Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тақырып. Коммерциялық банктердің активтері және активтік операциялары. Несиелендіру жүйесі және оның негізгі элементтері



бет12/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
320859 (1)

8 тақырып. Коммерциялық банктердің активтері және активтік операциялары. Несиелендіру жүйесі және оның негізгі элементтері.

1.Банк активтерінің маңызы мен құрылымы.


2.Банк активтерінің түсінігі, экономикалық мәні, банк активтерін басқарудың мақсаты мен себептері.
3.Активтерді басқарудың халықаралық тәжірибелері.
4.Активтерді басқарудың Қазақстандық тәжірибелері. Несиелік қатынастардың объектілері және несиелік қатынастардың субъектілері. Банктік несиелердің классификациялануы, принциптері және жүйесі.
5.Несиелеудің әдістері. Ашық несиелік желі: толытылатын немесе толтырылмайтын.
Персоналды несиелер. Ссудалық шоттардың формалары. Жай ссудалық шот. Контокоррент.
1.Банк активтерінің маңызы мен құрылымы.
Банк активтері — пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылган қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын си-паттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, теуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
1. Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. Берілген несиелер;
3. Бағалы қагаздарга жұ.мсалынган инвеститциялар;
4. Банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, теуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай аныкталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің коятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді.Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Жоғары өтімді активтер;
2. Өтімді активтер;
3. Ұзақ мерзімді өтімді активтер.
Қазақстан Республикасының ¥лттық банктің Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген "Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі жене оларды күменді жене үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру" туралы ережесіне сәйкес, ҚР қаржылық қадағалау агенттігіне банктер ай сайын айлық баланспенбірге активтер мен шартты міндеттемелердің жіктелуі жене оларға қарсы провизиялар қүру туралы мәліметтер береді.
Міүндағы активтерге заңды жене жеке түлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады.
Аталған ережеге сәйкес, активтер мен шартты міндеттемелер стан-дартты жене жіктелінген болып бөлінеді.
Жіктелінген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады.
Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күменді) жене үмітсіз болып бөлінеді.
Кейбір банктерде несиеге сұраныс өсе бастағанда, салымдар көлемі төмендейтіндігін, ескеру керек. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатының әсерінен несиеге сұраныс көлемі салымынан асуы мүмкін, ал іс белсенділігі төмендеген кезеңде барлық банктердегі депозиттердің қарқыны өседі. Бұл екі әдісте тағы бір кемшілік бар, олар өтімділіктің шеткі деңгейін емес орташаға жүгінеді. Кассалық қолма-қолдықтың және үкіметтік құнды қағаздық орташа қатынасын салымдардың жалпы сомасына банк жүйесінің өтімділігін бағалау үшін жеткілікті, жалпы ол банк басшылығына келесі аптаға кассалық қолма- қолдықтың қандай болуы тиістігін, салымдарды алуды жабу мен несиеге өтініштерді қалай болатындығын айтпайды. Тек банк клиенттерінің шотын талдау және жергілікті нарықтағы қаржылық шарттарды және шаруашылық білімді жақсы білу банкке берілген мезетке қолма-қол ақшаларға тұтынушылықты анықтайды.
Банк активтері — пайда табу максатында банктік ресурстарды әp түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлу­ге болады:
 касса және оған теңесстін ақшалай қаражаттар;
 несиелер;
 бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
 банктің ғимараты мен жабдыктары:
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резервтер — бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыру болады. Оларға мыналар жатады:
 Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар;
 Талап етілетін несиелер (онкольдық);
 Бірінші класты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты — алғашқы резервтерді толықтыру кезі ретінде қызмет ету болып табылады.
4-топқа Инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.
Банк ісінің халықаралық тәжірибесіне сәйкес коммерцилық банктердің активтері негізгі және айналымды болып бөлінеді. Банктердің негізгі активтеріне жер учаскілерін, ғимараттар, құрлыстар, автотұрақтар, техникалық жабдықтар, көлік құралдары және басқа да материалдық объектілер жатады.
Айналымды активтерге қолма-қол ақша қаражаттары, әр түрлі банк шоттарындағы қаражаттар заемщиктердің ақшалай міндеттемелері, құнды қағаздар,шетел валюталары және басқа да құндылықтар жатады.
Нарықтық экономиканың басты ерекшелігі халықшаруашылығының мемлекеттік, акционерлік, жеке және арлас меншік формасында жүргізілуі. Нәтижесінде қор нарығының басты субъектілері болып пирамидалық қаржы институттары табылады. Бұл институттардың капиталы максималды пайда алуға ұлттық қор нарығындағы акцияларды шығарып, олардың бағасын ұстауға салынған. Батыс елдеріндегі қор нарығының жоғары ұйымдастырылуынан тек капитал салымдарын ұстау ғана емс, сонымен қатар банк активтерінің өтімділігін ұстау инструменті болып табылады.
Банк активтерінің төртінші тобына банктердің ұзақ мерзімді және орта мерзімді ссудалары жатады. Жылдам айналатын активтерден бұл ссудалардың айырмашылығы негізгі қорлардың айналуы бірнеше жылдарға созылумен байланысты.
Саяси және экономикалық тұрақсыздықтан, сонымен қатар инфляцияға байланысты Қазақстанның коммерциялық банктері “ұзақ” несиелер ұсынуды тоқтатты, бұл капитал салымдары және негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне үлкен залалын тигізеді. Банк маркетингі туралы оқуымызға сәйкес активтерді басқару аса пайдалы қызмет саласындағы қаражатты орналастырумен байланысты. Осыған орай банктердің нарқта ссудалық капитал және қажетті табыс алудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін, тиімді активтер құрылымының маңызы зор. Қазақстан банктеріне тауар өндіретін шаруашылық салаларының несиелендіру ресурстарын орналастыруда бизнес несиелер маңызды арна болып табылады. Мұндай несиелерді орналастыру экономиканың дағдарыс жағдайынан шығу қажеттілігі және ауыл шаруашылық және өндірістік өнімнің көлемінің құлдырауымен түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет