Түсінік хат. Бұл «Прогрессия» факультативті сабақ аптасына 1 реттен 34 сағат 9-сыныпқа арналған. Мектеп курсында үлкен тарау есеп түрлері мен шығару жолы кеңірек мазмұнда қарастырылған. Әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет (практикалық жұмыс, есеп шығару) жүзеге асырылып отырады. Есеп шығарудың әртүрлi тәсiлдерiмен таныстыру – олардың ең тиiмдiлерiн оқушылардың өздерi өз беттерiмен iздестiрулерiне жағдай жасайды.
Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi өзгертiлген жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар жүйесi алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп күрделiлерiн орындауда оқушылар сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, оларды есеп шығаруға жаттықтыратындай етiп құрылды.
Мақсаты:
оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру;
оқушылардың математикалық білімдерін кеңейту және тереңдету;
оқушылардың өз бетімен оқулықтармен, ғылыми- әдістемелік әдебиеттермен жұмыстануына бағыт беру;
қазіргі қоғамда құнды өмір сүруге қажет эвристикалық ой саласын дамыту;
Міндеті:
оқушыларға жан- жақты терең білім алуға дағдыландыру;
оқушылардың математикалық қабілеттерін және логикалық ойлауларын дамыту;
түрлі олимпиадалар мен сайыстарға оқушыларды алдын- ала дайындау;
Сабақты өткізудің формалары: традициялық сабақтар, лекциялық, семинарлық, математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, топпен.
Курста оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік іс-әрекеттері үшін төмендегі тақырыптарды ұсынуға болады.
Прогрессия –өмірде
Прогрессия тарихы.
Күтілетін нәтиже:
Прогрессиялардың негізгі формулаларын біледі;
Есептің шартын жүйе түрінде жазып, шығара алады;
Прогрессияның негізгі қасиеттерін пайдаланып, стандарт емес есептерді шешеді;
Арифметикалық және геометриялық прогрессияға берілген кіріктірілген есептерді шеше алады;