Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Керей мен Жәнібектің көшуі қазақ халқының пайда болуын айқындамай, тек оның жүзеге асып жатқан қалыптасу үрдісін жеделдеткендігін дәлелдеңіз



бет28/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

22. Керей мен Жәнібектің көшуі қазақ халқының пайда болуын айқындамай, тек оның жүзеге асып жатқан қалыптасу үрдісін жеделдеткендігін дәлелдеңіз.

1456 жылы  Керей  мен  Жәнібек  сұлтандар, Әбілхайыр хан үстемдігіне  қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне  қоныс аударуы  қазақ хандығының құрылуына  мұрындық болған маңызды тарихи  оқиға болатын. Ал қазақ  хандығының    құрылуы  қазақ  халқының   тарихындағы  төтенше  маңызды  оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген   түрік тектес тайпалардың басын қосып  шоғырландыруда, қазақтың  этникалық территориясын біріктіруге, қазақтың  байырғы заманнан  басталған  өз алдына жеке ел болып  бір жолата қалыптасуында  аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

 Орта ғасырлық атақты тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулатидың куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. Осы 1456 жыл, жаратылысынан еркіндік аңсаған қазақ жұртын бастаған Керей мен Жәнібектің жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған  ерекше оқиға – қазақ деген атауды иемденген халқымыздың тарихындағы маңызды құбылыс,   жаңғырған қазақ этносынан тұратын мемлекеттің  дүниеге келген мезгіл  болды.

        «Кейінгі зерттеушілер 1465 жылды, тіпті, бұдан соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ Ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені есепке алынбайды. 1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана»18 - деген Мағауиннің тұжырымы   сол кездегі тарихи оқиғаларды зерттеген өзге де тарихшы-ғалымдардың пікірлерімен үндес. 

Алғашында  қазақ хандығының территориясы  батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алқабы еді. Міне нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет  «Қазақтар» деген атау қолданылған (Уасифи, 16-ғасыр),19 ежелден осы алқапты  мекендеген қазақтың  ұлы жүз тайпалары  Дешті Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран   соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуі бұзылған судай ағылып Қазақ хандығына  келіп жатты. XV ғасырдың 50 жылдарының ортасынан 70  жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды.20  

1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының Қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери-саяси күш-қуатын арттыра түсті.


23. Этникалық және саяси қатынаста халық біртұтас болу үшін бәрінен бұрын өзінің жеке тәуелсіз мемлекеті болу керек деген пікірді негіздеңіз. Өз жауабыңызды қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы мысалында ашыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет