56. Абайдың білім, ғылым туралы өлеңдерінің тәрбиелік мәні
57. Абай мұрасының әлемдік мәдениеттегі маңызы
58. Бірінші жалпы қазақ съезінің тарихи маңызы
59. ІІ Мемлекеттік Думада мұсылман фракциясынан Б. Қаратаевтың сөйлеген сөзінің маңызы
ХІХ ғасырдың 80-жылдарының соңында қазақ даласында қоныс аударушыларға жер бөлу саясатының салдарынан қазақтар адам төзгісіз қиындықтарды бастан кешірді. Міне, осындай шиеленісулер отаршылыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстың туындауына әкеп соқтырды. Бұл қоғамдық қозғалыстардың басында сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Ғұмар Қарашев сынды көптеген зиялының қатарында Бақытжан Қаратаев та бар еді.
Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 жылы Жайық өңірінің Қаратөбе ауданындағы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Ол Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны ІІ дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Алған мамандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде және Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді. 1897 жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. 1907-1916 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі. 1918 жылы облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. Сол жылы наурызда әскери үкімет бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алды. 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Қаратаев Қазақ әскери ревкомының мүшелігіне тағайындалды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық І съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АССР-інің еңбекшілері құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АССР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |