Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары


Шикізатты өңдеуге дайындау



бет3/5
Дата13.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#152930
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция-6 ОХТ

Шикізатты өңдеуге дайындау
Шикізатты байыту – концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру
және бос жынысты бөлу үшін минералды шикізатты өңдеудің физикалық және физикалық-химиялық әдістердің жиынтығы.
Шикізатты байыту принциптері:
  • Гравитациялық байыту
  • Электрмагниттік байыту
  • Электростатистикалық байыту
  • Флотация
  • Термиялық байыту
  • Химиялық байыту
  • Сұйық материалдарды байыту
  • Газдарды байыту
  • Экстракция

Шикізатты байыту
  • Гравитациялық байыту (ылғалды және құрғақ) ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелділігіне негізделген.

Гравитациялық байытудың сызбанұсқасы
1-араластырғышы бар бак; 2-тұндырғышы бар камера; (І - ІІ) гидравитациялау (ылғалды)
  • Электрмагниттік байыту - ұсатылған заттардың магнитке тартылу қасиетіне негізделген.

Электрмагнитті сепаратор
1 - транспортер лентасы; 2-транспортер барабаны; 4,5-бункерлер
  • Электрстатистикалық байыту - ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігінің өзгешіліктеріне негізделген.
  • Флотация - физика-химиялық байыту әдісі, әрі көп қолданылатын әдіс.

Aуа араластырғышы бар флотациялық машина
1-резервуар; 2-бөлгіш; 3-ауалы түтік; 4-концентратты қабылдайтын ыдыс
Көптеген кендер минералдарының гидрофобтық немесе гидрофильдік қасиеттері бір-біріне жақын (айырмашылықтары өте аз), оларды бір-бірінен жеке бөліп алу үшін суланғыштық қабілетін өзгерту керек. Осы мақсатпен флотация процесін жүргізгенде пульпаға флотореагенттер қосады.
Флотореагенттер атқаратын міндетіне байланысты үш топқа бөлінеді: коллекторлар (жинаушы), көбік түзушілер, депрессорлер (басу, кеміту, төмендетушілер).
  • Термиялық байыту - ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген. Мысалы: гипс құрамындағы сап күкірт шикізаты 150-200 о С қыздырғанда элементарлы күйінде бөлінеді.
  • Химиялық байыту - шикізат құрамындағы компоненттердің химиялық реагенттермен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген. Химиялық реакциялар нәтижесінде қоспа құрамындағы компоненттер тұнбаға тұнуы, газға айналуы, балқыған күйінде т.б. құбылыстарға ұшырауы мүмкін.
  • Сұйық материалдарды байыту. Сұйық материалдарды байыту келесі әдістерге негізделген: еріткішті буландыру, ерітіндіге пайдалы компонентті үстемелеп қосу, ерітіндіден бөгде заттарды тұнбаға түсіру немесе оларды газ күйіне ауыстыру (бөгде заттарды буландыру - десорбция).
  • Газдарды байыту-белгілі бір газды бөліп алу олардың қоспа құрамындағы газдардың қайнау, сұйыққа айналу температураларының, ерігіштігінің айырмашылығына негізделген.

Газдардың конденсациялану температураларының әртүрлілігіне негізделген әдіс – фракциондық конденсация деп аталады.
Газдарды байыту әдістерінің көп қолданатын екінші түрі - сорбциялық әдісі газдардың сұйыққа немесе қатты заттарға (белгілі жағдайда-төменгі температура және жоғарғы қысымда) таңдамалы сорбциялануына негізделген.
Әртүрлі заттардың қайнау температураларының айырымына негізделген әдіс ректификация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет