51. Ы. Алтынсариннің еңбек тәрбиесіне арналған шығармалары
1879 жылы Орынбордан орыс әліпбиі негізінде «Қазақ хрестоматиясын» шығарған. «Қазақ хрестоматиясы» төмендегідей бөлімдерден тұрған:
1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер.
2. Әр түрлі жастағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.
3. Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең-жырларынан алынған үзінділер.
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларын тақырыптары жағынан төмендегідей топтауға болады:
Поэзиялық шығармалары:
Оқу-білімге, өнерге шақырған өлеңдері: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар».
Табиғат туралы өлеңдері: «Өзен», «Жаз».
Адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері: «Әй, жігіттер», «Бұл кім?», «Ананың сүюі».
Достарыңызбен бөлісу: |