Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың 2009 жылғы жағдайы Өскемен қаласы 2009 мазмұНЫ


Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық жобаларды жүзеге асыру



бет9/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,54 Mb.
#10281
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық жобаларды жүзеге асыру

2008 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар Қорымен тығыз ынтымақтасады. Біздің балалардың игілігі үшін 2008 жылдың 7 мамыры күні Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі мен (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар Қорымен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалды. 2008 жылдың мамыр айында Өскемен қаласының әкімімен жасалған келісім шарт аясында Өскемен қаласында «Балаға мейірімді қала» жобасы жүзеге асуда, жобаның мақсаты - азаматтар мен жергілікті орындаушы органдарды қала ортасы мен территориясын көркейтуге және Өскемен қаласында тұратын балалардың құқықтарын сақтау мен жағдайларын жақсартуға тарту. Біріккен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында балалар мен отбасы мәселесі бойынша қалалық үйлестіруші топ құрылды.

Қала әкімімен жүйелі түрде балалармен кездесу өткізіліп тұрады, балалар жағдайын, балалар мен отбасына көрсетілетін әлеуметтік қызметтің жағдайын бағалау және мониторинг жүргізіледі, отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.

(ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар Қорының қолдауымен жұмыс тобының ерекше қажеттілікті талап ететін балалар бойынша 5 отырыс өтіп, 3 жылға жұмыс жоспары құрылды. 2008 жылдың 21 қарашасында Өскемен қаласында жұмыс тобының ерекше қажеттілікті талап ететін балалар бойынша бесінші отырысы өтті. Мақсаты: Әлеуметтік стандартты енгізудегі сектораралық іс-қимыл жоспарын жасау. Осы келісімшарт аясында 2008 жылдың тамыз айында Семей қаласында ШҚО әкімшілігінің, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Семей қаласы әкімшілігінің жобасы бастау алып, осы жоба аясында нәресте және ана өлімін азайтудағы бірқатар іс-шаралар өткізілді. Семей қаласында ұлттық және жергілікті тренерлерді дайындау бойынша келесі бағыттар бойынша семинарлар өткізілді: БҰҰ қорымен бірігіп тиімді перинаталды көмек; бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қатысуымен неонатология, акушерство және гинекология бойынша; бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған ұлттық тренерлердің қатысуымен жалпы тәжірибе дәрігерлері мен педиатрларына, патронажды медбикелерге арналған ерте жастағы балаларды дамыту бойынша. «Ерте жастағы балаларды дамыту» бағдарламасы бойынша 2008 жылдың тамыз айында Семей қаласында «Семей қаласы полигоны территориясындағы тұрғындар қауіпсіздігін нығайту» жобасы бастау алды.

Барлығы 2008 жылда ерте жастағы балаларды дамыту бағдарламасы бойынша - 102 дәрігер педиатр, 110 бала медбикесі оқытылды. 2008 жылы ЮНИСЕФ-тің қаржысына толық жарақтандырылған Семей қаласының №1 аралас типті поликлиникасында және №12 тренингтік отбасылық дәрігерлік амбулаториясында 2 сау балалар кабинеті ашылды.

Семей қаласында мемлекеттік органдар мен ШҚО үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері үшін "Жергілікті деңгейде отбасы және балалар мүддесі дегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жоспарлау, іске асыру, мониторинг және бағалау " атты мемлекеттік қызмет бойынша ҚР Агенттігімен, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы гендерлік саясат және отбасы ісі бойынша ұлттық комиссиямен және ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен балаға мейірімді әлеуметтік-экономикалық саясат бойынша тренинг өткізілді. Тренингте Шығыс Қазақстан облысы Семей, Риддер, Курчатов қалаларымен, Абай ауданының 28 өкілдері мен т.б. қатысты.

2009 жылы ЮНИСЕФ және Семей қаласының Медициналық Университетінің сарапшылары бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жасаған "Аналар мен жаңа туған балаларға стационарлық қызмет көрсетудің сапасын бағалау инструментін" қолдана отырып зерттеу жүргізді. Зерттеудің мақсаты: перинаталды көмектің мұқтаждығы мен қажеттілігін анықтау, аймақшылықты есепке ала отырып көмек ұйымдастыруды, айтылған стратегияны қадағалауға қолайлы және тиімді ендірудегі нормативтік-құқықтық құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныс әзірлеу. Сонымен қатар, 2009 жылдың 23-29 тамызында ЮНИСЕФ БҰҰ-ның халықты орналастыру қорымен бірігіп неонатологтарға және акушер-гинекологтарға арналған оқыту курстарын өткізуге ықылас білдірді:

- 2009 жылдың тамыз айында Семей, Курчатов қалаларының және Абай, Бескарағай аудандарының дәрігерлері мен медбикелеріне арналған «Ерте жастағы балаларды дамыту» жобасы бойынша оқыту тренингтары өкізілді;

- «Жаңа перинаталды технологияларды енгізу» барысында Семей қаласы мен жақын жатқан өңірлердегі 20 неонатолог және акушер-гинеколог дәрігерлері оқытылды;

- ерте жастағы балаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдың 19 қарашасында ЮНИСЕФ өкілдерінің, ЮНИСЕФ кеңесшісінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті;

- өңірдегі ұн тартатын кәсіпорындарда ұнды дәрумендермен байытуды енгізу бойынша «дөңгелек үстел» және семинар (Өскемен, Семей қалаларының ұн тартатындарына, жергілікті бақару және орындаушы органдарына және т.б.).

2009 жылдың 7 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаев пен Қазақстан Республикасындағы (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалалр Қорының өкілі Ханаа Сингер арасында 2009-2010 жылдарға бала мен ананы қолдау мен қорғауға арналған Келісім шартқа қол қойылды. Келісім шарттың іс-қимыл Жоспарын жүзеге асыруда Шығыс Қазақстан облысының білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы басқармалары жұмылдырылған. Жобаның үйлестірушісі балалардың құқығын қорғау департаменті болып табылады.Келу барысында ЮНИСЕФ өкілдері Семей қаласын, Өскемен қаласының отбасы мен балалықты қорғау орталығы мен әкімшілігінде болып қайтып, онда "Балаға мейірімді қала" жобасының есебі тыңдалды. Сонымен қатар ЮНИСЕФ өкілдері Шығыс Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен отбасы мен балалықты қорғау орталығының мамандарына жоғарыда айтылған жобаны ары қарай жүзеге асыру бойынша кеңестер берді.

Қазақстан Республикасының "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы" заңына сәйкес, (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалалр Қорының халықаралық кеңесшілерінің ұсыныстарын ескере отырып және Шығыс Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау департаментіның қолдауымен Өскемен қаласының отбасы мен балалықты қорғау орталығы қиын өмір жағдайына тап болған балалар мен отбасына қызмет көрсету бойынша стандартын дайындады. Стандартар отбасы мен балалықты қорғау орталығының мамндары мен мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызметіне бағытталған.

2005 жылдан бері «Үміт» балалар үйінің балалар Ассамблеясы мен Ресей Федерациясының Барнауыл қаласының ұлттық-мәдени бірлестігінің Ассоциясы тығыз ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Жыл сайын әлемнің әр түпкірінен - Украина, Монголия, Қытай, Татарстан және Ресей қалаларынан «Біз біргеміз» достық фестиваліне жиналады. 4 жыл қатарынан Өскемен қаласы «Үміт» балалар үйінің балалары мен біздің облыстың шығармашылық ұжымдары Қазақстанның атынан шыққан. 4 жыл ішінде 14 ұжым, оның ішінде 11 балалар ұжымы қатысқан. Барлық жылдары бірінші орын алып, Новосібір қаласының сондай достық фестиваліне шақырылаған. Алдағы ұлттық-мәдени бірлестігінің Ассоциясымен бірлескен жұмыстарда дарынды және талантты балаларды анықтаумен қатар, интеллектуалды бағдарламаларға қатысу бойынша үлкен жоспар құрылған.



Жоғарыда айтылған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесі барлық мүдделі органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың біздің облысымыздағы ана мен балалықты қорғау жүйесін жетілдіру бойынша мәселелер тиімділігінің жоғарылауы болды.
Шығыс Қазақстан облысында балалардың жағдайын

жақсарту жөніндегі ұсынымар
Облыста балалардың жағдайын жақсарту және жергілікті бағдарламаларда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгі шаралар ретінде төмендегілерді айтуға болады:

  • Жүктілерді босануға дейінгі қадағалайтын барлық мекемелерде жүктілік кезінде «Ана қауіпсіздігі» қағидасын енгізуді, жүктілерді «Үрейсіз босану» және өзіне-өзі көмектесу қағидасымен оқытуды ұйымдастыру және облыстың барлық өңірінде дені сау бала кабинетін ұйымдастырып, оларды жедел көмек көрсетуге арналған жабдықтармен жабдықтау қажет;

  • Есту мен көру қабілеттерінде кемшіліктері бар балаларды анықтау және уақытылы медициналық көмек көрсету мақсатында босандару ұйымдарын қазіргі замандағы жабдықтармен жабдықтау;

  • Отбасын жоспарлау және жасырын түсіктерді төмендету бойынша жұмыстарды одан әрі жетілдіруді, санитарлық-ағарту жұмыстарын және «тәуекел топтармен» жұмыс жасауды күшейту, жыныс жолымен берілетін жұқпаларды, сондай-ақ АҚТҚ-жұқпаларының трансмиссиялық берілуін алдын алуды жүйелі түрде жүргізуді қамтамасыз ету қажет;

  • Балалар емдеу-алдын-алу мекемелерін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету;

  • Балалар мен жасөспірімдерді білім алу, дамыту, әлеуметтендіру мен тиімді жұмыспен қамту үшін ең үздік жағдайлармен қамтамасыз ету;

  • Балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтуды арттыру және оларды мектепке дайындау кезінде тең бастапқы мүмкіндіктерін құру мақсатында мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде балалар бақшасын қайта жаңғырту, салу және шағын-орталықтар ашу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет;

  • Білім беру мекемелерінде аттестациялауды өткізу кезінде балалар құқықтарының сақталуын бағалау көрсеткіштерін енгізу;

  • Ауылға жас мамандарды бекіту аудан және қала әкімдерінің ұстанымы мен қызығушылықтарына көп байланысты. Ведомстволық тұрғын үйлерді, үй алуға ипотекалық несие, көтерме ақы және әлеуметтік көмектің басқа түрлерін қарастыру қажет;

  • 12-жылдық оқуға көшуге байланысты педагог кадрларды дайындау және қайта даярлауды жетілдіру қажет;

  • «Өзін-өзі тану» пәнін енгізуге байланысты білім ұйымдарын «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығы ұсыныстарына сәйкес арнайы кабинеттермен қамтамасыз ету қажет;

  • «Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларын қайта дайындау мен біліктерін көтеру курстарын ұйымдастыру;

  • Тегін тамақтану мен оқушыларды мектепке дейін сапалы жеткізумен қамтамасыз етудің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу;

  • Ескірген мектеп ас блогының матриалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы технологияларды енгізумен жетілдіру және жаңарту, жалпы білім беретін мекемелерде тамақтану мәселелері бойынша аймақтық қолданыстағы бағдарламалар аясында «Мектептегі сүт» және «Мектептегі бал» іс-шараларын енгізу;

  • Қауіпсіз жеткізумен қамтылған балалар санын өсті, ол үшін 76 мектеп автобустарын сатып алу қажет;

  • Шағын комплектілі мектептері бар облыстың 5 ауданында (Катон-Қарағай, Көкпекті, Күршім, Бесқарағай) мектеп жанындағы интернаттар ашу қажет;

  • Кәсіптік және техникалық білім кәсіби стандарттарға негізделген және еңбек нарығында сұранысқа ие болуы тиіс. Осыған байланысты, білім мекемелерінде құрылыс, коммуналдық шаруашылық, тағам өндіру технологиясы, энергетика сияқты мамандық түрлерін арттыру қажет;

  • Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқушыларын (студенттерін) жатаханамен қамтамасыз ету қажет;

  • Балалардың бос уақытын ұйымдастыру және оларды қосымша білім берумен қамтамасыз ету үшін 37 (соның ішінде 8 ауылды жерде) қосымша білім беру мекемелерін ашу қажет;

  • Зырян, Көкпекті, Глубокий, Ұлан, Катон-Қарағай аудандарында жаңа балалар кітапханаларын ашу қажет;

  • Балаларды толыққанды демалыспен және сауықтырумен қамтуды ұлғайту мақсатында 2010 жылы бүгінгі күні лагерьі жоқ 5 аудан (Аягөз, Глубокое, Бесқарағай, Көкпекті) мен Курчатов қаласында қала сыртындағы лагерь ашу қажет;

  • Балалармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технологиялар мен формаларын енгізу, отбасылық қолайсыздықты алдын-алу (әлеуметтік еріктілер, әлеуметтік оңалту, көшедегі әлеуметтік жұмыс, достасу қызмет мектебі);

  • Ерте жастағы балалардың институционалдауын алдын-алу үшін «қауіп тобы» отбасылармен алды-алу жұмыстары бойынша кешенді іс-шаралар өткізу;

  • Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында білім беру мен құқық қорғау органдарына «қауіп тобындағы» балалармен, мектепішілік және ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдермен алдын алу жұмыстарын күшейту қажет. Мүдделі органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы шалғай жатқан ауылдық жерлерге ерекше назар бөле отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар туралы аймақты хабардар ету деңгейін арттыру бойынша күш жұмсау керек;

  • Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа, қолайсыз отбасылар мен онда тәрбиеленіп жатқан, ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған, ішімдік, есірткі және психотроптық заттарды пайдаланатын балалардың жағдайына мониторинг жасап, осындай балалардың санын азайту, қиын өмір жағдайындағы балаларға қолдау көрсету үшін мүдделі органдардың өзара байланысын нығайту қажет;

  • Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты алдын-алу мақсатында олармен жұмыс істейтін барлық мамандардың әлуетін нығайту керек;

  • Облыстың білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына жыл сайын, 2010 жылдан бастап, бюджетті қалыптастыру кезінде патронаттық тәрбие шарты бойынша тәрбиеге берілген балалар санын өсіру және қосымша патронаттық тәрбиешілерді енгізуді қаржыландыру көлемін көбейтуді қарастыруы қажет деп санаймыз;

  • Қамқоршылар мен қорғаншылардың қоғамдық қозғалысын дамыту;

  • Жергілікті атқарушы органдармен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізу;

  • Балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының асырап алуының санын көбейту мақсатында облыстың тұрғындары арасында асырап алу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту қажет;

  • Жергілікті бюджет қаражаты есебінен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі бойынша қосымша 65 мамандарды енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет;

  • Құқық меншігінде немесе жергілікті атқарушы органның актісімен бекітілген тұрғын үйі жоқ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдерінің арасында жеңілдетілген несие алу мүмкіндіне ие болу үшін, балаларға Тұрғынүйқұрылысбанкінде шоттар ашу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын белсендіру қажет;

  • Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытуды дамыту және кеңейту мақсатында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін, материалдық базамен, маман педагогтармен қамтамасыз етуге жағдай жасау керек;

  • Әр жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған Балаларды оңалту отбалықтарын ашу;

  • Әлеуметтік белсенділікті дамыту мақсатында, ата-аналардың заңнамалық сауатсыздықтарын жою, отбалылық тәрбие үрдісіне тарту үшін Риддер, Семей, Зырян қалаларында отбасы мен балалықты қорғау орталықтарын ашу қажет.

Біздің мекен-жай:

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

К.Либкнехт көшесі, 19

тел.:8/7232/28-04-06

e-mail: balaVKO@mail.ru



Горячая линия: 8/7232/26-46-36

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет