Өте үлкен класс. Базидиомицеттердің көп клеткалы мицелийлері бар. Олар базидиоспоралар арқылы жынысты жолмен, конидийлер арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Оған 20 мыңнан астам саңырауқұлақтардың түрлері біріктіріледі. Оларға қалпақты саңырауқүлақтар, үй саңырауқұлағы, трутовиктер, кара күйе және тат саңырауқұлақтары жатады.Қалпақты саңырауқұлақтардың қалпағының астыңғы жағында ұсақ, жұқа қатпарлары немесе түтікшелері бар. Осы қатпарлардың бетінде немесе түтікшелердің ішінде базидийлер орналасады. Қал-пақты сақырауқұлақтардың ішінде улы түрлері де бар (мухамор, сұр поганка т. б.). Қалпақты саңырауқұлақтардың мицелийі топырақта дамиды да өсімдіктердің тамыр системасына еніп кетеді.