Шығыс қазақстан облысының білім басқармасы «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі»


 Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты



бет6/12
Дата19.03.2022
өлшемі46,42 Kb.
#136394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
пед оқу Ы.Алтынсарин
ЖБ. Медицина. Дәрілердің өзара әсерлесуі мен өзара алмастырылуы.7кред.210сағ., Та ырыбы Ж рек тамыр ж йесіне сер ететін заттар Ж рек гликозид
1Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты.
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт – бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Ол – тұңғыш ағартушы, педагог – жазушы Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның жиырмасыншы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген. Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді.1850 жылы жиырма екінші тамыз күні Орынбор қаласында ашылған мектепке отыз баланың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды.
Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, дарынды болған.
Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды аңсады: «Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен?» — дейді. Ол
өнер – білімді, мәдениетті дәріптеп, халықты соған шақырып өлең, әңгіме, мақала жазды. Бұл жөнінде, басқаны былай қойғанда, оның «Өнер – білім бар жұрттар» деген өлеңі айқын дәлел.
Әуел бастан – ақ Ыбырайдың бар ынтасы халық ағарту жұмысы болады. «Ыбырай ылғи оқу жұмысымен айналысуды, қазақ халқын ағарту жұмысына ат салысуды көксейтін. Бұл оған бақыт, рахат сияқты көрінетін» — дейді Ильминский. Сол үшін Ыбырай халық ағарту жұмысына өзі сұранып, соған ақыры 1864 жылы ауысады, 1869 жылы бірінші қыркүйекте Торғай облысының оқу инспекторы болып тағайындалады, өмірінің соңына дейін осы қызметте болады. Оның алдында жалпы өнер – білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан екі салт – сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: «Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта қайтпаймын», — деп Н.И.Ильминскийге (1884 жылдың он төртінші сентябрі) сеніммен жазғандай, сан – сала қиындақтармен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл – кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен – балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазақ халқының өміріндегі әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын (дұрысы жеңісін) Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Осы жылы (яғни 1864 жылы) январьдың сегізі күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған он төрт қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар», — деп айрықша мақтаныш сезіммен жазды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет