ІІІ. Тест сұрақтарына жауап бер.
Арлы адамның ісін көрсет.
Сұрауын табамын, қалауын табамын деу
Диуаналықпен күн кешу
Ата-анасын малға сатпақ
Малды не жерден, не терден сұрау
Адал еңбекпен мал іздемек
Ең барып тұрған Құдай ұрған сөз қайсы?
Жарлы болсаң, арлы болма
Атың шықпаса, жер өрте
Алтын көрсе, періште жолдан таяды
Сұрауын тапса,адам баласының бермейтіні жоқ.
Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол.
ІҮ. Cөз тіркестерін сәйкесінше қой
Қиысу
|
Меңгеру
|
Матасу
|
қабысу
|
Жанасу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақтың мақалдары, тыныш жатып, жалға жүргеніңді, адал еңбек, өмір өткізу, алтынды үй, артымда қалсын, жан тәтті, айтылған сөз.
Ү. Мәтіннен төмендегі жалғаулар жалғанған сөздерді теріп бағандарға қой.
Көптік жалғауы
|
Тәуелдік жалғауы
|
Жіктік жалғауы
|
Септік жалғауы
|
|
|
|
|
ҮІ. «Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас» тақырыбына қысқаша ойтолғау жаз.
8-сынып.
І. Мәтінді мұқият оқы.
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.
Мәтіндегі тірек сөздерді ата?
«Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің» деп қайсыған айтты?
Табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам қайсы?
Қайсысының бойында жақсылық та, жамандық та, пайда да, залал да бар?
Адам денесінің патшасы не?
Ғылым қандай талап қойды? Неліктен?
ІІ. Дұрыс жауабын көрсет.
1.Еңбексіз нені табуға болмайды?
Мал
Мансап
Өнер
Дүние
Күш
2 «Амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман».Сипаттаманың иесін тап.
Жүрек
Ақыл
Ғылым
Қайрат
3. «Достық, қастық, бар қызық –жүрек ісі» деген нақылмен сәйкес келетін жолдарды тап.
ІІІ. Сәйкестендір.
Дүниеге лайықты өнер табу ақыл
Пайданы іздей алмайды қайрат
Жан менде мекен қылады жүрек
Жақсылыққа елжіреп ериді ғылым
Оны білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек жүрек
ІҮ. Ауыспалы мағынада қолданылған сөздерді теріп жаз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ү."Мінез-ақыл мен ғылымды сақтайтын сауыт»–деген ойды дәлелде.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ҮІ.Сөздердің мағынасын ашып жаз.
Әділет
Нысап
Ұят
Рақым
Мейірбаншылық
Ғибадат
Абұйыр
Мансап
Күнәкәрлік
Көрсеқызар
Нәфсі шайтан
ҮІІ. Ойды толықтыр.
Орынсыз, болымсыз нәрсеге ___________, бойды __________, күнәкәрліктен, көрсеқызар ____________, нәфсі шайтанның ______________ құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды ____________________алатұғын
ҮІІІ. Туынды сөздерді теріп жаз.
Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен.
ІХ. Ғылымның орнында сен қайсысын таңдар едің? Ойыңды дәлелде.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.
Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері көп. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз керек.
Ақын-жазушылар шығармаларының мазмұныны терең танытқан сайын біз оқушыларымыздың да дүниетанымын кеңейтіп, өмірге бейімділігін арттыра беретініміз даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |