Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Белое ауылы «Октябрь мектеп-балабақша кешені»кмм



Дата13.02.2017
өлшемі46,7 Kb.
#9248
түріСабақ
Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Белое ауылы

«Октябрь мектеп-балабақша кешені»КММ

Күнғожина Гүлүзім Хабдулвахитқызы – биология, химия пән мұғалімі
Пән: химия

Сынып:8


Сабақтың тақырыбы: Негіздердің жіктелуі. Алынуы. Қасиеттері

Мақсаты: Базалық білім негізінде негіздердің құрылысын, жіктелуін,

алу жолдарын және химиялық қасиеттерін қарастыру



Сабақтың міндеттері:

-Негіздердің алу жолдары мен химиялық қасиеттері туралы білімдерін жүйелеу;

-Негіздерді теоретикалық сараптау арқылы оқушының жалпылогикалық ойлау әдіс-тәсілдерін дамыту:анализ, синтез, қорытындылау, жүйелеу, құрастыру;

-Топпен, жұппен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

-Оқушылардың өздік рефлексиялық дағдыларын дамыту,

Сабақ типі: Жаңа ұғымды игеру.

Сабақ түрі: Жобалау сабақ

Құралдар: Химиялық ыдыстар, реагенттер,карточкалар,су,спиртшам.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру сәті.

Сабақ ұраны: Ақылды жетілдіру үшін, жаттағанша ,ойлану қажет.



Р.Декарт

2.Ой қозғау

Өткен тақырып бойынша әнгімелеу (5 мин)

Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, өйткені білім алудың жаңа сатысына шығамыз.Енді , алдыңғы сабақтарда алған білімдерімізге сүйеніп танымдық іс-әрекетке аяқ басайық. Ол үшін бізде керекті біліміміз бар.

- Бейорганикалық заттардың жіктелуін еске түсірейік.

- Оксид дегеніміз не?

- Оксидтер қалай жіктеледі?



- Негіз дегеніміз не? Қалай жіктеледі? Оларға қандай қасиеттер тән? Ерекшеліктері қандай?

Осы сұрақтарға жауапты бүгінгі сабақта жобалау арқылы табамыз.

Кез келген жобалау жұмысының құрылымын еске түсірейік:

Тақырып. Келелі мәселе. Гипотеза. Нысана. Міндеттер Әдістер. Қорытынды.

Жұмыстың нәтижесі жоба түрінде--«Негіздер» тірексызбасы



3.Топтар құру (1 мин)

4.Жобалау жұмысы (10 мин)
Сабаққа қосымша

1 топтың тапсырмасы
Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Негіздердің жіктелуі

Гипотеза:

Нысана:негіздер формулалары

Міндеттер: а)I, II, III валентті элементтерінің негіздерінің формулаларын

жазыңдар (10)

б)формулаларды қарастырып жіктеңдер.Жіктеу белгілерін

айқындаңдар



Әдістер: теориялық талдау

Қорытынды.
2 топтың тапсырмасы

Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Лабораторияда натрий гидроксидін алу

Гипотеза:

Нысана: Натрий гидроксиді

Міндеттер: а) Натрий гидроксидінің формуласын қарастырып, алу жолдарын

болжау


Тәжірибе алгоритмі: Сынауыққа 5 мл су құйыңдар. Пышақтың үшіндей

натрий салыңдар. Қандай өзгеріс болатынын

бақылап, реакция теңдеуін жазыңдар.

Әдістер: теориялық талдау, тәжірибе

Қорытынды.
3 топтың тапсырмасы

Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Сілтілердің химиялық қасиеттері, қышқылдық оксидпен және

қышқылдармен әрекеттесуі



Гипотеза:

Нысана: Натрий гидроксиді

Міндеттер: а) Сілтілердің оксидтермен, қышқылдармен әрекеттесуін

тәжірибе түрінде дәлелдеу

Тәжірибе алгоритмі: а)сынауыққа 5 мл натрий гидроксидін құйып,үстінен бірнеше . тамшы ф/ф ерітіндісін құйыңдар.Тамызғыш арқылы тұз

қышқылын құйыңдар.Не бақыладыңдар?



Әдістер: теориялық талдау, тәжірибе

Қорытынды.

4 топтың тапсырмасы

Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Ерімейтін және екідайлы негіздердің химиялық қасиеттері

Гипотеза:

Нысана: мыс (II)гидроксиді, алюминий гидроксиді

Міндеттер: Тәжірибе түрінде химиялық қасиеттерін дәлелдеу

Тәжірибе алгоритмі: а) мыс (II)гидроксидін қыздырып айыру

б)мырыш гидроксидінің әрі қышқыл, әрі негізбен әрекеттесу

тәжірибесін жасау.



Әдістер: теориялық талдау, тәжірибе

Қорытынды.
5 топтың тапсырмасы

Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Негіздердің физикалық қасиеттері.

Гипотеза:

Нысана: Натрий гидроксиді, кальций(II)гидроксиді

Міндеттер: Негіздердің физикалық қасиеттерін қарастырып,сілтілер

индикатор түсін өзгертетінін дәлелдеңдер.



Әдістер: теориялық талдау, тәжірибе

Қорытынды.

5.Жобаны қорғау (25 мин)

6.Қорытындылау (5 мин)

7.Үй тапсырмасы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет