Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақ мәдениетінде үлкен орын алатын «Айқап» журналының басты тақырыптары



бет101/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

77. Қазақ мәдениетінде үлкен орын алатын «Айқап» журналының басты тақырыптары

78. «Қазақ» газеті – Алаш идеясының үні болғандығын дәлелдеңіз.

79. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске қатысты қазақ зиялыларының саяси көзқарастарындағы ортақтық пен өзгешеліктерді талдаңыз.

80. Ақпан төңкерісінен (1917 ж.) кейін қазақ жерінде ұйымдар мен үйірмелердің көптеп құрылу себептері

81. Уақытша үкіметке (1917 ж.) қызмет етуге келіскен зиялылардың көзқарастары

82. «Алаш» және «Үш жүз» (1917 ж.) партияларының мақсаттары

83. 1917 ж. «Алаш» партиясының қызметі

84. Қазақстандағы (1917-1940 жж.) мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы

85. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталд. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің  Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық  беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.

1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.

Оның себептері: 
1) Монархияның ауыр мұрасы 
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді. 
3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.

Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет