Менің портретім - жеке мәліметтерден, автобиографиядан және балаға мінезін, қабілеттерін талдауға, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау әдістерін, мақсат қоюды білуге, осы мақсатқа қол жеткізу жолдарын айқындауға көмектесетін психологиялық диагностиканың нәтижелерінен тұрады.
Құжаттар портфолиосы – сертификатталған (құжатталған) жеке жетістіктердің жинағы. Құжаттардың көшірмесін беруге болады.
Жұмыстар портфолиосы – түрлі шығармашылық, зерттеу жұмыстарының, рефераттардың, жобалардың (пайдаланылған әдебиеттері көрсетілген), қысқаша сипаттамасы бар модельдер мен макеттердің, тізімі көрсетілген шығармашылық жұмыстардың жинағы, сондай-ақ ғылыми конференцияларға, оқу семинарларына, мектептік мейрамдарға, шараларға қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |