Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы



бет30/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

27. Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы.

28. Абылай хан – мемлекет қайраткері, дипломат

Абылай хан  /Әбілмансұр/ (1711-1781) — қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай — Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.  
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне  айналды. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды.

Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, жеті күндей сүрісіп…» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет  ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.


1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 жылы Абылай хан тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түсті. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, оны босатып алу үлкен саяси мәселеге айналды. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасады.
Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 жылы тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербор мен Бейжіңге елшіліктер аттандырды (1757-1777 жылдары Бейжіңге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесін пайдаланып отырды. Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.
Жазба деректерде Абылайдың шет ел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендегі айқын көрсетіледі. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойрат қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде — тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға түсірді. 1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетті. 1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасқаннан кейін  қытайлар Абылайдан бітім сұрады.
1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен қатысты. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771 жылы Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-1755 және 1764 жылдары қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ және Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755-1765 жылдары Қырғыз ұлысына жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздардың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.
Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 жылы Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы  берді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел-жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жіберді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып-жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысты. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатты. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел бірлігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болды.
Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болды. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбады және көбіне үстем шығып отырды. Ол қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы болды. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен оның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан «бөліп алда, билей бер» саясатының көрінісі еді. И.Неплюевтің: «Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болу мүмкін» деген пікірі мұны аяғақтай түседі.
Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін баса отырып, оған ақыл-кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау Қалқаманұлының ханға «Алтын тақтың үстінде, Үш жүздің басын құрадың» деуінің негізінде тарихи шындық жатыр.
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» («Горькая  линия») бойындағы орыс бекіністерін шапты. Ш.Уәлиханов: «1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің ұлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті», — деп жазды. 1779 жылы қазанның 4-інде Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығында: «Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу» шаралары да қарастырылды.
Абылай хан жау қыспағынан қазақ мемлекеттілігін, оның тәуелсіздігін сақтап қалу жолында қолдан келген барлық айла — әрекеттерді істеп баққан.
Ұлы қазақ даласына, оның табиғи байлығымен кең ресурстарына батыстан Ресей, шығыстан Жоңғария мен Қытай мемлекеттері көз алартып қана қоймай, жаулап алу саясатын іс жүзіне нақтылы практикада асыра бастаған еді. Міне, дәл осындай қиын-қыстау, ел басына күн тұған кезінде Абылай хан саяси аренаға көтерілді, қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалуда баға жетпес тер төкті.
Абылай ханның  саяси  көз қарастары-ның негізгі өзегі және идеясы – күшті, тәуелсіз, бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекетін қалыптастыру. Ресей, Қытай сияқты ірі мемлекеттермен тең құқықтық дәрежеде қарым-қатынас жасау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принципін мойындату болды. Осы мақсатқа Абылай хан сыртқы және ішкі саясатты қалыптастырады, қазақ мемлекетінде алауыздықты сұлтандардың таққа таласу әрекеттерін барлық шараларды пайдаланып, тежеуге күш салумен қатар «Билер кеңесінің» функцияларын да өз қолына шоғырландырады.
Қазақ мемлекеттілігінің жаңа өрлеуі сұлтан, кейіннен хан – Абылаймен байланысты. Ол XVIII ғасырдың 30-жылдарында Солтүстік Қазақстандағы бір әскери-потестарлық бірлестіктердің басшысы ретінде көріне бастады. Қазақ мемлекеттілігінің сыртқы саясатында Абылай хан қазақ халқының бейбіт өмірін қамтамасыз етуді ең басты міндетіне жатқызып, Батыс және Шығыс шекараларын қауіпсіздендірудің барлық айла-әрекеттерін жасап бақты. Ең алдымен, Жоңғар мемлекетінің шапқыншылығын біржолата тоқтатуды билігінің басты мақсаты деп таныды.
Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайтудың дипломатиялық саясаты мақсатқа сай келетін деңгейде қалыптасты. Оның ұйымдастырушылық және дипломатиялық таланты 1739 – 1742 жылдарындағы Жоңғариямен соғыс кезінде тұтқынға түсуі кезінде көрінді. Ол тұтқыннан шығып, жоңғарлармен тиімді бейбітшілік жасады. 40-жылдардан бастап Абылай жоңғар басшыларының өзара тартыстарына белсенді араласа бастап, Шығыс Қазақстанның көп бөлігін бақылай бастады.
Қазақ қоғамының, заман талабының тамырын дәл баса білді. Жоңғар мемлекетімен соғысу барысында оның асқан даналық, айлакерлік қасиеттері айқын байқалды, оны ішкі шиеленістермен, қақтығыстарымен ұшықтырып, қазақ әскерін көп шығынға ұшыратпай, жеңіске жеткені үлкен баға берерлік оқиға. 1752 жылы Лама Джорджи қазақ еліне шабуыл жасағанда Абылай оған тойтарыс бере отырып, билікке таласып жүрген Давацинді Лама Джорджиге қарсы қойып, мемлекеттегі ішкі шиеленістерді, алауыздылықты күшейтумен Жоңғар мемлекетін әлсіретті, басып алған қазақ жерлерін қайтарды. Кейінірек Әмірсананы Давацинге қарсы күрес жүргізуге итермелеп, оған қажет болған жағдайда көмек көрсетіп, мемлекеттік билікті ішінен ыдыратты. Бұл қазақ халқының оның мемлекеттік мүддесіне сай келетін дұрыс саясат еді.
Қазақ мемлекеттілігін осылай айлакер, көрегенділік саясатпен оның қарулы күштерін және сыртқы шапқыншылықтан әбден қажыған қазақ халқын аман сақтап қалу сол заманның күн тәртібінде тұрған мәселе еді.
Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет