Шығыс қазақстан облысының білім басқармасы «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі»



бет1/12
Дата19.03.2022
өлшемі46,42 Kb.
#136394
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
пед оқу Ы.Алтынсарин
ЖБ. Медицина. Дәрілердің өзара әсерлесуі мен өзара алмастырылуы.7кред.210сағ., Та ырыбы Ж рек тамыр ж йесіне сер ететін заттар Ж рек гликозид

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ҰЛАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«А.С.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған


«Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары» атты педагогикалық форум
Тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин педагогикалық –ағарту қызметінің құндылық негіздері


Ы.Алтынсарин алып тұлға ретінде қазақ тарихында мәңгілік қала бермек. Оның есімімен қоса қолданылатын «ұлы ағартушы», «қазақтың тұңғыш педагогі», «қазақ мектебінің негізін қалаушы», «алғашқы оқулықтардың авторы», «қазақ балалар әдебиетінің атасы», «ұстаздардың ұстазы», т.б.с.с салиқалы да салмақты анықтамалар Ыбырай бабамыздың білім беру саласына сіңірген ұлан-ғайыр еңбегіне берілген әділ баға деп қолданылып жүр.
Шынында да, Ы.Алтынсариннің халқына сіңірген сан қилы қызметінде шоқтығы биігі-оның ұстаздық қыры, ағартушылық ісі. Сауатсыздық жайлаған сонау қара «қаратүнек» заманда халық ағарту ісіне жалғыз өзінің білек сыбана кірісуі көзсіз ерлік, таңғажайып батыл қадам еді. «Кел балалар оқылық!» деп жар салып қай жерде де «тіреу болар», «сүйеу болар» оқуға шақырып, туған халқын «өнер – білім, бар жұрттар» қатарына қосылуға үндеуі Ыбырай сынды дала данышпанының шын мәнісіндегі даналығын, көрегендігін паш етіп, жарқын өмірдің бастауы-тек білімде екенін болжай алғандығын айқын көрсетеді.
Баға жетпес құндылық білімді дәріптеуі- Ыбырай Алтынсарин өсиетінің өміршеңдігін нақтылаушы аса маңызды факторлардың бірі ретінде бүгінде көкейкесті мәселе болып отыр. Неге десеңіз, қазіргі жаһандану дәуірінде кемел білім мен кенен ғылым ғана елді өрге жетелейтінін адамдар түсінді.
Ы.Алтынсаринді ақын, жазушы, аудармашы дегендеріміздің өзі оның педагогикалық қызметінен шығып жатыр. Сондықтан да Ыбырайдың әдеби мұрасы, негізінен алғанда, оқушы балаларға арналады. Бұл туралы Ы.Алтынсарин мұрасын зерттеуші М.Жармұхамедұлы: «Ыбырай Алтынсарин мұрасының басым көпшілігі әдеби-көркем шығармалар болып келеді, алайда сол өлеңдері мен көркем әңгімелерін ол тек педагогикалық мұрат-мақсатқа сәйкес жазып жаратады, бұл жәйт оның жазушылығы мен педагогтігінің бір арнада бастау алатынын аңғартады».
Ұлы ағартушы ұстаздың қазіргі қазақ педагогикасынан алатын орны ерекше. Заман өзгеріп, таным жаңғырғанымен Ыбырай сияқты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы қазіргі оқушыларға да, жастарға да, ұстарздарға да үлгі. Ы.Алтынсарин нағыз ұстаздың, оқушыларға деген, өз мамандығына деген кемел сенім үлгісі. Ол хаттарының бірінде былай деп жазған болатын: «Осы жылы январьдың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірд; бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімдісалып отырдым. Күлсеңіз күле беріңіз, мен кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда да болып қоям; сөйтіп оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын... Менің үнемі ұмтылған тілегім: қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал, қазір осыған қолым жетіп отырғаныны ойласам, көңілім толық жұбаныш табады». Ұстаздың осы хатынан – ақ оның бала оқытуға деген ерекше ықыласын, терең сүйіспеншілігін тануға болады. Ы.Алтынсарин өзінің алдына ақындықты, жазушылықты, болмас аудармашылықты емес, ең алдымен ұстаздықты мақсат етті. Оның өлеңдері мен әңгімелері, ондағы көтерілген тәрбиелік идеядағы мәселелер жас жеткіншектер тәрбиесінде өзінің өзектілігін жоймақ емес. Білімге ұмтылушылық, адалдық, еңбекқорлық, талаптылық, адамгершілік, кішпейілділік сияқты жас баланың санасында орын алуға тиісті адами қасиеттер Ыбырай шығармаларының өзегі. Бұлар қай кезеңде болмасын, адам тәрбиесінде ерекше орын алуға тиісті қасиеттер десек, онда осылардың баршасын Ы.Алтынсариннің туындыларынан табамыз.сондықтан да қізіргі тәрбие мәселесінде Ы.Алтынсариннің орны ерекше. Айталық , оның «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесі арқылы балаларды ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулысақ, «Өнер білім бар жұрттар», «Балқожа бидің баласына жазған хаты» өлеңдері арқылы бастауыш сынып оқушыларын оқу-білімнің қажеттілігі, артықшылығы сияқты ойға жетелейміз.
Ыбырай Алтынсариннің қазіргі замандағы тәрбие беру үдерісімен сабақтасатын еңбектері оның халық ағарту мәселелері хақындағы ой-пікірлері. Бұл ой-пікірлерді біз оның мақалаларынан, хаттарынан, есептері мен рапорттарынан көреміз. Ыбырайдың бұл еңбектерінде де жоғарыда айтқандай, білім алуға құштарлық, еңбексүйгіштік, адамгершілік, адалдық, инабаттылық сияқты қасиеттерге ерекше мән беру байқалады. Ыбырай Алтынсариннің мұрасында айтылатын тәрбие берудің жан-жақтылығы жөнінде белгілі ғалымдарҚ.Жарықбаев пен С.Қалиев былай деп жазған болатын: «Көшпенді елдің өзінің ерекшелігіне орай ол имандылық, инабаттылық, ақыл-ой, еңбек, тазалық, сұлулық тәлімдеріне байланысты бірқатар тың айтты.Ұстаздық әдеп, ата-ана, ересектердің жас буынға үлгі-өнегесі, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселелерін қазақ өміріне орай түсіндірді». Мәселен, ұлы ұстаз: «Өмірдің негізгі мәні-еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады»- дейді. Оның бұл пікірінен ұстаздың еңбексүйгіштікті адам өміріндегі еңбектің рөлін қаншалықты түсінгендігін байқасақ, тағы бір маңызды жағы еңбектің мәнділігі мен пайдалылығын насихаттағанын көреміз. Сондай-ақ Ыбырайдың ойынша, адам өзінің істеген еңбегінен ләззат алу керек, тіпті оны ол «кісіліктің басты белгісі» деп бағалайды. Қазіргі тәрбие үдерісінде еңбек жайындағы оның осы үш ұстанымы да көкейкесті мәселе. Әсіресе жас ұрпақты өзі атқарған пайдалы еңбектен ләззат алуға баулу үлкен мәселе. Мектеп оқушыларын еңбек етуге баулуда оны бедел жинауға, пайда табуға, жеке басының мансабын арттыруға емес одан рухани қанағат алуға қарай бейімдесек, онда біз оны еңбек тәрбиесімен бірге, адамгершілік тәрбиесіне де тартқан болар едік. Бүгінде жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атанып, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылуға талпыныс жасалып жатқан шақта білімге басымдықтың берілуі «мыңмен жалғыз алысқан» Алтынсарин таңдаған жолдың жаңаша жаңғырғандығы деп білеміз. Неге ?
Ұлы ағартушы өмір сүрген кезең қазақ жерінде сауатсыздықтың қаймағы бұзылмаған, «оқу», «жазу» ұғымдарының санаға сіңе қоймаған ауыр кезең еді. Ол кездегі білім берудің мақсаты қараңғылықтан мүлгіген халықтың мойнын жарық сәуле шашар білім әлеміне қарай бұру болатын. Соның өзінде дана Ыбырай бабамыз қазақтарды білім нәрімен сусындату арқылы өнер-білім бар жұрттар қатарына қосуды көкседі.
Ресей империясының мәдениетімізді жойып, халықты қараңғылықта ұстағысы келген арам ниетінің өзін жақсылыққа жорыған ұлы ұстаз Ыбырай ерен еңбегінің арқасында Қазан төңкерісіне дейін Торғайда ашылған мектептер баға жетпес қызмет көрсетті. Бұл талай айтылған да, жазылған да баршамызға мәлім жайт.
1864 жылғы 8 қаңтарла Торғайда мектеп ашылып, Алтынсариннің көптен күткен ісі орындалғанын, оның «балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кіріскенін» бүгінде білмейтін жан кемде-кем. Сөйтіп, Ыбырай бабамыз қиын-қыстау кезеңде, сонау XIX ғасырда туған елін «өнер-білім бар жұрттар» қатарына қосылуға үндеп, осы жолда өмірінің ақырына дейін аянбастан тер төкті.
Ол білім беру ісіне жүрек қалауымен келді. Торғайда уездік басқарманың іс жүргізушісі. Уезд бастығының аға көмекшісі, судья қызметтерін атқара жүріп, ел назарына ілікті, орыс достарының ықыласына бөленді, әйтсе де бұл тірлігін місе тұтпай, адам әуелетін арттыратынқұдіретті күш-білім беруге-аңсары ауды. Бұл іске біршама уақыт шыңдап кіріспегеніне өкініш білдіріп, былайша жазған екен: «Пайдалы және пайдасыз жұмыстарда, ал кейде өте қиын, жүріп-тұру керек қылатын жұмыстарда он жыл өмірім өтті» (1873 жылғы 20 наурыз). Мұның алдында орыс алфабиті мен оқу құралын құрастыруға халық ағарту минстрінің ұсынысымен Қазан қаласына жіберілді деген хабар жеткенде, Алтынсариннің қуанышында шек болған жоқ. Бұл турасында Н.И.Ильминскийге: «Бұл осылай бола қойса, мен өте бақытты болар едім. Қазанда болсам, жақсы адамдарды көрсем, олардың ақылын тыңдап, тәлім алсам деген тілегім, ақырында, орындалар еді» деп жазады.
XIX ғасырда бастамшылық таныту Алтынсариндей арыстың ғана қолынан келетін аса қиын шаруа болғаны айтпаса да түсінікті. Айталық, мектеп салғызу, оқу құралдарын сатып алу секілді мәселелерді шешуде сол кездегі қазақ даласының бас ұстазы демеушілердің көмегіне жүгінген.
Бойындағы ұтымды ұмтылыс, табанды талпыныс, ілкімді ізденіс оны үнемі алға жетелейді. Қоғамға пайдалы болу үшін, тіл үйрену, білім жетілдіру қажеттігін түсінген мақсаткер жас алысқа көз тігеді, биіктерге қол созады. Бұл турасында: «Қазақ арасы деген мамық-төсек, кең жайлау ғой, бірақ маған енді орыс қоғамының керектігі сезіліп жүр. Олардың арасында болсам, мен орыс тілін үйрене берер едім. Орыс тілін, одан кейін басқаларын үйреніп алайын деген ойға беріліп, орыс тілін өте нашар білуіме қарамастан, мұғалім болудың соңына түсіп кетіппін» деп жазады. (1861жылғы 19 қаңтар)
Қорыта айтқанда , Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот. Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен біліммен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты.
5-9 сыныптарда ұлы ағартушы – ұстаздың мұраларының енгізілу себебі, Ыбырай Алтынсариннің қазақ жұртшылығын қараңғы түнектен алып шығып, тұңғыш рет ана тілімізде сауаттылық жолына бастауда сан түрлі ұлттық мектептер ұйымдастырып, мектеп және мұғалімдер үшін оқулық пен әдістемелік еңбектер жоғалмақ емес. Сондықтан да бүгінгі педагог қауымы ағартушы шығармаларын өз жұмыстарында үнемі басшылыққа алып келеді. Ыбырайдың өлең, әңгімелері түгел дерлік оқушысына түсінікті, тілі жеңіл, тәрбиелік мәні зор, оқып отырған оқырманына үлкен ой салатындай тақырыбы әсерлі, көркем бейнеленген және ойын жеткізуде тілдік стиль ерекшелігі зор.
Мектеп бағдарламасына Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының оқушыға жеңіл, түсінікті оқушының жас ерекшелігін ескере отырып кейбір әңгіме, өлеңдері берілген. Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ.
Ыбырайдың да алға қойған мақсаты-қайткен күнде де «қалың елі, қазағым» терезесі тең көсегелі, көргенді мәдениетті, өнері өркендеген ел қатарына қосу болатын. Осы жолда сан кедергілерге кездесіп, «мыңмен жалғыз алысып», аңсаған арманға жету жолында бойдағы бар күш- қайратын, ақыл-парасатын сарп еткен Ыбырай да қалың бұқараны шынайы қамқоршылары бола білді. Ыбырай идеяларын дамытып, қоғамда пайдалана білу үлкен бір жетістік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет