XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті
XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық торабы болды, мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда- ғы үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады.