Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың 2009 жылғы жағдайы Өскемен қаласы 2009 мазмұНЫ



бет5/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,54 Mb.
#10281
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Балалар арасындағы қылмыс және отбасылық қолайсыздық. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, құқықбұзушылықтың, панасыздық пен қадағалаусыздықтың, нашақорлықтың, суицидтің алдын алу бойынша жұмыстар.

2009 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 861, яғни өткен жылмен салыстырғанда 128 қылмысқа кем (2008 жылы 989 қылмыс). Жасөспірімдермен жасалған қылмыс барлық тіркелген және ашылған қылмыстың 8,1% құрайды (2008 жылдың сәйкес кезеңінде – 8,8%).



Ағымдағы жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуі Өскемен (159), Семей (158), Риддер (67) қалаларында, сонымен қатар 6 ауданда байқалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде 2009 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған келесі қылмыс түрлерінің төмендеуі байқалады: адам өлтіру 13-тен 6-ға, ауыр дене жарақатын түсіру 13-тен 6-ға, зорлау 9-дан 5-ке, ұрлық 363-тен 283-ке, тонау 147-ден 112-ге, алымсақтық фактілері 33-тен 18-ге, көлік ұрлау 46-дан 17-ге, бұзақылық 52-ден 49-ға, ал алаяқтық фактілері тіркелмеген.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, жасөспірімдермен жасалатын тонау мен ұрлық, сонымен қатар ұялы телефон ұрлау фактілері біршама азайған. Мамандардың айтуы бойынша, кәмелетке толмағандардың топтасып және ересектердің қатысуымен жасалынған қылмыстың төмендеуі байқалған. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың аса ауыр түрлері бойынша көрсеткіштердің Риддер қаласында 41-ден 67-ге, Зырян ауданында (111), Ұлан ауданында (29), Бородулиха ауданында (15) артқаны, ал Семей қаласында, Шемонаиха және Күршім ауданында төмендеуі байқалады. Облыстың лицей мен гимназия оқушыларының арасындағы қылмыстың саны біршама азайған. Осылайша, бұл көрсеткіш Зырян және Ұлан ауданында 72-ден 36-ға және 61-ден 28-ге жеткен. Жас мөлшерлері бойынша 12-14 жас аралығында 300 жуық, 15-18 жас аралығында шамамен 600 адам.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша 2010 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша себепсіз сабақ босатқан 596 оқушы анықталып, оның 555 мектепке қайтарылған. Бүгінгі күні оқумен қамтылмаған 41 оқушы бар, олардың ішінде 10 оқушы тергеуде, 9 – іздеуде, 18 – оқығысы келмейді, 4 – көшіп-қонушылар, бұлардың барлығы қолайсыз отбасылардың балалары.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекцияда 2099 бала тіркелген. Мұндай жасөспірімдердің құқықбұзушылық жасауына ықпала ететін жағдайлардың бірі күні бойы және каникул кезінде олардың бос жүруі. Биылғы жылы жазғы науқан кезінде олардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған ауқымды бағдарлама жұмыс істеді. Балалар мектеп жанындағы, профильді, қала сыртындағы және спорттық-сауықтыру лагерьлерінде демалып қайтты. Мысалы, Өскемен қаласының мектептерінде оқитын қиын балалар қала сыртындағы С. Ковалев атындағы лагерьде болды.

Толық емес отбасындағы психологиялық және ауыр материалдық жағдай, ішімдік пайдаланатын ата-аналардың кері әсері жасөспірімдерді қылмыс жасауға, құлықсыз тәртіпке итермелейді. 2009 жылы ішкі істер органдарында 1267 қолайсыз отбасы тіркелген, онда 1945 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленген.

Қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайын, қиын балалардың кешке бос уақытын өткізуін, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдері мен шылым сату, олардың ішімдік қолдану фактілерін, түнгі уақытта ата-аналары немесе заңды өкілісіз жүрген балаларды анықтау мақсатында «Балалар түнгі қалада» атты акция өткізілді, ағымдағы жылы осындай 6836 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Осы іс-шара аясында көңіл көтеру орындары, компьютерлік клубтар, теміржол және автобус вокзалдары тексеріліп, қолайсыз отбасылардың үйін аралау жүргізілді.

Мектепке қарасты ықшам аудандар бойынша педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен бірлесіп жүргізілген рейдтер жасөспірімдердің сабақтан тыс кезде бос уақыттарын өткізуі туралы жедел мәлімет алуға және бірлесе отырып, олардың мектептен тыс бос уақыттарын ұйымдастыру үшін шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Қоғамдық жұмыстарға және еңбекке тарту арқылы әумесерлік мінез-құлықты балалардың жағдайын тұрақтандыру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі. Мектептерде «Құқықтық оқу» жұмыс істейді, онда мектеп инспекторлары оқушылармен бірлесіп «Адам және заң», «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» және тағы басқа тақырыптарды талқылады. Барлық сыныптарда «Азаматтылық», «Құқықтық сана», «Жас және жауапкершілік» сияқты тақырыптар бойынша дәрістер оқылды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Дені сау жастар – сау мемлекет», «Зиянды әдеттердің жасөспірімдердің денсаулығына әсері», «Жасөспірімнің еңбек және демалыс кестесі», «Ата-аналар және балалар», «Балалар өмірден үйренеді», «Заң және тәртіп», «Құқықтық мемлекет мектептен басталады», «Сенің өмірің сенің қолыңда» және тағы басқа тақырыптар бойынша әңгімелер, сынып сағаттары өткізілді.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелердің білім беру ұйымдарымен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасауы нәтижесінде ғана өз шешімін табады. Осы мақсатта мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың қатысуымен бірлескен семинар-кеңестер өткізіліп тұрады.

Осылайша, 2009 жылғы 31 наурызда Өскемен қаласындағы №26 орта мектеп жанында мектеп инспекторлары мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен қалалық семинар өткізілді. Семинар тақырыбы - «Өскемен қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мектеп инспекторлары мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының бірлескен жұмысы».

2009 жылғы 10 қыркүйекте Өскемен қаласындағы №15 кәсіптік мектеп жанында мектеп инспекторлары мен қалалық және аудандық білім бөлімдері өкілдерінің, мекеме басшыларының қатысуымен «Мектеп оқушыларының арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу әдістерін жетілдіру» сұрағы бойынша бірлескен семинар-кеңес өткізілді.

Семинардың мақсаты – кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін аймақтық деңгейде шешу. Семинар қорытындысы бойынша алдағы уақытта жалғастыруды қажет ететін кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарындағы үздік тәжірибені тарату, мектеп инспекторларының санын арттыру сияқты ұсынымдар қабылданды.

Білім беру мекемелеріне полицияның учаскелік мектеп инспекторларын бекіту оқушылардың сабаққа қатысуының нақты жағдайын және жергілікті жерлердегі білім органдарының жұмысын біліп отыруға мүмкіндік туғызды.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 163 білім мекемесіне (105491 оқушы) бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының штаттық саны 163 бірлікті құрайды. Олар есепте тұрған жасөспірімдерге бақылау жасап, оқу үрдісіндегі және айналасындағылармен қарым-қатынасындағы қиыншылықтарды, дамуындағы кемістіктерді, ауытқуларды зерделеп, үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Мектеп инспекторлары сынып жетекшілермен бірлесіп тәрбиенің жеке басқа бағытталған технологиясы арқылы анықталған кемшіліктерді жоюдың жолдары мен әдістерін жоспарлап отырады. Жыл көлемінде мектеп инспекторлары мен сынып жетекшілері осы бағытта жұмыс істеді, «қиын» балалардың түрлі топтарға кіруі мен ол топтардың жасөспірімдерге ықпал етуі туралы мәліметтерді анықтау мен растау бойынша жұмыстар жүргізілді. Отбасының бала тәрбиесіне кері әсер етуіне жол бермеу, баланы отбасында туындайтын жанжалдардан арашалау үшін отбасындағы жағдайды зерделеп, алынған мәліметтер негізінде отбасының толық сипаттамасы жасалынады. Алдағы уақытта оқушылар мен ата-аналар үшін жедел көрнекі ақпараттандыруды дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Жалпы айтқанда, облыс мектептерінде жеткіншектермен жұмыста педагогикалық ұжым, ата-аналар және қоғам тарапынан ерекше назарды талап ететін белгілі бір жүйе қалыптасқан. Мектеп инспекторларын енгізгеннен кейін бұзақылық әрекеттер жасау фактілері бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар саны азайған.

Облыс бойынша жекелеген басым бағыттарға сәйкес кәмелетке толмағандар арасында суцидтің алдын алу бойынша нысаналы жұмыстар жүргізілуде. Көрсетілген іс-шаралардың негізгі орталығы мектеп және мектептен тыс мекемелер болып табылады. 2008 жылдың наурыз айынана ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті түскен ақпарат негізінде ұдайы жаңартылып отыратын суцидтің барлық фактілері бойынша деректер базасын қалыптастырды. Ақпараттың растығын қамтамасыз ету мақсатында ай сайын денсаулық сақтау және ішкі істер органдарымен салыстырып отырады. Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының 2008 жылдың 7 қарашасында бекіткен Шығыс Қазақстан облысындағы балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша 2008-2010 жылдарға арналған ведомствоаралық іс-шаралар Жоспарын орындау үшін және ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсыныстыры негізінде аймақтағы білім бөлімдері 2008-2010 жылдарға балалар мен жасөспірімдер арасындағы суцидтің алдын алу бойынша іс-шара жоспаларын құрды. Іс-әрекеттің қорытындысы құрылған есеп нысандары арқылы анықталып отырады. Шығыс Қазақстан облысы жасөспірімдер қылмыстығы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш көрсетеді. Оның себебі кәмелетке толмағандардың девианттық мінез-құлық ерекшеліктерінің жағымсыз әрекеттері суицид жағдайына итермелейді. Осы және басқа да себептер елеулі санының уағдалы болуына әкеп соқтырады. Осыған байланысты, көрсетілген қызмет аясы маңызды болғандықтан осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде.



Сонымен, 2009 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандар арасында 80 суицид фактісі тіркелген, оның ішінде суицидке ұмтылу -46. Жынысына қарай: ер бала - 24, қыз бала - 56.

Отбасының әлеуметтік жағдайы: толық отбасында - 39, толық емес отбасында - 41. Барлығы 80, оның ішінде аз қамтылған отбасынан - 49. Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид мәселелерін зерттей отырып, көбінесе жасөспірімдер өзіне-өзі қол жұмсаумен немқұрайлы ата-аналарының, педагогтардың көңілін өз мәселелеріне аударуға тырысатынын көруге болады. Оған жалғыздықты сезінген, өзін керексіз сезінген, түңілген, мінезі тұйық, көңілі бос, ауыл және қалалық жасөспірімдер бел байлайды. Суицидке итермелейтін себептер сан түрлі, отбасындағы моральдық ахуалмен қатар балалар мен жасөспірімдердің психикалық жағдайы. Басқа жағдайларда ата-аналар суицид себептерін жасырады, олардың сөздеріне қарағанда отбасында өзіне-өзі қол жұмсайтындай ешқандай жағдай болған жоқ.
3. Бала еңбегінің ең ауыр түрлерін, трафикті, балалардың қару-жарақ қақтығыстарына қатысуын алдын-алу.

Республикада бала еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту мәселесі аса маңызды болуда. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында балалар еңбегін қанаудың салалары мен түрлеріне келесілерді енгізген: ауыл шаруашылығында, құрылыста, жеке меншік түріндегі кәсіпорындарда ауыр жұмыстарды орындауда, онда бала еңбегі жасын ескерусіз және келісім-шарттық міндеттемелерді бұзумен қолданылуда. Республикада шаруа және фермерлік шаруашылықтарда бала еңбегін пайдалану мәселесін қосымша танып-білу қажет етілуде.

Осыған байланысты, сәйкес уәкілетті органмен шаруа және фермерлік шаруашылықтарда бала еңбегін пайдалану, балаларды жезөкшелік, қайыр тілеуге тарту, сондай-ақ табыс табу мақсатында есірткі трафигі кезінде және оларды сатуды пайдалануға зерттеу жүргізу қажет.

Облыста бала құқығы мен еңбектерін қанау бірқатар фактілер анықталған. Осылайша, Семей қаласында прокурорлық тексеру барысында «Ғасыр» ойын салонында оператор ретінде 1994 жылы туған Анна Сергеевна Федюра жұмыс істегендігі, еңбек келісім шарт жасалмағандығы анықталды. «Камилла» дүкенін тексеру кезінде де сатушы ретінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған 1995 жылы туған А. Нурмукашева анықталды. Анықталған еңбек заңнамасының бұзулу фактілері бойынша Семей қаласының прокуратурасы Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі бастығының атына заңнама бұзушылықтарын жою жөнінде ұсыным шығарылды. Ұсынымды қарау нәтижелері бойынша Семей қаласының мемлекеттік еңбек инспекторының қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87 бабы негізінде 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуратурамен қолданған іс-шаралар негізінде 4 кәмелетке толмаған баланың конституциялық құқықтары қорғалған.

Бала еңбегінің ең ауыр түрлерін қанауды жоюдың тиімді механизмі мүдделі мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу болып табылады.

2009 жылдың 1 маусымынан 12 маусымына дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясы өткізілді.

ҰАК міндеттерінің бірі орындарында тілшілердің қатысуымен, бұқаралық ақпарат құралдарында балалар еңбегінің проблемаларын жариялаумен, іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ересектер мен балаларды қоса отырып, балалар еңбегінің ең ауыр түрі мәселелері, оның ауқымдары мен сипаттамалары, бала мен қоғам үшін тиетін салдарлары туралы жұртшылықтың ақпарат алуын көтеру.

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясын өткізу кезінде 42884 бала, 2267 білім беру бөлімдері, мектеп өкілдері, 249 ішкі істер бөлімдерінің, ата-ана қауымы өкілдері, 220 денсаулық сақтау органдары өкілдері, сондай-ақ кәмелетке толмағандар және олардың құқықтары қорғау жөніндегі өңірлік комиссия өкілдері қатысты.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында қиын өмір жағдайына түскен балалар өтініш жасауға болатын «сенім телефоны» жұмыс істейді, онда құрбан болу мүмкіндіктерін алдын-алу тәсілі туралы құпия ақпарат беріледі.

Сонымен, білім бөлімдері, ішкі істер органдары мен басқа мүдделі ведомстволармен балаларды сату, балалар жезөкшелігі, бала порнографиясын алдын алу жөніндегі бірлесіп жасаған жұмыстарын, өткізілген іс-шаралардың мақсатқа бағытталғандығын және мазмұндылығын атап өтуге болады.

Қазақстан Республикасымен ратифицирленген балалардың қарулы қақтығыстарға қатысты балалардың құқығы туралы Конвенцияға Факультативтік хаттама 18 жасқа толмаған тұлғаларды қарулы күштерге шақырудың әскери әрекеттері мен міндеттемелеріне тікелей қатысудың қол жетімсіздігін көрсетеді. Балалардың қарулы қақтығыстарына қатысты балалардың құқығы туралы Факультативтік хаттаманы орындау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру мекемелерінде құқтың міндетті сабақтары сабақ кестесіне енгізілген, сондай-ақ стандартсыз және төтенше жағдайлардағы адамның мінез-құлқы туралы ақпаратқа стендтер орнатылған. Сол сияқты террорлық актілер кезіндегі адамның мінез-құлқына оқу жаттығулары жоспары іске асырылады. Алғашқы әскери даярлық сабақтарында оқушылар шегеруге келмейтін медициналық көмек көрсету негіздерін оқиды.

Облыстың көптеген аудандары мен қалаларында, атап айтқанда Өскемен, Зырян, Ұлан, Шемонайха және Глубокий аудандарында жыл сайын жастарға арналған әскери-дала жиыны өткізіледі. 2009 жылдың көктемінде Зырян ауданында «Зорька» демалыс базасында дала жағдайында (ҚССЛ) аудан мектептерінің 10 сыныбының 180 жастары оқудан өтті, іс-шаралар жоспарына сәйкес балалардың қарулы қақтығыстарына қатысты балалардың құқығы туралы Факультативтік хаттаманы орындау үрдістері мен ережелерін насихаттау және таратуды кеңінен қамтамасыз етеді. Осы бағыт бойынша балалардың террорлық ұйымдар әрекетіне қосылуы, ұлтаралық қатынастарды өршіту, алыс шетелдерде терроршыларды дайындау үшін мектептерде түлектерді оқытуды болдырмаудың алдын алу бойынша түлектердің ата-аналарымен әңгімелесулер орын алуда. Әрбір мектепте «Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуы», «Шұғыл желілердегі қару қақтығыстары» тақырыптарына ата-аналарға арналған дәрістер міндетті түрде өткізіледі. Осы іс-шаралардың мақсаты ата-аналарды балаларды қарулы қақтығыстарға қатысуға тартқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жазалар туралы ақпараттандыру болып табылады. Барлық мектептерде балалар аудиторияларында «Дети Беслана» бейнефильмі көрсетілді, Ауғанстан, Шешен Республикаларындағы қару-жарақ қақтығыстарын мысалға келтіре отырып «Балаларға қарсы соғыс» тақырыбына дөңгелек үстелдер өткізілді, «Балалар көзінше бейбітшілік» тақырыбына бала суреттерінің көрмесі, «Біз бейбіт аспан үшін» тақырыбына кітаптар мен брошюралар көрмесі ресімделіп, 9-11 сынып оқушылары арасында «Қарулы қақтығыстарда өзін ұстай алу» тақырыбына пікір-талас өткізілді. Тәрбие жоспарларында сынып жетекшілері бөгде адамдармен кездескендегі балалардың мінез-құлқы туралы алдын алу әңгімелесулері орын алуда.



Балалықтың қазіргі заманғы жағдайын талдау жат қылықтарды жою, түбегейлі ұйымдастыру және құрылымдық қайта құрулар өткізудің кешенді шараларды қабылдау қажеттігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет