Ел ішіндегі теңсіздік мәселесі: «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің байлары».
Прозалық шығармалары:
Адамгершілік туралы: «Бақша ағаштары», «Тәкаппарлық», «Әдеп», «Таза бұлақ».
Төзімділік, сабырлылық туралы: «Асыл шөп», «Аурудан аяған күштірек».
Мейірімділік туралы: «Мейірімді бала».
Үнемшілдік, ысырапшылдық туралы: «Бір уыс мақта».
Еңбексүйгіштік туралы: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады?», «Киіз үй мен ағаш үй», «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала».
Өнер, білім, талапшылдық туралы: «Талаптың пайдасы», «Зеректік», «Білгеннің пайдасы», «Лұқпан хакім».
52. Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегінің қазақ қоғамында алатын орны
Ыбырай Алтынсарин көзі тірісінде «Қырғыз хрестоматиясы» кітабының екінші бөлімін жазған. Өкінішке қарай, бұл шығарма əр түрлі себептерге байланысты баспадан уақытында жарық көрмеді. Ұлы педагог қайтыс болғаннан кейін қолжазба із-түссіз жоғалып кеткен. Қазір Ресей, ТМД елдері мұрағаттары мен кітапханаларына хабарласу, құнды қолжазбаны іздестіру, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүруде [13].
«Қырғыз хрестоматиясының» жастарға дұрыс тəрбие беру жəне олардың дүниетанымдық көзқарасын кеңейту үшін қазірдің өзінде де мəні зор. Сондықтан да бұл оқулық ұзақ жылдар бойы талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |