Шығыс қазақстан облысы көкпекті ауданы «Қ. Аухадиев атындағы орта мектебі» кмм абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқытуда 5-8-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырма түрлері



бет1/7
Дата05.08.2020
өлшемі88,23 Kb.
#76214
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқытуда функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырма түрлері


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КӨКПЕКТІ АУДАНЫ «Қ.АУХАДИЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ


Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқытуда 5-8-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырма түрлері



ӘЗІРЛЕГЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ НИЯЗБАЕВА ДИНАРА АМАНГЕЛЬДИНОВНА

2020 ЖЫЛ, НАУРЫЗ

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясындағы функционалдық сауаттылықтың түрінің бірі- оқу сауаттылығы.

Функционалдық сауаттылық деген ұғым – адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси, және эконмикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі фактор. Яғни, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай білуге деген қабілеттілік.1

Білім саласында соңғы уақыттарда көптеген өзгерістер орын алуда. Қатып қалған білімді мұғалім беріп, оқушы алу қағидасынан білімді өз бетімен алу, оны өмірде пайдалана алуға бейімдеу біліктілігін дамытуға ұласуда. Ұлттық білім беру парадигмасы, оның басты ұстанымдары бәсекеге қабілетті білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.

      2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.
      Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
      1) қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық оқушылардың үлесі - оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);
      2) нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі – математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);
      3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын қазақстандық оқушылардың үлесі - жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).
      Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде.
      Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.2

      Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.


       Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытовтардың шығармаларының негізгі арқауы болған. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардың өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды», түсіндіріп айтқанда білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.

Биылғы жылдың қаңтар айынан 5-8-сыныптарға «Абайтану» факультативі енгізіліп отыр. Осы орайда ақын қарасөздерін оқыту ерекше орын алады.

Ақын шығармаларын, оның ішінде ғақлияларының мазмұнына оқушылардың көбі бойлай бермейді. Мәтінді түсініп оқу, мәтіндегі ой желісі, ақын жеткізуге мақсат еткен тұжырымды қабылдауда оқушылар біліксіздік танытады. Мұғалім ретінде дұрыс құрылған тапсырмалар оқушылардың бұл кедергілерді жеңіп шығуына көмек береді.

  PISA және PIRLS зерттеулерінде оқу сауаттылығы жазба мәтіндерді түсіну мен рефлексиялау болып ұйғарылады. Мәтін мазмұнын белгілі бір мақсатта қолдануды игеруін және де оны әлеуметтік ортада белсенді пайдалана алу қабілетін бақылайды. «Сауаттылық» сөзі оқушылардың алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты: құрдастарымен қарым-қатынас жасау, туыстарымен жүздесу, білім алу, қызметке орналасу, ортаға бейімделу. 


PISA зерттеулерін оқу сауаттылығы мәтіннен қажет ақпаратты табумен

бағаланады: 


1. Мәтіннен қажет болатын көп ақпарат алу; 
2. Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу; 
3. Мәтіндегі ақпараттарды жіктеу; 
4. Терең мазмұнды ақпаратты табу
5. Күрделі мәтінді қорытындылау; 
6. Мәтіннен ой түю. 

5-8-сынып оқушыларына даярланған тапсырма түрлері:

5-сынып.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет