Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер



бет45/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер[өңдеу]

1889 жылғы 13 мамырдағы «Уақытша Ережеде» ауыл тұрғындары мен мещандарын ТобылТом губерниялары мен ЖетісуАқмолаСемей облыстарына өз еркімен қоныстандыру белгіленді. Үкімет қоныс аударуға шектеулердің кейбіреулерін алып тастады. Дегенмен ресми түрде қоныс аударғандардан гөрі өз бетімен келгендердің ағыны үздіксіз арта түсті. Шаруаларды қоныстандыру Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталып1892 жылы Сібір темір жол комитеті құрылғанға дейін жалғаса түсті. Ақмола облысында 18701895 жылдары 87 шаруа қоныстары пайда болып, отырықшы халық саны шаруа-қоныс аударушылар есебінен 2 есеге артты.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Қазақ, қырғыздармен бірге орыс, украиндартатарлартәжіктертүрікмендербашқұрттарчуваштарқараноғайларармяндар саны өсе түсті.

XIX ғасырдың 70-жылдарында орыстар мен украиндар барлық Қазақстан мен Қырғызстан тұғындарының 8%-ын (246,9 мың) құрады. Бұдан барлық облыстарда жергілікті тұрғындардың бірден-бір жоғары үлес салмағын анық байқауға болады.

1897 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 4 млн 150 мың адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар 3 млн 400 мың адамды құрады. Қалған 750 мыңдай адам басқа ұлт өкілдері болды. Орыс шаруаларының көбі Ақмола облысына қоныстанған. Сондай-ақ ең көп орыс және украин тұрғындары ОмбыПетропавлКөкшетауҚостанай уездерінде тіркелген. Торғай облысында да өзге ұлт өкілдерінің саны да айтарлықтай еді. Жетісу облысында басқа ұлт өкілдерінің үлес салмағының өскендігі әсіресе ВерныйПішкекПржевальск, Пішпек уездерінде ерекше байқалды. Ал Сырдария облысында орыстар мен украиндардың үлесі жалпы халық санынан ең төменгі деңгейде болды.

Өлкенің негізгі тұрғындары — қазақтардың үлес салмағы төмендеп1897 жылдары шамамен 81,7%-ға жетті. Ал орыстардың үлес салмағы жоғарыда көрсетілгендей — 10,9%-ға, украиндар — 1,9%-ға өсіп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың да үлес салмағы арта түсті.

XIX ғасырдың 80-жылдарында Жетісуға Құлжа өңірінен ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды. 1897 жылғы санак бойынша ұйғырлар мен дүнгендердің саны 71 мың (56 мың үйғыр, 15 мың дүнген) адамға жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет