Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы



Дата08.02.2022
өлшемі32 Kb.
#123546
түріСабақ
Байланысты:
а есеби интернет


Шығыс Қазақстан облысы
Жарма ауданы
«Ұзынжал негізгі мектебі» КММ
Суыкбаева Забира Есенжоловна

Заман ағымына байланысты өзгерген технологияларды жас ұрпаққа меңгертіп, болашаққа сеніммен қадам басуына мұғалім тәжірибесінің рөлі өте зор. Заман талабын ескере отырып өзінің кәсіби деңгейін үнемі артырып отыратын мұғалім–көшбасшы болуға қашанда лайық. Оқушының мектептегі сабаққа деген көзқарасын жақсарту үшін мұғалім тынбай еңбек етуі керек. Оқытудың ең жоғарғы нәтижелеріне қол жеткізуді мақсат еткен әрбір маман өзінің кәсіби білімін әрдайым арттырып отырады.


Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға— мұғалім [1.7 б.].
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының жеті модулінің бірі «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер». Осы модульдегі тәсілдердің бірі - топтық оқу және оқыту. Топтық жұмыс, яғни, бірлескен оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бірлескен оқуда оқушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың қарым-қатынасы, көшбасшылық қасиеті, шығармашылық қабілеті ашылады. Осы мақсатта бағдарлама бағыт-бағдарын әрі қарай іске асыру үшін сабақтарымды жоспарладым. Бағдарламаның жеті модулінің сабақ барысында ықпалдасып өтуін қадағалаймын. Осы жеті модуль арқылы оқушыларымның білімдерін нәтижелеп, өз әдіс-тәсілдерімді шыңдауға машықтанамын. Тізбектелген сабақ жоспарын 3 сыныптың әдебиеттік оқу пәні бойынша жасадым. Мақсаты: «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының топтық жұмысты ұйымдастыру стратегиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің сипатына, жалпы ерекшеліктеріне баса назар аудардым.
Тізбектелген сабақтардың тақырыптары: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ», Ы.Алтынсарин «Өзен», Ж.Аймауытов «Торғай», М.Сүндетов «Қайырымдылық». Бұл тақырыптарды меңгертуде АКТ, оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модульдерін ықпалдастыруды мақсат еттім.
Орта мерзімдік жоспардағы «Синквейн», «Преферанс», «Ілгерілемелі сұрақтар», әдістері арқылы оқушылар топта бірлесіп жұмыс атқарады. Бұл жұмыстың барысында сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту модульдері әдіс-тәсілдерінің ықпалдасқанын көреміз. Мақсаты: Оқушылардың ауызбіршілікте жұмыс істеуі, нәтижесінде қарым- қатынас дағдылары дамып, шығармашылық қабілеттері арта түседі. Топта жұмыс істеу барысында оқушылар белгіленген топ ережесін сақтай отырып, өзара ынтымақтастық әрекетті жүзеге асырады. Сол арқылы олардың арасында жағымды ахуал орнап, көздеген нәтижеге жетеді. Жұптық жұмыс «Ойлан. Жұптас.Талқыла», «Сөздік аялдама» әдістері арқылы оқушылар топта, жұпта жұмыс істейді. Мақсатында оқушылардың бір-біріне көмек беру дағдылары дамып, көршілерінің мақсатты әрекеті іске асады. Нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілеттері өзара дамып, нәтижелі жұмысқа қол жеткізеді. Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Көңілді күн» сергіту сәтін пайдаланамын. Нәтижесінде оқушылардың бойы сергіп, оқуға деген ынтасы артады. Сыныптағы оқушылардың қабілеттерін аша отырып, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс барысын жүзеге асырамын. Осы орайда дарынды және талантты оқушыларға жеке «Бес жолды өлең», «Мақалды жалғастыр», эссе жазу, сөз жұмбақ шешу арқылы оқушылардың шығармашылық қасиеттерінің дамуына жағдай жасаймын. Сыныптағы басқа балалардың осы дарынды және талантты оқушылар қатарынан көрінсем деген ниеті пайда болуына жол ашамын, бойындағы құлшыныстарын оятамын. «Екі жұлдыз, бір тілек» «Үш сурет», «Аяқталмаған сөйдемдер» кері байланысы арқылы сабақты қорытындылаймын. Мұндағы мақсатым – оқушылардың бойында өзіне-өзі баға беру дағдысын қалыптастыра отырып, оларды шынайлық пен адалдыққа тәрбиелеу.
Өмір ағымына сай өзгеріп жатқан оқу үрдісіндегі ең бір жаңарған технология «бағалау». Осы сабақтарымның барысында оқушыларды дәстүрлі бағаламай, қалыптастырушы, жиынтық баға арқылы оқушылардың өздеріне бағалатамын. Мақсатым: оқушылардың өзін-өзі бағалай алуы жүзеге асырылып, алған білімдерін бағалаудағы жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік беру. Нәтижесінде өзіне-өзі және басқа сыныптастарының әрекетіне баға беруді үйрету арқылы мінез-құлқындағы тұрақтылық дағдысын дамытуға бағыт-бағдар беремін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет