Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы



бет70/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

Думаның төрағасы:

- Шешен мырза, он минут уақытыңыз бітті.

Қаратаев:

- Мырзалар, осыған дейін сіздердің ешқайсыларыңыз Далалық облыстарға қо­ныс аудару жайы туралы ауыз ашқан жоқ­сыздар. Бәлкім, Мемлекеттік Дума дар­хандық танытып, менің сөзімді ақырына дейін тыңдар. Мырзалар, менің шаруаларды Дала­лық облыстарға қоныс аудартудың жай-күйі жайындағы баяндамамды аяқ­тауы­ма мүмкіндігім қалмады, дегенмен менің айтарым - Мемлекеттік Дума өздері Ішкі Рос­сиядағы помещиктер мүдделерін, осынау 130 мың помещиктің мүддесін қор­ғау үшін шаруаларды қоныстандыру арқылы қорлап отырған қырғыз-қайсақтардың әрдайым шаруалардың жерге деген мұқ­тажын қана­ғаттандыру мақсатымен жеке иеліктегі жерлерді күштеп тартып алу ниетіндегі барлық оппозициялық фракция­ларға аянышпен қарайтынын есте ұстайтын болсын. Дегенмен бүгінгі таңда шаруаларға орын босату үшін қырғыздарды жерлерінен ғана емес, олардың тұрғын үйлерінен көші­ріп, қуып шығып жатқанын түсініңіздер. Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қоса, үйінен, қора-қоп­сысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтарды жәбірлеп жатқандарға қарсы шығып, қамқор қол ұштарын береді деп сенемін. Менің қолымда мұны дәлелдейтін қыруар деректер тұр, бірақ, өкінішке қарай, сөзімді аяқтай алмадым («Орал өңірі», 1990, 8 желтоқсан).

Сондай-ақ Дума отырыстарының арасында Б.Қаратаев «Жерге орналастыру және егіншілік» басқармасына барып, өкі­меттің қазақ өлкесіндегі жүргізіп отырған жер саясатының көшпелі қазақтарға үлкен зиян тигізіп отырғанын, Дала өлкесіне орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтату қа­жет­тігін айтады. «Айқапта» жарияланған «Қазақ жері хақында» деген мақалада: «1907 жылдың наурыз айында ІІ Мемлекеттік Думаның депутаттары Қаратаев, Бірімжанов, Қосшығұлов һәм Нүрекенов бас министр Столипинмен, жер министрі дәрежесіндегі князь Васильчиковқа жолы­ғып жер мұқтажын айтып сөйлейді.

Қазақ депутаттары Қаратаевқа сөз тізгінін беріп еді, ол айта-айта келіп, былай дейді: «Қара шекпенділерді переселение­ден тоқтату керек, Азиатск облыстарындағы қазақ жерлерін өлшеп, жақсысы қанша, жаманы қанша екенін білу керек, көшпелі һәм отырықшы қазақтарды жақсы деген жерлерге орналастыру керек, одан соң артық жерлер болса, переселение пайдасына шығару керек. Жаман жерлерін ешкім қызғанбайды». (Айқап», 1911, №11).

ІІ Мемлекеттік Думаның аграрлық ко­мис­сиясының құрамында М.Тынышпаев пен Б.Қаратаев болды.

Бақытжан Қаратаев Думаның аграрлық заң жобасын жасауға араласады. Қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты отырыстарда сөз сөйлейді. Ол Думаның 39-пленарлық мәжілісінде аграрлық мәселені талқылауға қатысты. 16 мамырда мінбеден қазақ жерінде басы артық жердің жоқтығын, бар болса да, бұл жерлердің табиғи жағ­дайы қоныстандыруға келмейтіндігін, қо­ныстандыру басқармасы бұл жағдай­лармен санаспаса, қазақ шаруашылығы күйзеліске ұшырайтынын ашып айтады.

Б.Қаратаев өзімен пікірлес депутаттар сияқты қазақ халқының әлеуметтік және экономикалық мұқтаждықтары шешіледі деп үміттенді. Өкінішке қарай, Дума алды­на қойған жер мәселесіне қатысты істері ешқандай да қолдау таппады. Сондықтан да Б.Қаратаев елге құр қол қайтпас үшін Дала ережесіне қатысты мақалаларды, қазақтарға қатысты әртүрлі циркулярды жинады. Сөйтіп, үлкен үмітпен бар талабын хат түрінде Думаның мұсылман фракциясына тапсырды.

Бұл Дума да 1907 жылы 3 маусым күнгі заң бойынша таратылды. Думаның тара­тылғанына қарсылық білдірген жиналыстар, митингілер күніге өтіп жатты.

Жаңа ІІІ Мемлекеттік Думаға сайлау заңы түбірімен өзгертілді. «Бұратана халық» деп аталынған қазақ депутаттары патша үкіметіне үрей туғызды. Сондықтан да қазақ халқын сайлау құқығынан мүлдем айырды. Думада 82 депутаттың орны кеміді. («Қазақ­стан заңдары», 1998, №4, 43-45 беттер).

Депутаттықтан кейін де халық үшін күре­сіп өткен Қаратаевтың елім деп еңіреген хан-сұлтанның қасиетті тұқымы екенін өзі ұйымдастырып, отырықшылар ауылын салғаны да дәлелдейді. Ол 1910 жылы Орал облысындағы Жымпиты уезінің Шідерті болысында сегіз көшпенді ауыл адамдары үшін жер кестіріп алып, әрі диқан, әрі малшы тірлігін үйлестіре жолға қойған отырықшылар поселкесін салған.

Ондағы мақсат - нақты бір жер алып, жер игеріп, сауда-саттықтың қыр-сырын үйретіп, оқу-ғылымға бағыттау еді. Әрине, отырықшылық бар жерде ғимараттар бой көтеріп, жер игеріліп, сауда-саттық, ғылым дамитыны белгілі. Ол сонау Мысыр елін, Грек, Рим жұртын мысал етіп, халықты жерге орнықтыруға бағыттады.

Бақытжан Қаратаев 1911-1914 жылдарда Ордада, Оралда және Астраханьда шығарылған демократиялық бағыттағы «Қазақстан» газетіне жан-жақты жәрдем­десіп және онда өз мақалаларын да жария­лап отырған. Оның мақалалары қазақ еңбекшілеріне, зиялыларына терең ой берген, парасатты ақылға шақырған, халқы үшін қамқорлық болған үгіттер болды. «Қа­зақ­стан» газетінде жарияланған «Азамат­тарға бір-екі ауыз сөз» деген мақаласында Бақытжан «Балуан бірді, білімді мыңды жығады» деген ойды кең мағынада түсін­діре отырып, халқын ағартушылыққа, бі­лім­ге шақырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет