Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Абайдың білім, ғылым туралы өлеңдерінің тәрбиелік мәні



бет67/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

56. Абайдың білім, ғылым туралы өлеңдерінің тәрбиелік мәні

57. Абай мұрасының әлемдік мәдениеттегі маңызы

58. Бірінші жалпы қазақ съезінің тарихи маңызы

59. ІІ Мемлекеттік Думада мұсылман фракциясынан Б. Қаратаевтың сөйлеген сөзінің маңызы

ХІХ ғасырдың 80-жылдарының соңында қазақ даласында қоныс аударушыларға жер бөлу саясатының салдарынан қазақтар адам төзгісіз қиындықтарды бастан кешірді. Міне, осындай шиеленісулер отаршылыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстың туындауына әкеп соқтырды. Бұл қоғамдық қозғалыстардың басында сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Ғұмар Қарашев сынды көптеген зиялының қатарында Бақытжан Қаратаев та бар еді.

Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 жылы Жайық өңірінің Қаратөбе ауданын­дағы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Ол Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны ІІ дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Алған ма­мандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде және Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді. 1897 жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда, Қаратөбеде, Жым­питыда адвокат болды. 1907 жылы ІІ Мем­лекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бо­йынша қазақ халқының мүддесін қор­ғап сөз сөй­леген. 1907-1916 жылдары ағарту­шылық жұмыстармен айналысып, «Қазақ­стан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмек­теседі. 1918 жылы облыстық атқару коми­те­тінің мүшелігіне сайланды. Сол жылы нау­рызда әскери үкімет бүлік ұйым­дас­тырып, облыстық кеңес мүшелерін (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алды. 1919 жы­лы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Қаратаев Қазақ әскери ревко­мының мүшелігіне тағайындалды. 1920 жы­лы 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңес­тердің Бүкілқазақстандық І съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АССР-інің еңбекшілері құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АССР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет