Шығыс қазақстан облысының білім басқармасы «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі»



бет7/12
Дата19.03.2022
өлшемі46,42 Kb.
#136394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
пед оқу Ы.Алтынсарин

Алтынсарин мұрасы

Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жыл) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс — қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» — деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан атқарды. Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогтық мақсатына лайықты жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай — ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз – тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық «Кел, балалар, оқылық!» — «Қазақ хрестоматиясының» беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған «өнер – білімі бар жұртқа» — терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман – сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туындының жаңа мәнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! –
деп өзінің тот баспас, мәңгі тозбас озық халықтық идеясымен бүлдіршіндерді білім бағына шақыра бермек.
Ұлы ағартушы туған халқының тамаша болашағына сенді.
Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса – тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі болды.Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. «Қазақ хрестоматиясына» енген алуан жанрдағы шығармалар. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы.
Мұның бәрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихындағы қадірлі орнын көрсетеді.
Ыбырайдың артында қалдырған рухани мұрасы аса бай және алуан жанрлы.
Кітап алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Өлеңдері». Бұған Ыбырай Алтынсариннің көпшілікке кеңінен мәлім өлеңдері мен И.А.Крыловтан аударған үш мысалы енді.
Екінші бөлім – «Төл әңгімелері» — деп аталды да, бұған жазушының хрестоматия – оқулыққа арнап жазған төл туындылары жинақталды.
Үшінші бөлім – «Аударма сипатты әңгімелері». Бұл бөлімде ағартушының орыс педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған туындылары.Бесінші бөлім – «Оқу – ағарту мәселелері жайында жазбалары» деп аталынып, бұған Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы оқу – ағарту жайы мен оны өркендетуге қатысты
Қазақ сахарасында мәдениет пен оқу – ағартудың туын көтеріп, халыққа білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы зерттелмеген. Ол тек қырқыншы жылдардан бастап қана қолға алынады. Тарихшылардың ішінен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық, жазушылық қызметі мен жазысқан хаттары туралы архивтік деректерге сүйене отырып, дұрыс та дәйекті жаза бастаған Бекежан Сүлейменов еді.
Жалпы алғанда Бекежан Сүлейменұлының Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ойдың даму тарихы бойынша еңбектерін екі кезеңге бөлуге болады. 1945 жылдан бастап 1957 жылға дейінгі бірінші кезеңде ғалым тақырыпқа байланысты 13 ғылыми – көпшілік еңбек жариялайды. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы жөнінде Б.Сүлейменов 30 – ға жуық ғылыми, ғылыми – көпшілік еңбектер жазған. Ол ең алғашқы болып Ыбырай Алтынсаринді қоғам қайраткері ретінде танытқан зерттеуші еді. Сондай – ақ Б.Сүлейменұлы алтынсаринтанудың деректік негізін қалап, баға жетпес үлес қосқан. Профессор Ә.Ламашев ғалымның осы еңбегі жөнінде былай деп жазады: «Алтынсариннің мұраларын іздеуге, табуға, жинауға, жариялауға тарихшы Бек Сүлейменов ерекше үлес қосты. Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, тоғыз жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан әдебиет, тарих тағы басқа ғылым салаларынан кітаптар оқиды.
Ол кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралдары жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтын. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел – елді аралап қаражат жинауға кіріседі.
1864 жылы қаңтардың 8 – ші жұлдызында жұрттың көптен күткен мектебі ашылады. Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды. 
Ыбырай Алтынсарин мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалап: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол — мектептің жүрегі» — деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет