Шығыс қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтыОқушы тұлғасының дамуындағы қозғалысының психолого-педагогикалық көрсеткіштері
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері Критерий (греч.)- бағалау өлшемі, педагогикалық бағалау жүргізілетін негізгі белгі. Критерий тәрбие беру тиімділігін өлшеудің ең үлкен бірлігі және тұтас құбылыс ретінде көрінеді. [4, 7]. Көрсеткіштер – тәрбие үрдісінің қайсыбір жағының негізгі сипаттамасы. Көрсеткіштер критерий қырларының, оның бөліктерінің бірі және қайсыбір белгілер, «деңгейлер» қандай деңгейде дамығанын көрсетеді [4]. Тәрбиелік – жинақталған түрінде адамның әлеуметтік қарым-қатынастарының жүйесін бейнелейтін тұлға сапаларының жиынтығын сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері [2,3]. Тәрбиелік көрсеткіштері сапасында қолданылғандар Ойлауды, оқиғаларды дербес талдау қабілеттерін қалыптастыру, әлем, азаматтық-саяси даму туралы білімді жинақтай алу. Адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік нормалар, ережелер, сенімділік, ізгілік сана, түсіністік, эмпатия. Тұлғаның бағыттылығы, бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының тұрақты басымды мотивтерінің болуы. Адамның өзіне, қоғамға деген қарым-қатынасының бағытталғандығы, іс-әрекетін өзіндік ұйымдастыруға және мінез-құлқын өзіндік реттеуге қабілеті, әлеуметтік толыққандықтың көрінуі, тұлғаның өзінің моральдік санасы, мінез-құлықтарының еріктігі. Ұжымда балалардың бір-біріне, өздеріне, мұғалімге, мектепке, ата-анасына қарым-қатынастарының нақты өзгеруі, яғни балалар бір-біріне қайырымды бола түседі, шектетілген баланың досы пайда болады, нашар оқитын баланың өзіне деген сенімі нығаяды. Диагностика үрдісне қойылатын талаптар [4,8,9] 1. Бала тұлғасы сапасының диагностикасының негізінде қандай да бір жалпы ұстанымдары бар зерттелетін құбылысты салыстыру емес, оның қазіргі және бұрынғы жағдайын сипаттайтын нәтижелерді салыстыру жатады. Кейбір көрсеткіштер мен әдістер жыл сайын қолданылады, өйткені салыстыру әдісі арқылы тәрбие берудің нәтижесі мен даму қарқынын бақылауға болады. 2. Диагносткалық әрекеттің тәрбие сипаты болуы және педагогикалық мәндеттерді шешуге ықпал етуі өте маңызды. Пікірсайыстар, ұжымдық талдау мен өзін-өзі талдау оқушылар үшін өте қызықты және пайдалы, сондай-ақ тәрбие үрдісінің жағдайы туралы объективті ақпараттарды береді. 3. Әдістер бірін-бірі толықтырып, зерттеу нәтижелерінің объективтілігін, шынайылығын дәлелдейтін зерттеу әдістемесінің жүйесін қолдану керек. 4. Нәтижелерді зерттеудің жүйелігі қажет. 5. Мониторингтік қызметтің ұсыныстарын жетекшілікке ала отырып, мектептегі адамгершілік-рухани тәрбие берудің нәтижелерін зерделеу қажет. Тәрбиелік деңгейін бағалау оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға бағыт береді. Журналда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтарда баға қойылмайтынын ескеру қажет. Жартыжылдықта сабақтарға қатысу, үй тапсырмасын орындау қорытындысы бойынша журналға «сынақ» немесе «сынақ емес» қойылады. Ұсынылған материалдар қатары педагогтарға оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтауға және оның негізінде оқушылардың өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуына көмектеседі. Білім мекемесінің түрін, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикалық карталар, сауалнамалар әзірленеді, сәйкес көрсеткіштер анықталады. Бала тұлғасының даму картасын (портфолио) дидактикалық материалдарды өңдегеннен кейін толтырады Педагогикалық әдепті сақтай отырып, нәтижелерді оқушының өзімен талқылау қажет. Өзін-өзі бағалау мен жалпы бағалауды үйлестіру жүйесі оқушыға өзінің әлеммен қарым-қатынасын түзетуге, өзін басқаруға, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға мүмкіндік береді. жүктеу/скачать 1,22 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |