XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді. “Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.