««шикізат, астық ТҮйір және жарма өнімдерінің сапасын бақылау»



бет2/4
Дата29.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#12496
1   2   3   4

Зертханалық сабақ № 6

Сұлы хлопьясының технологиясын оқып үйрену.
Жұмыс мақсаты: Пісірілген жармадан жасалған хлопьяны жасау технологиясымен, технологиялық баланс жасау әдістемесімен, хлопья мінездемесімен танысу.

Алдын-ала ескертулер: Геркулес сұлы хлопьясын жоғарғы сұрыпты сұлы ядросынан алады. Жасау процесін хлопьяны артық орын ауыстырусыз жүргізген жөн, өйткені ол оның ұнтақталуына әкеледі. Хлопьяны жасау лабораториялық жоспарына қоректік ұнтақты таңдауға триер немесе рассеванализатор кіреді. Ядроны шлифованияға шлифовальды постав немесе ТМ-05 қондырғысын қолданады. Жарманы рассев-анализаторда және аспираторда байқалады және пропаривательде өңдейді. Ылғалдық көлем бойынша бірқалыпты жайылу үшін жарманы 25-30мин сосудқа салады. Ұнтақтауға (плющение) жіберілген жарманың ылғалдылығы 13-14%-дан көп болмауы керек.

Жарманы ұнтақтау (плющейльный) станогында ұнтақтау (плющить) қолайлы. Сонымен қатар, вольцовый станокты да қолдануға болады. Валец арасындағы саңылауды 0,30...0,45 мм-ден орналастыру керек, валецтың жылдамдығы 2,5-3м/с. Кептіргеннен кейінгі хлопьяның ылғалдылығы 12%-дан көп болмау керек.



Жұмысты орындау тәртібі: Геркулес сұлы хлопьясының жасау процесінің лобароториялық сұлбасын және техникалық баланс таблицасын сызу. Ұнтақталған сұлы жармасының өңдеу әдістемесіне сай ұнтақталмаған сұлы жармасын алу қажет және де басқа мақсатта алынған жарманы қолдануға болады.

Массасы 150 г жарма үлгісін триер және рассев-анализатордан өткізеді немесе осы машиналардың бірінен ғана өткізеді. Шлифовальшені алейрондық қабат жоғалғанға дейін жүргізеді.

Шлифование өнімін рассев–анализаторды және аспираторда сұрыптайды.

Дайындалған жарманы 0,05 МПа қысымдағы буда 2-3 мин ұстайды және ыдысқа 25-30 мин қояды. Бұл уақыт өткеннен кейін жарманы плющениеге жібереді. Алынған ылғалды және жылы хлопьяны кептіріп, суытады. Барлық өнімді өлшейді, олардың санын процент есебімен көрсетеді, қорытындысын таблицаға жазады.



Зертханалық сабақ № 7

Арпа жармасының технологиясын меңгеру
Жұмыс мақсаты: Арпа жармасының өңдеу процесін оқып үйрену, технологиялық процестің сандық балансын құруын үйрену, алынған өнімнің қасиетімен танысу.

Алдын ала ескертулер: Арпа жармасын өңдеу процессін 2,4*20 және 2,2*20 мм размері тесігімен елеуіш арқылы алынған ячмень дәнінде жүргізеді. Ячменьді приместен екі рет сепаратор арқылы және бір рет рессев-анализатордан өткізу арқылы тазартады. Жеңіл желдетуді аспираторда немесе аспирационды колонкада торт еселенген зертханалық цилиндлі обойлы машинада жүргізілуі мүмкін. Лузганы әр қабырмақтану жүйесінен кейін желдетеді. Алынған өнімді ТМ-05 лабораториялық қондырғыға шлифование мен полированияға береді.

Үшінші ретті полирование жүйесінен кейін алынған жарманы рассев-анализаторда бес нөмірге сұрыптайды. №І және ІІ жарма ұзыншақ болуы мүмкін. №ІІІ және ІV, V жарма формасы дөңгелек болуы керек. ТМ-05 қондырғысында шлифование мен полирование ұзақтығы ячмень сұрыпына, шынылығына байланысты. №І және ІІ жармада недодирді анықтайды. Недодирді бороздадан тыс гүлді қабыршықтың қалдығы бар ядро деп есептеледі. Недодирді (%) бұл формула арқылы есептейді:



Мұндағы, Ан – гүлді қабыршығының қалдығы бар ядро массасы, г;

G – анализ жүргізуге алынған навеска массасы, г.
Жұмысты жүргізу тәртібі: ячменнен арта жармасын өндіру процесінің лабораториялық технологиялық схемасын және баланс кестесін сызады. Бұл жұмысты жасау үшін 500 г тазаланған ячмень алады және обойлы машинада қабыршықтайды. Алынған өнімді өлшейді, процент есебінде алып таблицаға жазады. Өнімді (пенсак) ТМ-05 қондырғысында өндейді. Оның бүкіл массасы бұл қондырғыға кірмегендіктен, оны бірнеше рет өңдейді. Әр шлифование және полирование жүйесінен кейін рассев-анализаторда ұнды сұрыптайды. Алынған өнімді өлшейді, процент есебінде алып кестеге жазады.

Шлифовальды-полировалды қондырғы - кезеңді істейді, сондықтан өңдеу ұзақтығын арпа жармасын үш шлифовалды және үш полировалды жүйеде алу үшін ыңғайлы есеппен таңдайды. Соңғы полировалды жүйедегі өнімді апра жармасын номер бойыншы бөлуге арналған елеуіште сұрыптайды. Номері бойынша әр жарманы өлшейді, массасын процент есебімен алып таблицаға жазады, №І және ІІ жарамады (Ан) формула бойынша анықталады, бірақ оған дейін арпа жармасының сапа көрсеткіштерімен стандартқа сай болуын анықтайды.



Зертханалық сабақ № 8

Қарақұмық гидротермиялық өңдеуін меңгеру
Жұмыс мақсаты: Өңдеудегі қабыршақтанудың сапасына әсер ететін факторларды оқып үйрену, қарақұмық жармасының толық сақталуы.

Әдістемелік нұсқау: Қарақұмық дәнінің дәннің қабыршақтануы оның соңғы ылғалдылығына тікелей байланысты. Сондықтан жұмыстың орындалу жеңілдігі үшін барлық әдісте дәннің ылғалдылық мәні бірдей болуы тиіс. Қабыршақтанған дән құрамын анықтау үшін қандай да бір фракциялар қолдану қажет, мұнда елеуіш көмегімен қабыршақтанған және қабыршақтанбаған бөлігін іріктеп аламыз.

Дәннің ірілігіне байланысты саңылауы 4,5-4,2 мм елеуіш пайдаланымыз.

Өңделмеген дәнге 40-50 пайыз қабыршақтану режимін қойып, алынған бірнеше үлгіні станок арқылы жібереміз. Буландыру процесінде және жұмсарады, келесі кептіруде оның ылғалдығы бастапқы өлшемінен төмендейді. Ылғалдылықты анықтаудың стандартты әдістемесі біршама уаықтты қажет етеді, сондықтан оның ылғалдылықты анықтаумен алмастырамыз. Гидрометриялық өңдеудегі ылғалдылық өзгеру дәне массасының өзгерісімен анықталады.

Ірі кәсіпорындарда ұжымдық және технологиялық процестер басқармасы ережесі бойынша ондағы дәне ылғалдылығы қабыршақтану алдында 13,5-тен жоғары емес, ал гидротермиялық өңдеуден кейін 13 немесе 13,05 пайыз.



Жұмыстың орындалу барысы: Кез келген дәнді аламыз, мысалы, елеуіштен өткен дән, стандартты әдіспен қарақұмық дәнінің мөлшерін анықтаймыз. Әр үлгінің массасы гидротермиялық өңдеуден ылғалдылық мүмкіндігін және дән санына байланысты толық көлемді үлгінің массасы 100 грамм етіп аламыз.

Кептіруде дән салынатын кассетаның массасын өлшейміз. Гидротермиялық өңдеуден кейінгі дән массасын есептейміз.

Кассетадағы дән массасы бастапқы мәнге соңғы ылғалдылықтар бойынша мына формуламен анықталады:

m=mkac+mз(Wк-Wn/100-Wn)

мұндағы mkac - кассета массасы; mз - бидайдың бастапқы массасасы;

Wc - соңғы ылғалдылық;

Wn - бидайдың бастапқы ылғалдылығы,%.


Гидротермиялық өңдеуден кейінгі дән массасын анықтау үшінномограмманы қолданамыз. Соңғы ылғалдылық берілген 12 немесе 13 пайыз. Бұл жағдайда кассетадағы дән массасы мынаған тең.

m=mkac+mк

мұндағы, mк дән массасының соңғы мәні.


Нақты мәндер алынғаннан кейін әдістер бөлек-бөлек жалғастырылады. Бұл жағдайда эксперимент белгілі бір уақытта жүргізілмейді.

Буландырып, кептіріп, салқындатқаннан кейін дән біріккенде арасында қабыршақтануы бірдей аралықта өтеді. Қабыршақтанған дән сұрыпталады. Барлық мәндер 4-кестеге жазылады.

4-кесте. Қабыршақтанған дән сұрыптары


Әдіс

ГТО параметрі




Қабыршақтану коэффициенті

бу қысымы

уақыт, минут

Қабыршақ-танбаған

ядро

продел

мучка

лузга




























Екі факторлар эксперимент сапасын қарақұмықтың оптимизация параметрін екі факторы эксперимент мысалынан қараймыз.

Тәуелсіз факторлар - бу қысым, булану уақыты, кодталған формулада х1 және х2 -ге сәйкес келеді. Эксперимент облысы төменгі және жоғарғы деңгейлі тәуелсіз фактормен шектелген. Мысалы, эксперимент төмен деңгейлі факторға қойылса, с1 0,2 мПа с2- 3 мин, ал жоғары с3+ 0,4мПа. с4+ 6 минут.с0 тәжірбиелік негізгі деңгейі с0 =0-+c+/2 деп анықталады. Сондай-ақ интервалды былай түрлендіреміз: с+0 немесе с0- мұндай жағдайда тәжірибе аймағын кестеде былай көрсетуге болады.


5-кесте. Мысал нәтижелері

Тәуелсіз

фактор


Кодталған өлшем

Деңгейі

Шектелген интервал

жоғарғы

Негізгі

төменгі

Бу қысымы, мПа

х1

0,4

0,3

0,2

0,1

Булану уақыты, мин

х2

6,0

4,5

3,0

1,5

Содан кейін кодталған және натруалды формадан екі факторлы жоспарлы эксперимент құрастыру, оның өзгеру аймағын анықтайды. Содан кейін қолданылған факторды қабыршақсыз коэффициентіне әсерін анықтайды.

6-кесте. Факторлардың қабыршақсыз коэффициентіне әсері



Нұсқа

х1

х2

х1х2

Ү1

Ү2

Ү1ІІІ

Ү2ІІІ

1

+0,4

+6

+

63,6

61,0

61,4

62

2

+0,4

-3

-

57,5

58,0

61,0

59

3

-0,2

+6

-

54,0

58,0

56,0

56

4

-0,2

-3

+

50,4

54,6

51,0

52

Бірінші тәжірибе 0,4 мПа бу қысымында өтеді және буландыру уақыты 0 минут, екіншісі 0,4 және 3-ке сәйкес. Үшінші - 0,2 және 6 т.б. біздің жағдайымызда үш ретті.

Оптимизация критерия орташа мәнін есептегеннен кейін φ1 төмендеу коэффициентін анықтаймыз.



φ101Х12Х21Х2

мұндағы, В0 коэффициенті φ арифметикалық орташа мәнін анықтайды, нұсқалар санына бөледі, біздің жағдайда төртеу.

В1 В2 В1,2 коэффициенттері геометриялық саны φ1 белгі есебімен, сондай-ақ нұсақа санына бөлінеді.

Зертханалық сабақ № 9

Бидай ұнының көрсеткіші мен сапа нормалары
Әрбір ұн топтамасын талдаудан өткізеді, оның қорытындысында сапасын және стандартқа сай келуін, соған сәйкес сұрыпын және нан пісіру артықшылығын орнатады.

Ұнды таңдауда келесі көрсеткішті анықтайды: түрі, иісі, дәмі және ылдалығы, зақымдағыштармен зақымдануы, күлділігі, ұн тарту ірілігі, саны мен желімтік сапасы, металломагнит қоспа мөлшері, улы араласпа, бас дән мәдениетінің ұн араласпасы және өнген дәндер. Ұнды талдау стандартта зерттеу көрсетілген. «Ұн және кебек». Зерттеу әдістерінде әдіспен жүргізеді. Үлгіні алудағы ұн оймасын тістеуік немесе үлгі алу құралы А1-БПА көмегімен алады. Ұн топтамасы сапасын орта үлгі талдау арқылы жүргізеді.

Түсі. Бұл көрсеткіш ұн сұрыпын және жастығын сипаттайды. Әрбір сұрып ұнының өзіне сай түсі болуы керек. Ол стандартта немесе техникалық жағдайында көрсетіледі.

Ұнның төменгі сұрыптары жоғарғылардан қара түсті болады, өйткені онда перифериялы дән қабығы да болады. Ұн түрі нормаға сай келмесе, оны өңдеген кезде көп перифериялық дән бөлігінің түскенімен түсіндіріледі. Сондықтан да ұн түрі, ұн сұрпын сипаттайтын көрсеткіш болып саналады.

Ұн түсіне дән реңі де әсер етеді. Ұн тарту қоспасында қызыл дән көп болса, ұн қара болады.

Ұн түсі оның ірілігінде әсер етеді. Ұсақ ұн басқа тең жағдайда ашық болады. Ұн түсіне ылғалдылығы аз ұн орташа жағдайында жаңа тартылған ұн ағарады.

Иісі. Жаңа ұнның әлсіз өзіне тән иісі болады. Ұнға тән емес иісі өңдегенде қолданылатын бидай сапасының төмендігімен пайда болады. Ол араласпасы бар бидай, бұзылған бидайдан пайда болады. Ол бидайды дұрыс сақтамаған кезде немесе сақтау кезіндегі ұнда пайда болады.

Дәмі. Осы көрсетілген иісі сияқты ұн жаңалығымен сипатталады. Жаңа уының тұщы дәмі болады, ал ұзақ ұсатқанда тәтті болады. Ұн дәміне бидай сапасы әсер етеді. Піспеген, аязға соғылған, өнген бидайдан алынған ұн тәтті болуы мүмкін, егерде ол ащы жусан бидайы қолданылса, ашты болады. Қолайсыз жағдайда ұн сақталса, ол қышқылданып немесе ащылануы мүмкін. Қышқылдану ұнда бактерия дамығанда болады. Бактерия қантты ашытып қышқыл тудырады, ол ащылану-липидта болатын. Гидролитикалық және қышқылдану үрдісінің нәтижесінде пайда болады. Сұрыптық ұн тез ашып кетеді, себебі оған ұрық түсіп кетеді. Ұрықта қышқылданғыштар болады. Ұн түсін органолептикалық және бір уақытта сықырлығын анықтайды. Ол бидайды тарту кезінде пайда болады, ол минералды араласпаған тазартылған уақытта пайда болады. Сықыры бар ұн стандартқа сәйкес келмейді.

Ылғалдылығы. Жоғары ылғалды ұн тез бұзылады. Оның құрамында бос су болады. Ол ұн ферменттерін белсендіріп және микроорганизмнің дамуына жол ашады. Өте құрғақ ұнды сақтау барысында майдың ашу үрдісі тез жүреді. Нан пісіруге арналған ұн стандартты болып, ылғалдылығы 15% ал макаронды 15,5% үшін болады. Барлық технологиялық үрдісті енгізіп және орта жағдайда сақталған ұн ылғалдығы 13,5-15% болады. Ұн ылғалдығын өлшенді массасы 5г кептіру әдісімен температурасы 130 0С 40 минут аралығында анықтайды.

Тарту ірілігі. Осы сапа белгілері көрсеткіш болып саналады. Ол ұн сұрпын сипаттап, ұннан алынған – нан-тоқаш және макарон өнімдері сапа өніміне әсер етеді.

Сұрып төмен болған сайын, ұн бөлшектері ірі болады. Бірақ ұн сұрыптарында бөлшек болады, өлшеміне жақын.

Ұн бөлшектерінің сипаты мен өлшемі осы қасиеттерімен: су сіңіргіш қасиетіне, ісу жылдамдығына, қамыр дайындау үрдісі кезінде қант тудыру қасиетіне байланысты, ал осы қасиет өз кезгінде қамыр консистенциясына, ашу үрдісіне кеуектілі мен нан көлеміне әсер етеді.

Ұнның ірі бөлшектері төмендетілген ісу жылдамдығымен және төменгі қант тудыру қасиетімен сипатталады. Осындай ұнды макарон өнімін шығару үшін қолданылады.

Қантты ұсақтатылған ұн бүріккіш және қайта тартылған бөлшектерден тұратын өте үлкен су сіңіргіш және өте жоғары қантсыздандыру қасиеті болады. Соңғысы қайта тартылған ұнда зақымдалған бидай крахмалының болуымен түсіндіріледі, ол тез фермент әсеріне беріледі. Осындай ұннан жасалған қамыр сұйытылып және іріп кетеді.

Өте жақсы ұнның нан пісіру қасиетінде 60-100 мкм өлшемді бөлшектер болуы керек. Онда жеткілікті су сіңіргіш және қантсыздандыру қасиеті болады, ал нан сықырлағыш және көлемі үлкен болады. Ұн тарту ірілігі өлшендіні 10 мин ситадан қалдықты өлшейді. Стандартпен және техникалық жағдайларымен жоғарғы ситадағы қалдық азайтылып және төменгі ұсақ бөлшек құрамын анықтайды.

Күлділігі. Осы көрсеткіш сұрпына және ұн шығуына байланысты. Күлділігіне қарап ұндағы бидайдың перифериялық бөлшек құрамын анықтайды. Перифериялық бидай бөлшегінің күлділігі эндосперм күлділігінен жоғары. Осы көрсеткіш сұрып көрсеткішін сипаттайды деуге болады. Бірақта бидайдың бөлек бөлшектерінің үлкен ауытқу күлділігі ұн күлділігімен бірдей болса, құрамында әртүрлі қабық саны болады. Сонда да қн сапасының көрсеткіш күлділік сияқты анықтайды.



Шикі клейковина саны мен сапасы. Нан пісіруге арналған бидай ұны сұрпына стандартты аз желімтек саны беріледі, ол қанағаттанарлық сападағы нан алуға мүмкіндік береді. Желімтек сапасы қанағаттанарлықтан төмен болмауы керек. Желімтек саны қамыр илеуге қолданылатын дозатор суға арналған ДВЛ-3 және қамыр илегіш ТЛ-1 анықтайды.

Зиянкестермен зақымдану. Ұнның зиянкестермен зақымдануы нан қорында жіберілмейді. Зиянкестермен зақымданған ұн нан зауыты мен сату аймақтарында жіберілмейді.

Металломагнитті араласпа құрамы. Металл бөлшектері ұнға бидайды нашар тазарту кезінде және жұмысшы машина органы – білік, метталл тор және т.б. сыну нәтижесінде түседі. Барлық салааралық тарту өнімін және дайын ұнды ұн тарту зауытында магнитті құрылғыдан металломагнитті араласпадан тазарту үшін өткізеді. Бірақта оған қарамастан, ұнды талдағанда оны әлбетте зертханаларда осы көрсеткіш бойынша тексеріледі. 1кг ұнға 3мг дейін бөлшек өлшемі 0,3 мм дейін шаң тектес металломагнитті араласпалар массасы 0,4 мг дейін жіберіледі. Ине тәрізді және пластикалық формалы бөлшектер мүлдем жіберілмейді.

Металломагнитті араласпаның барын ПРФ-2 құрылғысымен анықтайды. Осы араласпаны өлшеу үшін ПИФ-2 құрылғысы қолданылады.

Зиянды араласпа, өнген бидай ұнының араласпалары, басқа мәдениет дәні. Басқа мәдениет ұны деп қарабидай, арпа ұнын айтады, ол бидай ластануының дәндік араласпасын анықтауға жатады.

Зиянды араласпа қарабидай, арпа ұнының және өнген бидай ұнының топтамасында қалыпты мөлшерде тазартпаса, қалып қояды.

Жоғарыда айтылған ұндағы араласпаны анықтау өте қиын, бірақ сондай әдістер шығарылған, оның ұндағы құрамын анықтамайды, тек ұнның сапасына сәйкес берілген дән талдауы негізінде құжатты толтырады. Зиян араласпаны басқа мәдениет дәнінің араласпа болуын дәнді талдау арқылы жүргізіледі.

Барлық үш түрдегі араласпа құрамының реттеледі. Зиянды араласпаның көп болуы адамды ауыр ауруларға шалдығуы мүмкін. Тартуға жіберілген бидай құрамында 0,5 % дейін зиянды араласпасы болады, соның ішінде кекіре балық немесе вязел 0,4 % тең; қарашықта 0,1% ден жоғары болмау керек.

Басқа мәдениеттегі бидай ұны, өнген бидайдың ұны нан пісіру бидай ұнының қасиетін төмендетеді. Қарабидай, арпа, өнген дән дәннің араласпасы бидайда илеуге түсетін 4% тен көп болмауы керек. Соның ішінде өнген бидай 3%-ке сай болмауы керек.

Ұн тарту завод жұмысшылары илеуге кеткен дән жіберілуге жауапты, оның құрамында талаптан жоғары зиянды араласпалар болады.



Зертханалық сабақ № 10

Қара бидай сапасының көрсеткіші мен стандарттары
Қара бидай партияларын нан қабылдау кәсіпорындарында қабылдау кезінде жалпы міндетті сапа көрсеткіштерін анализдеу арқылы сипаттайды.
7-кесте. Дән түрлерінің сапалық көрсеткіштері

Түрлері

Дән сипаттамасы

Масса 1000дән,г

Райондарды өсу, бөлу

Ветка

Ірі, ұзын, домалақ, сұр жасылдау

24-28

Солтүстік, солтүстік батыс облыстары.

Ветка 2

Ірі, дөңес, сұр және жасыл н\е сары

24-31

Перьков облысы, Сібір аудандары,

Харкевская 55

Ірі жасыл

27-94

Украина, РСФСРдің орталық облыстарында

Саратовская

Ірі, дөнес

23-32

Орталық қаратеңіз жағалауы

Бирская 2

Аздап қысқартылған сары жасылдау

27-34

Баширлық АССР

Чишиминдік

Ұзартылған дөңес, жасыл дән қоспасы бар сары

25-27

Алтай өіңрі, Курган облысы

Егер қара бидай дәндерін ұн зауытына жіберсе, онда жоғарыда көрсетілген қасиеттерімен басқа ондағы оның құрамындағы ұсақ дәннің бар екендігін анықтайды. Қара бидайға тән бүлдіргіштер және одан қиын бөлінетіндері қара алау және көк кекіре жағымсыз зиянды қоспадан басқаларға қарағанда қара бидай партияларында көп кездесетіні қара бидай күйесі.

Қара бидай түрге және түршелер құрамы бидаймен орнатылған құжат бойынша бекітіледі.

Қара бидай дәніне мынадай стандарттар бекітілген: «қара бидай сатылатын, жасалғандағы талаптар», «Сатылатын қара бидай бөлінетін», «Спирт өндірісіндегі уыт өндіруге арналған қара бидай».

Бұл стандарттарға сәйкес қара бидайды келесі үш топқа бөледі, олардың биологиялық формасына және өсетін ауданына байланысты, солтүстік қыстық, оңтүстік қыстық және яровлік. өсетін аумақтарына байланысты қара бидай түрлерін түршелерге бөледі.

Бірінші түрін бес түршеге бөледі, екіншісін екі түршеге, ал үшіншісін түршелерге бөлмейді.

Әр қара бидай түрі мен түршелерін әр түрлі технологиялық қасиеттерімен біріктіріледі. Өйткені әр районда оның бірнеше сұрпы өсіріледі, соған байланысты ұн зауыттарында өндіруге арналған партиялардың құндылығын төмендетеді.

Стандарт бойынша дайындалған қара бидайға базалық және шектеуіш кондициялар қойылады. Қара бидайдың бес классы көрсетілген, олар қара бидай табиғатына, бағалылығына, елек тесігінен өтуіне байланысты бөлінеді. Елек тесіктері 1,4Х10мм.

Үлкен партиялардың жұмысын жеңілдету үшін стандартта әр партияның ылғалдылығы көрсетіледі.

«Спирт өндірісіндегі уыт өндіруге арналған қара бидай» стандартты жалпы көрсеткіштен басқа, оның табиғаттағы 685 г/л кем емес және өсу қасиеті 92% кем емес.



Зертханалық сабақ № 11

Тары дәнінің сапалық көрсеткіші және стандарты.
Тары дәнінің анализі кезінде, дәннің ірілігі және жалпы сапа көрсеткіштерін анықтайды. Партияларды жарма зауытына жібергенде және зауытқа қабылдауда жалпы көрсеткіштерін анықтайды, ядро мөлшерін пайыз есебінде есептейді.

Тары дәнінің анализінде кейбір ерекшеліктер болады. Тарының залалсызданғандығын анықтауда навескада жабайы өсетін өсімдік жемісі және дән болуы есептелінеді, оған: щетинник сизый, тысячиголов, гречиха развесистая, және вьюковая, вьюнок полевой.

Зақымдаушы қоспалардың болуына ерекше көңіл бөледі, өйткені гелиотроп опушиноплодный. Ол кейбір оңтүстік аудандардың тарысында болуы мүмкін.

Тары жармасының пленчатостің қабыршақтану астықты қолмен фарфорлы ступкада немесе ГДФ аппаратында анықтайды. Тары дәнінде 3 стандарт орнатылған: «Тары жасау кезігдегі талаптар», «Тары жармасы», және «Спирт өндірісіндегі уытқа арналған тары». Мемлекеттік стандартқа сәйкес тары дәні пленкасының түсіне қарай 4 типке бөлінеді. 1 тип- ақ және кремді тары, сұрыптары Веселоподолянское 367, уильское белое, Кинельское 3221 және т.б. 2 тип- қызыл тары,сұрыптары: Саратовское 853, Оренбургское комовое, Долинское 31 және т.б. 3 тип- сұр түсті тары, сұрыптары: Тулунское 39/9, Амурское местное және д.б. 4 тип- сары тары, сұрыптары: Омское 9, Казанское 506, Подолянское 24/273 және т.б.

Дайындалған тары стандартына типке бөлінуден басқа базистік дайындалған кондиция көрсетілген, ылғалдыдық жағдайы және залалданғандығын және ірілігі бойынша 3 категориясы құрылған.

Стандарта дәндік және сор қоспасының құрамы берілген. Тары жармасының стандартында, типтердің мінездемесінен басқа жарма өндірісінде қолданылатын дән партиясы жауып беретін сапа нормасы көрсетілген. Жалпы сапа көрсеткішінен басқа құрамында ядро бар норма құрылған. Уытты өңдеуге арналған тары, жалпы міндетті сапа көрсеткіштерінен басқа, ұқсастығын анықтайды.



Зертханалық сабақ № 12

Сұлының сапа көрсеткіштері мен стандарттары
Сұлы партиясын анықтауда жалпы сапа көрсеткіші, кейбір партиялардың табиғилығы, ұсақ бидай құрамы, қабыршақтығы, өну қабілеті, ядро құрамы міндетті түрде есепке алынады. Анализде анықталған көрсеткіштер түрі партияның тағайындалуына байланысты.

Партияны анализдеуде дайын сұлы және тағамдық мақсатта мекемелерге жіберілетін сұлының тек жалпы сапа көрсеткіші және табиғилығы анықталады.

Жармалық сұлыда ұсақ бидай құрамын, қабыршақтығын, ядро құрамын есептейді. Спирт өндірісінде уыт алуда сұлының табиғилығы және өсу қабілеті анықталады. Сұлы сапасын анықтауда басты көрсеткіштер төменде келтірілген:

Бидай түсі. Түсін анықтауда жинауда және сақтау кезіндегі қарайып қалмауына көп көңіл бөледі. Гүлді қабықты қарайған бидай құжатта ескеріледі, бұл бидай сақтауға жарамсыз, бөлек орналастырылады. Сұлы ядросының түсі үлкен маңызға ие, ол микроорганизмдер әсерінен қараяды. Сұлы жармасының ядросының түсі сапа көрсеткішін бағалауда өте маңызды болып табылады.

Сұлының табиғилығы. Ядросы жақсы жетілген сұлы және астыңғы бөлігі қабықты болса, онда табиғилығы жоғары болады қайта өңдеуде және жарма зауыттарында, тағамдық мақсатта қолданылады.

Ұсақ бидай құрамы. Сұлы жармасының партиясын бөгде қоспалармен бір мезгілде анықтайды. Алынған көрсеткішті есепке алады, сұлыны тазартқанда ұсақ бидайлар қалдыққа кетеді. Ол жарма шығымын азайтады, ал жарма зауыттарындағы қабыршақтануда ұсақ бидай қабықта қалып қояды, бұл жарма сапасын төмендетеді.

Сұлының қабықтануы. Сұлының қабықтануын массасы 5г 2 өлшенді арқылы және ситада саңырауқұлақтардың 1,8*20 мм размерлі қалып қойған бастапқы бидайдан анықтайды. Сұлының қабықтануы стандартқа сай келмейді, бірақ оны міндетті түрде қабықты өсіндінің таза ядро және өнім шығымын анықтайды.

Ядро құрамы. Ядро құрамы бұл сұлы өлшендісі мен қоспа бірге алынғандағы пайызбен өрнектеледі. Бұл көрсеткіш жарма шығымына әсерін тигізетіндіктен маңызды болып табылады. Ядро құрамын жарма зауыттарында қайта өңдеу үшін анықтайды. Жарма зауыттарына жіберілетін сұлының ядросы 63 пайыздан кем болмауы керек.

Жарма зауыттартында сұлы партияларын қайта өңдеуде ядро құрамын орынды қолдану қажет. Ядро құрамы қабыршақтылығына, дәнді қоспаларға, ұсақ бидайға, бидайға, қарабидай мен арпаға тәуелді болады.

Қабыршақтылық төмен, бөгде заттармен ластануы мен құрамында ұсақ бидай аз болса, онда соғұрлым ядро құрамы жоғары болады. Ядро құрамы пайызбен мына формула бойынша анықталады:

Х=(100-П)(100-СпПЗ)/100+0,7(ОСС)

Мұндағы: П- сұлы қабыршақтығы;

Сп-ластаушы қоспа құрамы

Зп-барлық бидай қоспасының құрамы

Мз- сұлыдағы ұсақ бидай құрамы

Ос-1,8*20 мм өлшемді еоеуіш саңылауындағы қабыршақты сұлы құрамы

Кс- бидай, қарабидай және арпаның құрамы 1,8*20 мм өлшемді саңылаудың бидай түсетін жері.
Бұл формуладағы 100-П ядро құрамын қоспаларсыз көрсетеді, ал 100-СпПЗ- 1,8*20 мм елеуіш саңылауындағы қалған қабыршақты, қоспаларсыз сұлы құрамын көрсетеді, 0,7 коэффиценті қайта өңдеуде қолданылатын сұлы, бидай, қарабидай, арпаны көрсетеді.

Сұлы дәніне мынандай стандарт бекітілген: «Өндірістік және тағамдық сұлы, дайындаудағы талап», «Сұлы, жарма өнеркәсібіндегі қойылатын талап», «Спирт өндірісінде уыт дайындауға арналған сұлы», «Тағамдық мақсатта және құрама жемді қайта өңдеуде қойылатын талап».

Бірінші стандарт дайын сұлыға берілген. Мұнда сұлы типке, подтипке бөлінгені дән қалпына байланысты. Бірінші тип 2 подтипке бөлінген, 1 подтип-ақ сұлы, дәні ірі, сопақша ұзын, алмұрт тәрізді, сұрыптары: Победа, Орел, Лыговский 1026, Советский жатады. 2 подтип- сары сұлы, бидайы Москва, харьков және ұзын қабықты ботаникалық типті, сұрыптары: Золотой дождь, Хорковский 596, Лоховский, Надежный.

2 тип- ұзын, сопақ, ине тәрізді формалы бидай, мысалы Артемовский 107 сұрыпы. Бұл стандартта сапасына байланысты сұлының бөлінетіндігі: негізгі және шектелген кондициялы және дайындау кезінлегі қойылатын талаптары көрсетілген.

Жіберілген сұлы жарма зауытында стандартпен басқарылады, «Сұлы, жарма өндірісінде қойылатын талаптар» жарманы өңдеу үшін сұлының 1 типі қолданылады, 1 немесе 2 подтипі МЕСТ 12771-71 талаптарында, көрсетілген сұлының сапасына, жалпы көрсеткіштерден басқасы, сәйкестендіріледі. Дәннің түсі, ұсақ бидайдың құрамы, дәннің құрамы. Арамшөпті қоспалар бүлінген бидайдың құрамында оқшауланады, мәдени өсімдіктердің дәндерінің құрамы сәйкестендірілген, астық қоспаларының қатынасы.

Стандарт «Сұлы азықтығы, қойылатын талаптар» партияларға таратылады, жемдік мақсатқа дайындалған жүйелер және жемді өңдеу үшін жіберіледі.



Зертханалық сабақ № 13

Арпа сапасының көрсеткіштері мен стандарттары
Арпа дәнін қолдану алуан түрлі. Жалпыны есепке алмағанда, әртүрлі мақсаттарға арналаған арпа партияларының сапа көрсеткіштерін төмендегі стандарттарға сәйкестендіре отырып анықтайды: «Азықтық және жемдік арпа. Дайындау барысындағы талаптар», «Сыра дайындауға арналған арпа. Дайындау барысындағы талаптар», «Спирт өндірісінде солод (уыт) өндіруге арналған арпа», «Арпа. Жарма өндіру талаптарына сай».

«Азықтық және жемдік арпа. Дайындау арасындағы талаптар» стандарты арпа партияларының азықтық және жемдік мақсатта мемлекеттік дайындау жерлерінде қолданылады. Бұл стандарт бойынша дән сапасын міндетті көрсеткіштері арқылы ғана анықтайды. Стандартта дайындалатын арпа дәндеріне кең көлемдегі және шектелген кондициялары көрсетілген. Сондай-ақ қоспа құрамы, орналастыру, тасымалдау мен сақтауға арналған көрсеткіштер, ылғалдылығы бойынша 4 жағдай, дәндік қоспаларына байланысты 3 жағдай, табиғаты бойынша 3 категория көрсетілген.

«Сыра дайындауға арналған арпа. Дайындау барысындағы талаптар» стандарты мемлекеттік дайындау жүйесіндегі сыра өндірісінде қолданылатын арпаға арналған. Сыраның шығуы мен сапасы оның жалпы көрсеткіштеріне ғана байланысты емес. Ол сондай-ақ дәннің сұрыпты мен өндірілген ортасына, құрамындағы ұсақ дәндердің санына, ірілігіне, өсу қабілетіне де байланысты болады. Өсіп-өну қабілетін сыра өндіруге жіберілген дәннің бесінші күнінде өнген дәндердің санына байланысты анықтайды. Сыра қайнату өндірісіне жіберілетін дәннің ірілігі 50%-дан, ал өсіп-өну қабілеті 95% кем болмауы керек. Базисті кондициядағы арпада ұсақ дәндердің болуы 5% көп емес. Сыра қайнату өндірісіне арналған арпа сапасы бойынша екі класқа бөлінеді.

Спирт өндірісіне арналған солод алуға қолданылатын арпа сапасы міндетті көрсеткіштермен қатар ұқсастық нормасы 92% кем емес және өсіп-өну энергиясы (үшінші күнде) 85% кем болмау керек.

«Арпа. Жарма өндірісіндегі талаптар». Стандартында жалпы көрсеткіштерден басқа арпа табиғаты мен ұсақ дән болуының нормасы көрсетілген. Құрамындағы ұсақ дәндер 5,0%-дан көп емес. Арпа табиғатына деген жоғары талап жарма алу үшін әбден пісіп жетілген, құрамында эндоспермі көп арпа болуы керектігімен түсіндіріледі. Жарма алуға қолданылатын арпа төмендегідей сипатталады: бүлінбеген дәндері бар бидай қоспасы 5,0%-дан, ал жетілмеген және дамымаған қара бидай мен сулы қоспасы бар арпа 2,0% -дан көп болмауы тиіс.

Зертханалық сабақ № 14

Күріш- бидай сапасының көрсеткіштері
Гүлді-қабықшалы бидайды күрішті бидай деп атайды. Күрішті бидай партиясының анализінде (сараптама) жалпы көрсеткіштерінен басқа, спецификалық көрсеткіштерін де анықтайды: қызыл, сарғайған, жетілмеген, жасыл және глютинозды бидай құрамын, шынылығын, жарықшақтығын, қабыршақтығын. Соңғы көрсеткіштерді күріш анализінде (сараптама) жарма зауыттарына жіберілетінін, ал жарықшақтығы жарма зауыттарында анықтайды.

Күріштің ластаушылары - тауық просолары, күріш прососы, ірі дәнді просолар болып табылады.

Тарылар күріш бидайынан қиын ажыратылады, егер олар тазартылғаннан кейін партияда қалып қойса, онда жарманың сапасын төмендетеді. Күріш бидайдың құрамында ластаушылардың болуы 1,5%-дан көп емес рұқсат етіледі.

Жетілмеген және жасыл бидай әдетте күріш партиясында кездеседі.

Жетілмеген және жасыл бидай стандарт бойынша жеуге жарамдылармен біріктіріледі.

Қызыл бидай - бұл қабығының түсі қызыл және қою қоңыр, ал эндоспермі ақ болатын бидай. Бұл бидайлардың жемісті қабықшасында, жоғарыда көрсетілгендей қызыл пигменттер болады. Кейбір күріштің түрлерінде қызыл-қоңыр қабықша кездеседі. Мысалы, кауказик күріші, ал КСРО-да шығарылмайды, бірақ олардың қоспалары ақ ядролы күріш партияларында кездеседі. Күрішті өңдеуде шлифовка процесінде бидай қабықшасы толығымен тазаланбайды, ол ядро араларында қызыл жолақ түрінде қалып қояды. Бұл жарманың сыртқы түрін нашарлатады, ботқа пісіргенде ол қызғылт рең пайда болады. Егер қызыл жолақтан толық құтылатын болсақ, қабықшаны жоғалту өте ұзақ шлифовканы қажет ететіндіктен, жарманың шығымы төмендейді. Күріш бидай партиясының стандарты бойынша қызыл бидайдың болуы 2 %-дан көп болмауы рұқсат етіледі.

Сарғайған бидай - бұл сары ядролы бидай. Бидайдың сарғаюы жетілу және жинау кезінде қолайсыз жағдайдың кесірінен, өздігінен жылыну, қолайсыз жағдайларда сақталу, кейде кептіру кезінде пайда болады. Сарғайған ядролар өңдеуде көп механикалық күшті іс-әрекетті қажет етеді. Сарғайған ядролар жармаға түскенде оның сыртқы түрін және дәмдік қасиетін төмендетеді, кейбір мәліметтерге қарағанда олар адам денсаулығына кері әсер етеді.

Плютинозды бидай, стеарин түзетін консистенциясы болады, ол кесілгенде жақсы көрінеді. Сыртқы түрі бойынша кейде меловкамен ұқсас келеді. Бірақ олардан айырмашылығы ядросы қатты болады да, қысым түсіргенде жарылмайды. Олар ұн бидайымен де ұқсас келеді, оларды әлсіз йод ерітіндісімен өңдеу арқылы оңай ажыратылады. Құрамында декстриндер бар глютинозды бидай өңдегеннен кейін қою қызыл немесе қоңыр, ал- ұн бидайы- қою көк болады. Клейковинаны күріштен алынған жармадан жасалған ботқаны пісіргенде олар өз пішіндерін сақтамайды. КСРО-да клейковиналы күріш сұрыпы шығарылмайды, бидай қоспасының болуы күріште 2%- дан жоғары емес рұқсат етіледі.

Қызыл, сары және глютинозды бидай негізгі бидайға жатады.

Күріштің жарықшақтығы - күріш ядросында жарықтың болуы. Күріште жарықтар жинау, сақтау, өңдеу кезінде, күріш түбінде пайда болады. Олар, біріншіден, ылғал әсерінен, екіншіден, механикалық іс-әрекеттің нәтижесінде пайда болады.

Көбінесе күріш дәндерінің өсінде перпендикуляр жарықтар болады. Егер күріш дәнінің ядросында жарықтар болса, онда ол бүтін дәндер санын азайтады. Сондықтан жарма зауыттарынан да осы көрсеткішке көп көңіл аударады.

Күріш шынылығы - ол күріштің сұрыпына, өсіру жағдайына, пісіп жетілуіне байланысты. Күріш шынылығы азоттың қосылыстармен байланысты емес деп саналады. Бидайға қарағанда. Бірақ бұл көрсеткіштің маңызы зор. Жарманың шынылығы жоғары болуы бүтін дәндердің көбеюіне әсер етеді және тұтынушы талаптарына сай келеді (пісіру кезінде дәндер формасын сақтайды).

Күріштің технологиялық қасетін жалпы шынылығы ғана бағаланбайды, сонымен қатар партияда жартылай шыныланған дәндерде ұндық дақтың орналасуы да есептеледі. Дәндерді өңдеу үшін қолайсысы болып ұзыншы ұндық дақ эндоспермаға жақын орналасқан.

Күріш дәндеріне анализ сапа көрсеткіштерінің кезектесуі стандарттық схема бойынша анықталады. Қазіргі кезде күріш дәндерінің анализі уақытша методика бойынша өткізіледі. №1 және №2, №9-9 инструкциясында (КСРО дайындау министрлігінің кәсірорында күріш дәндерін қабылдау, орналастыру, өңдеу және сақтау бойынша), ГДФ апаратын қолданып және УГАД құрылғылары («Практикум»-20 тарау).

Күріш дәніне бір стандарт (Мест-6293-68) бекітілген. Зауыттар осы стандарт бойынша күріш дәндерінің партияларын жармаға өңдеу үшін дайындап, жібереді. Осы стандарт бойынша дәндер формасы және консистенциясына байланысты күріш дәндері 3 типке және подтиптерге бөлінеді:

І тип - дән ұзын және жуан. Бірінші подтип-шынылық күріш: жергілікті Сары-қылшық, Сантахездік 52, жергілікті Арпа-шалы, Узрос-275 сұрыптарымен енгізделген. Екінші подтип-жартылай шынылық, жергілікті Ақ-Қылшық сұрыпы секілді.

ІІ тип - дәні ұзын, жұқа, жіңішке келген. Бірінші подтип-жергілікті Садри Масалли, Азрос 637, Приморлық 6 сұрыптарының шынылық күріші. Екігші подтип- жергілікті ақ Амбарбу сұрыпының жартылай шынылық күріштері.

ІІІ тип - дөңгеленген. Бірінші подтип - Ала көлдік, Өзбек 2, Узрос 7-13,, Краснодарлық 424, Узрос 7, Дубовский 129 сұрыптарының жартылай шынылы күріші. Үшінші подтип-ұнды дәндер мен күрішті біріктіреді. Жергілікті Қырмызы сұрпы секілді.

Жарма зауыттарында күрішті өңдеуде партияның типтік және подтиптік құрамының маңызы зор. Технологиялық қасиеттері бойынша күріштің типтері мен подтиптері бірдей болмайды. Егер партияда типтер мен подтиптер қоспасы болса, жарманың шығарылу сапасы төмендейді. Бұл жағдай қоспада төмен технологиялық қасиеттері басым күріш пен бірге жоғары қасиеттері болса да кездеседі.

Күріш дәндерінің стандартында тип пен подтипке бөлуден басқа базалық және шектеулі кондициялар дайындалатын күрішке келтірілген. Жіберілетін күріштің сапасының нормасы, қоспа құралы және де ылғалдылық бойынша 4 күйі бар, қоспалардың болуына жәнедәндерде эндосперманың сарғайуына байланысты 2 топқа бөліп қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет