50. Ы. Алтынсариннің алғашқы қазақ мектептерін ашуға сіңірген еңбегін
Ы.Алтынсарин орыс тілімен қатар, араб, татар тілдерін жетік меңгеріп, көксеген бар арманы халыққа білім беру болды. Ол кезде қазақ балаларына арнап, мектеп ашу өте қиындыққа түсті. Соған қарамастан, Ыбырайдың тікелей атсалысуымен 1864 жылы қаңтар айында тұңғыш қазақ мектебі ашылды.
Сол замандағы қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйі, құрал-аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта алмады. Ол ауыл-ауылды аралап, халыққа білім беретін мектептердің артықшылығын түсіндірді. Өзінің насихатын халықтың жүрегіне жеткізе білген оған халық арасынан қолдау көрсетушілер табылды. Қаржы жинауды ең алдымен өзі бастап, атасы Балғожаның еншісіне берген малын сатып, түскен ақшаны мектеп салуға жұмсады. Оқу үйі жетіспеген кезде оқу-білім іздеген қазақ балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.
1864 жылы ол Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді: бəрі жақсы, есті балалар... Бұл балалар небəрі үш айдың ішінде орысша, татарша жаза білетін болды» [4], — деп жазды. Бұдан біз Ыбырайдың ұстаздық жолының сəтті басталғанын байқаймыз.
1879 жылы Ы.Алтынсарыұлы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879–1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.
1879 жылы Қостанай қаласы облыс орталығы болып құрылғаннан кейін мектеп үшін тастан ғимарат салу мәселесі шешілді. Мектеп ғимаратының құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицк орыс-қазақ мектебі жаңа тас ғимаратқа көшіріліп, «Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі» деп атала басталды. Жабылу шегінде тұрған мектептің жаңа ғимаратқа көшірілуі — Ыбырай Алтынсаринның тікелей еңбегі.
Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық қызметінде оқушылардың тәрбие мәселесіне ғана емес, еңбек білімінің мәселелеріне де үлкен назар аударып отырған, сондықтан ол Торғайда қолөнер училищесін ашты, кейін ол Яковлев училищесі деп аталды.
Мектептерді ашпас бұрын Алтынсарин елді мекендердің аумақтық орналасуын, халықтың жиілігін алдын-ала зерттеп отырды, содан кейін ғана мектептерді ашуға кірісті. Қазақстан жерінде әйелдерді оқыту ісінің басталуы да Алтынсаринның есімімен байланысты. Бұл маңызды бастаманы іске асыру кезінде де ол патша өкіметі тарапынан жасалған кедергілерге тап болды. Ырғызда қазақ қыздарына арналған интернаты бар арнайы мектеп ашылғанда оның қуанышында шек болған жоқ. Уездік, болыстық, ауыл мектептерінің ашылуымен бірге Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі — 1883 жылы Орск қаласында тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы. Онда қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярланды. 1887 жылы 10 желтоқсанда көрнекті ұстаз Қостанай уезінде Обаған бір сыныптық болыс мектебінде жеке алғашқы сабақтарын берді.
Алтынсарин жастардың, бүкіл қазақ халқының сүйікті адамы болды. «Біз, яғни көшпенділер үшін Ы.Алтынсаринның өзі де және оның шығармалары да өте қымбат. Мұны Ресейдің алғашқы зайырлы әдебиетінің маңызын білетіндер түсіне алады. Біз Алтынсаринның тұлғасынан бүкіл халықтың рухы, ойы, пейілі, мінезі және түм өмірінің бейнесіне айналған қаһарманды көруге дайынбыз». Ыбырай Алтынсаринның тағдыры — одан кейін өмір сүргендер мен сүріп жатқандар үшін өнегелі мысал болады.
1860 жылы Орынбор облыстық басқармасы Алтынсаринның үзбей жазған өтініштерін қанағаттандырып, қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға рұқсат берді. Шалғай қалада мектеп ашу қиын болды (қаражат, мектеп ғимараты және оқу құралдары болған жоқ). Облыстық басқарма мен жергілікті болыстар осы маңызды іске суық қарады. Патша өкіметінің өзі де халықтың сауатын ашуды, ағарту жұмыстарын жасауды мақсат етпеген еді, оған тек тілді білетін іс жүргізушілер ғана керек болды. Алайда қиыншылықтар Алтынсаринге кедергі бола алмады. Оның үстіне, Ыбырай Алтынсарин 1861 жылы Торғай мектебіне мұғалім қызметіне атанған тұңғыш қазақ еді. Осы қуанышымен және өзінің ағартушылық идеяларымен рухы көтерілген Ыбырай Алтынсарин ауылдарды аралап, елге зайырлы білімнің маңыздылығын түсінідіріп отырды. Жергілікті тұрғындардан қаражат жинап, өзінің жеке жинақ ақшаларын салып, Алтынсарин мектеп ғимаратының құрылысына кірісті. Құрылысқа дайындалған кезінде қамалдың комендантында аудармашы болып қызмет істеп жүріп, Алтынасарин ауылдардан балалар әкелды, өз үйінде оларды орыс тіліне оқытты. 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады. Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы «Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңін жазды. Бұл өлең досы Н. И. Ильминскийге арналған мұрағат хатында жазылған және осы күнге дейін сақталған
Достарыңызбен бөлісу: |