Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тақырып. Несиелеуді ұйымдастыру және қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалау. Банктік ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз етудің формалары мен түрлері



бет13/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
320859 (1)

9 тақырып. Несиелеуді ұйымдастыру және қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалау. Банктік ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз етудің формалары мен түрлері.

1.Несиені беру кезеңдері.


2.Банктік несиені алу үшін қажетті құжаттардың тізімі. Несиелік келісім. Несиелік шарт. Банктік қарыздарды беру мен жабудың тәртібі.
3.Бухгалтерлік есептер мен баланстардың шынайылығын тексеру кезеңдері. Қаржылық есеп беруді талдаулар. Несиелік тәуекелдерді бапағалаудың стратегиялық әдістері. Қарыз алушы рейтингін есептеу.
4.Несиелік тәуекелдерді бағалаудың статистикалық әдістері. Банктік несиелерді қамтамасыз ету әдістерін классификациялау. Кепіл түрі. Кепілзаттың түрлері мен формалары. Кепілдің құнын бағалау әдістері. Кепіл құқығының түрлері. Сенімгерлік беру, оның сипаттамалары.

5.Сенімгерлік бойынша келісімдер. Сенімгерлік беруді тоқтату. Кепіл және оның формалары. Кепілгерлік міндеттемелерінің субьектілері және рәсімдеу тәртібі.
6.Банктік қарыздарды сақтандыру, сақтандыру объектілері. Шетелдік қарыз алушылардың несиелерін сақтандыру.

1. Несие жүйесінің құрылымы мен құрамы, негізгі елементтері.


Несиелік саясат - банктің несиеяік жұмысын ұйымдастыру негізін .және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несислеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.
Неснелік саясатта несиелік комитет туралы ерсже де қамтылады. Нсиелік комитет несие беру барысында корытынды жасап, несиені беруге байланысты мәсслелерді қамтиды.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей елементтер көрсетілуге тиіс:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • несиелік портфельді басқару;

  • несиелеуге бақылау жасау;

  • құзіретті бөлу қағидаттары;

  • несиелеуді таңдаудъң жалпы критерийлері;

  • несиелеудің жекелеген багыттары бойынша шектеулер;

  • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың қағидаттары;

  • несиелер бойынша зиян шегу жагдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несиелік саясатгы іске асыру тәсілдері менәдістерін белгілі бір формада, яғнисоғансай келетінтөмндегідей үш құжат түрінде көругс болады:

  1. несиелеу саясаты;

  1. несиелеу стандарты;

  2. несиелеу нұсқаулықтары.

Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір кұжатта - "Несислік саясат бойынша жетекшілік ету" біріктіріледі.
2.Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Берілу шартына қарай:

  • Түтыну несиесі- бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

  • Ипотекалық несие - бұл қозгалматын мүліктерді (тұргын үйді, өндіріс гимараттарын, жерді ж,тс т.с.с.) кепілгёала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.

  • Овердравт несиесі - клиенттіц шотынан қаражатты шегеру арқылы ондагы дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді иесиенің формасы.

  • Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиеніц түрі.

  • Онколдық несие кредитордың алгашқы талабы бойынша өтелетін қысқамерзімді несие.

  • банкаралық іесие - банктердің бір-біріне берстін несиесі.

  • Ломбардтық иесиесі - тез іске асатын бағалы заттарды немесе багалы қагаздарды кепілге алып, берілетін несие.

  • Лизингтік несне қүрал-жабдықтарды жалға алумен байланыстыберілетін несие.

  • Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шыгару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

  • Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жогары клиенттерге берілетін несие.

  • Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындагы уақыт бойынша алшақтықты жабуга араналган несие.

  • Консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидаттары екі топқа бөлінеді:
топқа - жаппы економикапық тәртіптегі қагидаттар:

  • несиенің мақсаттылығы;

  • несиенің дифференциялдығы.

IIтопқа — несиенің мәнін бейнелейтін қагидаттар:

  • несиенің мерзімділігі;

  • несиенің қайтарымдылығы;

  • несиенің төлемділігі;

  • несиенің қамтамасыз етілуі.

Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады. Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, економикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс — тәжірибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелену объектінің економикалық белгілірі бойынша:
— айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
— негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
— ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай – ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
— өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
— жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;
— төлем несиелері;
ә) қамтамасыз етілуі бойынша:
— жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ – пен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
— ішінара қамтамасыз етілген;
— қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік .
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
қысқа мерзімді;
— орта мерзімді;
— ұзақ мерзімді;
в) өтелу тәртібі бойынша:
— бөліп бөліп төлеу (мерзімінің ұзарту);
— бір жолғы өтеу
— кезең сайын бір қалыпты(бір қалыпты емес) өтеу.
г) тәуелді деңгейі бойынша:
— субстандартты;
— стандартты;
— күмәнді;
— сенімді;
— cенімсіз;
— ұзартпалы.
ғ) ақылығы бойынша:
— қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);
— жоғарғы пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);
— төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);
— пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
— сауда — саттық несиесі;
— өнеркәсіп несиесі;
— ауыл шаруашылық несиесі;
— құрылыс несиесі;
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
— жай ссудалық шот бойынша несие;
— арнайы ссуда шоты бойынша несие;
— контокорренттік шот бойынша несие;
— овердрафт бойынша несие;
— несие желісі бойынша несие.
Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі сауда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т.б.) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.
Коммерциялық несие. Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлақ формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады.Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге жағдай тудырады.
Вексель – бұл сатып алушы –қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы–индоссамент жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның айналыс ортасы соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.
Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады.
Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістін ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады. Қазақстанда ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының құлдырауынан және шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы сенімінің азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды.
Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық – түлік корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар- жағар май материалдарын, тұқымды, минералды тынайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын – ала төлемін қамтиды.
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20% — ті құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).
Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк саудаға береді.
Банк несиенің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты саудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда аладыәрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп қалған.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталына арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды.
Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма – қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға, еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма – қол ақшамен беріледі.
Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастылған мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.
Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлыр сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді пайдаланумен беріледі.
Тұтыну несиесі. Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай – ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатысты тұтыну несиенің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарапта болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.
Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының 10 – 12 % — ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қолды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16 – 18 % — ды құрайды.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді(1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.
Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Регистік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет