Шымкент қаласы №128 жалпы орта білім беретін мектеп



бет1/4
Дата24.01.2023
өлшемі47,61 Kb.
#166324
  1   2   3   4
Байланысты:
11 СЫНЫП ҮЙДЕ


БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: ӘБ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі К.А. Райханова
__________Р.Т.Бейсебаева _________ А. Тортаева №___хаттама
"___ " ___________2020ж "___ " ___________2020ж "___ " ___________2020ж

Шымкент қаласы
128 жалпы орта білім беретін мектеп
2020-2021 оқу жылына арналған
Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Пәннің атауы: математика, алгебра, геометрия
Сыныбы: 5 «Ә»,6 «А»,7 «Б»,9 «Ә»,11 «Ә».
Мұғалімі: Көмек Карима

Алгебра жəне анализ бастамалары (жаратылыстану-математикалық бағыт)
11 сынып Түсінік хат
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары; 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Рееспубликасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты негзінде құрылған.
11-сыныпта оқытудың міндеттері:
1) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару, туындыны табу, практикалық есептерде туындыны қолдану біліктігін пысықтау;
2) функциялар графиктерін салу, график бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графигін түрлендіру біліктігін жетілдіру;
3) алғашқы функция, интеграл, п-ші дəрежелі түбір, рационал жəне иррационал көрсеткішті дəреже, логарифм ұғымдарын қалыптастыру;
4) геометриялық жəне физикалық есептерді шығаруда анықталған интегралды қолдану біліктігін қалыптастыру;
5) құрамында п-ші дəрежелі түбір, рационал жəне иррационал көрсеткішті дəреже, логарифмы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктігін қалыптастыру;
6) иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін, көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру;
7) теңдеулер мен теңсіздіктерді, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін тиянақтау;
8) параметрі бар теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру;
9) теңдеулер, теңсіздіктер жəне олардың жүйелерін шығаруда функциялардың графиктерін қолдану, алгебра жəне анализ бастамалары курсының əртүрлі тарауларынан есептер шығаруда алгебралық түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер аппараттарын қолдану біліктігін жетілдіру;
10) шартты ықтималдықты табу, ықтималдықтарды қосу жəне көбейту теоремаларын қолдану, дискретті кездейсоқ оқиғаны жəне оның таралу заңдылығын, кездейсоқ оқиғаның сандық сипаттамалары мен таңдау əдісінің элементтерін табу біліктігін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет