
– Иә, бойы екі метр! – деді Сәуле.
– Мен ағаңызға әзілдеп өлең де шығарғам, «Деген екен» кіта-
бымда бар! – дедім мен. – «Ауданы Арықбалық болғанымен, бас-
тығы кит сияқты алып екен!» – деген едім! 
Міне, сөйтіп санаторий дастарханында жаңадан танысқан жер-
лестерімнің бауырларын баяғыдан білетін болып шықтым.
Ерекше бір құбылыс – қанаттылардың әулеті биікте самғай 
берсін! 
Бейбіт замандағы соғыстың алғашқы құрбандарының бірі – 
біздің Кеңащыдағы Ауғанипа ақсақалдың жиені болды деп айтып 
отыратын үлкендер. Жетпісінші жылдары Қытаймен шекарадағы 
қақтығыста қыршын кеткен боздақты ағаш табытқа салып, темір-
мен құрсап әкеліп Кеңащыға жерлепті.
Компартия елдің біраз жігіттерін Ауғанстанның отына да сал-
ды. Біздің Бұлақбасының түлегі, Көкен Байжанұлы Ахметжанов-
тың кіші баласы Мадай айдаладағы абсурд соғыста бір аяғын тұ-
тастай беріп келді. Құдай сақтап, аман қалған қайта: жарылыстан 
кейін бронетранспортердің үстінде ес-түссіз қызыл қанға батып 
жатқан жерінен дәрігерлер тауып алып, аман алып қалыпты. Ма-


309
дай ініміз ағаш аяқ салдырып алып, елде жұмысын істеп, тіршілі-
гін жасап жүр.
Менің құдам Марат Нүркенұлы Досымбеков те қып-қызыл 
қырғынның ішінен қан кешіп жүріп, аман-сау оралды. Контузия 
алған. Зайыбы Зәуре екеуі ұл-қыздарын өсіріп, Степнякта тұрып 
жатыр. Соғыстың әңгімесін айтқан кезде, Мараттың әлі күнге қаны 
бұзылады. Нағыз окоптың шындығын сол қалпында айтқанда, аза 
бойың қаза болады.
Тағы бір ауған соғысының батыры – әйгілі режиссер, өнер 
қайраткері Жақып Омаров ағамыздың немере інісі, әртіс Айбек 
Құсайынов. КамАЗ жүргізіпті майданда. Бір күні мина түсіп, ма-
шинасының алдыңғы доңғалағын жұлып әкеткен көрінеді. «Каби-
надан қалай ұшып кеткенімді білмеймін! Есімді жинағанда қара-
сам, жерге жабысып жатыр екенмін! Әйтеуір, жарақаттан аман-
мын!» – дейді, қалай аман қалғанына әлі күнге таңғалып. Ол біздің 
«Аран», «Айхан» деген киноларымызға түсті.
Ел ішіндегі қазақтың бір қызық әңгімесі соғымға байланысты. 
Баяғыда, бала күнімізде Бұлақбасының шалдары кімнің соғымы 
семіз, қазысы неше елі болады деп, айнала аралап жүріп көретін. 
Біздің соғым сойылған күні неше түрлі сылтау тауып, көршіміз 
Әубәкірдің баласы, түйдей құрдасым, кішкентайдан бірге өсіп, 
бірге оқыған Бекмағамбетов Төлеген екеуміз мектепке бармай қа-
лып, ақсақалдармен бірге «кәмесия» мүшесі болып, қуырдақ жей-
тінбіз. Қазақ ауылында соғым сою бір мереке болса, соның ең та-
маша түйіні – семіз, дәмі тіл үйірген қуырдақ болатын.
Соғым кезінде бір-бірін қонаққа шақырып, дәм бергенде та-
баққа кәделі мүше – омыртқа салынады. Соны «омыртқаға шақы-
ру», «омыртқа беру» деп атайды. Омыртқада бұрынғының адамда-
ры қолдарының майын майлыққа не қағазға сүртпей, қайыс ат-
әбзелге – жүген, божы, қамшы, қамыт, ерге, тіпті, саптама етікте-
рінің қонышына да сүртетін. Қайыс құрғап, кеуіп, үгіліп кетпес 
үшін осылай майлап қояды екен. Май сіңген әбзел-тұрман да, сап-
тама етік те жылтырап, жап-жаңа болып көрінеді және ұзағырақ 
пайдалануға шыдайды.


310
Ал соғымның енді бір қызығы – жілік соғу. Тоқпан жілікті жас 
жігіттер тап-таза қылып мүжіп болған соң, ортаға тастайды. Қо-
нақтар жағалай соғады. Астына балтаны жатқызып, қолға орамал 
орап, бір тықыл, бір соғыс деп келісіп алып, үлкен-кіші, кәрі-жас 
демей жағалай соғып шығады. Әккі боп алған ауыл жігіттері жі-
лікті жалпақ балтаға тық еткізгенде, тықылдан жіліктің әлсіз жерін 
дәл танып, соққан кезде қақ бөледі. Сондықтан, бәске қызған жі-
гіттер тықылсыз бір соғыс деп шарт қойып, жалаңаш қолмен соға-
ды. Мұның әдісін білу керек, құр қара күштен ештеңе шықпайды. 
Ертеректе бір дәу орыс күшіне мастанып, жалаңаш қолымен құ-
лаштап періп қалғанда, жілікке дәнеме де болмапты. Ал ана орыс-
тың қолы сынып кетіпті! Әдісін тауып соқса, ақсақалдар да сын-
дыра береді жілікті.
Соғымның ең үлкен қызығы – семіз етті, әсіресе, сере шыққан 
қазыны жақсылап жеу. Біздің Кеңащының шалдары семіз бір табақ 
етті ойнап-күліп отырып, еңсеріп тастайтын. Оның бел ортасында 
Мамау мен Баймолда ағамыз жүретін.
Қызыл шырайлы, толықша келген, екі беті бал-бұл жанып тұ-
ратын Мамау ағаның шын аты –Маман Әубәкіров. Кеңащы «Вос-
точный» совхозының бөлімшесі болып тұрғанда, бөлімше меңге-
рушісі болды. Елге еңбегі сіңген, ауылдың бетке ұстары, ақылгөй 
ақсақалы, қазыналы қариясы еді. Зайыбы Қуаныш тәтеміз екеуі 
қазақы салт-дәстүрді ұстанған, балаларын әдебиет, өнерге жақын 
етіп тәрбиелеген өнегелі жандар болатын. Мамау аға сексеннен аса 
жасап қайтты.
Міне, осындай кісілерді сере шыққан қазыны жеп қоятын деп, 
ауылымыз әлі күнге аңыз қылады. Баймолданың піскен қазы түгі-
лі, семіз биені сойып жатқанда қазысының шетінен үзіп алып, ши-
кідей жұтып қоятынын талайлар таңдай қағып, әңгіме қылатын. 
Бала күнімізде Бұлақбасындағы ағайынымыз, Кеңесбайдың баласы 
Алдиярбекті жеңді білектей қазыны тұтас жұта салады деп, ертегі-
нің жемпазы сияқты көретін жұрт. Шынашақтай ғана Қазез құда-
мыз Сүйіндік құдамен ерегісіп, бір білем қазыны етінен ажыратып 
алып, қылқ еткізе салғанын көргендер аузының суы құрып айтады.
Семіз етті жеп болған соң, бір-бір аяқ құрт езген сорпаны сімі-
ріп алатын.
«Ет – дерт, сорпа – шипа!» десетін, ауыздарын сүртіп отырып.
Ал, жарайды, мұның бәрін неге айтып отырмыз?! 


311
Біріншіден, кешегі көшпенділердің тұяқтары, көне заманға бір 
табан болса да жақын, таза табиғат арасында жүріп, дәстүрлі, та-
биғи азық-түлікпен қоректенген дала ұлдарының денсаулығының 
мықты болғандығына назар аударып, сырына ой жүгіртіп, құрмет 
білдіргіміз келді. Сол кісілердің бәрі дерлік сексен жастан асып 
барып қайтыс болды.
Екіншіден... Әңгіменің қызығы осында болып тұр! Мұны мен 
тіпті жақында, 2016 жылдың маусым айында үй-ішімізбен Бура-
байға, ем-дом қабылдауға барғанда естіп, айран-асыр болдым! 
Профессор Левиннің жүйесі бойынша адамның іш құрылысын, 
әсіресе, бауырын тазалап, сауықтырудың шебер маманы, дәрігер 
Күлзира Темірханқызы Сыздықова айтады.
– Шайнамай, тұтас жұтқан қазы асқазанда қорытылмай, тіке-
лей ішекке барады. Сөйтіп, бауырдағы өтті сорып, өзіне қарай, 
ішекке тартып алады! Сонда, адам ағзасы артық өттен, бауырға 
жиналған анау-мынау заттардан арылады! Яғни, табиғи түрде өзін-
өзі тазартады екен! 
Міне, қазына қариялардың табиғи даналығы! 
Тағы да Күлзира қарындасымыздың айтуынша, құрт қосқан 
сорпа кәдімгі фестал сияқты әсер ететін көрінеді! Еттің артынан 
ішкен қымыз да айрықша пайдалы дейді дәрігер! 
Мұның бәрін арнайы медициналық білімі жоқ ауылдың шал-
дары қайдан білген десейші! 
Байырғы көшпенділер етке нан қоспаған ғой! 
Еттен кейін, бүгінгі тойлардағыдай әр нәрсені, тәтті-пәттіні, 
жеміс-жидекті жеп, іштерін ауыртпаған.
Бүгінгі ғылымның айтып жүрген «раздельное питаниесі» осы 
емес пе?! 
Кейін, өркениеттің әсерімен, әрнәрсеге еліктегіштігімізден да-
ланың табиғи тамақтану дәстүрін де бұздық, денсаулығымызды да 
бүлдірдік қой! Жасанды, зиянды қоспаларды қымбатқа сатып 
алып, уыстап шайнап отырған қазіргі заманның қаһармандары қа-
зы жұтқан қазақтарға қарап, бір ойланып қойса жаман болмас! 


312


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет