Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тақырып. Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері. Коммерциялық банктердің құнды қағаздармен жүргізетін операциялары



бет11/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
320859 (1)

7 тақырып. Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері. Коммерциялық банктердің құнды қағаздармен жүргізетін операциялары
1.Банктермен экспорттық және импорттық операцияларды жүргізудің ерешкеліктері. Халықаралық несиенің түрлері және оларды классификациялау.
2.Фирмалық несие, банктік несиелер, брокерлік несие. Ұзақ мерзімді халықаралық несиелер және оның формалары.
3.Халықаралық несиелердің валюталық-қаржылық және төлем шарттары: несие сомалары, несие валютасы, кепілдер, жабу шарттары, несиенің құны.
4.Банктердің құнды қағаздар нарығындағы ролі. Банктердің инвестициялық портфельдері.

1.Банктермен экспорттық және импорттық операцияларды жүргізудің ерешкеліктері. Халықаралық несиенің түрлері және оларды классификациялау.


«Сыртқы экономикалық қызмет» ұғымы өткен ғасырдың соңғы тоқсандығында қолданыла бастады.
Сыртқы экономикалық қызметтің көп түрлілігі тиісті мемлекеттік басқару органдарының, мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдардың, салалық өндірістік бірлестіктер құрылымында, қызметтерінде және практикалық қызметінде өз көрінісін тапты.
Сыртқы экономикалық қызметтің келесі ерекшеліктерін бөліп қарауға болады:
Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет жалпы экономикалық қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады. Сыртқы сауда каналдары арқылы елде өндірілетін экспорттық тауарлар сыртқы нарыққа өткізіледі және импорт арқылы елдегі әр түрлі тауарларға ішкі тұтынуды, қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, СЭҚ сыртқы саясат қызметімен тығыз байланысты. СЭҚ ел ішіндегі немесе өзге елдің экономикасына өте қажетті тауарларды сату және сатып алу жолымен және экономикалық әдістермен елдегі сыртқы саясатқа белсенді қатыса алады.
Үшіншіден, СЭҚ коммерциялық қызмет ретінде сыртқы және ішкі нарықтарда ерекшеленеді. Атап айтқанда:
1. Халықаралық сауда ұйымдастырушылық құқықтық щарттары контрагент елдердегі ұлттық заң шығарушылық нормаларына негізделген. Елдердің кедендік, валюталық, салықтық, экологиялық, санитарлық, техникалық ережелерінде көп айырмашылықтар бар. Сондықтан, шетелдік сауда дәстүрлерін, коммерциялық қызметтің бекітілген ережелерін, сауда тәжірибесін ескеру керек.
2. Әлемдік нарық көптеген ұлттық нарықтардың жиынтығы ретінде үлкен сыйымдылық пен қатаң бәсекелестікпен ерекшеленеді. Әлемдік нарық ішкі нарыққа қарағанда өте кең. Әлемдік нарықта тауарларын ұсынатын сатушылар мен сол тауарды сатып алғысы келетін сатып алушылар өте көп. Осы шарттарда, белгілі бір нарықта өз тауарларын сатқысы келетін сатушылар, әлеуетті сатып алушыларды, олардың қалауларын зерттеп, сенімді клиенттерді табуға талпынады.
3. Әлемдік нарықта тауарлық жетіспеушілік (дефицит) кездеспейді, әдетте керісінше көптеген тауарлардың көп мөлшері кездеседі. Бұл сатушыларды, белсенді маркетингтік зерттеулер жүргізуге, сәйкес нарықтық сегменттерде тиімді жарнама құралдарын таңдауға итермелейді.
4. Шетелдік сатып алушылар мен сатушылар сатушылардан қызметтердің көп спектрін алуға үйренген. Бастапқыда сатып алушылар белгілі бір тауардың пайдалану әдісін, технологиялық қасиетін, сапалы сипаттамасы туралы ақпаратты алуға үміттенеді.
5. Әлемдік және ішкі нарықтарда баға белгілеудің ұстанымдары мен әдістерінде өзгешеліктер бар. Сыртқы сауда мәмілелерін жүргізгенде шетелдік коммерсанттар әлемдік бағалар деңгейіне сүйенеді. Ол бағалар әлемдік сауда орталықтарында болатын ірі мәмілелердің бағалары негізінде құрылады. Нақты уақыттағы белгілі бір тауардың сұранысы мен ұсынысының қатынасы баға белгілеудің басты факторы болып табылады. Сонымен қатар, баға белгілеуде басқа факторлар да, мысалы жалпы экономикалық конъюктураның жағдайы, өндірістің маусымдылығы, мемлекеттік реттеудің мөлшері, саяси, әскери, этникалық мәселелері әсер етуі мүмкін.
6. Өндірістік және коммерциялық фирмалармен алынған реноме мен беделдік ұлттық және шетелдік коммерсанттар үшін маңызды тартылыс күш болып табылады.
7. Әлемдік саудада әрбір тауар нарығына белгілі бір фирмалық құрылым тән. Белгілі бір нарықтағы көптеген фирмалардың ішіндегі фирманың сол нарықта қаншалықты үлесі жоғары болса, соншалықты сол фирманың позициясы күштірек болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет